Қазақстандағы православие

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 18:55, реферат

Описание работы

Қазақстанда Православие сенушілер саны бойынша Исламнан кейінгі екінші діни бағыт болып табылады, оны Орыс православие шіркеуінің діни қауымы, сондай-ақ ескі дәстүр қауымдастарымен көрініс табады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы православтық және протестанттық діннің бағыттары.doc

— 99.50 Кб (Скачать)

  Қазақстандағы православие

    Қазақстанда Православие сенушілер  саны бойынша Исламнан кейінгі  екінші діни бағыт болып табылады, оны Орыс православие шіркеуінің  діни қауымы, сондай-ақ ескі дәстүр  қауымдастарымен көрініс табады.

    Қазақстанда православиенің пайда болу тарихы Қазақстанның Ресейге қосылуы салдарынан туындаған бастапқы әскери қоныстармен байланысты. 1871 жылы Түркістан ерархиясы құрылды. ХХ ғасырдың басында орталық Азияда 391 мың православ хрестиандары және 306 шіркеу болды. 1917 жылы совет үкіметінің бұйрығымен  масштабты  атеистік топтар шыға бастады. Бұндай топтардың шығуымен шіркеулер, храмдарға қысым көрсетіліп, мүліктерін конфескелеу басталды. 1920-1930 жылдары көптеген дін қызметкерлерін жаппай атып тастау  немесе ұзаққа абақтыға жабу басталды.

    ХХ ғасырдың 30 жылдарында Қазастанға  дінге сенушілер жер аударылып  келді. Дәл осы кезең Қазақстанның  коллективтендіру кезеңімен сәйкес  келіп, қазақтардың көшпенділігі  ыдырай бастады. Ауылдардың  күйреуі   және орыс көшіп келушілерінің  крестьяндық шаруашылығы талан-таражға айналды. Бұл бұрын соңды болып көрмеген миллиондаған адамдар қырылған аштыққа алып келді.

    Орыс православ шіркеуі Ұлы  Отан соғысы жылдарында солдаттарға  патриоттық рух беріп, неміс  басқыншыларымен болған соғыста  халыққа үлкен күш берді. Қазақстанда қайтадан храмдар ашыла бастады.

    Республика аумағында шіркеу  өмірінің қайта түлеуі Қазақстандық  епархияның құрылуымен және оған  басқарушы архиерей (1945-1955 жж) архиепископ  Николайды (Могилевский) тағайындаумен  тек 1945 жылы басталды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және  соғыстан кейінгі жылдар да дінге сенушілер көптеп қоныс аударылып жатты. Мемлекет 1980 жылдардың соңына дейін атеистік саясатты жүргізді. Үкімет діни қызметті қатаң бақылауға алды.

    Православ шіркеуінің  қайта өркендеуі  Қазақстанның тәуелсіздік алуымен қайта келіп, діни сенім бостандығына ие болды. Егерде  Қазақстанда 1956 жылы Орыс православ шіркеуі (РПЦ) барлығы 55 приход болса, 1999 жылы республика аумағында 212 приход пен 8 монастыр болды. Соңғы онжылдықта оның өсуі байқалады.Қазақстанда 2009 жылы 280-ден аса  православ қауымдастығы болып, 255 шіркеу мен басқа да культтік ғимараттар, 9 монастыр  тіркеуден өткен. Шіркеулер ішінде және құлшылық ету үйлерінде православие негіздерін оқытатын мектептер мен жексенбі мектептері ашылған.

    Мемлекетіміз 1995 жылы Алматыдағы  ХХ ғасырдың басында салынған  Вознесенский кафедралды соборын  шіркеуге берді.Ол сәулет өнерінің  озық үлгісі болып саналады. Православ  қауымдастығына басқа қалаларда  да храмдар қайтарылып берілді.  Қазіргі уақытта ескі культтік ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары  және  жаңа шіркеулер мен құдайға сыйыну үйлері салынып жатыр.

    Мәскеу және бүкіл Русь патриархы  Алексий II( 1990-2008жж. РПЦ басқарған) 1995 ж. шілде айында Қазақстанға  ресми сапармен келіп, Алматы  мен Қарағанды қалаларында болып, Орталық  Азияның  ішіндегі ең әдемі және ірі  Свято-Введенский соборында шырақ жақты.

    Соңғы жылдарда православтық  храмдар Алматы, Павлодар, Екібастұз,  Талдықорған, Қостанай, Сатбаев және  т.б. қалаларда салынды. Бірнеше  монастырлар ашылды.

    Қазақстанда тойланатын ресми  мерекелердің қатарына Рождество  Христово (7 қаңтар) мерекесі де  қосылды.

   7 мамырда 2003 жылы Синодтың Қазақстанда  Митрополит өңірін құру шешімі  қабылданды, оның құрамына Астана, Орал және Шымкент епархиялары  кірді. Өңірді орталығы Астана қаласында құрылған митрополит Мефодий - Немцов Николай Федорович басқарды. Митрополит өңіріне 3 епархия кіреді:

    Астана және Алматы епархиясы  (1999 жылға дейін Алматы-Семей епархиясы)  Астана және Алматы, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары қаларарының қауымдарын қосады.

    Орал және Гурьев епархиясы  Актөбе, Атырау, Батыс Қазақстан,  Қостанай, Маңғыстау облыстары қоғамдарын  біріктіреді. 

    Шымкент және Ақмола епархиясы  Акмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік  Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қауымдастарын біріктіреді. 

  Қазақстандағы протестантизм

    Қазақстанда протестанттық Ресейге  қосылу уақытынан бастап тарала  бастады. Бұл Ресей армиясы  құрамында Қазақстан аумағына  лютерандық сеніммен немістер  болуымен негізделеді, кейіннен азаматтық шенеуліктер, шеберлер мен шаруалар да пайда болды. XIX ғасырдың 80 жылдары Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға меннониттердің, лютерандардың, баптистердің көшуі басталды. Столыпин реформасы осы процесті жеделдете түсті, алайда протестанттардың республикаға келуінің негізі 30 жылдары ССРО еуропалық бөлігінен кулак деп танылып Қазақстанға арнайы көшірумен және 1930-1940 жылдары республикаға немістер мен поляктардың келуімен байланысты. Қоныс тебушілердің қатарында  мысалы, 360 мыңдай Поволжья немістері бар еді. 1950 жылдардың ортасында республикамызға лютерандық шіркеу қауымдастығы, евангельдік христиан-баптистер, адвентистер, меннониттер пайда бола бастады. Көп жылдар бойы олар жасырын өмір сүрді. Бірінші лютеранттық шіркеу Ақмолада (қазіргі Астана) 1955 жылы тіркелген.

    Үкімет ықылассыз діни бірлестіктерді  тіркеп жатса да олардың саны  үнемі өсіп отырды.СССР-дің күйреу  кезеңінде Қазақстанда 109 евангельдік-баптистер  болып, олар  мұсылман мешіттері  санынан екі есе өсіп кетті.

    Протестанттық шіркеулер санының   өзгеруі  ХХғ. 90 жылдарында Германияға, Ресейге, басқа да қалаларға  көшіп қоныс аударумен байланысты.

    Бұл  лютеран бірлестіктерінің, меннониттер мен басқа да конфессиялардың  азаюына әкеліп соқты.

    Басқа қауымдастықтар көпұлттылыққа айналды.Бұлар протестантизмді дәстүрлі дін деп есептемейтін басқа да ұлт өкілдері арқасында көбейді. Баптистер арасында қазір орыстар, украиндер, белорустар,қазақтар, кәрістер де бар. Соның арқасында Қазақстандағы баптистік шіркеулер өсті. Бұны статистикада да көрсетіп тұр. Егер 1993 жылы 129 баптистік бірлестік тіркелген болса, ал 2002 жылы – 281, 2007 жылы – 290 бірлестік тіркелген. 2009 жылы Қазақстанда ресми 358 діни бірлестік  пен евангелдік христиан-баптистік топтар, олардың ішіндегі 50-і үкімет органдарында тіркелмеген.

    Солардың ішінде кең тараған  пятидесятниктер, просвитериандықтар  және харизматикалық ағымдар.  Бұл қауымдар ХХ ғасырдың 90 жылдарында  пайда болды. Олардың көпшілігі  шетелдік миссионерлердің  құруымен  болған, сондықтан олар көмекті де шетелден алып отырды. Өз қызметтерінде  бұл бірлестіктер белсенділікті әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы  насихат жұмысымен байланыстырады.

    Нәтижесінде пятидесятниктер шіркеуі  саны 2009 жылдың басында – 64, пресвитериандықтар  – 248, харизматикалықтар – 351. Солардың ішіндегі ең кең тарағандары: «Грейс Блогодать», «Еммануил», «Новая жизнь», «Агапе», «Сун  Бок  Ым» бірлестіктері. Көптеген пятидесятниктік және пресвитериандық шіркеулері Оңтүстік Корея мен АҚШ миссионерлері  арқылы құрылған. Олардың ішіндегі пасторлар мен өкілдерінің көбісі корей диаспорасына жататындар.

    Протестандық бірлестіктер шетелмен  тығыз байланыста және гуманитарлық  көмек алып тұрады. Олар әртүрлі  халықаралық конференцияларды, фестивальдерді, кездесулерді белсенді ұйымдастырып, жастармен және басқа да топтармен жұмыс жасайды.Солардың ішінде Жаңа  апостолдық шіркеуі, Адвентистердің жетінші күні, Иегова куәгерлері және мормондар( Церковь Иисуса Христа святых последних дней). Олар тарихи протестанттық қозғалыс нәтижесінен пайда болды. Православие мен католицизмнің көзқарасы арқылы қарасақ протестанттықтардың оқулары сектанттық болып саналады.Көп жағдайда протестанттық шіркеулердің өзі де олардың бұған жататынын мойындамайды, сонымен қатар осы қауымның өкілдерінің өздері өздерін протестанттықпыз деп есептемейді.

    Сондықтан Қазақстандағы протестантизм  өздерін  көп ғасырлық тарихы  бар конфессиямыз (лютерандар, меннониттер,  баптистер және т.б.) деп есептейді,  сонымен қатар жаңа дәстүрлі  емес қауымдар, бірінші кезекте  пятидесятниктер, провитериандықтар және харизматикалық ағымдар. Жалпы еліміздегі протестанттық бірлестіктер саны 1200-ден асады. Олар көбіне республикамыздың  ірі қалаларында орналасқан. 
 
 
 

  Қазақстандағы христиандық    

  Қазақстанда христиандық оның негізгі үш бағыттарымен берілген: православие, католик және протестанттық. Бұдан басқа 1994 жылы Алматы қаласында армян шіркеуінің «Сурб Хач» («Қасиетті Крест») діни қоғамы тіркелді.

  Қазақстанда Православие сенушілер саны бойынша  Исламнан кейінгі екінші діни бағыти болып табылады, оны Орыс православие шіркеуінің діни қауымы, сондай-ақ ескі дәстүр қауымдастарымен көрініс табады.

  Қазақстанда православиенің пайда болу тарихы Қазақстанның Ресейге қосылуы салдарынан туындаған  бастапқы әскери қоныстармен байланысты. 1871 жылы Түркістан епархиясы құрылды, одан қазіргі Алматы, Шымкент және Ташкент епархиялары таралды.

  1872 жылы Верный мен Жетісу епархиясының  кафедрасына ең бірінші қазақстандық  архиерейлердің бірі - архиепископ  Софония (Сокольский С.В.) тағайындалды, ол епархияны 1877 жылға дейін басқарды.

  1917 жылғы революцияға дейін православие  шіркеуі патшалық Ресейдің мемлекеттік  діні болып табылды және осының  негізінде өзге діндермен салыстырғанда  елеулі артықшылықтарды пайдаланды.

  Бірінші рефолюциядан кейінгі жылдары Ресей  православие шікреуін қатаң қудалауменсипатталды. 30 жылдардың аяғына қарай Қазақстанда әрекет ететін храмдардың жалғыз жарымы қалдығ көптеген шіркеу ғимараттары бұзылды, қоймалар және т.с.с. ретінде қолданылды. Республика аумағында шіркеу өмірінің қайта түлеуі Қазақстандық епархияның құрылуымен және оған басқарушы архиерей (1945-1955 жж) архиепископ Николайды (Могилевский)тағайындаумен тек 1945 жылы басталды, ол кейіннен митрополит және 2000 жылы Мерейтойлық Собормен қасиеттілер санына қосылды. Оның қызметіне байланысты республикада шіркеулер қалпына келтіріліп ашылды.

