Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 19:09, контрольная работа
Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған.
Антикалық фиософия мен мәдениетінің ерекшеліктері. Антикалық ойдың негізгі ұғымдары: логос, космос, табиғат, әйдос.
Дүниенің алғашқы негізін іздеу. Милеттік мектептің философиясы. Сократтың диалектикасы.
Парменидтің болмыс туралы ілімі.Зеноның апориялары. Демокриттің атамизмі.
Платонның заттар әлемі мен идеялар әлемі. Жан туралы ілімі. Платонның таным «еске түсіру» теориясы.
Платонның идеалдық мемлекет туралы ілімі.
Аристотельдің материя мен форма туралы ілімі. Аристотельдің категориялары.
Аристотельдің әлеуметтік-саяси және этикалық ілімі.
Демокрит танымның
1. Сезім арқылы танып-білу,
2. Ақылмен танып-білу.
Демокрит біздің сезім
Демокриттің атомдық теориясы
көптеген ғасырлар бойы
4. Платон Афиналық (б.з.б. 427 – 347) – ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі – Аристокл. 407 ж. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ өлгеннен кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарга кетті. 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылым, философия, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі – Платон академиясын негізін қалайды. 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әдептілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Тимей», «Заңдар», т.б.
Б.з.д. IV ғасыр Грекия үшін «жоғары
классика» дәуірі болып
Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық майевтика болып табылса, ал «ди-алектика» термині онда жаңа мағынаға ие болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырды. Платонның адам концепциясы дуалистік болғандықтан (жан мен тән), таным тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның мәңгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз ұғымы әр-түрлі мифтер түрінде сипатталады. Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары құндылықтарына негізделген шынайы мемлекет қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі — Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады.
Платонның пікірінше, шын болмыс – ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағыныштықатынастарда болады.
Платон рухани әлемнің жеке
идеялары туралы айтқанда, көбінесе
«эйдос» деген ұғымды
Платонның материясын танып-
Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама – әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі – өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі – өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі – сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін – демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, танып-біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады.
Платон таным процессі –
Платонның пікірінше, сезімдік
танымның ақиқатты тану
Платонның көзқарасы бойынша,
идеяны, эростыбасшылыққа алған
өмір әдептілік идеясын (
5. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жсауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеуметтік топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды.
Өзінің жетілген мемлекет
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекеттті жатқызады. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
Платон қоғамдық меншікті
Сондықтан Платонның ойынша, адам – әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады. Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.
6. Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс пәлсапасының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғыцлымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман пәлсапаларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің пәлсапасына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің пәлсапасының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.
Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін келіп жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.Мазмұны [жасыр]
Аристотель
Халкидика түбегіндегі Стагейра
қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның
әкесі Македония патшасы
Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: “Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан да мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады.” (Метафизика, М., 1934,с45).