Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 08:58, курсовая работа
Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) — бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.Тәрбие әдістері — ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ.
1.1ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК.....................................................................................................4-6
1.2.ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ. .......................6-14
2. ТӘРБИЕ ӘДІСІНІҢ МӘНІ МЕН БӨЛІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1.КОЛЕКТИВТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАЙКАУ , БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ.......................................................................... 15-17
2.2.СЕНДІРУ ӘДІСТЕРІ........................................................................17-19
2.3.ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСІ................................................................19-25
2.4.ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ӘДІСТЕРІ................................................................................................25-32
3. ҚОРТЫНДЫ............................................................................................33
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................34
2. Мадақтау арқылы
3. Мадақ қолдана отырып,
кім, не үшін, қаншалықты сыйға
тұрарлық екенін сараптауды
4. Əрқандай мадақ жеке
тұлғалық ерекшеліктерді
5. Бүгінгі мектеп тəрбиесіндегі
басты міндеттерден жазбау. Мадақтау
мəселесін шешуде өз
Жарыс, бəсеке. Көп бала топтала қалса,
сол бойда өзара бедел таластыра бастайды.
Балалар табиғатына аса тəн құбылыс –
бəсекелестік. Төңірегіндегілер арасында
өз беделін танытып, оны бекіту – əр адамның
тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске
асыру басқалармен жарысуды керек етеді.
Жарыс нəтижесі баланың ұжымдағы беделін
ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді.
Жарыс əдісімен баланың бəсекелестікке деген табиғи қажеттігін жеке тұлғаға жəне жалпы қоғамға сай қасиеттерді баулитын тəрбие арнасына бұруға болады. Өзара жарыса жүріп, оқушылар қоғамдық қылық тəжірибелерін тез игеріп, тəн-дене, адамгершілік, эстетикалық сапаларын дамытады. Жарыс əсіресе үлгерімі төмен оқушылар үшін аса қажет: өз нəтижелерін жолдастарының жетістіктерімен салыстыра отырып, өз білімдері мен ептіліктерін көтеруге болған қозғау күш алады, оқуы мен өзіндік тəрбиесіне ден қоя бастайды. Жарыс ұйымдастыру – оңай іс емес: балалар психологиясын жете тану қажет, біртұтас маңызды шарттар мен талаптарды ұстану əрі орындау керек. Жарыс тиімділігі оның ұйымдастырылуында. Бұл үшін жарыстың мақсаттары мен міндеттері айқындалады, бағдарлама түзіледі, баға өлшемдері белгіленеді, жарыстыру шарт - жағдайлары жасалады, қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Жарыс өзіне сай күрделілігімен əрі қызықты өткізілуі тиіс. Сонымен бірге жарыс ережелері соңғы нəтижелерді бағалап, салыстыруға келетіндей нақты болғаны жөн. қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау жариялы болып, бағалау өлшемдері қарапайым, баршаға түсінімді болғаны дұрыс. Жарыс бағдары мен мазмұны айқын болуы тиіс. Бүгінгі таңда мектеп тəжірибесінде сынып, мектептің озық оқушысы, пəн білгірі атақтарын алу жарыстары өткізілуде.
Гуманистік педагогика жазалауды
да жоққа шығармайды, бірақ оның
шегін, сипатын, орындалу жолдарын өзгертуді
талап етеді.
Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп,
тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан
айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында
қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі.
Басқа тəрбие əдістері секілді жазалау
да қылық-əрекеттердің сырттай себептерінің
тұлғалық ішкі ықылас-ниеттерге ауысуына
негізделген.
Мектеп тəжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда;
1) қосымша міндеттер таңу;
2) кей құқықтардан айыру не шектеу;
3) моральдық сөгіс, не айып тағу.
Тəрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа сай талап қою.
Жазалау əдісінің тиімділігін
анықтаушы шарттар
1. Оқушы «пір» тұтқан
абыройлы адам тарапынан
2. Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға болмайды.
3. Жаза шешімі қабылданса, ол орындалуы шарт.
4. Жаза тиімділігі оның
оқушыға түсінімді болып, оны
əділ деп қабылдауынан. Өтелген
жаза қайтып еске алынбайды,
оқушымен қалыпты қатынас
5. Жазала, бірақ оқушының
намысына тиюші болма.
6. Жазалау мəселесін шешуде
негізінен келеңсіз қылықтарды,
болымсыз мінез бітістері мен
əдістерді шектеу, тежеуге бағытталған
тəрбие əрекеттері тізбегін
7. Жазалау əдісін қолдануға
негіз- дау-дамайлы жағдай (ситуация).
Бірақ көрінген орынсыз қылық
пен ережеден ауытқу жанжал
туындатпайды, сондықтан, парықсыз
жаза қолдана беруге болмайды.
Жазалау мəселесінде жалпы,
8. Жазалау - өте ауыр
да əсерлі əдіс. Жаза таңдаудағы
педагог қателігін түзету өте
қиын. Сондықтан, жүз берген жағдай
жөнінде толық та анық түсінім
болмағанша, асығыстықпен жаза қолдануға
болмайды. Кері жағдайда жаза
өз əділдігі мен пайдасын
9. Педагогикалық процестегі
жаза – кек алу құралы емес.
Балада жазаның оның өз
10. Жазаның жеке балаға,оны даралығына сай қолдануы – əділдіктен ауытқу емес. Бұл өте маңызды проблема. Егер педагог оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктеріне мəн беретін болса, жаза да, мадақтау да жікке келеді, ал, егер ол тек келеңсіз қылықтың өзіне мəн беріп, қай тəрбиеленуші тарапынан болғанына назар аудармаса, жаза түрлері жіктелінбей қолданылып, тұлғалық бағыт заңдылығына қайшы келеді. Мұғалім өз педагогикалық позициясын балаларға түсіндіруі шарт, сонда ғана шəкірттер жаза əділдігін мойындайды.
11. Əрқандай жаза педагогикалық
əдептілікті, жас кезеңдері
Ынталандыру – оқушыларыдың
жақсы бағалануын көрсетеді. Ол жағымды
дағдылар мен әдеттерді бекітеді және
қалыпты эмоция мен сенімділікті қалыптастырады..
Ынталандыру әртүрлі формада беріледі:
мақұлдау, мақтау, мадақтау, марапаттау
т.б. Ынталандыру барысында индивидтің
жеке қасиеттерін ескеру қажет.
Жазалау – ынталандыру әдісінің бір түрі.
Ол оқушыларды ескерту, тоқтату, үшін қателіктері
басқа адамдар алдында өзін кінәлі сезіндіруге
бағытталады. Жазалаудың әр түрі бар. Мысалы,
қос тапсырма беру, кейбір мүмкіндіктерге
шектеу қою, талқыға салу т.б. Жазалау әділетті,
дұрыс ұйымдастырылған болуы керек. Бірақ,
педагог жазалау оқушыға әсер ететініне
көзі жеткенге дейін асықпауы тиіс. Ынталандыру
әдісі адамдардың өз мінездерін дұрыс
бағалауға, өз қажеттіліктерін, өмір мәнін,
түсінуге, түрткі мен мақсат таңдауына
көмектеседі.
Талап – оқушылардың тәртібіне, олардың іскерлік адамгершілік сапасын ынталандырады және педагог пен оқушы арасындағы жеке контактының басқарудағы ұсыныстарын сақтау нормаларын көрсетеді. Көрсету ұсыну формаларына сай тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей талапқа анықтылық, нақтылық, түсініктілік тән болса, жанама талапқа психологиялық факторлар:
уайым, ұмтылыс, қызығушылық тән.
Перспектива (болашақ) - педагогикада
ынталандыру әдісі ретінде
Перспективаны: жақын (достармен
кездесу, кинотеатрға бару, клубқа бару),
орта ( дәстүрлі мереке, демалыс т.б.),
алыс – оқушылардың өмірлік
2.4. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ.
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.
- (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):
-этикалық әңгіме;
- әңгімелесу;
-пікірталас;
-лекциялар;
-өнеге;
-көндіру(суггестия).
Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
- бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
- оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу;
- әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
- баланың өз ойын айтып,
басқалардың пікірлерін
- қарым-қатынас мәдениеті,
мұғалімнің оқушы дәлелді
- әңгімені лекцияға айналдырмау;
- әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
- баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
-әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
-түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікіршығару;
-жас ерекшеліктеріне сай болуы;
- тартымдылығы, қызықтылығы;
-мұғалімнің артық сөздер айтпауы.
Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен
жеке сөйлесіп, оның кателігін өзіне
әдепті түрде түсіндіреді.Әңгіме тақырыбына
байланысты техникалық құралдар қолданылады.Әңгіме
мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады.
Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар
қойып, талдатып, қорытындылайды.
Пікірталас пікір білдіру, баға беру оқушының
дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер
мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен
күресуге үйретеді.Пікірталас оқушылардан
ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін
талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес
бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап,
жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді
ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен
таныстырады.
Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.
Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі
және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі
еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне
үңгіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш.
Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға
еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған
адамдарына еліктейді.
Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге,
құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына,
мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының,
өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына
еліктейді.
Сендіру. Мұғалім өз пікіріне
баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді:
"Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне
есеп бермейді".
Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын
дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды
бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені
ұнамайды,", - дейді.
Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының
көзін жеткізу үшін, мұғалім: "Суды стақанмен
іш, шишаның аузынан ішуге болмайды",
- дейді.
Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын
ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып
кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай
өтпейді" - дейді.
Диалог әдісін қолданатын мұғалім: "Мен
осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар",
- деп сөйлеседі.
Наным-сенімге оқушыны
əрқилы əдістермен жеткізу мүмкін.
Өткен ғасыр басындағы