Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 20:20, реферат
А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII—V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. III ғ. - б.з. V ғ.)- Ал Дж.Реале мен Дантисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
1. Б.з.д. VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мүның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері - софистер және әсіресе Сократ.
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі — неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.
«Антик философиясы» деген
термин мың жылдан аса тарихы бар
грек-рим философиясын білдіреді. «Антик»
сөзінің латын тілінен
1. Б.з.д. VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мүның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін
айқындаумен тұңғыш айналысқан
гуманистік кезең. Бұл
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі — неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6. Христиандық ойдың қалыптасуы
және грек философиясының
Ежелгі Грекия дүниетанымның жаңа формасы - философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.
Грек философиясы «физис» философтары немесе натурфилософтар болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анаксимандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор — сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғүұлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты физикалық-химиялық элементтердің немесе үрдістердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Сократ философиясынан бастау ала отырып, екі түрлі бағытты ұстануға болатьн еді: бір жағынан білместік принципі («мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін») ғылымды теріске шығаруға әкелгендей, екінші жағынан нағыз жоғары білімге жол сілтейді; оның афиналықтарға бағыштаған арнауы (Платонның «Сократ апологиясы») бір жағынан қарапайым моральдық уағыз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан платондық , метафизикаға кіріспе ретінде бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан софистика мен эристиканы еске түсірсе, екінші жағынан ғылым ретіндегі логиканың негізі болып табылады; оның ілімі бір жағынан афиналық полис қамалымен шектелсе, еқінші жағынан тұтас әлемнің космополиттік кеңістігі ашылады). Платон мен сократшылдар деп аталатындар осындай әр-түрлі жолдармен жүрді.
Сократка дейінгі алғашқы философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен «натуралистер» деп аталады. Сондықтан Гомер және антик дәстүрімен салыстырғанда бұл ұғым пантеистік типтегі түсінік болып табылады. Мысалы, Фалес «бәрі құдайға толы» деп айтқанда барлық нәрсенің өн бойын түпнегіз қамтиды дегенге меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар тірі нәрсенің де жаны болады (гилозоизм).
Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсылықтарды аңғара білді (суық пен ыстық, құрғақтық пен ылғалдық және т.б.). Анаксимен барлық өзгерістер мен трансформацияларды түсіндірудің негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі табиғатына орай универсалдық стихия түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны белгілі. Ол сонымен қатар, «тығыздалу» мен «сиректелу» үдерістеріне динамикалық себеп принципін енгізгендіктен, себептіліктің түпкі бастаумен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп бергендіктен милеттік ақыл-ойдың қатаң және логикалық көрінісін айшықты түрде көрсетеді. Кейінірек, бұл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгісіне айналып, әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз - от ретінде өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар, түпнегіздің универсалды динамизмі тақырыбын онан әрі дамытты. Оның «бәрі ағады, бәрі өзгереді» деген атақты тезисі осы ағын образынан туындайды. Осыған байланысты Гераклит мынадай терең де батыл түйіндерге тоқталады: бір қарама-қарсылықтан екіншісіне үнемі алмасу ретіндегі қалыптасу идеясы, олардың тұтастығы мен күресі идеясы, олардың үйлесімділікке бірігуі, ақиқат пен танымның көп қырлылығы. Гераклиттің дәл осы тұжырымдарын Гегель жоғары бағалап, өз еңбектерінде пайдаланды.
Философия дүниеге келісімен құдіреттілік (Ксенофан) пен ақиқатқа (элеаттар) қатысты ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенімдерді бұзып, өзінің жаңашылдық күш-қуатын байқатты. Элейден шыққан ойшылдардың жаңашылдығы былайша сипатталады: космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзіндік философиялық категорияларды ойлап табу («болмыс», «болымсыздық», «ойлау»), диалектикалық тәсілді енгізу мен пайдалану арқылы (Зенонның атақты апорийлары) философияда дәлелдеудің қажетгілігі мен оның тәсілдерін қолдануды (абсурдқа әкелу принципі) мойындау. Зенонның дәйектері өзіндік заңдылықтың күш-қуатын бекітетін тәжірибе деректеріне күмән келтіретін логос позициясын күшейтуге бағытталған.
«Кіші физиктер» немесе физик-плюралистер
— Эмпедокл мен Анаксагордың көзқарастары
элеаттардың осы апорийларын
шешуге талпыныспен байланысты болды.
Олардың плюралистік
Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық майевтика болып табылса, ал «диалектика» термині онда жаңа мағынаға ие болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырса, ал эротика - абсолютке жетудің логикалық емес жолы. Платонның адам концепциясы дуалистік болғандықтан (жан мен тон), таным тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның мәңгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз ұғымы әр-түрлі мифтер түрінде сипатталады. Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарым қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары құндылықтарына негізделген шынайы мемлекет қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі — Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады.
Платондық Академияның ең
қабілетті шәкірті
Антикалық философия
Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Милет мектебі
Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.
Фалес
Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.
Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.
Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.
Анаксимандр
Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған.