Антикалық фиософия

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 19:09, контрольная работа

Описание работы

Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған.

Содержание

Антикалық фиософия мен мәдениетінің ерекшеліктері. Антикалық ойдың негізгі ұғымдары: логос, космос, табиғат, әйдос.
Дүниенің алғашқы негізін іздеу. Милеттік мектептің философиясы. Сократтың диалектикасы.
Парменидтің болмыс туралы ілімі.Зеноның апориялары. Демокриттің атамизмі.
Платонның заттар әлемі мен идеялар әлемі. Жан туралы ілімі. Платонның таным «еске түсіру» теориясы.
Платонның идеалдық мемлекет туралы ілімі.
Аристотельдің материя мен форма туралы ілімі. Аристотельдің категориялары.
Аристотельдің әлеуметтік-саяси және этикалық ілімі.

Работа содержит 1 файл

3 вариант .doc

— 120.00 Кб (Скачать)
  1. Антикалық фиософия мен мәдениетінің ерекшеліктері. Антикалық ойдың негізгі ұғымдары: логос, космос, табиғат, әйдос.
  2. Дүниенің алғашқы негізін іздеу. Милеттік мектептің философиясы. Сократтың диалектикасы.
  3. Парменидтің болмыс туралы ілімі.Зеноның апориялары. Демокриттің атамизмі.
  4. Платонның заттар әлемі  мен идеялар әлемі. Жан туралы ілімі. Платонның таным «еске түсіру» теориясы.
  5. Платонның идеалдық мемлекет туралы ілімі.
  6. Аристотельдің материя мен форма туралы ілімі. Аристотельдің категориялары.
  7. Аристотельдің әлеуметтік-саяси және  этикалық ілімі.

     1. Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.

       Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.

    Антикалық философияның өзіндік келбеті, ерекшелігі бар, оның ең бастапқысы табиғат туралы ілімдермен тікелей байланыстығы. Алғашқы  грек философтарын «физиктер» деп сипаттау кездейсоқтық болмаса керек.

    Көне  грек философиясының тағы да бір маңызды ерекшелігі – оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтеріледі.

    Антикалық философияға әлемді біртұтастық тұрғысынан пайымдау тән.

    Антикалық философ – ол дана, оның таным  процесіндегі жалғыз қаруы өзінің ақылы, ал құралы – байқау. Осыдан келіп  оның пайымдау және жалпылау сияқты сипаттары  туындайды.

    Антикалық философияның дамуында бірнеше кезеңді бөлуге болады. Бұл мәселеде әртүрлі көзқарастар бар. Біз ұсынған дәуірлер екі маңызды факторға сүйенеді: біріншіден, көне грек қоғамның өзіндік дамуы, екіншіден философиялық мәселелердің өзгеріп отыруы.

  1. натурфилософиялық кезең.
  2. гуманистік кезең.
  3. классикалық кезең.
  4. эллиндік кезең.
  5. римдік кезең.

    Антикалық философияның натурфилософиялық дәуірі шамамен біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасыр мен IV ғасырлар аралығын қамтиды. Натурфилософияға милет мектебінің өкілдерінің, Гераклиттің, элеаттардың, атомистердің, пифагоршылдардың ілімдерін жатқызуға болады.

    Бұл кезеңдегі философиялық ілімдердің мәнін түсіну үшін мынадай іргелі ұғымдарды игеру керек:

  1. түпнегіз – барлық заттардың негізі
  2. апейрон – шексіз, мәңгі, белгісіз, ұдайы қозғалыста болады
  3. «логос» - жалпы заң, Гераклит философиясындағы қажеттілік, сөз, сонымен қатар, ақыл, заң дегенді білдіреді.
  4. апория – шешім табудың қиындығы, тығырыққа тірелгендік деген мағынада қолданылады
  5. атом – Демокрит философиясында өте кішкене, бөлінбейтін бөлшек.

    Ертегрек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

1. Сократқа  дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық  көзқарас басым болды. Милет,  Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің  қалыптасуымен қатар атомдық  көзқарастың негізі қаланады.

 2. Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

3. Римдік-эллиндік  кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және  эпикуршілдік мектептер басымдылық  танытқан кезең.

     2. Милет мектебі-грециядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.

       Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан  шыққан грек философы және  саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.

       Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.

       Ол заттардың алуандылығынан  бірегей бастапқы негіз іздеп,  оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.

       Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған.

       Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист  – философы, стихиялы- диалектик,  Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан  – ауадан пайда болған, қайтадан  ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар – от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.

       Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит (шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы» шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі» Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит «логос» деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады; «ұлы маусым» біткен соң заттардың бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі, барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың». Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деде. данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын ерекше ойлау қабілеті болуы керек.

     Сократ-бірінші  афиналық (туғалы) философ. Сократа  уақыттарының гректерінде өмірбаяндар  қабылданған жазбады. Полистің олар азаматты сияқты адам қоғамдық қызметі бірінші жоспарға қойған және назар аз бөлген оның жеке өмірдің (басқа, әрине, ерекше оқиғалардың); толық құнды азаматпен олар ананы есептеді, кім қоғамдық өмірде белсенді қатысқан және бірыңғай бүтінді сияқты полис игілігі туралы қамын ойлаған. Мүмкін, бізге өмір туралы маңызды азырақ белгілі болу және Сократа адамдары, егер құбылмалылықтар емес оның тағдырдың, егер оның қызметі сот тексеру затымен болмады, нәтижесінде қайсының оған ажалды үкім көтеріп шығарылған болатын. Само ғой сот ізге түсу және Сократа айыптаушылығы принципшіл қоғамдық-саяси сұрақ мінез-құлығын ие болған, айнала қайсының оның өлімінен кейін көп кешікпей өткір идеялы күрес лаулап жанды аралық аналармен, кім заңды философ ізге түсуі есептеді, және аналармен, кім мынамен түбірінен сәйкес еместі. Санға соңғылардың, қалай біз білеміз, оқушылар және Сократа достары жатқан-Платон философ және Ксенофонт тарихшысы.

     Дүниеге келу Сократ Фаргелиимен атақты адамдарды-Фаргелион  айында (мамыр-маусым замандас календарьмен), архонта Апсефиона жылына, төртінші жылда 77- й (469 жыл олимпиадалары нға дейін), ол демадан рулас болды (территориялықты төңірек) Алопеки, Афинылардың құрамына кірушіні және орналасқанды ара қашықтықта жарты сағаттық қаланың жүрісінің .Сократ Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.

       Диалектика (гр. διαλεκτική - пікірталас, әңгімелесу өнері) - табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.

     Диалектика  ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды

     Басқару диалектикасы - әлсізірегі күштірегін белгілі бір дәрежеде бақылап  отыратын басқару формасы ретіндегі биліктін екі жақты сипаты.

     Диалектикалық логика - диалектикалық материализмнің логикалық ілімі. Объективті әлемнің  дамуы мен өзгеруінің бейнеленуі мен ақылға салынуының заңдары мен  формалары туралы ғылым.

     3. Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енг3зген6 ежелг3 грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді.

       Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің  өкілі. философияға тұңғыш рет  диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.

       Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.

       Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.

Информация о работе Антикалық фиософия