Жеке тұлғаны ұтымды тәрбиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:19, курсовая работа

Описание работы

Әр этнос өзінің ұлттық тәрбие жүйесіне сүйене отырып, жалпы адамзатқа тән құндылықтарды дұрыс игеру, әрине оларды қоғам мен тұлға алдында тұрған жаңа мақсаттармен үйлестіру.
Жоғарыда келтірілген мақсаттардан туындайтын міндеттер:
- биік парасатты, ар-ожданы мол азамат тәрбиелеу;
- әр бір жеке адамды әлеуметтендіру;
- рухани және өндірістік кеңістікте іс-тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туғызу;
- нарықтық жағдайда жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу;
- озық тәжірибелерге, тәрбие теорияларына сүйене отырып, әр этностың ұлттық, экономикалық ерекшеліктерін діліне сәйкес тәрбиелеу;
- ҚР әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3-4
І. Оқушылардың жеке сапалық қасиеттерін қалыптастыру
1.1 Жеке адамның дамуы..................................................................................5-9
1.2 Оқушылардың жеке қасиеттері қалыптасуына әсер ететін факторлар және
оның мәні..........................................................................................................9-15
1.5 Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі.....................15-17
ІІ. Жеке тұлғаның қалыптасуының кезендеріндегі тәрбие үрдесі.
2.1 Жеке тұлғаның қалыптасу кезендері.....................................................18-21
2.2 Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі......21-23
2.3 Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі...................23-27
2.4 Жасөспірім шақ тәрбиесі ..........................................................................27-28
Қорытынды .........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................30

Работа содержит 1 файл

Жеке тұлғаны ұтымды тәрбиелеукурстық жұмыс.doc

— 1.17 Мб (Скачать)

                           

                            2.4 Жасөспірім шақ тәрбиесі

Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді. 
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.

Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән.

Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек.

Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу. 
Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болды. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында осы ерекшеліктер еске алынады. Сонымен мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін балалардың бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет. 
                  

                   

 

 

 

                                                           Қорытынды

 

Жеке тұлғаның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.

Жеке тұлғаның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.

   Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие.

    Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.

Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып  табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.

Тәрбиешінің міндеті - еңбек, спорт іс-әрекетін, жеткіншекті и, ерік-жігер, сапаларын қалыптастыру. Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар мақсатқа жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жетістігін атап көрсетіп, қауіп-қатерден сақтандырып, дер кезінде көмекке келіп, жеке тұлғаны өз кемшіліктерінің себептерін түсіндіруге үйретеді.

 

 

 

 
                                    Пайдаланылған   әдебиеттер:

 

  1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
  2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
  3. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
  4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
  5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
  6. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
  7. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
  8. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
  9. Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.
  10. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.
  11. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968.
  12. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
  13. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы, 1988.
  14. Р. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.
  15. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.
  16. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.

 


Информация о работе Жеке тұлғаны ұтымды тәрбиелеу