Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:00, реферат

Описание работы

Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері
Бұл ғасыр екі ғаламдық, ондаған аймақтық , ұлт азаттық және ұлтаралық, көптеген төңкерістер мен соғыс ғасыры. Біз дәл осы жүзжылдықтағы көптеген империялардың құлдырауын көздестіреміз.
Бүгінде келер мыңжылдықтағы геосаясатты анықтайтын жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру өз бастауын тауып отыр. Көріп отырғанымыздай тәртіпті қалыптастыру қақтығыстарсыз болмай отыр және оның жер шарының бір бөлігіндегі кішкентай ғана ұшқыны кең көлемдегі соғыстардың басталуына алып келуі әбден мүмкін.

Работа содержит 1 файл

философия.docx

— 25.74 Кб (Скачать)

                                     Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері

Бұл ғасыр  екі ғаламдық, ондаған аймақтық , ұлт азаттық және ұлтаралық, көптеген төңкерістер мен соғыс ғасыры. Біз дәл осы жүзжылдықтағы көптеген империялардың құлдырауын көздестіреміз.

Бүгінде келер мыңжылдықтағы геосаясатты  анықтайтын жаңа әлемдік тәртіпті  қалыптастыру өз бастауын тауып отыр. Көріп отырғанымыздай  тәртіпті қалыптастыру қақтығыстарсыз болмай отыр және оның жер шарының бір бөлігіндегі  кішкентай ғана ұшқыны кең көлемдегі  соғыстардың басталуына алып келуі  әбден  мүмкін.

Әсіресе АҚШ та ,қазіргі уақытта қақтығыстар жөнінде көптеген жұмыстар жасалынып жатыр, соған қарамастан , зерттеушілер арасында өздерінің жұмытарына байланысты ынтымақтастық болмай отыр. Кейбір авторлар  қақтығыстарды бәсекелестікпен байланыстырады, ал енді біреулері қақтығысқа қатысушылар мен қақтығыстар мақсаттарының үйлеспеуінен туындайды десе , келесі біреулері  қабылдау кезеңін атап көрсетеді, мақсаттары мен әрекеттері бір біріне қайшы келмеуі мүмкін деген  объективті мүдделерін айтса, басқа бір зерттеушілер қақтығыстар қайнар көзін  саяси  экономикалық , әлеуметтік психологиялық салалардағы  байланыстардан деп көрсетсе , келесі топ өкілдері  қарама қайшылықтардың даму барысындағы  ең соңғы оқиға ретінде әр түрлі халықтар субъектілер , мемлекет ұлттары ,таптар,топтар,қоғамдық бірлестіктер ,арасындағы қарама қайшылықтармен мақсат мүдделерінің  бір жерден шықпауынан  туындайды деседі.Халықаралық қақтығыстарды сараптауда әртүрлі терминология қолданылады.Осы сияқты халықаралық қақтығыстардың көптеген балама түсінігінің  қолданылуы ең алдымен бұл феноменнің  күрделілігімен анықталынады, оның әр қилы салаларына тұжырым жасау мүмкіндігінен туындайды.

«Қақтығыс» түсінігінің дәл  мағынасын анықтау үшін , ең аодымен  оның жалпы ғылыми түбірін анықтау  қажет.

«Қақтығыс» сөзі латын түбірінен  тура аударғанда  қақтығыс деген  мәнді білдіреді.Энциклопедиялық  сөздіктерде  қақтығыс атауы қарама қарсы күштердің ,мүдделердің, пікірлердің , көзқарастардың  қақтығыстары терең  келіспеушілік туғызатын  күрделі  қатынастар және күрес деп түсіндіріледі.Ал пәлсафада бұл тұжырыммен қайшылықтардың даму түрі, болмаса кезеңі көрініс  тауып отырған қайшылықтар құбылысы өзінің бірін бірі жоққа шығару және қайшылықтарды шешу шеңберіне жеткенде белгіленеді, яғни қақтығыс деген анықтама қатынастар түрімен , ондағылардың өздерінің талпынастарына қарай бір біріне қарсы шығумен анықталады.

Амирикандық зерттеуші Льюис Козер  мына төмендегі түсініктерді  келтіреді  қақтығыс дегеніміз бұл ресурстар  тапшылығынан қарама қарсы  жақтардың  бейтараптылық білдіруге талпыныс жасауы, оған кесірін тигізуі, тіпті  болмаса оны жіберуі әбден  мүмкін .

Қақтығыс түсінігі түбінде кенеттен асқынған қарсыласу деген ұғым жатыр.Халықаралық  қатынастар аумағында бұл екі  мемлекет арасындағы және бір тоа  мемлекеттер  арасындағы қатынастардың асқынуы , болмаса бір, немесе бірнеше мемлекеттердің ішіндегі күрт өзгеріске байланысты асқыну болуы  мүмкін. Қақтығыстар қоғамдық өмірдің күрделі болмысы болып табылады.Қақтығыстарды сараптау  барысында халықаралық  қатынастарда  олардың бірнеше қайнар көздерінің  бағыттары анықталады 1)қақтығыс себептері, 2)қақтығыс түрі, 3)қақтығыс қызметі, 4)қақтығыстарды шешу тәсілдері, 5) қақтығыстар салдары.

Саяси ұйымдастырылған  қоғамда  әрқашанда қақтығыстарға объективті алғышарттар жасалынады.Дегенмен де, қауымдастықтар арасындағы қатынастар үйлесімді болса, күштеу тәсілін  орындайтын институттар тағайындаудың  қажеті болмас еді. Бірақ та ,шын  мәнісінде  бұлай емес,әр түрлі  тарихи кезеңдерде қоғамдағы әр қилы қақтығыстардың бар болуы  және олардың  дамуы  бұған тартыссыз дәлел  болып табылады.Қазір де,мың жыл  бұрын да тараптар жағы өзінің мақсаттарын ұсынып келді,бұл мақсаттар кей кездері бір біріне сай келмеді.Қазіргі қоғамда маңызды алғы шарт болып не табылад?

Қақтығыстардың негізгі маңызды  алғышарты, тапшы құндылықтарды  бөлумен байланысты, ал соның ішінде материалды билік және мәртебе болып  табылады.Көптеген қақтығыстардың  себебі негізінен алғанда , жауап  беруші тараптар әлемнің  нақтылығын ескермегендіктен, барлық ұлы державалар  өздерінің мүмкіндіктерін асырып жібергендіктен,саяси  және әскери күштердің  арасалмағын  реттейтін  жаңа көзқарас қажет болып  оотыр.Осылай алғанда ,қақтығыстар  белгілі бір объективті және субъективті  әсерлерге ие.Біріншілер қатарына құндылықтар  және игіліктер тапшылығы жатады,оларға қоғамның әр түрлі  топтары  ұмтылады.Бұл  жағдайдың мемлекет деген қоғамдық институттың шығуына алып келуі заңдылық.Соның  көмегімен «бастапқы» қақтығыстарды реттеу күшпен жасалынатын болады.Арасалмағы тең емес топтардың қоғамдағы орнын жоққа шығару мүмкін емес.Дәл осы жағдай қақтығыстарды тудырып отырады.

Қақтығыстардың субъективті алғышарты  мақсаттарының  үйлесімсіздігін  мойындау болып табылады.Қоғамдық игіліктерді  бөлуде әділетсіздік жіберу ,қақтығыстардың дамуына мүмкіндіктер туғызады.Көптеген сарапшылар қақтығыстар түрін,оларды жіктеуге негіз болатынына қарай  анықтауда.Мысалы халықаралық қақтығыстар  оларды тудырып отырған себептеріне  қарай ерекшеленеді,қақтығысқа қатысушы топтардың құрамына қарай жеке адамдар  арасында, топтар ішінде,топтар арасында ,таптар арасында, ұлттар арасында,немесе ұлтаралық,халықаралық,даму шеңберіне  қарай жедел ағымдағы,қарқынды дамушы,шиеленесуші,сөнуші,дамушы,қатысушылар  санына қарай екі жақты,көп жақты,ғаламдық,аймақтық,жергілікті  қақтығыстардың орын алуы  уақытына қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Ұзақ мерзімділер қатарына діни,мәдени,этникалық,қақтығыстарды реттеу қатынасына қарай бөлінеді және  реттеу тәсілдеріне байланысты қақтығыс белгілі бір мақсаттарға жету үшін ,яғни инструменталды қақтығыс болып табыладыма, жоқ па,соны анықтау жәәне қақтығыстарды реттеу тәсілдеріне қарай,бір біріне қарсы ма,әлде араласпа анықтауымен ерекшеленеді.

Халықаралық қақтығыстар жағымды және жағымсыз жақтарына қарай көптеген қызметке ие.Жағымды қақтығыстар қызметінің негізгі ерекшелігі сонда, қақтығыстар мәселесінің құрамына қарай көңіл бөлуді талап етеді, мақсат пен міндеттің үйлесіисіздігін анықтауға себін тигізеді,әрбір қатысушының мақсатын ,жәй қарқынды дамушы қақтығыс күрделі қақтығыстардың тыңдамауына жол береді.Соныман қоса ,халықаралық қақтығыстар іріктеуші қызмет атқарады: олар тәртіпсіздікке ,тұрақсыздыққа ,зорлауға алып келеді.Қақтығыстарға жүйелі көзқарас шеңберіне ,ынтымақтастықпен қоса ,халықаралық жүйенің қызмет атқаруындағы негізгі шарттар ,олардың тұрақтылығын айқындайды деген пікір қалыптасып келеді.Қақтығыстарғы жүйелі көзқарас шеңберінде ,ынтымақтастықпен қоса,халықаралық жүйенің қызмет атқаруындағы негізгі шарттар,олардың тұрақтылығын айқындайды деген пікір қалыптасып келеді.

Халықаралық қақтығыс бұл дамып  отыратын құбылыс.Онда көптеген сатылары мен фазалары анықталады.Қақтығыстарды алғашқылардың бірі болып зерттей бастаған К.Райт,қақтығыстардың даму сатысындағы мынандай кезеңдерін көрсетеді:1).Мақсаттардағы айырмашылықтарды түсіну; 2). Күш салудың өрістеуі; 3).Қақтығыстарды шешуде күш жұмсамай қысым көрсету; 4). Қақтығыстарды қарудың күшімен шешу.Д.Прюитт және Дж.Рубин деген американ ғалымдары қақтығысты пъеса көрінісінің үш әдісімен салыстырады:алдымен қақтығыстың мәні анықталады,сонан соң ол өзінің даму деңгейіне көтеріледі,және содан кейін барып, қақтығыстық қатынастардың бәсеңдеуіне алып келеді.Қақтығыс дамуының екі сатысын анықтау әдетке айналып отыр: 1). Жасырын (латентті) сатысы, 2).Ашық сатысы ,мұнда қақтығысушы қатынастар айқындалады.

80 ші соңы мен 90 шы жылдардың басында халықаралық қақтығыстарды зерттеуге деген қызығушылықтың қарқынды өсуі «қырғи қабақ соғысының»аяқталуымен қатар келді.

Алғашқыда көптеген саясаткерлер мен  зерттеушілер арасында болашақ бейбітшілікке  деген қуанышты күту пайда болды. Бірақта, іс жүзіне келгенде, «қырғи қабақ  соғысының аяқталуы күтпеген жерлерде, әсіресе Еуропада, көптеген жергілікті қарулы қақтығыстардың туындауына алып келді. Дегенмен де, 80 жылдардың аяғымен   90 жылдардың басындағы халықаралық  қақтығыстардың  дамуы негізінен  қарулы қақтығыс түрінен ие екендігі анық. Бұл «қырғи қабақ» соғысы аяқталғаннан кейінгі халықаралық қатынастар этапының ерекшелігі болып табылады. Бұрынғы биполярлы жүйенің ыдырауы, әсіресе жаңа мемлекеттердің пайда  болуы барысында , ұлтшылдық толқынын тудырды. Қатығыстардың дамуы көптеген басқа да фыкторлардың пайда болуына  алып келді. Халықтар қоныстануының  пайда болуына алып келді. Халықтар қоныстануының жылдам өсуіне, қару жарақтың үлестірілуіне және оны  бақылаусыз қолдануына байланысты көптеген мәселелер пайда бола бастады. Индустриалды және шикізат көзі болған мемлекеттер  арасында қақтығыстар өрши түсуде. Бұған қоса, елдерінің қалаларға  миграция жасауы мен урбанизациялану  процессі көптеген мемлекеттердің  бұған дайын еместігін көрсетті, соның ішінде, әсіресе Африка. Әлем неғұрлым дамыған сайын қоғам  және қоғам ішінде қақтығыстардың өсу  мүмкіндігі бар екедігін көптеген зерттеушілер жоққа шығармайды. «Қырғи қабак» соғысы аяқталғаннан кейін қақтығыстардың өсуі бұл мәселені реттеуге деген қызығушылықты туғызды және осы мәселеге байланысты  көптеген жұмыстардың пайда болуына алып келеді.

Қазіргі кездегі әлемнің даму деңгейінде қақтығыстарға жасалған сараптаулардың ерекшелігі ғаламдық халықаралық  қақтығыстардың аймақтық қақтығыстарға  және жергілікті қақтығыстарға көшуі болып, табылады. Егер де, қырғиқабақ соғысы кезінде  Батыс Шыгыс қарама қарсылығы  халықаралық аренада басым болса  және сонымен қатар аймақтық қақтығыстарға  ықпал жасаса, мейлі ол Азияда, Африкада, Латын Америкасында болсын, олай болса, бұл деңгейдегі қақтығыстар енді өз еркімен дами түсті. Бұл ғасырдағы  қақтығыстардың көптеген ерекшелігін  анықтап берді. Ең алдымен, онсызда  қиын меңгеріліп отырған қақтығыстардың дәрежесі төмендеді. Бұрыңғы ұлы  державалар аймақтық қақтығыстар олардың  бақылаунан шығып кетпеуін және олардың  екі жүйе арасындағы ғаламдық қақтығыстарға  айналып кетпеуін барынша қадағалады. Әрине биполярлық  жүйе деңгейінде аймақтық қақтығыстарды басқару  өте қиын. Тіпті кейде, үлкен қаупіне  қарамастан ұлы державолар қақтығыстарды  өздерінің кейбір мәселелерін шешу үшін қолданып келді.    Тікелей  қақтығыстарды болдырмау ушін ұлы  державолар өз әрекеттерін қадағалап  отырды. «Қырғи қабақ» соғысы кезіңде  осындай әрекеттердің, мысалы араб израиль қайшылықтырының пайда  болуы және өріс алуы, әр бір ұлы  держава өз одақтысын қолдауға және оған ықпал етуге ынталануын байқадық.

Аймақтық қақтығыстардың ғаламдық қақтығыстарға айналу қаупі пайда  болған кезде, ұлы державолардың  көмегін пайдалану әрекетінен арылған  уақытта, көптеген сарапшылар жергілікті қақтығыстарды реттеу орынсыз екеніні  көз жеткізді, сонымен қоса бұл  ушінші бір жақтық буйбітшілік әрекетін іздестіру шарасымен байланысты, ал бұл өте баяу және улкен ұстамдылықты қажет етеді. Дәл осы ойды, 90 шы жылдырдың бас кезінде американдық  зерттеуші ғалым Т.Г. Карпентер  айтқан болатын. Жалпы алғанда осы  оияқты ой тұжымдар АҚШ ң сыртқы саясат бұл ой тұжырымға қарсы  бағытталған. «Қырғи қабақ соғысы»  аяқталғаннан кейін, АҚШ әлемінің көптеген бөлігінде Таяу Шығыста, Ирак пен  Кувейт арасындағы қақтығыста, Югославиядағы, Сомалидегі және көптеген «ыстық нүктелердегі»  қақтығыстарға белсенді қатыса басталды.

Ғаламдық деңгейдегі қақтығыста күш  қолдану дәрменсіз болса, ал аймақтық және жергілікті қақтығыстар керісінше  күш қолдануды талап етедію Бұндай әрекет әсіресе,90 шы жылдардың бас  кезінде пайда болған көптеген қақтығыстардың, соның ішінде, Еуропадағы бұрынғы  Югославияда, Молдавияда, Абхазияда  және т.б  жерлерде сезіле бастады. Жергілікті қақтығыстардың ғаламдық қақтығыстарға  айналып кету қауіпі расталмады (мысалы, Кувейттегі мұңай құбырлырын өртеу  экологиялық қатерге айналуы  мумкін еді).  90 жылдырдың екінші жартысына дейін қақтығыстарды  күшпен шешу жолдары анықталған болатын.

                       Жергілікті жерлердегі қақтығыстарды күшпен шешу дегеніміз қалай болса да, соңына дейін жету керек деген қағидаға сай келеді. Бұл әсіресе, тараптар күшінің теңсіздігімен байланысты. Әскери жағынан, экономикалық жағынан күші төмен, болмаса әлсіз тараптар, өз мақсатына жету ушін барлық әркеттерге баруға дайын екендігін бүгінде дәлелдеп отыр. Соның бір мысалы ретінде Шешенстан, қандай жағдай болса да, берілмейтіндіктерінен хабардар етіп отыр. Бұндай әрекеттердің барысында, олар адам ұрлау, терроризмге жол беріп келеді. Нәтижесінде, жергілікті  қақтығыстарды қазіргі дәуірдегі серіктесі терроризм болып отыр.

Қазіргі кездегі қақтығыстарға  берілетін мінездеменің мәні халықаралық  қақтығыстар мен жергілікті қақтығыстар  шеңбері анықталмай отырғандығында. Бұл көптеген мәселелер мен себептерге байланысты. Қазіргі кезде пайда  болған қақтығыс әуел баста, жергілікті болса, өз шеңберінің көріне байланысты халықаралық деңгейге дейін өсуі әбден мүмкін. Оған басқа қатысушылар  қосылса, ол онда өзінің ұлттық шеңберінен шығып кетеді.Егерде іс бұған дейін  жетседе .ішінара қақтығыс міндетті түрде көрші елдерге өз әсерін тигізеді, нәтижеде шекараны босқындардың асып өтуіне алып келеді.Дәл осындай  жағдай 1994 жылы Руандада кездесті, осы  мемлекеттегі қақтығыс нәтижесінде ,елден 2млн.адам көршілес жаткан Танзанияға ,Заирге ,Бурундиге  қашып кеткен.Бұл  аталған елдердің бірде біреуі осыншама босқындарды өз территориясына қабылдауға және ең қажетті нәрселермен қамтамасыз етуге дайын емес еді.

Көптеген жағдайда ,ішкі қақтығыс халықаралық мәнге ие болады, оның себебі,оған тартылған басқа мемлекет өкілдерінің тарапынан. Мысалға  алатын болсақ ,1996 жылдың соңында «Тупака Амару» революциялық қозғалыс» өкілдері Лимодегі (Перу) жапон елішісінің резиденциясынан әлемнің бірнеше азаматтарын кепілдікке алған болатын.Террористердің талаптары тек Перудің ішкі саясатына байланыста болғанымен ,мұнда әсіресе Жапон мемлекетінің азаматтары кепілдікке алынды.

Ішкі қақтығыстың халықаралық  қақтығысқа ұласып кетуі  бұл мемлекеттің  ыдырауына байланысты. Бұған дәлел  ретінде КСРО шеңберінде орналасқан Таулы Қарабахты алуымызға болады.Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін және тәуелсіз мемлекеттер Армения,Әзірбайжанның  құрылуымен Таулы Қарабахтағы қақтығыс мемлекетаралық қақтығысқа айналды.

Соңғы кезде ,ішкі қақтығыстарды реттеу ,үшінші бір мемлекет өкілдерінің  араласуымен ,болмаса халықаралық ұйымдар өкілдерінің тікелей қатысуымен  жүзеге асырылып жүр.Бұндай әрекеттер өз кезегінде ,жергілікті қақтығыстар халықаралық түрге ие болуда.

Қазіргі кездегі халықаралық қақтығыстардың маңызды ерекшелігі сонда ,тараптар ретінде мемлекеттер емес,белгілі  бір этникалық ,діни,сепаристік қозғалыстар  араласып жүр. Осы сияқты көптеген қақтығыстар  бұрыннан белгілі. Бірақ та олар айтарлықтай  дәрежеде  халықаралық мәселеден  шеткеріріек қалып жүрді. Нәтижеде , «орталықтанған мемлекеттік  пирадигмаға  негізделген басшылық тұжырымы ,концептуалды маңыздылығына құқық беруден  бас тартты,оған себеп болған,бұл  әрекеттер  халықаралық ынтымақтастыққа  ықпал ете алмаыды деп,оны есепке алмады».Бүгінгі таңда  бұл қақтығыстардың мәнін және оның реттеу жолдарын қарастыруға  мәжбүр болып отырмыз.

Информация о работе Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері