Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 13:38, курсовая работа
Бір мысал алайық, атом радиациясының кеселінен су кепті, жер тозаңға, тас күлге айналды, өсімдік өсуін тоқтатты. Ауа қозғалысы өзгергендіктен, жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа ұшырауда. Міне, тіршіліктің, болашақ жанды заттардың жер бетінен жойылу қаупінің негізі осында. Бұл қағиданың негізінде, енді адамзат тіршілікті сақтап қалудың жолын іздеуде. Демек, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол - салауатты өмір сүру салты.
Кіріспе
І Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
1.1 Салауатты өмір сүру салтының мағынасы
1.2 Салуатты өмір сүру салтын мемлекеттік деңгейде реттеу
ІІ Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
2.1 Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары
2.2 Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру
Қорытынды
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының
“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
ІІ Салауатты
өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
2.1 Салауатты өмір салтын қалыптастырудың
мектептегі негізгі бағыттары
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.
Қорыта келгенде, академик Н.
М. Амосов айтқандай: “
Құрбы - құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.
Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.
Халықтың денсаулығы
– ел дамуының аса маңызды
тұтқасы, болашағымыздың кепілі
Атамыз қазақтың
«Бірінші байлық - денсаулық», яки
болмаса «Денсаулық – терең
байлық» деген даналық
Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген.
Жуырда ғана өткен
дәрігерлер мен провизорлардың
съезінде сөйлеген сөзінде
Бірінші: балалар
мен жасөспірімдердің
Екінші: халықты қол
жетерлік және саналы
Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.
Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!
Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр.
Жасыратыны жоқ
бүгіндері елімізде осынау
Тағы да айтарым,
өкінішке орай көптеген
Жас кезінен аурушаң
болған Поль Брегг «Өзіңді
өзің жасай біл» деген
Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
Адам денсаулығына
зиянын тигізетін жат
Біз табиғаттың, қоршаған
ортаның ластануына жол
Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.
Қазіргі уақытты өткен кезеңмен
салыстыра алмайсың. Себебі уақыт
өте көптеген өзгерістер өмірге енді.Тіпті
бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз.
Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар
жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар
арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік,
тіпті нашақұмарлықта дендеп бара жатқандай.
Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге
тәуелділік мәселесі де қосылып отыр.
Қызығушылықпен істеген істің арты немен
тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.
Қазақ халқы « тәрбие басы-тал бесік» деп
бекер айтпаса керек. Жат әрекеттерге
қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған
жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте,
арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында
дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп
қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы
мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда
салауатты өмір салтын қалыптастыру. Салауатты
өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің
маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің
бірі мектеп оқушыларының салауатты өмірге
деген ықылас жігерін қалыптастыру болып
табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын
артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі
болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде
қалыптастыру керек.
Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни,дені-сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Жастарды салауаттылыққа тәрбиелеуде дене тәрбиесінің маңызы ерекше.
Есік қаласының Абылай хан орта мектебінің дене тәрбиесінің мұғалімдері де дене тәрбиесі мен салауаттылықты уағыздауда өз үлестерін қосып келеді. Мектептің оқу жоспары бойынша дене тәрбиесіне, жаттығу жұмыстарына бөлінген сағаттарды тиімді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын оята білуде. Өз істеріне сүйіспеншілікпен қарап, нәтижесін көрсетіп жүрген мұғалімдеріміз туралы айтып өтсек артық болмас. Ондай ұстаздарымыз өз ісінің шеберлері, тәжірибелі ұстаздар Сайлыбаев Н А, Фазылов А А білімі мен тәжірибесін жастарға үйретуден бір жалыққан емес.Уақытпен санаспай қашанда оқушылармен қызу жаттықтыру жұмысын жүргізіп жатқанын көресің, өз білгендерін жастарға үйрете отырып, олардың болашағына сеніммен қарап,үміт күтеді.
Міне,осындай тынымсыз жұмыстың арқасында біраз табыстарға қол жеткізді.Тек волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, шахмат –шашки үйірмелерімен шектеліп қалмай,оқушылармен аяқ доп үйірмесін ұйымдастырып, жүргізіп келеді. Алғашқыда үйірмеге қатысушылар көп болды. Дегенмен жаттықтырушылар өз жұмыстарына сеніммен қарап, оқушылар арасынан команда құру үшін мектепішілік іріктеу турнирін өткізді. Нәтижесінде 2 команда құрылды.
Бүгінгі тақырыпқа арқау болған осы қос команданың аз уақыт ішінде жеткен жетістіктері туралы болмақ. Команданы қалыптастыруда жаттықтырушылар қатал тәртіпке сүйенді.Команда мүшелері жат әрекеттен бойын аулақ ұстап, өзгелерге үлгі болатындай болуы шарт. Жаттығу кезінде тәртіп сақтауға, достарына көмек қолын созуға, жаттықтырушысының ақыл-кеңесін толықтай жүзеге асыруға міндеттенді. Міне,осындай тәртіп команданы ауызбіршілікке,өзара достық қарым-қатынасқа, еңбек сүйгіштікке қол жеткізді.Тәртіп болған жерде жұмыс та иіріліп жүре беретіні белгілі жағдай. Жаттықтырушылар тек команда емес, өздеріне де қатаң талап қойып, жұмыстарын жандандыра түсті.
Команданы дайындауда ерінбей еңбек етіп, команда мүшелерін ширата түсті. Төгілген тер далаға кетпейтіні белгілі, бір нәтижесі болады. Соның айқын дәлелі ретінде мектебіміздің волейбол, баскетбол командалары аудандық жарыстарға қатысып жүлделі орындардан көрініп жүр. Ал аяқ допшылар командасы құрамы жағынан жас болғанымен біршама табыстарға қол жеткізді. Бұл жеңістер команда мүшелерінің өздерінің алдына нақты мақсат қоя отырып,соған қол жеткізуге ұмтылу олардың аяқ допқа деген қызығушылығын оятуға әсер етті.
Осы жылғы тамыз айының 15-жұлдызында ауданымыздан шыққан үш генералдың бірі генерал майор Асылкеней Сағымжан Байболұлының турнирінде мектептің құрама командасы аудан көлемінде қатысқан сегіз команда ішінде бірінші орынды иеленді. Екінші команда үшінші орынға табан тіреді. Қыркүйек айында өткен Құдайберген Орымбетовты дәстүрлі еске алу турнирінде қатысқан жеті команда ішінде бірінші орынды иеленді. Қазан айында өткен Еңбек ардагері Дүйсебай Надырбаевты еске алу турнирінде жеңіске жетіп, бірінші орынға көтеріліп, кубокқа, бағалы сыйлықтарға ие болды. 2009 жылы оқушылар арасында аудан біріншілігінің жеңімпазы болып марапатталды.
Информация о работе Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері