Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 20:20, реферат
А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII—V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. III ғ. - б.з. V ғ.)- Ал Дж.Реале мен Дантисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
1. Б.з.д. VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мүның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері - софистер және әсіресе Сократ.
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі — неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.