Жаңаша оқыту – жетістік көзі

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 09:19, реферат

Описание работы

Білім беру- оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Белгілі балалар психологы Д.Б. Эльконин дәлелдегендей 3-10 жас аралығындагы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. Яғни бұдан шығатын қортынды бұл (сабақтастықтың) яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу.

Работа содержит 1 файл

даралап оқыту.doc

— 132.00 Кб (Скачать)

Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелігіне аса назар аударуы қажет.

Аталмыш технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі артып, өз мамандығына  деген сүйіспеншілігі, оқушыларын жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы. Оқушыны сын  тұрғысынан ойлау бағдарламасының  әдістерін сабақтарда қолданудың маңызы зор, тиімді. Сын тұрғысынан ойлау  стратегияларын пайдалану негізінде  оқытудың әр түрлі формаларын қолдана отырып оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.Ізденіске баулып, естіп көріп білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасымен жан-жақты  ізденіп, танысып талдау. Сынып оқушыларының оқу тәрбие процесінде психологиялық педагогикалық тұрғыда бақылау, білім деңгейін диагностикалық үнемі зерттеу. Жан-жақты дамыған шығармашылық талапқа сай жеке тұлға тәрбиелеу.

Бүгінгі өскелең  ұрпаққа тәлім тәрбие үйретіп, білім беру әр ұстаздың міндеті. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс қылуға сұрақ беріп жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары

1. Оқушылардың  өздігінен жан-жақты білім алуға  жағдай жасалады.

2. Сабақ кезінде  уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі  молаяды.

3. Оқушылардың  өзара пікір алмасуына мүмкіндік  туғызылады.

4. Мұғалім мен  оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастар  орнайды.

Сонымен, оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім  өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да жоғарыда айтылған жаңа технологиялар – жетістік көзі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Селевко Г.К.  Современные образовательные технологии. – М. 1988.

2. Нағымжанова  Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, , 2005.

3. Мұқаметқали  М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық  инновациялық іс-әрекетке даярлау  жолдары - Өскемен, 2004.

Қазақ тілі сабақтарында даралап  – саралап  оқыту

арқылы  оқушылардың білім  сапасын көтеру 

Орынбасар Айтпайқызы Нұрлықаимова 

№ 9 жалпы білім беру гимназия-мектебі, қазақ  тілі

             

    Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу  барысында білім беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде енгізілуде. Осыған орай, өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген технологияларының бірі – саралап – даралап оқыту технологиясы. Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық әрекетін арттырады және ойлау қабілетін, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

    Тәжірибенің жаңашылығы: компьютерлік технологияны қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, интерактивтік тақталарының мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру.

    Тәжірибенің тиімділігі:  пәнге деген қызығушылығын  арттырады, оқытуда саралау және жіктеуді қамтамасыз етеді, оқушылардың танымдық процестері мен танымдық қабілеттерін дамытады, оқушылардың сауаттылығын ашуға септігін тигізеді, оқушылардың оқу әрекетінде жетістіктерге жетуіне жағдай туғызады, оқушылардың рухани бай жеке тұлға болуына қалыптасады.

    Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты –  оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отыра, осы  пәнді теориялық және тәжірибелік  жағынан сараланған түрде даралап  оқыту, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой- пікірін дамыту.

    Саралай оқыту әрекеті – білім алуға  бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі  мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл  -ой  деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

    Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама., психологиялық тәжірибе жасау ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу – тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.

    Өзіндік әдісті жүзіге асыруда мына мәселелер  көзделеді:

  1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.
  2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.
  3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.
  4. Білімді бағалау, бақылай жүйелерін жетілдіру.

         Оқушыларды топтарға бөлгенде  олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа , стандартты немесе төмен деп 4 топқа бөлуге болады.

          Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңда, сол тақырыпты егеру көзделсе, өте пайдалы.  

    Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) – білімнің минималдық шегі. Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.

    Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) -  үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі.

    Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) – материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді.

    Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) -   өз бетімен оқу материалдарын менгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.

    Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық  орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл  оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары жағдай жасайды.

    Деңгейлік саралау  оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады.

    Даралап –  саралап оқытудың маңыздылығы:

    1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.

    2.Бос отырған оқушы болмайды.

    3.Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.

    4.Қиындықтарды жене білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге                        қызығушылығы пайда болады.

    5.Ізденіс дағдысы қалыптасады.

    Даралап-саралап  оқытуда күтілетін нәтиже:

  1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
  2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны дамытады.
  3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

    Ерекшелігі:

  1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады.
  2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
  3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді.

    Даралап –  саралап оқыту технологиясы оқушы  мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға  мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.       Сонымен қатар даралап – саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу жәнеоқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады.

    Сондықтан да мұғалімдерге саралап - даралап оқыту технологиясын қазақ тілі сабағында пайдаланған өте тиімді.          

    Мен өз іс–тәжірибемде оқушылардың өздік білімділігін қалыптастыру үшін «Ұжымдық оқыту технологиясын» да қолдануды жөн көрдім.

    Осы технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Өзін –өзі басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады.

    Оған  мынадай басты талаптар қойылады:

    • әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату;
    • өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;
    • өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;
    • серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу;
    • әрбір оқушы кезектесіп (ауысып)не оқушы, не мұғалім болады;
    • әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше түрде барлық мүшесін үйретеді;

    Әдістеменің ерекшелігі:

    • жекелеу оқыту;
    • қасындағы оқушымен жұптасып оқыту;
    • топпен оқыту;
    • ұжымдық оқыту.

    Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс  үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда оқушылардың  ынтасын, белсенділігін арттыру  үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

    Оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін  дамытуда “Сын тұрғысынан ойлау”,  “Модульдік оқыту ”  технологияларын күнделікті сабақтарымда қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бастауыш сынып оқушыларының оқытуда тиімді әдістерді пайдалана арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттырады, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғаліммен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істей арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндігі бар.

Информация о работе Жаңаша оқыту – жетістік көзі