Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:20, курсовая работа
Өндірістік оқыту экономикалық тәрбиенің және оқушылардың экономикалық дайындығын тереңдетудің маңызды педагогикалық құралы болып табылады. Мұнда ең алдымен, еңбек іс-әрекеті экономикалық мақсатқа бағытталатын кәсіби шеберлік қалыптасады. Өндірістік оқыту процесінде мұндай мәселелерді шешудің негізгі жолдары мыналар болып табылады:
оқушыларды орындалатын еңбек іс-әрекетіне экономикалық талдау жасау қабілетін қалыптастыру;
оқушыларды оқу-өндірістік жұмыстарды орындаудың экономикалық мақсатқа сай технологиясын таңдап алуын мадақтау;
оқушыларды орындалған еңбек процесін экономикалық негіздеуге, экономикалық есептеулерді жүргізуге, оқу-өндірістік жұмыстарды орындаудың экономикалық тұрғыдан ең тиімді еңбек амалдары мен тәслдерін қолдануға үйрету.
Кіріспе
1 Өндірістік оқыту – оқыту әдістерінің формасы
1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
1.2 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі
1.3 Өндірістік оқыту әдістері
2 Өндірістік оқытудағы сапалы жұмыс пен кәсіби дербестік
2.1 Өндірістік оқытудың практикалық әдістерінің бірі жаттығу
2.2 Оқушыларды өндірісте сапалы жұмыс істеуге үйрету
2.3 Оқушылардың өндірістік оқыту барысында кәсіби дербестігінің қалыптасуы және дамуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
КО кафедрасы
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Тақырып: Білім беру технологиялары.
( баға)
(қолы) (күні)
Комиссия мүшелері: Орындаған:
Мухаметжанова А.О.
(қолы, аты-жөні )
10/8-039
Байжуманова Н.С.
(қолы, аты-жөні)
Қарағанды 2012
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
ӘТИ институты
КО кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ
пәні
______________________________
Студент_______________________
Тақырыбы _____________________
______________________________
Негізгі мәліметтер ______________________________
______________________________
Тапсырма берілді «___»________
Жетекші _____________________________ қолы ____________________
Студент ______________________________
Мазмұны:
Кіріспе |
||
1 |
Өндірістік оқыту – оқыту әдістерінің формасы |
|
1.1 |
Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым |
|
1.2 |
Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі |
|
1.3 |
Өндірістік оқыту әдістері |
|
2 |
Өндірістік оқытудағы сапалы жұмыс пен кәсіби дербестік |
|
2.1 |
Өндірістік оқытудың практикалық әдістерінің бірі жаттығу |
|
2.2 |
Оқушыларды өндірісте сапалы жұмыс істеуге үйрету |
|
2.3 |
Оқушылардың өндірістік оқыту барысында кәсіби дербестігінің қалыптасуы және дамуы |
|
Қорытынды |
||
Пайдаланған әдебиеттер тізімі |
Кіріспе
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен байланысты жоғары оқу орындары білім беруде адамның игерген білім, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік шеберлігін, т.б. қалыптастыруы қажет.
Білімгерлердің бойында мұндай қасиет пен қабілет қалыптасуы үшін оқу процесіне оқытудың жаңа нысаналарын, жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі туып отыр.
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жақсарту және азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Білім» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығы 2000 жылы қырқүйектің 30-ыншы жұлдызында шығып, мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің: ұлттық мақтаныш, патриоттық сезім, адамдарға гумандық қарым-қатынас, ұлттық үрдістегі өзіндік мәдениетін сыйлауды, адамгершілік мінез-құлықтың қалыптасуын талап етеді.
Бұл болашақ
кәсіптік оқыту педагогтарының жеке
тұлғасын тәрбиелеуші ретінде
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша көңіл бөлінеді.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Біздің ел нарықты экономика жағдайында өмір сүріп отыр. Бұл жағдайда әрбір адамның іс-әрекеті оның практикалық іс-әрекетінің міндетті құраушы компоненті болады.
Экономикалық
тәрбие – кең мағынасында қоғамның
жеке тұлғаны табысты өндірістік-
Өндірістік оқыту экономикалық тәрбиенің және оқушылардың экономикалық дайындығын тереңдетудің маңызды педагогикалық құралы болып табылады. Мұнда ең алдымен, еңбек іс-әрекеті экономикалық мақсатқа бағытталатын кәсіби шеберлік қалыптасады. Өндірістік оқыту процесінде мұндай мәселелерді шешудің негізгі жолдары мыналар болып табылады:
Курстық жұмыстың мақсаты: оқушылардың кәсіптік білім беруде оқытудың әдістерін талдай отырып, өндірістік оқыту әдістерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттер:
1 Өндірістік оқыту – оқыту әдістерінің формасы
1.1 Оқыту әдістері,
тәсілдері және құралдары
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі – өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
- білім беру
– бұл мақсат окушылардың
- тәрбиелеу
– әрбір оқушының ғылыми
Оқытудың мақсаты – дамытудың қоғамдық – тарих тәжірибесінің жан – жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және окыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін «қызмет» ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды
Оқытудың әлеуметтік,
педаготикалық психологиялық
Адамның дамуы – бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор.
Информация о работе Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі