Сынып жетекшісіның оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Июля 2012 в 21:53, курсовая работа

Описание работы

Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мүгалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырзшіысы өрі ұстазы,ақылшы-кеңесшісі болып саналады, Сондықтан да ол қиын да өрі жауаіпты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады., Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол — сынып.

Содержание

Кіріспе
1.1 Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны
1.1Сынып жетекшісінің қызметі міндеті
1.2Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
ІІ.Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі
2.1 Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары
2.2 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
2.3 Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Сынып жетекшісі.doc

— 238.50 Кб (Скачать)

Дегенмен, қандай да бір топты "ұжым" деп айтуга бола ма? Әрине, ол олай емес. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде "ұжымды" екі түрде түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы (мысалы, өндірістегі еңбек ететін адамдар тобы), екіншісі, тек жоғары деңгейде ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік.

Оқушылар ұжымына келсек, оның өзіндік белгілері бар. Атап айтсақ:

1.  Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да болмасын топта болды. Мысалы, көлікке отырған жолаушыда, балалардың тұрғын жайындағы жолдастары ортасында, тіпті қылмыскерлер ортасында да болады. Ал, біздің әңгіме қозғап отырған оқушылар ұжымына келсек, ондағы мақсаттың сипаты олардан тіші бөлек. Ол қоғам және мемлекет тарапынан қолдауга ие болып, басымдылык танытатын мемлекеттік идеология және зандар мен Ата заңға қайшы келмей, солардың шеңберінде әрекет жасайды. Себебі ондағы мақсат міндетті түрде қоғамның мақсатымен сәйкес келеді. Мәселе, адамның тағдыры үшін қандай мақсат нәтижелі әрі дұрыс бағьггталған, соны айыра біту қажет.

2.  Әрекет етуде өзара бірлескен іс-кимылдық болуы. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.

              3. Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барысында, оның әрбір мүшесінен жоғары жауапкершілік талап етіледі. Соған сәйкес, ұжымның әрбір мүшесінің өзара ерекше қарым-қатынасы белгіленеді көңіл-күйдегі әсерленушілікте, моралдық межеде, өзара пікір алмасуда, белгілі бір мәселеге қатысты бірыңғай ортақ көзқарастың болуы.

4.              Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы. Ұжымда демократиялық қатынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және ашық сайлау негізінде қалыптасады.

Ұжымды қалыптастырудың жоғарыда аталған белгілерінен басқа тағы да өзгешеліктердің болуы мүмкін. Бұл белгілер ұжымның ішкі қалыптасу құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады. Сондықтан, жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік, бір-біріне тілектестік және адал ниеттілік, сын және өзара сын орнығады. Сонымен қатар еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, жолдастарына, тіпті өзінің міндетіне жауапкершілігі мұқият қалыптасады. Татулық пен достығы жарасқан ұжымдағы өзара қарым-қатынас жеке басының мүддесін қоғамдық мүддеге бағындырумен анықталады. Мұндай көзқараста бежілі бір әлеуметтік объективтік және субъективтік құбылыстарға ұжымның әрбір мүшесінің айқын да сенімді қатынасының қалыптасуына оң ықпалын тигізеді.

Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым бөлігі - сынып ұжымы есептелінеді Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жұзеге асады. Тек сынып ұжымыңда ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.

Олай болса, оқушылар ұжымы деп - ортақ әлеуметтік маңызы  бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мұшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілдікке негізделген оқушылар тобын атаймыз.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?

Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы балалардың басым көпшілігінің мінез-құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей ұйымдастырылуы қажет. Тәрбие жұмысын осылай құру оқушының дүниетанымын, рухани байлығын, моральдық тазалығын, дене тәрбиесінің жетілуін, бір сөзбен айтқанда жас ұрпақтың жан-жақты үйлесімді қалыптасуын қамтамасыз ететін тәрбйелік шаралардың басты саласы болып табылады.

Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім адуда болмайды. Бұлар бір-бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді.

Саналы тәртіп - мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сижат - өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.

Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет - білім алу мен оқу әрекетінің сапасын ұнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы тәрбие жұмысы мектептегі. "Оқушыларға арналған ережелердің" мүжіксіз орындалуын қамтамасыз ету және пән мұғалімдерімен бірлесе отырып оқушылардың жоғары үлгерімге жетуіндегі оқу әрекеттерін ұйымдастыру.

Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда. сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі.

Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар - ұжымының ұйтқысы.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы әрі қиын әрі курделі және жан-жақты. Сондықтан да ол осы жауалты жұмыстарды атқаруда оқушылардың өздеріне, тіпті олардың белсенділеріне арқа сүйегені жөн. Мұндай жағдайда. сынып жетекшісінен жан-жақты білімділікті, асқан шеберлікті қажет етеді.

Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз - оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйтқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастыудағы білімі мен қабілеті.

Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынъш жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады.

Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік касиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.

Бұл тұрғыда, сыныпта қогамдық пікірді орнықтырудың маңызы ерекше. Оқушылар арасындағы қоғамдық пікір өздеріне деген шынайы ортақ көзқараста, оқу әрекеттері мен коғамдық жұмыстарының сапасын бағалауда, әділ сын мен өзара сын орын алғанда, жекелеген оқушының жағымсыз қылықтарын сынып талқысына салып отырған жағдайда ғана қалыптасады.

Қоғамдық дұрыс пікір орныққан сынылтарда жолдастарының оқу-тәртібіндегі кемшіліктерін оқушылардың өздері-ақ талқыта салып отырады. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялық, әрекеттік, қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі. Қоғамдық пікірдің ұйымдастырушылық, ынталандырушылық мәнін де жоққа шығаруға болмайды.

Ұжым өмірін қызықты етіп ұйымдастыруда жақсы дәстүрлердің тәрбиелік мәні ерекше. Дәстүр - оқушылар ұжымының өмірін, белсенділігін нығайтады және дамытады.

Дәстүр - бұл жақсы әдет-ғұрып, ұжым өмірінде орныққан істің жағымды тәжірибесі. Мектеп өмірінде қалыптасқан жақсы дәстүрлер бар. Олар жалпы мектеп көлемінде не болмаса бежілі бір сынып ішінде қалыптасқан.

Мектеп жағдайына келетін болсақ: мектеп бітірушілердің соңғы қоңырауы; Алтын күз мейрамы; Жаңа жыл шыршасы; Махаббат күні (День святого Валентина); Көркем-өнерпаздар байқауы; Спорттық жарыстар; Мейрам күндерін тойлау; Наурыз мерекесін атап өту; Көрмелер ұйымдастыру т.б.

Сынып жағдайына келсек: оқушылардың белгілі бір сыныпта өз шежірелерін жүргізу; Туган күндерін атап өту; Алыс немесе жақын шетелдегі достарымен хат алысу; Қарттарды қамқорлыққа алу; Қысқы және жазғы демалыс кездерінде туристік саяхат жасау т.б.

Сынып жетекші жері дәстүрлі шараларды өткізгенде оқушылардың өздерінің белсенділіктері мен іскерліктеріне сүйеніп, қалыптасқан жақсы дәстурлерге ұқыпты қарағандары жөн.

Дәстүрлерді сырттай таңуга болмайды. Ондай жағдайда оқушылар тарапынан қолдау таппайды. Дәстүрлерді оқушылар қолдаған жағдайда ғана сақталып, дамып отырады.

Дәстүрлі шараларды өткізу және ұйымдастыру барысында оқушылардың ата-аналары тарапынан оны қолдау немесе оларға қатынасуларының тәрбиелік маңызы ерекше.

Мысалы, балаларымен бірге туристік жорыққа шығу, спорттық жарыстарға қатысу ("Мама, папа және мен" ойыны), тәрбие сағаттарын бірлесе өткізу т.б.

Өмір жағдайына байланысты дәстүрлердің түрі, сипаты, мазмұны өзгеріп, толығып, жаңарып отырады. Жоғарыда қелтірілген дәстүрлер кеңестік дәуірдің жемісі Қоғамыздың бүгінгі таңдағы жаңаруы, мектеп өміріне де өз ықпалын тигізуде.

Сондықтан, сынып жетекшілері оқушылар ұжымын жақсы тәрбиелеуде бүгінгі қолы жеткен табыстармен шектелмеуі қажет. Жаңа жағдайда бейімделіп, жаңа білім, тәжірибелер жинақтап оқушылар өмірін қызықты ұйымдастыруда дәстүрлі тәрбие мәселелеріне айрықша мән берулері керек.

Оқушылардың санасы мен белсеңділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жауапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады. Бұл үшін сынып жетекшісі оқушыларды қоғамдық жұмысқа мүмкіндігінше көбірек тартуға тырысқаны жөн. Қоғамдық жұмыстарды атқару барысында жекелеген оқушылардың қабілеттерімен жеке басының ерекшеліктерін танып білуге мүмкіндік туады. Екінші жағдайда, қоғамдық тапсырмаларды орындау барысында балалардың бір-бірімен араласүы, оны атқаруға деген ынтасы артып, өзара тез тіл табысып кетуіне мүмкіндік туғызады. Қандайда бір жаңа іс сынып өмірше қозғау салады, оны мазмұнды да жарқын етеді. Сөндықтан да сыныптың әрбір мүшесі белгілі бір тапсырмаға ие болып, оны өзінің шамасына қарай орындауы керек.

Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін-өзі тәрбиелеуі маңызды. Өзін-өзі тәрбиелеу - баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінін нәтижесі Ол үшін балада міндетті түрде қоғамдық-әлеуметтік мотив (түрткі) болуы керек.

Оқу - тәрбие жұмысының барысында оқушьшардың сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - сынып жеткешісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушының білгмге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуте сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.

Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейтуде, құштарлығын және білім сапасын арттыруда олардың бос уақыттарында әдеби көркем шығармаларын оқушының пайдасы көп. Ол үшін оларды жүйелі түрде кітап оқуға дағдыландыру қажет. Сынып жетекшісі мектеп кітапханашысымен ақылдаса отырып, қай оқушыға, қандай кітаптарды оқу қажеттігі туралы кеңес беріп, оны тандауға, оқу дағдысын игеруіне көмектеседі. Жақсы көркем шығармаларын сынып болып талқылауын ұйымдастырады. Оқушылардың ата-аналарына сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру туралы кеңес беріп отырады.

Көркем шығармаларды аз оқитын оқушыларға үнемі көңіл белу қажет. Көбінесе, сондай оқушылардың оқыған кітаптары бойынша әңгіме ұйымдастырып, олардың қызығушылығын арттырып отыру міндетті.

Өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары барысында оқушылардың театрға, киноға, мұражай және көрмелерге барып тұрулары мен оның нәтижесін ұжым болып талқыға салуды дәстүрге айналдырудың да маңызы ерекше. Табиғатқа және өндіріс орындарына жорықтар жасап, еңбек және соғыс ардагерлерімен, өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер, кештер ұйымдастырудың да тигізер пайдасы зор. Атақты адамдардың үлгі-өнегесінде тәрбиелеу - оқушылардың сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың басты құралы.

Жеке топтық жұмыс тұлғаның қажеттілігін және қызығушылығын жүзеге асыру барысында оның дамуына мүмкіншілік тудырып қана қоймайды, сонымен бірге қабілетін де шыңдап, басқа да топтардың өзара әрекеттесуі барысында жалпы сынып ұжымының дамуына ықпал етеді.

Дегенмен де қазіргі психологиялық - педагогикалық зерттеулерде сыныпта ұжымдық шығармашылық әрекеттің басым болу қажеттілігіне аса маңыз берілген. Ондағы себеп, ұжымдық әрекет балалардың өздеріне және басқа да адамдарға ізгілік қатынастарын дамытуда, мұғалімдерге оның жалпы бағытын ұстанып отыруына мүмкіндік береді деген пікірді алға тартады.

Ұжымдық шығармашылық форма - оған қатысушы жақтардың өзара бірлесіп іздену жұмыстары негізінде жүзеге асады. Ол үшін:

-әрбір қатысушынының қызығушылығы және қажеттілігі ескерілуі тиіс;

-жеке тұрғыдағы мақсат топтық және жымдьіқ мақсатқа қарама-қайшы келмеуі тиіс;

-ұжымдық шығармашылық іс, жалпы ортақ істе әркімнің өзінің орнын таба білуіне мүмкіндік туғызуы тиіс.

Ұжымдық шығармашылық әрекет формасы басқалардан тәрбиелік міндеттерді қою және оқушылардың тәжірибе жинақтау сипатымен ерекшеленеді. Оның негізін ұжымның барлық мүшелерінің өзара бірлескен әрекеттері, ынтымақтастығы жағдайы құрайды. Мұндай жағдайда олар сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты жоспар құруды, тәрбие шараларын дайындау және өткізуді бірлесе атқарады.

Ұжымдық шығармашылық істі ұйымдастыру негізінен 5 кезеңнен тұрады.

              1. Дайындық жұмысы. Мұғалімдер сынып ұжымымен болашақта атқарылатын шығармашылық істің жоспарын алдын-ала белгілейді, оның нақты тәрбиелік міндеттерін анықтайды, балаларға оның әр түрлі жобасын талқылау ұсынылады, олардың пікірлерімен санаса отыра, жоба нақтыланады, соның барысында әрбір оқушының оған белсенді қатысып орнықтыратын тәсілдері қарастырылады.

              2. Ұжымдық жоспарлау. Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни, олар қойылып отырған мәселеге сай оның шешімін ұжым болып немесе топ-топ болып бірлесе қарастырады. Шараның құрылымын белгілеп, нақты жоспарын құрады. Белсенді топ құрылып, жауапты адамдар тағайындалады.

              3. Ұжымдық іс-қимыл. Ұйымдастыру тобы дайындық жұмыстарының жоспарын құрып, оны нақтылып, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. Оны ұйымдастыру барысында жекелеген оқушыларға немесе топқа тапсырмалар бөлініп; олардың барысын қадағалап отырады. Сынып жетекшісі бұл кезеңде оқушылардың бастауларына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылықпен ынталы жұмыс істеуіне себепкер болады. Кейбір жекелеген оқушының бастамасы мен белсенділігін басқаларға үлгі тұтып отырады.

Информация о работе Сынып жетекшісіның оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі