Жаңа білім беру жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 21:40, реферат

Описание работы

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Работа содержит 1 файл

Жаңа білім беру жүйесі.docx

— 45.41 Кб (Скачать)

 

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда  ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударулары керек:

Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;

Дарынды оқушылардың білім  деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер  бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;

Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық  турнирлер мен шығармашылық байқауларға  дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;

Білім беру мекемелерінде  дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын  жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;

 

Ал енді бұл мақсаттармен міндетттердің нәтижесі дарынды  оқушымен жұмыстағы өткізілетін  пән олимпиада жетістіктерінен  байқалатыны белгілі. Ғалымдардың  айтуынша, жалпы адамның қолынан  келмейтiн нәрсе жоқ. Талпынсаң  вундеркинд болу да, полиглот болу да өз қолыңда. Дарындылықты қалыптастыруға болады. Ой еңбегiмен жиi шұғылдансаң, данышпандықтың да ауылы алыс емес.

 

Егеменді елімізді дүние  жүзі елдерімен терезесі тең болатын  дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын  біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз, ата-ана және қоғам қауымының міндеті.

 

Жеке тұлғаны өздігінен  білім алуға баулу – оны  ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған  мiндеттердi iске асыру үшiн тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық бағдары  ұлттық сана, отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Құндылық бағдар дегенiмiз - бұл қазiргi уақытта жеке тұлғаның құндылыққа бағдарланған ой-санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі, iскерлiгi, iшкi мүмкiндiгi. Құндылық бағдар тіл үйренушінің  оқу-танымдық әрекетiне түрткi болып, тіл  үйренуіне ықпал етедi, ол оқу  әрекетінiң құрамдас бөлiктерiне тiкелей  байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды. Құндылық бағдар – жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды  мақсат етiп ұстауы, адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген  карым–қатынасы. Жеке тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi.

 

Адамның даму үдерісі бүкіл  өмір бойы тоқталмайды. Тұлғаның құндылық бағдар жүйесi «адамның өмiрлiк әлемi», «әлемнiң бейнесi», әлеуметтiк ортаның iшкi нұсқаулары, нормалары, уәждемелік қажеттiлiк өрiсi, адам белсендiлiгiнiң  негiзгi реттеушiсi болып табылады. Құндылық бағдар сананың негізін құрайды, дүниетанымдық көзқарастарына әсер етеді, өзгермелі саяси-экономикалық жағдайларда тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, уәждемені реттейді, тұлғаның іс-әрекетін бағыттап, адам өмірінің мінез-құлықтық құрамдас бөлігін анықтайды. Осылайша, құндылық бағдар негіз құраушы, тұрақтандырушы, реттеуші, бағыттаушы қызметтер атқарады. Құндылықтар  қоғамдық қатынастарды реттейді, оның дәстүрлері мен нормаларының қызмет етуін қамтамасыз етеді, қоғам үшін аса үлкен маңызға ие. Құндылықтар  құрамына күнделікті қалыптасқан нормалармен  бірге, ерекше жоғары мәнге ие болған талаптар да енеді және олар әрбір  мемлекет үшін маңызды. Олардың негізінде  жеке тұлғаның әлеуметтену үдерісі  жүреді, оның тәлім-тәрбиесі, өмірдегі орны, мақсаттары мен міндеттері қалыптасады. Себебі, құндылықтар әлемі – сөздің кең мағнасында мәдениет әлемі, адамның  рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлық өлшемін білдіріп, оның адамгершілік санасын, басымдылықтарын анықтайды. Құндылықтар адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасын білдіретін адамзат мәдениеті болуымен ерекшеленеді.

[өңдеу]

Әлеуметтік-лингвистикалық жүйе

 

Қазіргі Қазақстан қоғамында  әлеуметтік-лингвистикалық жүйені реттеу мен жетілдіру жүріп жатыр. Адам өз бейімділігіне лайықты жұмыс  істегенде, барын сала кіріскенде ғана еңбегінің жемісін көреді. Ғалым  Қ.Жарықбаевтың айтуынша: “Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен  мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған  істен белгілі бір нәтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі  болып табылады”. Сондықтан ересектердің мемлекеттік қазақ тілін үйренуге бейімділіктері мен белсенділіктерін айқындау мәселесінің зор әлеуметтік мәні бар. Өйткені қоғамымыздың болашақ  даму деңгейі осы мәселенің қай  дәрежеде шешілуіне тікелей байланысты.

 

Қазақстан Республикасындағы  әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру  үдерісі жағдайында бүгінгі таңдағы  түбегейлі мәселе – адамды іс жүзінде  қоғамдық дамудың басты тұлғасы  ету заңды құбылыс. Ересек тіл  үйренушінің әлеуметтену үдерісі  де заман талабына сай болып отыр. Адамдардың тұлғалық қарым-қатынасы негізінде  ой-пікірлердің тоғысуы жүзеге асады. Адамды тұтастықта тұлға деп тану қоғамды жаңаша құруға мүмкіндік  береді. Өзін-өзі үздіксіз дамытып, өз әрекетін өзі дұрыс бағалай  алатын тұлғалар ғана бәсекелестікке қабілетті қоғамда өз тиесілі  орнын таба алады. «Тұлға - өз-өзіне  тұтас дүниемен өзара қатынастарын үнемі баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен  ішкі полемика барысында өзін-өзі  анықтайтын, кіналайтын, қорғайтын, өзін-өзі  жетілдіріп, өзгертетін адам. Тұлға  – дербес әрекет ететін субъект  ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас ерекше әдісі, адамның  қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға  әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан  дара болады, оның өзіндік дүниесі  ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады». Бұған қатысты Д.В.Ольшанский: “Тұлға дегеніміз – қарым-қатынастың, сонымен бірге адамдармен байланысудың толып жатқан басқа да түрлерінің нәтижесі”, - деген пікір білдірген. Б.Г.Ананьев тұлғаның дамуының әлеуметтік мәселелеріне тоқтала келіп: “Тұлға – тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде, белгілі бір қоғамдық-экономиялық формацияда, белгілі бір ұлттық құрамы бар елде қоғамның жеке адамға көптеген экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік және т.б. әсерлерінің нысанасы”, - деген анықтама береді. Демек, ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңін басынан кешіріп отырған 120 ұлттан құралған тәуелсіз Қазақстан қоғамы да тіл үйренуші мемлекеттік қызметшілерге жан-жақты әсер етеді. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту үдерісіне тіл үйренушінің тұлғалық дербестігіне баса көңіл бөлу, оқыту мен тәрбиелеуде оның өзіндік дамуын жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл арқылы жүзеге асыру тән. Осыған байланысты қазіргі білім мен біліктілікті арттырудың дамуында жаңа тенденциялар байқалады. Негізгі күш тіл үйренушінің тілдік тұлғасын дамытуға, оның қалыптасуы мен жетілуіне жұмсалады. Қазақ тілін жеделдете оқытудың мақсаты - тілдік тұлғаның өзін дамытуы мен өзін жетілдіруіне мүмкіндік жасау. Оқытудағы бағдар материалдың құрылымы мен нақты жағдайларды логикалық тұрғыдан түсініп, талдау және өнімді қатысымдық әрекет нәтижесінде жаңа білім алудың тәсілдерін ашу, қоғам алдындағы нақты мәселелерді шеше білуге бағытталады. Қазіргі уақытта біліктілікті арттыру жүйесінде мемлекеттік тілді оқытуда жеке тұлғаның өмірі, құқығы мен бостандығы жоғары құндылық болып саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясы басшылыққа алынады, білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру ұстанымдары анықтайды. Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «білікті тұлға», «қатысымдық тұлға», «құзыретті тұлға» парадигмасы болып табылады.

 

Әлемдік практикада өткен  ғасырдың 40-жылдарында қолданысқа ене  бастаған «үздіксіз білім беру»  термині ересек адамдарға білім  беру жүйесі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі өмірлік білім беру идеясының  орнына өмір бойы білім алу идеясын  басшылыққа алудың дұрыстығы заман  талабынан туындап отыр. Жеделдете  оқыту жүйесі педагогикалық жүйелердің бөлігі бола отырып, адамның белгілі  бір деңгейдегі еркіндік дәрежесін  жүзеге асырады, яғни оны сол мезетте  қажет болатын белгілі бір  іс-әрекетке бағыттайды. Өз кезегінде  жеке тұлға өз қатысымдық құзыреттілігін дамытуға ұмтыла отырып, тілдік тұлға  деңгейіне көтеріледі. Өз бетімен  білімін жетілдіру жеке тұлғаның барлық ішкі жүйелерін біртұтастыққа  жұмылдыруға мәжбүр етіп, оған жаңа қырынан танылуға, құндылықтары мен  қызығушылықтарын жаңадан бағыттауға және өзін жетілдіріп, қайта құрылуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі дамыту кезінде тілдік тұлға ұйымдастырудың жаңа деңгейіне көтеріледі де, ол одан сайын дамып, күрделілене түседі. Талап, ынта, жаңашыл бастамалар, шығармашылық белсенділік, ізденушілік - тілдік тұлғаның даму үдерісінің көрсеткіштері болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесінің ұстанымдары жеке тұлғаның жан-жақты жалпы мәдени дамуы, тұлғаның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, әлеуметтік тұрақтылық және әлеуметтік даму және т.б. функцияларды жүзеге асырумен тікелей байланысты.

 

Адамзат дамуының тарихи және әлеуметтік тәжірибесі дүниетаным, шығармашылық, терең білімділіктің негізі –  тіл екендігін көрсетті. Тіл жеке тұлғаның даму ұстанымдарын, сенімін  жүзеге асырады, дүниеге деген қайталанбас  көзқарасын білдіреді, болып жатқан жағдайға әсерлену қабілеттілігін көрсетеді. Мемлекетіміз жүргізіп отырған тіл  саясаты бойынша қоғамымыздағы  әрбір азаматтың мемлекеттік  қазақ тілін тегін үйренуіне  толық құқығы бар. Бүгінгі тіл  үйренуге мұқтаж ересек қауым мемлекеттік  тілді меңгеру арқылы өздерінің  экономикалық жағдайларын жақсарту мүмкіндіктерінің кеңейетініне толық  көзі жетіп отыр. Сонымен қатар, өздері мекендеп отырған елдің, отандас  болып отырған ұлттың тілін меңгеру  арқылы қазақ топырағының, қазақ  ұлтының алдында адамгершілік борыштарын ақтап шығатындарын сезінуде. Ерназарова бұған қатысты: “Оқытудың мазмұны  тілді үйренушінің мақсатынан туындайды. Ал мақсат экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен қалыптасатын қоғам мүшесінің  қажеттілігінен туындайды. Қажеттілік мазмұны тілді үйренушінің қарым-қатынас  жасайтын ортасының әлеуметтік сипатына тәуелді болып келеді”, - деп жазады. Ал білім беру мазмұнында тілді оқытудың маңызы ерекше, адам тіл арқылы қоршаған ортаны таниды, басқалармен тілдік қарым-қатынасқа түседі, логикалық  ойлау қабілеті дамиды, ақпараттар қабылдайды, өз ойын ауызша да жазбаша  да жатық жеткізе алу мүмкіндігіне ие болады.

 

Үздіксіз білім беру мазмұнын жаңарту қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты өзгеріске  ұшырап отырады, ал мемлекеттік тілді  оқытуды ақпараттандыру оқыту мақсаттарына терең деңгейде әсер етеді. Соған  сәйкес қазақ тілін жеделдете  оқытудың міндеті - адами қарым-қатынасқа  дайын, әлеуметтік-лингвистикалық ахуалды  дұрыс бағалайтын, мемлекеттік тілді  білудің қажеттілігі мен әлеуметтік маңызын терең сезінетін, қазақ  тілінде сөйлесім әрекетін жағдаятқа  сәйкес үйлесімді қолдана білетін, жоғары азаматтық жауапкершілік пен әлемдік көзқарасының, сана-сезімінің дамуы күнделікті өмір қажеттілігі болып табылатын болашақ ақпараттық қоғам мүшелерінің сапалы жаңа моделін жасақтау болып табылады.

 

ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет  болып отырғаны белгілі. Елбасымыз  Қазақстан халқына «Бәсекеге  қабілетті халық үшін», «бәсекеге  қабілетті экономика үшін» - деген  жолдауында: «Білім беру реформасы  – Қазақстанның бәсекеге нақтылы  қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының халыққа Жолдауы  білім беру ісінде де жыл сайын  өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық  құзірет» бағдарлай білу өз бетінше  білім беруде стратегиялық міндеттерін  табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра  білу», -деп атап көрсеткен. Осыны  жүзеге асыруда жаңа формацияның  педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен  әрдайым саналып келгендей, біршама  емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс.

 

Бұл-уақыттың талабы. Білім  берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол - балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі  өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі  дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Демек, мектеп оқушыларының ғылым, білімнің қоғамдық қажетті деңгейі  мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына сусындату қажет.

 

Ыбырай Алтынсарин сөзімен  айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі – ұстаз. Яғни, негізгі білім қазығы –бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен үміт күтері сөзсіз. Осы міндеттерді  жүзеге асыруда әр сыныптың ерекшелігі білім деңгейіне сай болуы  қажет. Қазіргі заман талабына бейімделген  шәкіртті тәрбиелеп, білім беруде өз тәжірибемде басты өзекті тақырыбымызды: «Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды  ұйымдастыру арқылы оқушылардың  шығармашылық қабілетін арттыру», - деп атадық.

 

Осы тақырыпты меңгеру  барысында мынадай міндеттер  шешімін табуға тиіс:

Оқушының психологиялық  даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын  анықтау;

Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;

Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға  икемдеу, соған байланысты жұмыс  түрлерін жасау;

Оқу мен тәрбие егіз екендігін  ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру.

 

Жоғарыда аталған міндеттерді  жүзеге асыруда оқушылардың көмегімен  мынадай зерттеу жұмыстары жүргізілді:

Сауалнама

Тест: психологиялық, пәндік

Кесім алу

Бақылау жұмысы

 

Бұл күнделікті бағдарламаны меңгеруде қиындықтар туғызатынын  байқай бастадық. Сол себепті жаңашыл-ұстаздардың  озық іс-тәжірибелермен қатар, СТО стратегияларын сабақта және сабақтан тыс уақыттарда пайдалануға бет бұрдық. Мәселен, кітапханашымен байланыс жасай отырып, оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын  арттырдық, әр сабақта тіл дамыту жұмыстары жасалды, яғни 4 шумақты  өлеңдерді жаттауға ұсындық. Оқушылардың  шығармашылық белсенділігін арттыруда  әр сабақ мазмұнына сәйкес суреттер салу, диафильмдер жасау, ребус, сөзжұмбақ  құрастыруды дағдыға айналдырып отырдық.

 

Есте сақтау қабілеттерін арттыруда берілген мәтіндерді, өлең-шумақтарды, аңыз-әңгімелерді оқушы есінде көбірек  сақтап қалу мақсатында түрлі кестелер толтырылды.

 

Бұл ретте басты ұстаным - бастауыш сынып оқушыларына сабақты  жоғарғы қызығушылықпен өткізу екендігін  баса айту қажет. Әр тақырыпты өткенде, таңдау кезінде алдымен ой қозғалады.

 

Сабақтың кейбір кезеңдерінде оқушылардың сабаққа белсенділігін  арттыруда өз ойын жазбаша жазуын, логикалық ойлауын үнемі қарастырылады. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі  ұстауын, өз ойын еркін жеткізуі, оқушы  бойында инабаттылық тәрбиесінің  қалыптасуына үнемі көңіл бөлініп  отырады.

Информация о работе Жаңа білім беру жүйесі