  1991 жылдан бастап РПЦ Қасиетті  Синод Қазақстанда қауымдарды  үш епархиялық басқармаларға  бөлді. Тәуелсіз Қазақстанда православиеліктердің  бірінші рухани басшысы - Архиепископ  Алексий - Кутепов Андрей Николаевич болды, ол 1953 жылы 10 мамырда Мәскеуде дүниеге келді, 1984 жылы Мәскеу Рухани академиясын бітірді. Ұлтаралық және онфессияаралық келісімді нығайтқаны үшін 1995 жылы оған Бейбітшілік пен рухани келісімнің Президенттік сыйақысы берілді, 1999 жылы «Астана» медалімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2002 жылы «Парасат» орденімен марапатталды. 2002 жылғы қазан айында Қасиетті Синод шешімімен Тула және Белев архиепископы болып тағайындалды.

  7 мамыода 2003 жылы Синодтың Қазақстанда Митрополит өңірін құру шешімі қабылданды, оның құрамына Астана, Орал және Шымкент епархиялары кірді. Өңірді орталығы Астана қаласында құрылып митрополит Мефодий - Немцов Николай Федорович басқарды, ол 16 ақпанда 1949 жылы Луганск облысының Ровеньки қаласында дүниеге келді, Ленинград Рухани Академиясын бітірді. І деңгейлі «Қасиетті апостолға тең князь Владимир», ІІ деңгейлі «Жұбай князь Мәскеулік Даниил», ІІ деңгейлі «Отан алдындағы қызметі үшін» ордендерімен, «Достық» орденімен марапатталды. Қазақстанға тағайындалғанға дейін Воронеж және Липецк митрополиті, РПЦ тарихи- құққытық комиссия төрағасы, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы қоғамдық және діни ұйымдар мен бірлестіктермен өзара әрекет ету кеңес мүшесі, «Әлем діндері» Ресей ғылым академиясының жыл сайынғы басылымның редакторлар алқасының мүшесі болды.

  Астана  және Алматы епархиясы (1999 жылға дейін  Алматы-Семей епархиясы) Астана және Алматы, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды  және Павлодар облыстары қаларарының  қауымдарын қосады.

  Орал  және Гурьев епархиясы Актөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау  облыстары қоғамдарын біріктіреді.

  Шымкент және Ақмола епархиясы Акмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан  және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қауымдастарын біріктіреді.

  1956 жылы Қазақстанда небәрі 55 қауым  жұмыс істеді, ал 2008 жылы1 қаңтарға  РПЦ республика аумағында 281 діни  бірлестікке ие, оларға 257 мінажат  ету құрылымдары жатады.

  Алматы  епархиялық басқарма жанында 1991 жылдан беру 4 жылдық рухани училище жұмыс істейді, онда дін қызметкерлері мен регенттерді (күндізгі бөлімде 50 адам) дайындайды. Жыл сайын 4-5 адам Ресей РПЦ рухани оқу мекемелеріне жіберіледі. Священниктердің елеулі саны Мәскеу қаласында Рухани академияда сырттай оқиды. 1997 жылдың наурыз айынан бастап Қарағанды қаласында Қасиетті Тихонов дін ілімі институтының филиалы жұмыс істейді. 1998 жылғы қыркүйек айында Алматы қаласында 4 жылдық діни-миссионерлік колледж ашылды. Барлық шіркеулер мен мінәжат ету үйлерінде православие негіздерін зерттеу бойынша шікеу-қауымдық мектептер ашылған. Жексенбілік мектептер бар, онда балалар мен үлкен адамдар да оқиды.

  Православтық  бірлестіктердің материалдық қоры үнемі нығайтылып отырады. Соңғы  жылдары Алматы қаласында Құтқарушы  Христос храмы, Қарағандыда Кіріспе  соборы, Павлодарда Благовещенск соборы, Екібастұз қаласында Серафимо-Ивер соборы, Талдықорған қаласында Иоанна-Богослов соборы, Өскеменнің Мирныйкентінде Свято-Покровский храмы, Қостаанй қаласында Константино-Еленинский храмы және Сәтпаев қаласында қайтыс болған кеншілер құрметіне «Қазақмыс» корпорациясы салған Свято-Никольский храмы салынды.

Информация о работе Қазақстандағы православие