Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:20, курсовая работа

Описание работы

Өндірістік оқыту экономикалық тәрбиенің және оқушылардың экономикалық дайындығын тереңдетудің маңызды педагогикалық құралы болып табылады. Мұнда ең алдымен, еңбек іс-әрекеті экономикалық мақсатқа бағытталатын кәсіби шеберлік қалыптасады. Өндірістік оқыту процесінде мұндай мәселелерді шешудің негізгі жолдары мыналар болып табылады:
оқушыларды орындалатын еңбек іс-әрекетіне экономикалық талдау жасау қабілетін қалыптастыру;
оқушыларды оқу-өндірістік жұмыстарды орындаудың экономикалық мақсатқа сай технологиясын таңдап алуын мадақтау;
оқушыларды орындалған еңбек процесін экономикалық негіздеуге, экономикалық есептеулерді жүргізуге, оқу-өндірістік жұмыстарды орындаудың экономикалық тұрғыдан ең тиімді еңбек амалдары мен тәслдерін қолдануға үйрету.

Содержание

Кіріспе

1 Өндірістік оқыту – оқыту әдістерінің формасы

1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым

1.2 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі

1.3 Өндірістік оқыту әдістері
2 Өндірістік оқытудағы сапалы жұмыс пен кәсіби дербестік

2.1 Өндірістік оқытудың практикалық әдістерінің бірі жаттығу

2.2 Оқушыларды өндірісте сапалы жұмыс істеуге үйрету

2.3 Оқушылардың өндірістік оқыту барысында кәсіби дербестігінің қалыптасуы және дамуы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 203.00 Кб (Скачать)
  • жаттығу – бұл тек қайталау ғана емес, сонымен бірге алға қарай жылжушылық әрекет, яғни жаттығу – кәсіп игеру машығы;
  • әрбір жаттығудың өз алдына мақсаты болуы тиіс: нені оқу керек?, не істеу керек?, қалай істеу керек?, нәтижесі қандай? т.б. Жаттығу мақсаты оқушыларға саналы түрде түгел жеткізілуі тиіс;
  • жаттығу шебердің басшылығымен жүргізіледі. Шебер мақсаты мен оқушы мақсаты – бір. Жаттығу кезінде оқушы қызметіне түзету ендіру – оқу мақсатына бағытталуы тиіс;
  • оқушылар жаттығуды саналы түрде атқаруы тиіс, мұнда саннан сапаға көшу ұстанымы негізгі бағытқа ие;
  • жаттығудың тиімділігі, нәтижесі оқушы қызығушылығы мен ынта-жігеріне де тікелей байланысты;
  • жаттығу барысында оқушылар өз ісіне бақылау жасап, оның нәтижесін білуі қажет (қимылды бейнелі түрде көрсету, эталон, жұмыстық сызбалар, техникалық талаптар, тренажер белгілдері, істеген өнім т.б.);
  • іс-әрекеттің, қимылдың әрбір кезеңінде оқушы қандай жетістіктерге жететінін білуі керек, түпкі мақсат жолында әлі де не қажет екенін бағдарлай алуы қажет. Оны мына сызба арқылы байқауға болады.

Жаттығулар  мазмұнына қарай жіктеу өндірістік оқыту кезеңдеріне сай келеді. Мына төмендегі кесте бойынша жаттығуларды түрлі санаттарына қарай жіктеу соңғы уақытта кәсіптік білім беру саласында жиі қолданылып жүр.

 

1-кесте. Жаттығулардың жіктелуі

 

Жаттығу

түрі

Негізі

Мақсаты

Ерекшелік белгілері

Жұмыс тәсілдерін орындауы

Оқушылардың теориялық  білімдері, өндірістік оқыту шеберінің  түсіндіруі мен көрсетуі; нұсқау картасындағы тәсілдерді орындау операцияларына сипаттама; көрнекі құралдар арқылы тәсілдерді бейнелеу.

Оқушылардың алғашқы істе икемділігін дұрыс қалыптастыруға үйрету, нұсқау картасындағы сипаттама мен шебердің көрсеткеніне сай болуы керек.

Өндірістік  оқытудың барлық кезеңдеріне тән  сипаттамалар; ережеге сай өте  қысқа мерзімді оқыту, кейін қиын тәсілдерді қайта жұмыспен өтуі үшін ұйымдастырылады, кейбір қиын бөліктеріне жаттығуға дайындық жұмыстарын кіргізеді, жеңілдетілген жағдайда жаттығулар жасатады, тренажерлік құрылғылар арқылы кері байланыс процесін іске асырады. Түпкі нәтижеге жету, дұрыс іс-әрекет, дәлдік – қарқынын жылдамдық.

Жұмыс операцияларын  атқаруы

Оқушылардың теориялық  білімдері: жұмыс операцияларына кіретін  кейбір бөліктерін алдымен жеке атқару еңбек операцияларын нұсқауға сай  жазбаша сипаттау; құжаттама жасау  көрнекі құралдар арқылы операцияларды орындау.

Оқушыларды  жұмыстың тәсілдерін дұрыс әрі сапалы орындауға икемділігін қалыптастыру. Шебер көрсеткен үлгіде нұсқау құжаты толтыру оқушылардың арнайы білімдерін кеңейтіп дамыту.

Өз бетінше  жұмысты атқаруға қол жеткізу. Жұмыстың тұтастығын қамтамасыз ететін арнайы жаттығулар жасау.

Еңбек процестерін  орындау

Оқушылардың теориялық  білімі еңбек операцияларын қалыптастыру икемділігі, еңбек процесінің бірізділігін шебердің көрсетуі мен түсіндіруі еңбек процестерн оқу-техникалық құжаттама ретінде сипаттама жазу. Шебер көмегімен я өзінше творчествалық еңбектері арқылы.

Оқушылардың икемділігін  бекіту және дамыту, кәсіп иесі ретінде  жұмысты атқаруға қол жеткізу. Басқа  жұмыстармен кешенді түрде ұластыру. Арнайы білімін өз бетінше өндіріске  шығармашылықпен жолдама білу

Оқушыларға  бұрын таныс емес жаңа жұмыс операцияларын  орындауға игерту, жеке бөліктерін, операцияларды автоматты түрде  атқара білу, еңбек өнімділігін, жұмыс  қарқынын арттыруды ұдайы басты  назарда ұстау, еңбек процесстерін жоспарлау, атқаруды енді шебер көмегі емес өздігінше орындау мүмкіндігіне қол жеткізу, күрделі оқу – техникалық және нұсқаулық құжаттарды өз бетінше әзірлеу.

Технологиялық процестерді басқару

Оқушылардың теориялық  білімдері, оқу және өндірістік нұсқау мен алгоритмдер, білікті жұмысшылардың қызметіне талдау жасау, шебердің нұсқауы, көрсетуі және түсіндіруі.

Технологиялық процестерді өндірістік жағдайда реттей білу, аспаптар мен қондырғылар негізінде  арнайы тапсырмалар орындау

Еңбекке шығармашылық көзқарасты қалыптастыру, алдыңғы қатарлы білікті жұмысшылармен өндіріс тапрсырмаларымен бірге еңбек ету, бұл технологиялық құрал – жабдықтар, аппаратураларға қызмет көрсетушілерге тән төтенше және қауіпті жағдаятты ойындар, тренингтер, білікті жұмысшыларға жекелеп бекітіп беру. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру туралы қорытынды пікірлерін білу.


 

 

 

2.2 Оқушыларды өндірісте сапалы жұмыс істеуге үйрету

 

 

Жұмыс сапасы ұғымы  көбінесе өндірістік оқытудың кезеңмен сол кезеңдегі мақсатына байланысты болады. Өндірістік оқыту процесі 2 кезеңді қамтиды: еңбек операцияларын және соларды құрайтын тәсілдер мен амалдарды үйрету; белгіл бір мамандық, кәсіп үшін типтік болып табылатын кешенді сипаттағы, біртіндеп күрделене түсетін жұмыстарды орындау барысында оқыту.

Кешенді сипаттағы, яғни дайын өнімді өндіру бойынша  жұмыстарды орындауға үйрету кезеңде сапа ұғымына кәсіп бойынша еңбек мазмұнының өзіндік ерекшелігін және техникалық талаптарды ескере отырып, дайын өнімге, еңбекке қатысты барлық көрсеткіштердің кешені енеді. Слесарлық және слесарлық-жинау жұмыстары үшін бұл, мысалы, өлшемдердің жұмыстық сызба талаптарына сәйкес келуі, өңдеу сапасы, күрделі бұйым бөлшектерінің өзара орналасуы, бір осьтілігі, жинаудың беріктігі, тораптар мен механизмдердің жұмыстағы сеніміділігі және т.б.

Оқушылардың негізгі  еңбек амалдары мен тәсілдерін, технологиялық процестің жекелеген элементтерін, машинаны, механизмді, аппаратты және т.с.с. басқару кезіндегі негізгі атқаратын жұмыстарды меңгеру кезіндегі оқу-өндірістік жұмысының сапасына қатысты басқа амал – осы. Мұнда көбінесе оқушылар еңбегінің соңғы нәтижесіне көңіл бөлмей, жұмыс сапасын оқушылардың оқу-өндірістік жұмысының жекелеген элементтерін орындау көрсеткіштері бойынша талдайды: жұмыстық қозғалыстардың орындалуының дұрыстығы, оларды үйлестіруі, еңбек іс-әрекеттерін орындаудың бірізділігі, құралдарды, аспаптарды, бақылау-өлшеу құралдарын қолдануы және т.с.с.

Оқушыларда  оқу-өндірістік жұмыстарды сапалы орындау  қабілеттері мен іскерліктерінің  қалыптасуы амалдар мен әдістемелік  тәсілдердің үлкен шеңберін қамтиды  және өзара байланысты ұйымдастырылған педагогикалық жүйе ретінде қарастырылуы тиіс.

Өндірістік  оқыту тәжірибесінде оқушыларға алдыңғы қатарлы еңбек амалдары мен тәсілдерін үйретудің өте тиімді әдістемелік тәсілдері қалыптасқан:

  • алдыңғы қатарлы еңбек тәсілдерін шебердің өзінің көрсетуі;
  • оқушылардың алдыңғы қатарлы еңбек тәсілдері мен әдістерін игеруі бойынша олардың жұмыстық орындарында арнай жаттығуларды ұйымдастыру;
  • оқушылардың өндірістік практиканы өтуі барысында білікті жұмысшылар мен мамандардың жұмыс орындарын ұйымдастыру мен жабдықтаудың, еңбекті ұйымдастырудың ерекшеліктері, жоғары нәтиже беретін, қолданылып жүрген еңбек амалдары мен тәсілдерінің ерекшеліктері туралы әңгімелесуін ұйымдастыру;
  • оқушылар өндірістік практиканы өтетін кәсіпорынның біліктілігі жоғары жұмысшыларын еңбектің алдыңғы қатарлы тәсілдері мен әдістерін көрсетуге шақыру;
  • біліктілігі жоғары жұмысшылар мен мамандардың жұмысын оқушылардың бақылап тұруын ұйымдастыру.

 

 

2.3 Оқушылардың өндірістік оқыту барысында кәсіби дербестігінің қалыптасуы және дамуы

 

 

Оқушы дербестігін  қалыптастыруды екі жақты қарастыру  керек – оқушыларды өндірістік оқыту  құралы және мақсаты ретінде.

Оқушылардың кәсіби дербестігін еш уақытта шебердің көмегінсіз оқу-өндірістік тапсырмаларды  орындау қабілеті деп түсінбеу керек. Шебер әрқашан да оқу-тәрбие процесінің жетекшісі болып қала береді, оның педагогикалық ықпалы мен оқушыларды болашақ білікті жұмысшының, маманның барлық қасиеттері, соның ішінде дербестігі де қалыптасады.

Оқушылардың кәсіби дербестігі жұмысқа қойылатын талаптарды өздігінен түсіну іскерліктері мен дағдыларынан, еңбек процесін жоспарлай алуынан, техникалық құжаттарды өздігінен пайдалана алуынан, жұмыс процесінде кездесетін қиындықтарды өздігінен жеңе алуынан және соған ұмтылуынан, кемшіліктердің алдын-алу мен жою іскерлігінен, өзінің еңбегінің барысы мен нәтижесін бақылай алуынан көрінеді.

