Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:32, контрольная работа

Описание работы

Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................4
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері..............................7
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар..................................12
Қорытынды............................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................22

Работа содержит 1 файл

Айдана.doc

— 342.50 Кб (Скачать)

- Нидерланд философы – Б.Спиноза  (1662-1677) философияға геометриялық  әдісті енгізді. Спиноза табиғат  қана шын өмір сүреді деп  санады. Діннің шығу себебін ол  адамдардың надандығынан, белгісіз болашақ алдындағы қорқынышынан іздейді.

- Джон Локк (1632-1704) – ағылшын  материализмнің ірі өкілі, ол  білімді діни сенімге бағындыруға  қарсы шықты.

- Ағылшындық идеалист Дж. Беркли (1685-1753) материализмді теріске шығарды.

- Ағылшынның екінші бір субъективтік идеалисі Д.Юм (1711-1776) Берклидың ілімін агностицизм бағытында дамытты.

 Жинақтай айтқанда, Беркли және  басқа идеалистер материалистік  көзқарастың дамуына кедергі  жасауға тырысқанымен, оның ілгері  жылжуын тоқтата алмады.

 

Ағартушылық философиясы және француз материализмі

 

XVII-XVIII ғ.ғ. алғашында Англияда, содан  соң Францияда, кейінен Германияда  феодалдық қоғам идеологиясына  қарсы, адамның ақыл-ой бостандығы  үшін күресте ағартушылық деп  аталатын кең ауқымды философиялық  ағым пайда болды.

 Ағылшын ағартушысы Дж. Толанд (1670-1722), француз ағартушылары Гассенди (1592-1655), Монтескье (1689-1755), Вольтер  (1694-1778), Кондильяк (1715-1780), Руссо (1712-1778), неміс ағартушылары Х.Вольф (1679-1754), Лессинг (1729-1781), Гете (1748-1832), т.б. діни сенімге шек қойып, ақыл-ой мен ғылыми дүниеге көзқарасқа кең жол ашу, моральды діннің «қамқоршылығынан» азат ету, сөйтіп, ақыл-ойдың табиғи дамуына жол ашу үшін күресті.

XVIII ғ. орта шенінен бастап  әсіресе Францияда буржуазиялық  революцияны идеологиялық жағынан әзірлеуде материалистер Д.Дидро (1713-1784), Ж.О.Ламетри (1709-1751), П.А.Гольбах (1723-1789) және К.А.Гельвеций (1715-1771) аса маңызды рөл атқарды. Олар сол кездегі Франциядағы саяси-әлеуметтік құрылыспен аяусыз күресті.

 

Классикалық неміс философиясы

 Классикалық неміс философиясының  негізін салушы И.Кант (1724-1804) болды.  Өзінің творчестволық қызметінің  бастапқы кезеңінде И.Кант жаратылыстану  мәселелерін зерттеп, оларды материалистік  тұрғыдан шешті.

 И.Кант даулист болды, өйткені ол материалдық нәрселердің объективті өмір сүретіндігін мойындады, алайда олар мәнін танып-білуге болмайтын «өзіндік зат» болып табылады деді. Ол заттармен қатар өмір сүретін құбылыстар дүниесі, немесе табиғат, адам санасынан тәуелсіз, өздігінше өмір сүре алмайды – ол «өзіндік заттардың» сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде пайда болады, демек, ол адам сезімдерінің жиынтығынан басқа ештеңе емес, дейді Кант.

 Канттан кейін классикалық  неміс философиясын дамытқан  И.Г.Фихтенің (1762-1814) және Ф.Шеллингтің (1775-1854) идеалистік ой-пікірлері өзінің логикалық жалғасын Г.Гегель (1770-1831) философиясынан тапты. Гегель дүниеде өмір сүретін барлық нәрсені негізгі ұғымдардың қозғалысы – абсолюттік идеяның дамуы деп санады. Гегельдің философиясы – сана, рух алғашқы, бірінші, ал материя, табиғат екінші туынды, тәуелді деп дәлелдейтін объективтік идеализмнің айқын түрі болып табылады.

 Л.Фейербах (1804-1872) материализмді  бұрынғы қалпына келтірді, бірақ  ол диалектиканы жоққа шығарды.

 

Орыс философиясы

 

Ресейде философиялық ой-пікірдің өз дәстүрлері мен ерекшелітері бар. Олар, көбінесе, Ресейде ғасырлар бойы орын алған мәдени-әлеуметтік процестерге байланысты. Орыс философиясындағы материалистік дәстүрлер Ломоносовтан басталады. М.В.Ломоносов (1711-1765) аты әлемге әйгілі бірінші орыс ойшылы, ғалымы, ғылымның сан-саласын дәйекті дамытқан данышпан (материалист).

 Философияның негізгі мәселесін  материалистік тұрғыдан шеше  отырып, Ломоносов материя атомдардан тұрады, ал атомдар өзара қосылыса келе молекулаларды құрайды, ал соңғылардың қосылысынан аралық заттар түзіледі деп есептеді. Әлеуметтік өмірді түсіндіруде Ломоносов ағартушылық, гуманистік көзқарасты ұстады. Сондай-ақ оның көзқарасында деизмнің элементтері де бар еді.

 Ломоносов сияқты А.Н.Радищев  те (1749-1802) дүниенің материалдығын,  атап айтқанда қозғалыс материяның  негізгі бір қасиеті екенін  уағыздады.

 Орыс философиясының тарихында  ХІХ ғасырдағы революцияшыл демократтардың материализмі мен диалектикалық ой-пікірлері ерекше орын алады. Бұл философияның басты өкілдері, көрнекті орыс материалистері В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев тек теория жүзінде емес, сондай-ақ патшалық Ресейде 40-60 жылдары пісіп жетіліп келе жатқан шаруалар революциясының идеологтары болды.

 

ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының  дүниетанымдық көзқарасы

 

Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде  Қазақстанда өндіргіш күштер мен  халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Орыс революционер демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы демократтарының жанына жақын келді. Олардың кейбірі (Уәлиханов, Абай, Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың, А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын.

 Қазақ ағартушылығының негізін  салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов  (1835-1865) – демократиялық ұлттық  мәдениетіміздің көрнекті өкілі.  Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы,  саяхатшы, публицист және қоғам  қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады.

 Қазақ ағарту ісінің көрнекті  өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы  Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).

 Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына  халық ауыз әдебиеті, прогрессивті  орыс мәдениеті мен Еуропа  ойшылдарының еңбектері өз әсерін  тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. («Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!», «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасында», т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды). Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейірімділік, кішіпейілділік сияқты қасиеттерді қырда өскен балаларға әңгіме, мысалдар арқылы жеткізе білді.

 Қазақ ағарту ісінде, қазақ  халқының бүкіл прогрессивті  мәдениеті тарихында үлкен орын  алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер  Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды.  Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Дүниетанымдық мәселеде ол деизмге жақын. Құдай – өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалап, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Абай шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық мәселелер десек, қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, ауыл арасында бос қыдырумен күнін өткізген пысықсымақтар жөнінде:

 «Осындай сидаң жігіт елде  мол-ақ,

 Бәрі де шаруаға келеді  олақ.

 Сырын түзер біреу жоқ,  сыртын түзеп,

 Бар өнері – қу борбай  сымпыс шолақ», -

 деп өмірін бос өткізіп  жүрген жастарды қатты сынайды.  Әсіресе, пайдасы үшін арын  сатқан, екіжүзді адамдарға жиіркенішпен  қарайды. Жастарды азғырып, ру  тартысы, болыс сайлауының партия таласына баурап жүрген ауыл атқамінерлеріне:

 «Ары кеткен алдамыш

 Мені-ақ алда, сөкпейін.

 Балы тамған жас қамыс,

 Ормасайшы көктейін», -

- деп ренішін білдіреді. Жастарға  ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер  мал шашпақ сияқты мінездерден аулақ болуды кеңес етеді. Қоғам өмірін түсінуді Абайдың көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда болды. Абай – ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық сарынды гуманист.

 Абай ілімін одан әрі жалғастырған  қазақтың рухани мәдениеті мен  менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан:

 

«Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

 Сол тілге аударылған барлық  білім.

 Ерінбей еңбек еттім, еңбек  жанды,

 Жарқырап қараңғыда туып күнім.

 Оятқан мені ерте – Шығыс  жыры,

 Айнадай айқын болды әлем  сыры.

 Талпынып орыс тілін үйренумен,

 Надандықтың тазарып кетті  кірі».

 Абай сияқты Шәкәрім де  қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын  деп талпынады. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн,Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.

 Шәкәрімнің «Үш анық» атты  шығармасы негізгі философиялық  шығармалардың бірі болып табылады. Басқа шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Қодардың өлімі», «Нартайлақ-Айсұлу», «Мұтылғанның өмірі» поэмалары, «Қазақтардың кітабы» (этнофилософиялық), «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» философиялық трактаттары, «Әділ-Мария» көлемді романы, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», тарихи шығармасы және т.б.

 Ал, енді Шәкәрімнен кейінгі  қазақ философиясын дамытуда  үлкен өзіндік орны бар қазақ  зиялылары: Ахмет Байтұрсынов,  Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт  Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов,  Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай.

 

Маркстік философия

 

Маркстік философияның пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты –  өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы  және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Маркстік философияның дүниеге келуінің ғылыми себептері  де болды. Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Маркстік философияның негізін қалаушылар: Карл Маркс, Фридрих Энгельс, В.И.Ленин.

 

1. Философияның анықтамасы:

 А) Табиғат және қоғамның  неғұрлым жалпы даму заңдары  туралы ғылым.

 В) Адамның дүниеге көзқарасы.

 С) Дүниетанымның ерекше түрі.

2. Алғашқы қауым адамына тән  ойлаудың бірінші бөлінбеген  формасы:

 А) Миф В) Дін С) Философия

3. Конфуцийлықтың мемлекеттік ілімге айналған кезі:

 А) ІХ ғ. В) Б.д.д. І  ғ. С) ХІ ғ.

4. Тарихта философияның тууына  негіз болған дүниежүзілік өркениеттің  үш ірі ошағы атап көрсетіледі:

 А) Қытай, Үнді, Греция

 В) Еуропа, АҚШ, Үнді

 С) Батыс Еуропа, Қытай, Үнді

5. Философияның негізгі мәселелері:

 А) Тарихи дамуды зерттеу

 В) Ғарышты зерттеу

 С) «Адам», «Өркениет», «Қоғам»,  «Мәдениет» ұғымдары

6. Даосизмнің негізін қалаушы:

 А) Лао-цзы В) Моди С)  Конфуций

7. Таным процесін жоққа шығаратын  философиялық ағым:

 А) Материалистер В) Идеалистер С) Агностиктер

8. «Өзіңді өзің танып біл»  деген философ:

 А) Сократ В) Фалес С)  Диоген

9. Діни дүниеге көзқарастың  негізі:

 А) Ғылым В) Культ С) Сенім

10. Б.з.д. пайда болған діннің  ілімі бойынша «өмір-қасірет»:

 А) Индуизм В) Буддизм  С) Ислам

11. Философияның пайда болуын, тарихта  өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын  белгілі бір білімдік жүйеге  лайықтап, осы заманға жеткізген:

 А) Онтология В) Гносеология  С) Философия тарихы

12. Қазақ философиясының ірі  өкілі, «Қара сөздерді» жазған:

 А) Шәкәрім В) Абай С)  Ы.Алтынсарин

13. «Дүниедегі бар нәрселердің  бәрінің материалдық негізін  от деп санаған»:

 А) Демокрит В) Гераклит  С) Анаксимен

14. Философияның заңдарды ашумен  байланысты функциясы:

 А) Дүниетанымдық В) Рационалды С) Критикалық

15. Қазақтардың ата-тегі түріктердің  басты Құдайы:

 А) Көк Тәңірі В) Ұмай  С) Аспан

16. Әлемді, бүкіл дүниені тұтас  қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейтін  ғылым:

 А) Дін В) Философия С)  Мифология

17. «Сандар – барлық заттардың,  ғарыштың негізі» деп тұжырымдаған  философ:

 А) Сократ В) Фалес С)  Пифагор

18. Тал түсте қолшам ұстап  базар алаңына барып «халық  – көп, адам аз екен» деген

 А) Демокрит В) Диоген С)  Эпикур

19. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз»:

 А) әл-Фараби В) Платон С)  Сократ

20. Медицина тақырыбында 43 трактат  жазған, философия, математика, медицина, астрономия, ботаника, геология, лингвистика,  поэзия және музыка салаларында  еңбектері зор: А) әл-Хорезми  В) Аристотель С) Ибн Сина

Тағы рефераттар

Ермеков Әлімхан

Жертөле

1916 жылғы көтеріліс

 

 

ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХЫ

 

Мәдениеттің тууы бір уақытта пайда  болған зат емес. Ол пайда болу мен  қалыптасудың ұзақ процесінен өтті және сондықтан дәл мерзімі жоқ. Алайда осы процестің хронологиялық  шеңберлерін анықтауға болады. Егер қазіргі түрдегі адам – homo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл жағынан мәдениет адамнан үлкен. Бұл мерзімді одан әрі 400 мың жылға жылжытуға болады. Онда біздің бабаларымыз неандерталдықтар отты тауып пайдалана бастады. Мәдениет деп біз рухани құбылыстарды түсінетіндігімізден, ең дұрысы 150 мың жыл болып саналады, өйткені осы уақытқа рухани өмірдің басты көзі болып саналатын діннің бастапқы формаларының пайда болуы жатады. Осы орасан зор аралық – бір жарым мыңжылдықта мәдениеттің қалыптасу және эволюция процесі өтті.

Информация о работе Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері