Жаңа білім беру жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 21:40, реферат

Описание работы

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Работа содержит 1 файл

Жаңа білім беру жүйесі.docx

— 45.41 Кб (Скачать)

әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы  белсенді білімі мен тәжірибесінің  болу қабілеті).

 

Аталған құзыреттілік қасиеттерді  тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің  жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын  дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар  жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай  дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне  байланысты болады.

[өңдеу]

Кәсіби деңгейдің дамуы

 

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі  дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы  педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті  адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері  дей отырып, педагогикалық шеберліктің  дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін  мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы  мәселені терең зерттеген А.Маркова  мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін  анықтаған.

 

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар  үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек  көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді  шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

 

Субьективті критерийлер. Адамның  мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат  табатындығымен байланысты. Мұғалім  еңбегіндегі субьективті критерийлерге  кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне  позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

 

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім  өз ісіне қоғам талап етіп отырған  нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың  өмірге дайындығын басты назарда  ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті  арқылы алған білімдерін өз өмірлік  мәселелерін шешуге қолдана алуы.

 

Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан  шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін  қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың  болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны  әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына  бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі  өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін  меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым  кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық  бейнесі ретінде қарастырады.

 

Ең бірінші кезекте  мұғалімнің « өзіндік жаңалығы»  болуы қажет. Ғылым жаңалығын  түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған  нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін  толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу  керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық  қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі  әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін  бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді  басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең  меңгерген жан- жақты дамыған  шығармашыл тұлғаны талап етеді.

 

Ал, білім беруде кәсіби құзырлы  маман иесіне жеткен деп мамандығы  бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық  шеберлік пен өзінің іс- қимылын  жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген  және білімдік мониторинг негізінде  ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді  шығармашылықпен қолдана білетін  кәсіби маман педагогті айтамыз.

[өңдеу]

Қазақ мектебі

 

Қазақ мектебінің бүгінгі  жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам  қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық  үрдісті жаңаша қарауды талап  етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты  – жан-жақты дамыған жеке тұлға  қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі  мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын  жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын  оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.

 

Өз бетінше жұмыс қазіргі  жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі  өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны  пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде.

 

Өзіндік жұмыстың негізгі  мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін  қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері  мен қызығушылығын жетілдіру, білімге  қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта  әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін  айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік  туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың  ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану  арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан  қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.

 

Жаңа технологияны меңгеруде  мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

Жаңаша ойлау жүйесін  меңгере алатын;

Оқушылармен ортақ тіл  табыса алатын;

Білімді, іскер, шебер болу керек;

 

Жаңа педагогикалық технологияның  ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс  енгізу, жаңа педагогикалық идеялар  мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы  оқушы тек тыңдаушы, орындаушы  болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен  білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

 

Қазіргі оқушы:

Дүниетаным қабілеті жоғары;

Дарынды, өнерпаз;

Іздемпаз, талапты:

Өз алдына мақсат қоя білу керек;

 

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның  тән-дене және рухани дамуына әсер етуші  ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне  тәуелді келеді.

 

Ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін, ата-анамен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын, бала тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін, ата-ананың тәрбие құралдарын, тәсілдерін, әдістерін  пайдалана алу қабілеттерін, баланың  белсенділігінің дәрежесін көруге болады.

 

Ата-ана арасындағы, ата-ана  мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық  процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады.

 

Тәуелсіз ел тірегі –  білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе –  білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім  ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін  қастерлей және оны жалпы азаматтық  деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра  білетін тұлға тәрбиелеу.

 

Бәрімізге белгілі, біздің қоғам  аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің  ауыртпалықтарын ешкім жоққа  шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ  жастарының санасына кішкентайынан  терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

 

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер  қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай  тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі  білім берудің басты мақсаты  да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып  табылады.

 

Рухани бай, жан-жақты  дамыған жеке тұлғадағы ең басты  қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке  жылы тиетін, сөз құдіретін игерген  адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты  мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік  жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға  жол бермеуді қалыптастыру болып  табылады.

[өңдеу]

Сынып жетекшісінің ата-аналармен  өзара іс-әрекетінің ерекшеліктері

 

К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп  қана қоймауы керек, сонымен қатар  тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы  керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа  қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз  қажет.

Мектепте оқу жылының  басында негізгі пәндер бойынша  әр баланың білім деңгейі анықталады.

Сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.

[өңдеу]

Ата-аналармен жұмысты  ұйымдастырудың түрлері

 

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында мемлекеттік  саясат негізінде ең алғаш рет  әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық  дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп  отырғаны белгілі. ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты  көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды  қажет етеді. Сондықтан да еліміздің  білім берудегі ұлттық жүйесі өте  қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы  қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін  арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана  білетін дарын иесін тәрбиелеу  керек.

Информация о работе Жаңа білім беру жүйесі