Кәсіби дербестік  оқушыларға өзінен-өзі, сыртқы әсерлерсіз, өндірістік оқыту барысында келмейді. Оны оқушылардың – болашақ  білікті жұмысшылар мен мамандардың  кәсіби шеберлігінің басқа да қасиеттері сияқты арнайы қалыптастыру керек. Бұл қасиетті кездейсоқ, басқарусыз, «байқап көру мен қателесу» әдісімен қалыптастыру – өте ұзақ және жүйесіз тәсіл, ол көбінесе қарама-қайшы нәтижелерге алып келеді. Кәсііби дербестікті қалыптастыру – бұл тәрбиелеу мен оқыту процесінің бір элементі, оған арнайы әдістеме ұйымдастыру қажет. Олардың кейбіреуін қарастырып көрейік.

Оқу кезінде  оқушылар мазмұны және түрі бойынша  әр түрлі оқу-өндірістік жұмыстардың  үлкен көлемін орындайды. Бұл салыстырмалы аз уақытта барлық жұмыстарды өздігінен орындап үйренуге олардың мүмкіндіктері болмайды. Сонымен бірге, кез-келген еңбек процесінде бірқатар түйінді негізгі элементтері бар. Оларды өздігінен меңгеру оқушылардың кәсіби шеберлігін анықтайды.

Кәсіби дербестігінің  қалыптасуы мен дамуы көбінесе шебердің, оқушылардың өздігінен жұмыс істегенін дер кезінде байқап мадақтап отыру қабілетін байланысты және керісінше олардың жалқаулығын, орындалған жұмыс үшін жауапкершіліктен немесе шешім қабылдаудан қашуын, кез-келген, тіпті аздап қиналған жағдайда көмек сұрауын және т.б. болдырмауы керек. Дербестікке үйретудің мәні – оқушыларды жұмыстың соңғы және ағымдағы нәтижелерін өздігінен анықтауы, оны орындаудың жолдарын, бақылау мен өзін-өзі бақылаудың тәсілдерін белгілеуі тиіс жағдайларда көбірек қалдыруда. Оқушылардың жұмысты орындауы процесінде шебер олардың іс-әрекеттерін сырттай қадағалайды, бақылайды, түзетеді және белсенді түрде «ішкі дербестігін ынталандырады».

Ұқсастыру, салыстыру  әдісі құнды болып табылады. Кейде  оқушыларға олардың тәжірибесінен сол жағдайға ұқсас жағдайды естеріне түсіру жеткілікті болады. Ол сол жағдайдан шығудың жолын бірден тауып кетуі мүмкін. Бұл әдістемелік тәсіл тек жұмыстырдағы кемшіліктерді жою үшін ғана емес, қандай да бір оқу-өндірістік мәселені өздігінен шешуге көмектесу үшін де қолданылады.

Кәсіптік дербестікті  қалыптастыруда шебердің оқушылардың  жіберген қателеріне қатынасының мағынасы зор. Оқу процесіндегі қателіктер –  заңды құбылыс, қатесіз оқыту  процесі болуы мүмкін емес. Шебердің міндеті – оқушылардың жіберген қателерін түзету мен алдын-ала жұмыстарын олардың дербестігін дамыту құралы ретінде қолдану. Тәжірибелі шеберлер әрқашан да оқушыларды өз қателерін өзді талдайтындай, өзінің әрекеттерін толығымен қайта тексеріп, қай жерде қате кеткенін өздері анықтап, оның мәне мен себептерін түсініп, түзетудің жолдарын өздері ұсынып, әрмен қарай не істеу керектігіне өздері қорытынды шығаратындай жағдайда қалдыруға тырысады. Қатені жете түсінгеннен кейін ол белсенді ойлауға оятады, оқушыларды қиындықтарды жеңуге ынталандырады, дербестігін дамытуға ықпал жасайды.

Оқушылардың дербестігін  қалыптастырудың маңызды құралы – олардың өзінің жұмысын жүйелі түрде бақылап отыруға үйрету.

Соңғы жылдары  өндірістік оқыту шеберлері мен  оқытушылардың педагогикалық тәжірибесінде белсенді оқыту әдістерін қолдану кеңінен таралуда. Оқушылардың дербестігін қалыптастыру мәселелерін шешуге қатысты өндірістік оқу процесінде мұндай әдістердің бірі – іскерлік ойындар.

Оқушылардың дербестігін қалыптастырудың жолдары мен тәсілдерін қарастырғанда, көптеген өндірістік оқыту шеберлеріне тән екі негізгі негативті факторларды болдырмау керек. Біріншіден, оқушыларға өздігінен орындалатын жұмыстарды ұсына отырып, оларға бәрін – жұмысты орындаудың бақылау мен өзін-өзі бақылаудың жолдарын, тәсілдерін, құралдарын (яғни, шамамен барлық іс-әрекеттерінің негізін) түгел түсіндіріп көрсетеді, былайша айтқанда «дайын күйінде аузына шайнап салады», ал бұл оқушылардың жұмыста дербес болуын  мүмкіндік бермейді. «Өздік жұмысты» осылай ұйымдастырғанда оқушылардың негізгі бөлігі тек орындау (үлгі бойынша) іс-әрекетімен айналысады, ойлау әрекеті енжар болады. Екінші жағынан – әлі де көптеген өндрістік оқыту шеберлері дербестікті тым тура түсінеді, оқушылар оларға тәуелсіз болған сайын оқушылардың жұмысты өз бетінше орындау деңгейі жоғары болады деп есептейді. Оқушылар мұндай жағдайда толықтай бақылаусыз қалып, көбінесе «байқап көре мен қателесу» әдісімен, енжар сұлба бойынша және ойланбастан көшіріп әрекет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Сонымен қорытындылай келе, қарастырып отырған курстық жұмыста өндірістік оқыту жүйесі дидактикалық және өндірістік процестердің мақсатты түрде байланысын, маман жұмыскерлерді дайындауға, технологиялық және техникалық білімді келісіп анықталған құрылысымен, кәсіби білімді іскерлікті, дағдыны жүйелі қалыптастыру теориясымен таныстық. Өндірістік оқытудың негізгі түрлерімен, әдістерімен таныса отырып, оқушылардың кәсіби дербестігі мен сапалы жұмыс істеуін талқыладық.

 Өндірістік оқыту – оқу шеберханасындағы кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсету аясындағы еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны, диплом алдындағы практика.

Кәсіби оқыту  – педагог пен оқушының кәсібіне қатысты ғылыми техникалық жүйелерді  игерудегі және де типтік кәсіби міндеттерді  шешеуге қажетті біліктер мен дағдыларды меңгеруге бірігіп жасайтын қызмет.

Өндірістік  оқыту: оқыту шеберханасындағы сабақ, кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны т.б.

Өндірістік  оқыту (практикалық) сабақтарын оқу шеберханаларында цехтарда өткізудің мынандай түрлері бар:

  • жаңа еңбек тәсілдерін үйрететін сабақ;
  • өткен тәсілдерді бекітуге арналған сабақ.

Мұның өзі:

  • жаттығу сабақтары;
  • оқу-өндірістік бұйымдарды өз бетінше жасау сабағы;
  • аралас сабақтар (комбинированные).

Өнеркәсіп не өндіріс  ұйымдарында өндірістік оқытудың (Н.Е.Эрганов  бойынша) мынадай түрлері бар:

  • өндірістік жағдайды білім мен дағдыларды қалыптастыратын, кешенді және күрделі жұмыстар түрін атқару;
  • өндірісте білікті жұмысшылар іс-әрекетті оқушылардың бақылауын ұйымдастыратын оқыту түрі;
  • сол жұмысты практикант-студенттің атқаруы;
  • нақты кәсіп бойынша штаттық жұмыс орнында өндірістік практика өткізу;
  • бақылау-тексеру және біліктілік сынақтарын жүргізетін оқыту түрі;
  • топ саяхат ұйымдастыру (экскурсия).

Информация о работе Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі