Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:32, контрольная работа

Описание работы

Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................4
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері..............................7
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар..................................12
Қорытынды............................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................22

Работа содержит 1 файл

Айдана.doc

— 342.50 Кб (Скачать)

Басқару жүйесі мен қоғамдық салттық  нормаларда іске асырылған рухани мәдениет типі дүниеге көзқарас жиынтығының  жалпы ұтымды бөлігі болды, әлеуметтік және табиғи тәртіп бірлігі, тұрмыс толықтығы мен жеткіліктілігі, табиғи өзі жетілетін тәртіп ретінде табиғи тәртіпті мойындау негіз болды. Ақыл-парасат міндеті оны өзгерту және бұзу емес, жалпы Жолмен (Дао) жүру болып табылады. Бұл идея ұлы қытай данасы, мыңдаған жылдар өтсе де құнын жоймаған діни-мифологиялық жүйені жасаушы Конфуций еңбегінде көрсетілген (Кун-Фу-Цзы, б.з. дейінгі 551-479 ж.ж.). «Билеуші билеуші болады, бодан бодан болып қалады, әке - әке, ұл – ұл болады». Конфуций негізгі рақымшылдар адалдық, тыңдау, ата-ана мен үлкенді құрметтеу деп санады. Ата бабаға табыну, ежелгі дәстүрлерді, жораларды сақтау (қытай рәсімі) Конфуций бойынша – идеал қоғамды қалыптастыру негізі. Осы қоғамды құру үшін әрбір адам өзіне талап қойып, барлық ережелер мен канондарды сақтау керек. Сонымен конфуцийлік дін емес, моральдық-саяси доктрина болып табылады. Ол қытай мәдениетін бейнелеп, қытай тұрмыс салтының негізі бола отырып, әкімшілік жүйе мен әлеуметтік және экономикалық процестерді реттеу функциясын атқарады.

Даосизмді жасаушы Лао-Цзы – «Қарт дана» (аңыз бойынша ол 200 жыл өмір сүрген) болып саналады. Оның пікірінше барлығы әбігершілік. Даоның ізімен жүру керек (сөзбе-сөз аударғанда жол), адам Жердің ізімен жүреді, Жер Аспанның, Аспан Даоның, ал Дао табиғидың ізімен жүреді. Философиялық даосизм адам заттардың табиғи тәртібін өзгерте алмайды деп санайды, сондықтан адамның еншісі -  оқиғалардың табиғи барысын сырттан бақылап, Даоға қол жеткізу. Даосизмді жақтаушылар белсенді әрекеттен бас тартуды насихаттап, «әрекетсіздік» теориясын ұсынады. Олар әлем адам сияқты тоқтаусыз өзгерістер процесі деп санады, сондықтан тану мүмкін емес. Басты шарты – жолды бұзбау, әлемдік ырғақпен қарама-қайшылыққа келмеу, дүниеге қосылу, оны тыңдай білу.

Қытайдың барлық діни жүйелерінің  ортақтығы бар: барлығына үлкендер мен ата бабаларды құрметтеу, отбасыны тыңдау, «әрекетсіздік» идеясы, шындыққа сырттан қарау қатынасы тән болды. Адамның тұлға ретінде өзіндік құндылығы болған жоқ, қоғам «тұлға – мемлекеттік пен ұжымдық алдында ештеңе емес» деген принцип бойынша өмір сүрді.

Ежелгі Қытайдың рухани өмірі туралы қазіргі түсініктер жазба көздерге негізделген. Б.з. дейінгі XV ғасырда  Қытайда 2000 аса иероглифтен тұратын  иероглифтік жазудың дамыған  жүйесі болды, б.з. ІІІ ғасырында  олар 18 мыңға жетті. Б.з. дейінгі І мыңжылдықтың басына жататын «Әндер кітабы» мен «Өзгерістер кітабы» әдебиеттің ежелгі ескерткіші болып саналады.

Қытайлар ұзақ уақыт жібекке  табиғи бояулармен жазды, біздің заманымызда  тушь пен қағазды ойлап тапты. Қолданбалы өнер де дамыды: қола айналарды жасау, нефрит пен сүйекке ою жасау, керамика, б.з. IV ғ. Қытайдан шет жерлерге де белгілі болған фарфор ойлап шығарылды, алуан лакты бұйымдар пайда болды.

Қытай сәулеті қызықты да ерекше. Ел біртұтас орталықтандырылған мемлекетке біріккен уақыт (б.з. дейінгі 221-207 ж.ж.) Ұлы қытай қабырғасының негізгі бөлігін салумен есте қалды, ол біздің заманымызға дейін жартылай сақталып қалды.

Сәулеттегі табыстарға математиканың  дамуы себепкер болды. Б.з. дейінгі V ғасырда қытайлықтар тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін білді. Олар тарихта бірінші рет теріс сандар ұғымын енгізді, б.з. дейінгі ІІІ ғасырда магнитті аспап, компостың алғашқы түрін, су диірменін ойлап тапты, астрономия дамыды. Олар жылды 12 айға, айды 4 аптаға бөлді. Б.з. дейінгі V ғ. 800 шыраққа жұлдыздар гороскопы жасалды, олар аспан күмбезін 28 шоқжұлдызға бөлді. Б.з. дейінгі 28 жылы қытайлықтар адамзат тарихында бірінші рет күндегі дақтарды суреттеп берді, астроном Чжан Хэн әлемдегі алғашқы айналатын жұлдыз глобусын жасады.

Медицина едәуір табысқа жетті. Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта қытайлықтарға екі ондық музыкалық аспаптар белгілі болды: барабан, дабыл, сыбызғы, металл қоңыраулар, ішекті шертпелі аспаптар, үрмелі – бамбуктен, балшықтан жасалған және басқалар. Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта арнайы сарай маңындағы музыкалық қызмет құрылады, сонымен мәдениеттің барлық сфералары реттеуге бағынып, мемлекеттің билігінде болды.

Ежелгі Үндістан – адамзат өркениетінің жоғары деңгейдегі мәдениетінің ежелгі ошақтарының бірі.

Үнді мәдениеті мен ғылымы б.з. дейінгі IV –IIғ.ғ. – б.з. VІІІ ғ. өркендеді. Осы кезеңде есептеудің ондық жүйесі, цифрлерді жазу түрі (кейінірек өзгертілген түрде араб цифрі деп аталған) жасалды. Квадрат және куб түбірлерді шығару, “р” санын есептеу (3.1416…), арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, тригонометрия мен алгебра негіздері белгілі болған. Астрономдар жылды 12 айға бөлген, әр айда 30 күннен болған, жылдар 6 маусымға бөлінді. Әр бес жыл сайын 13-інші ай қосылып отырды. Жер шарының әр алуан ендіктерінде күн мен түн ұзақтығының айырмашылығы белгілі болды. Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін білді, оның өз осінің бойымен айналатындығын болжады. Химияны білу қышқылдар, бояулар, дәрілер, иіс су, цемент, тұздар жасауға, металдарды білу сынаптан күрделі аппараттар дайындауға мүмкіндік берді.

Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың аяғы - І мыңжылдықтың басынан бізге  ежелгі үнді діни әдебиеті –Веда ескерткіштері  жеткен. Шамамен б.з. дейінгі 800 жылы пайда болған упанишадтар индоарийцтердің  діни түсініктерінің дамуында келесі қадам болып табылады. Эпикалық әдебиеттің негізгі ескерткіштері “Махабхарата” мен “Рамаяна” болды, олар б.з. бірінші ғасырларында санскритте жазылған, бірақ олар б.з. дейінгі IV ғасырда пайда болған.

Үндістанның ежелгі тарихының көптеген құпиясы ашылмаған. Алайда б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта шыққан ескі әдебиет көздерінде құл иелену қатынастарының дамуы туралы айтылады. Үндістанның б.з. дейінгі VI ғасырдағы қоғамдық-мемлекеттік құрылысын бейнелейтін «Ману заңдарында» қоғамдық еңбек бөлінісі, билеу мен бағынышты болу қатынастары жазылған.

Әлеуметтік шығу тегімен және сипатымен  ескерілген ежелгі үнді қоғамын қатты  дифференциация тұйық қоғамдық топтарды қалыптастырумен аяқталды: сословиелер  бойынша – варналар (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер, шудралар), кәсіптік қызметі бойынша – касталар (олар 3,5 мың). Брахмандар атақты абыздар руының өкілдері болды, олар құдайлармен байланыс жасап, мемлекетті басқарды. Кшатрийлер деп әскери ақсүйектердің өкілдерін атаған. Қос варна қоғамның пұрсатты тобын құрады. Еңбекші халық вайшьилер мен шудралар варнасына кірді. Вайшьилер шаруашылық қызметпен шұғылданды: егіншілікпен, қолөнермен, саудамен. Шудралардың үлесі – басқа касталардың мүшелеріне қалтықсыз қызмет ету. Олар құқықсыз болды және жеке меншігі болған жоқ.

Дін қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін пайдаланылды. Құдайлар иерархиясы қаланды. Олардың ішінде жоғарғылары – Брахма (Ғаламды жасаушы), Вишну (оны сақтаушы), Шива (оны бұзушы).

Б.з. дейінгі VI ғ. дамыған құл иеленуші қоғамның идеологиясы буддизм болады. Оның негізін қалаушы – Будда б.з. дейінгі 563 ж. туды. Ол Шакья-Муни патша руынан шыққан ханзада болды, оның шын аты – Сиддхартха Гаутама. Гаутама өз ілімінің мәнін төрт игілікті шындықта айтқан. 1. Өмір мәні қайғы-қасірет көру. 2. Қайғы-қасірет көру себебі, көзі - өмір сүруді көксеу: ләззат алуды, билік жүргізуді көксеу, тілек тілеу, құштарлық. 3. Қайғы-қасіреттен құтылу үшін тілек пен құштарлықты түп тамырымен жұлып алып, одан құтылу керек. 4. Ол үшін алдымен көзін ашатын, одан соң нирванаға әкелетін сегіз сатыдан тұратын өзін-өзі қайта құру жолы бар. Нирвана – бұл ішкі күй, онда барлық сезім мен құштарлық жоғалып, онымен бірге адамға ашылатын әлем есігі де жабылады. «Нирвана» сөзі «сөну», «өшу» деген мағынаны береді. Іштен сөну адамды қайғы-қасірет шегуші «меннен» және барлық тірі жандарды жаңа өзгерістерге тартатын өмірге құштарлықтан босатады. Сонымен карма билігі үзіліп, данышпан абсолютті тыныштықтың шат-шадыман бос кеңістігінде соңына дейін жоғалып кетеді. Көзін ашу - өмірмен кез-келген байланысты толық үзетін соңғы нирвананың бастауы. Түсінбеген бақылаушы үшін нирванаға жету болмыстың жоқтығы, өлім ретінде (шат-шадыман өлім болса да) қабылданады. Алайда нирванаға кірушінің көзқарасы жағынан – бұл күйде өмір мен өлім, «мен» және «мен еместің», жақсылық пен зұлымдықтың арасында айырмашылық жоқ, тек осындай ішкі көзқарас қана буддист үшін мәні бар.

Буддизмнің универсальдығы мен  иілімділігі оның әлемге алуан бағыттарда тарауына мүмкіндік берді (ламаизм, дзен-буддизм, тантризм және т.б.). Буддизмнің Батыста ізбасарлары аз емес: кейде адамдар бөтен мәдениет жолдарында өзінің рухани проблемаларын жеңіл шешуге болады деген үмітте болады.

 

 

Дерекөзі: Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.

 

 

 

Моизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 

Моизм (墨家). Мұрагерлік аристократияның билеуіне сын айтқан моистер мектебінің негізін қалаушы МО-ЦЗЫ (шамамен б.з.д. 479 - 400 жылдар) болды. Оның ілімін, жолын қуушылар "Мо-цзы" кітабында Моизм ілімінің сипаты баяндалған. Моизм әлеуметтік жағдайы тұрақсыз, қарама-қайшылықты ұсақ меншік иелерігің - ерікті жер өңдеушілердің, қолөнершілердің, саудагерлердің, мемлекеттік аппараттағы төмен шен иелерінің мүддесін білдірді. Бір жағынан, олар еңбекші бұқараға жақын болды және белгілі бір дәрежеде олардың сенім-пікірлерін қабылдады, ал екінші жағынан - қоғамда белгілі бір орынды иеленгеннен кейін билеуші тебе топқа жақындауға тырысып бақты, жоғары тектің артықшылықтарын өздеріне талап етті. Моистердің ілімін осындай қарама-қайшылықтар жайлаған болатын. Әлеуметтік төменгі топтың кейбір түсініктерін қайта жаңғырта отырып, моистер мемлекеттік лауазымдарды шығу тегі мен туыстық принциптері бойынша иеленуді айыптады. Олар барлық адамдардың көктегі құдай алдында бірдей екендігін дәлелдеді. Мемлекеттік қызметке шығу тегіне қарамастан неғұрлым ақылды адамдарды ұсыну қажет. Олар осы тұрғыдан мұрагерлік аристократтарда білім туа бітеді деген ойға жол беретін және ақылдылардың ұсынылуын білім деңгейімен шектейтин конфуцийшілдіктің ымырашылдық доктринасын да сынға алды. Мо-цзы ақылдылықтың көзі туа біткен ізгіліктер мен атап оқу ғана емес, қарапайым халықтың өмірінен алынған білім деп көрсетті. Мемлекет басқару оқытуды қажет етпейді. Адамның мемлекеттік басқаруға қабілеті онын іскерлік қасиеттерімен - қарапайым халыққа кызмет етуді қалауымен, іске қажырлылығымен және т.б. анықталады.[1]

[өңдеу]

Пайдаланған әдебиет

↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет

 

 

Кіріспе

 Философияның басқа пәндер  арасындағы орны оның предметі  мен атқаратын қызметтері арқылы  айқындалады. Ол, бір жағынан,  басқа пәндердің дүниетанымдық  және методологиялық маңызы бар  нәтижелерін жалпылайды, екінші жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер қорытыңдылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға, рационалды түрде ой елегінен өткізуге көмектеседі. Ең ақыры, философия, өмірлік-практикалық тәжірибенің, дүниені танымдық және құндылықтық игерудің неше түрлі формаларына сүйене отырып, өз ұғымдары мен принциптерінде өнегелік, діни, көркемдік, саяси, құқықтық, ғылыми-техникалық сана тудыратын дүниетанымдық идеяларды тасымалдайды (трансформациялайды). Философия, практикалық білімнің көп түрлі жүйелерін синтездей отырып, дүниенің ғылыми суретін қалыитастыруға қатынасады, іс-әрекеттін барлық формаларын интеграциялауды іске асырады, мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы ретінде көрінеді. Мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы бола отырып, философия қазіргі рухани ахуалда постиндустриалдық, техногендік өркениет салаларына деген жауапкершілік сананы жасақтауға ат салысады. Философия әртүрлі мәдени-рухани позициялардың өзара әрекеттесу процесінде келісімдік, консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады. Ол қоғамдық жүйенің тұрақты да орнықты формасының мәдени үлгісін, ұлттық қауіпсіздікке және мәдени бірегейліктің таңдап алынған үлгілеріне қатер төндіретін деструктивтік әрекеттерге қарсы тұрудың стратегиясын жасақтауға қатынасады.

 

 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 Философия мәдениет феномені  хақысында 

 Философия мәнін түсіндірмелеудің  негізгі типтері. Дүниеге қатынас  және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.

 Мәдени-тарихи контекстегі философия 

 Философия және философ. Мағынаға  және еркіндікке толысқан адамның өмірлік стратегиясьш қалыптастырудағы рухты көтеретін ақиқаттар мен идеалдардың маңыздылығы. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде.

 Философиялық ой кешу типтері.  Философиялық бағыттар мен жүйелерlің  көп түрлілігі. Философияның мәдени-тарихи сипаты. Философия формаларының этномәдени ерекшеліктері.

 МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ  ОЙ КЕШУДІҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ 

 Шығыс мәдениетіндегі философия  феномені 

 Көне үнділік мәдениетіндегі  діннің мәртебесі және оның  философия қалыптасуы мен  дамуына әсері. Үнділік философия қарсаңындағы (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. Упанишадалардағы дүниетанымдық ізденістер дүниеден аскеттік қашқақтаудың формасы ретінде. Қайта түрленудің мәңгілік циклынан құрылудың жолдарына деген ізденістер.

 Шығыс ойының өзіндік ерекшелігі. Ойлаудың кармалық стилі философияның  моральдық және метафизикалық  өлшемінің формасы ретінде. Карма,  реинкариация және касталар жүйесі  туралы ілім Үнді философиясының  негіздемесі ретінде. 

 Буддизм және оның Ведалық  дүниетаным мен ритуалдық практикаға қатынасы. Буддизм Упанишадаларды сыни қайта түсіну ретінде. Буддизмнің іргелі идеялары. Күш қолданбаудың буддистік стратегиясы, оның Шығыс адамының тарихи тағдырына әсері.

 Даостық философия және дүние-әлемнің  суреті. Дүние-әлемнің даостық суретіндегі адамның орны. Өмірді сактау мен нығайтудың даостық тәсілі. Әділдік принципінің Космостық сипаты. Өлместікке жетудің даостық практикасы.

 Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті  әлеуметтік-этикалық, доктрина ретінде.  Моизмнің іргелі идеялары: жалпы махаббат, табыстылық, өзара пайда. Моизм прагматикалық мақсаттылықтың философиясы хақында және оның қытайлық адам мәдени стратегиясының практикалық бағыттылығының қалыптасуына әсері.

 Легизм «соғысушы мемлекеттер»  дәуіріндегі саяси-әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Легизмнің іргелі құндылықтары қоғамдағы тәртіп, заңдар және жарлықтар. Легизм қытайлық қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының моделін іздеу идеологиясы хақында. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері.

Информация о работе Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері