Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 21:00, доклад
«Әдіснама»грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағьшаны береді. «Метод» «әдіс»термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.
педагогикалык
зерттеудердін әдіснамасы. «Әдіснама»грек
тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым»
деген мағьшаны береді. «Метод» «әдіс»термині
тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде
анықталады, яғни методология мағынасы
жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым
болады. Сондықтан әдіснама – зерттеу
процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.
Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми ұғымның,
теориялық негізі, ретіңде дамуы мүмкін.
Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен
байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің
бастамасын жөне негізін (фактический)
Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып
философиялық әдістің ерекшелік сипатына,
оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына
және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі
назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз
мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін
ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс
жасалмайтындығын баса көрсетті.
Материалистік диалектика объективті
шындықты тану әдістері негізінде табиғат,
қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын
негізге алады. Таным әдісі табиғат пен
қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде
ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми
танымның принциптері, оның категориялары
мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған
кездейсок ережелерінің қосындысы емес,
ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының
бейнесі болыл табылады.
Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз
козғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың
бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат
және адам тәжірибесі туралы ғылымдарынын
деректерімен толық сәйкестік барын көреді.
Диалектика дамудың ең жалпы зандылықтарын
жасап үйлестіреді; бірлік және қарама
қайшьшылықтардың күресі, саннан сапаға
көшу және теріске шығаруды теріске шығару,
мынадай философиялық жұп категорияларымен:
себеп салдар, кажеттілік жөне кездейсоқтық,
мүмкіншілік пен шындық, мән және құбылыс,
мазмұн мен форма және т.б. аныкталады.
Диалектикалық өдіс таным процесі арқылы
заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі,
яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз
дамуда, олардың органикалық бірлігі мен
өзара байланысында материалдық шындықгың
заңдылықтарын ашады.
Сонымен материалистік диалектика ғылыми
ізденістің стратегиясын береді, бірақ
ол нақгылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға
дайын жауап бермейді. Әдіснамалық анықтамаларды
менгеру арқылы ғалымда да және машықтандыруда
да көзкарастың дүниетанымдық ұстаным
қалыптасады, ол содан кейін белгісіз
зерттеулерде, жасалған ғылыми идеяларды
кәсіби тәжірибелік іс -әрекеттер арқылы
жүзеге асырылады. Бірақ, соңғысы нақтылы
ғылымның әдіснамасымен байланысты және
сол сияқты педагогикада қолдануға болады.
Одақгық педагогикада XX ғасыр түгелдей
қойылған сұрақтарға өте белсенді жауап
іздестіру уақыты болды.
Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық
алғы шарттар негізінде жасалады, ал ол
теорияның негізгі салаларымен байланысты-
табиғат, коғам және ойлау ғылымдарына
қатысты үшбұрыш. XIX ғасырдың өзінде қалыптасқан
дәстүрлі үшбұрышта педагогикаға, медицинаға,
техникалық білім және басқа да ғылымдардың
жасампаз мақсатта бағытталған адамдардың
іс -әрекеттеріне байланысты ғылымдарға
орын жоқ. Сондықтан XX ғасырдың екінші
жартысының өзінде, кейбір ғалымдар (М.Г.
Ярошевский) төртбұрыштық ғылымды ұсынады.
Мұндай жағдайда адамдардың жасампаз
мақсатты бағытталған іс – әрекеттері
ғылыми білімдер жүйесінің моделінде,
заңды өз орнын алады. Бұл, әрине, нақтылы
ғылыми білімнің, міндетті түрде: сол нақтылы
ғылымның әдіснамасын, теориясын, тәжірибесін
көрсетіп, теорияны жалпылау мен практикалық
ұсыныстарға, құрамына әсерін тигізеді
Демек, XIX ғасырдың аяғының өзінде қалыптасқан
ғылымның даму тенденциясы ғылымды теориялаңдырудан
тұрады. Міне осыдан ғылыми жұмыстардың
ең көп тараған фундаментальдық терең,
қолданбалы және талдамалық бөлінуінен
келіп шығады. Кейбір ғалымдар (К.Е. Гмурман)
ғылымдардың бөлінуін басқаша береді:
фундаменталдық, теориялық, теориялық
– қолданбалы және талдамалық, зерттеулерді
теорияландырудың ролін баса көрсеткен.
Сонымен бірге қазіргі уақытта, іс-тәжірибеге
шығуды қарастырмаған барлық теориялық
тұжырымдамалар кейін оны қайта өзгертудің
негізі болуы мүмкін.
Іргелі терең зерттеулер, кұбылыстар мен
процестерді сипаттау мен түсіндіруде,
олардың әрекеттерінің тетіктерін, зандар
мен зандылықтарын, олардың дамуы мен
өмір сүріп, қызмет етуімен байланыстылығын
теориялық зерттеулер ашып көрсетуді
мақсат еткен нақтылы көрінбейтін құбылыстардың
мәнін зерттеумен, олардын өзара байланыстары
мен тәуелділіктерін анықтаумен байланысты,
оларды тәжірибе жүзінде басқару мүмкіндіктерін
білуін айқындайды. Теориялық қолданбалы
зерттеулер практикалық іс – әрекеттердің
табылған заңдар мен заңдылықтардың қолдану
тәсілдерін айқындайды. Талдамалар машықтандыру
(халыкқа білім беруді ұйымдастырушыларға,
мұғалімдерге, тәрбиешілерге) жұмыстарына
керекті әдістемелік оқу құралдарың нұсқаулар,
әдістемелік нұсқаулар, құралдар және
т.б. беруге бағытталған.
Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі
идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектшер
өзара тыгыз байланысты. Сондықган педагогикада
теорияны жасау және зерттеудің теориялық
деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция
болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың
әдіснамасы деген сұрақгы қарастырғаңда
күмән жоқ,бұл сұракқа жауап бермей басқа
сұраққа жауап беру мүмкін емес — ал, бүл
дегеніміз педагогикалық зерттеулердің
теориялық деңгейін күшейту деген сөз.
Педагогикалық әдіснаманың мәні әртүрлі
түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық
қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде
қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін
жасауға арналған ғылыми пән ретінде.
Бұл айтылған үш көзқарас педагогика әдіснамасның
шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе
тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика
әдіснамасның пәні болып педагогикалық
құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық
білімдер жүйесін (Ф.Ф. Королев) зерттеу
процесі екендігі анықтылған.
Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның
әдіснама» қызметін атқаратын әдіснамалық
және жалпы теориялық білімдер шекарасы
айқыңдалуда. Әдіснамалык білімдер жүйесіне:
педагогика пәні, педагогиканың категориялары,
педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі
ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен
өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының
жүйесі; педагогикалық пәңдердің жалпы
және ерекшелік міңдеттері, педагогиканың
анықтамалы – терминдік жүйесі жатады.
Әдіснаманың көрсетілген аспектілерін
жасау «білетін туралы білім» береді.
Осылайша педагогикалық құбылыстарды
тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер
анықталады, «білетін туралы білім», яғни
педагогикалық құбылыстарды зерттеудің
өзінде оның принциптері, заңдылықтары,
әдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады.
Қазіргі кезеңде мынадай әдіснамалық
нысаналарды жасау педагогика ғылымының
түсіндіру, жобалау және конструктивтік
функцияларының атқаратын қызметтерінің
өзара байланыстылығын, педагогикадағы
дүниетанымдық пен методологиялық принциптерінің
ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен, ұғымдар
қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе
болып отыр (В.Е. Гмурман, Г.В. Воробьев,
В.И. Журавлев).
Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге
педагогикалық процестің мәнін, зандылықтарын,
биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасын;
педагогикалық процесте тұлғаны қальштастыру;
тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың
әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық
процестің принциптері, оны ұйымдастырудың
формалары мен әдістері және т.б. жатады.
Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі
сұрақгары пәнаралық және ғылым аралық
байланыстарын диференцияландыру мен
интеграцияландыру негізінде педагог
— зерттеушілер мен практиктардың зерттеу
процесін ұйымдастырудағы дайындығына
байланысты тиімді жасалуы мүмкін.
Қандай да салада болмасын ғылыми таным,
таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу
процесінің барлық элементтерін білуін
талап етеді:
- тақырыпты үйлестіруді (дифференцировать)
және оның
көкейкестілігін дәлелдей білуді;
- ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын
және пайда болған
қайшылықтарын анықтай білуді;
- зерттеу мәселесін үйлестіре білуді
(яғни жауапты талап ететін
сұрақты);
- мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын)
нысана және зерттеу
пәнін анықтай алуды.
Ғылыми зерттеуге тән нәрсе, сол мәселеде
үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілі
бір жобаланған жауап ретінде бейнеленеді.
Осыдан зерттеудің міндеттері шығады:
зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық
сипаттама) және зерттеудің теориялық
моделін жасау, эмпирикалық тәжірибені
меңгеруді анықтаушы эксперимент және
педагогикалық шыңдықты қайта құруды
қаматамасыз ету қалыптастырушы эксперимент.
Қойылаған міндетгерді шешу зерттеушінің
соған сай ғылыми әдістерді қолдануын
талап етеді. Теориялық және теориялық
қолданбалы міндеттерді шешу үшін – теориялық
деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы
талдау, нақтыдан абстрактылық және абстрактылықтан
нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент)
қолданылады. Теориялық қолданбалы және
қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу
үшін: бақылау, әңгімелесу,анкеталық педагогикалық
құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданылады.
Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолданатын
терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы)
болып табылады, себебі басынан бастап,
басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндігі,
не туралы екендігі айқын болуы керек.
Бір терминді (сөзді) бірнеше мағынада
қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы
сонда, зерттеу пәнінің ұғымдық сипаттамасы
(теориялық сипаттама) зерттейтін құбылыстың
мәнін мазмұнды ашып көрсетудің оның теориялық
моделін жасаудың кепілі болады.. Соңғысы
арқылы зерттеу құбылыстарының нақтылы
педагогикалық шындықтағы жағдайын және
практикалық іс-әрекеттер үшін берілетін
нұсқаулардың тиімділігі бағаланады,
олар практика үшін қажетті әдістемелік
материалдар мен нұсқаулар пакеті ретінде
болашақ педагогикалық іс-әрекеттер жобасында
қаланады.
Тақырыбы: Педагогиканың әдіснамалық негіздері.
Жоспар
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Педагогиканың
зерттеу әдістері
Педагогикалық
теория дамуының ежелден-ақ маңызды
факторы оның ғылымдық өрістеуіне арқау
болған әдіснамалық шарттар. Ғылым
әдіснамасы бұл - табиғат пен қоғам
құбылыстарын зерттеуге негіз болған,
әрі сол құбылыстардың
Педагогикалық теорияның бұдан былайғы да етек алуында осы екі әдіснамалық бағыттың маңызы зор болды. Осының салдарынан батыстық педагогикада қазіргі кезеңге дейін адамның дамуы мен тәрбие мәселелері бойынша белгілі бір қауымдастықтың мүддесін жақтаған идеалистік ойшылдар бар. Солармен қатар оқыту және тәрбие теориясына елеулі үлес болып қосылған, әрі жалпы адамзаттық маңызға ие болған материалистік идеялардың иелері де баршылық.
Көп әдіснамалық алғышарттардың ішінде аса маңыздыларының бірі тәрбиенің барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдарлы бай-ланысты сипатта екендігі. Тәрбие әрқашан, бұрында атап өткенбіз, қоғамның және оның даму бағытының қажеті-нен туындаған. Осыдан материалистік бағытқа негізделген педагогика өз зерттеулерін тәрбие мен оның теориялық тұғырнамасына ықпал жасаушы өндірістік -экономикалық және әлеуметтік-саяси факторларға байланыстыра жүргізеді.
Материалистік
педагогика өткен дәуірлердегі қоғамда
көрініс берген теориялық тұжырымдарға,
бүгінгі күні өзгерген саяси-әлеуметтік
талаптарға орай қалыптасып жатқан тәрбиелік
ой-пікір ауқымын дәл осы
Материалистік
тәрбие теориясының шешімі үшін ең
маңызды идея - бұл адамның жеке
тұлға болып дамуының көзі тіршілік
иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы
''әлеуметтік бағдарламаға'' сәйкес, қоғамдық
ықпалдың, соның ішінде тәрбиенің
нәтижесінде іске асады. Сонымен
қатар бұл әдіснама, адам дамуының
көзі, одан тыс екенін айта отырып, оның
қоғамдық тұлға болып қалыптасуында
өзінің ішкі жан дүниелік белсенділігінің
де маңызды рөл атқаратынын алға
тартады, әрі зерттеушілерге осы
өзіндік жан белсенділігін
Материалистік философия мен педагогика қоғамдағы әлеуметтік және рухани қатынастардың жетілуімен адамның өзі де жетіліп, әрі дамып отырады, оның өзіндік қасиеттері мен сапаларын ұнамды бағытта өзгертіп және жақсартып отыруы үшін зор табиғи мүмкіндіктерге ие екендігін жария етеді. Сонымен қатар, бүгінгі педагогика тағылымы қоғамдық дамудың объектив заңдылықтарына жүгіне отырып, қоғамдық ілгерлеуге қызмет ету қажеттігін, адамды қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп тануды өз міндеті деп санайды.
Біздің ойымызша, адам тәрбиесінің күнделікті практикасында болсын, теориялық тұғырнама пайымдауда болсын жоғарыда айтылған бүгінгі педагогика тұжырымдамаларын негізге ала отырып, идеалистік бағыт-ты да, имандылық шарттарын да өз орнымен үйлесімді пайдаланып отырған қажет.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Педагогиканың
дамуында оның басқа ғылымдар-мен
байланысы ерекше маңызды рөл
атқарады. Педагогика өзінің ғылыми қалыптасуында
философия , әлеуметтану, этика, эстетика,
психология, анатомия мен адам физиологиясы,
гигиена, этнография, математика, кибернетика
және т.б. ғылымдардың идеяларын
пайда-ланып жетілуде. Аталған және
басқа ғылым салаларынан
Сонымен, адам жөніндегі
басқа ғылымдардың идеялары педагогикаға
тәрбие заңдылықтарын терең және
жан-жақты зерттеуге мүмкіндік
ашады. өз дәуірінде К. Д. Ушинский ''Педагогикалық
антропология'' еңбегінде ''Егер педагогика
адамды әр тараптан тәрбиелегісі келсе,
онда ол ең алдымен сол адамды жан-жақты
танып алуы тиіс'' - деген. Мұнысымен
көрнекті ғалым педагогика үшін адам
зерттеуші антропологиялық
Педагогиканың
басқа ғылымдармен байланысының
екінші тарапы - олардың зерттеу
әдістері мен тәсілдерін үйрену және
шығармашылықпен игеріп, пайдалану.
Нақтырақ айтсақ, психология, социология
және т.б. ғылымдар педагогикалық құбылыстарды
эксперименталды зерттеудегі
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жөнінде айта отырып, оның сол ғылымдарға жасаған әсерін де елемеуге болмайды. Мысалы, педагогикада негіз тапқан ұжымның тәрбиелік рөлі хақындағы идея осы проблема бойынша психология, философия, этика, социология және т. б. ғылымдар аймағында жүргізіліп жатқан зерттеулерге үлкен ықпалын тигізіп отыр.
Қолданылған әдебиеттер
Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.
Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.
Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.
Ахметов Ж. Балаларды
мәдениеттілікке тәрбиелеу
1994.
Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
Әбенбаев С. Оқушы
жастарға эстетикалық тәрбие беруді
жетілдіру. -А., 1992.
Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. -Шымкент 1994.
Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.
Әбиев Ж. Еңбек
тәрбиесінің педагогикалық
Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі, 1959. ғ3.
Әбілова З. Оқушыларға
эстетикалық тәрбие беру. -А., 1972.
Әлеуметтік психологияның методологиялық негізі
Жоспар:
1. Методология мәселесі
2. Методология денгейлері
3. Әлеуметтік психология зерттеу әдістері.
Методология мәселесі барлық ғылымдарға маңызды. Әлеуметтік психологиялық статистикалық зерттеу жүргізген кезде осы нәтиженің ғылыми принцептеріне сүйенеді. Олар: Психология және әлеуметтану.
Қазіргі ғылымда методолгия термині грек тілінен «танып білуге жол» дегенді білдіреді және ғылыми білімдердің 3 денгейін көрсетеді.
1. Жалпы методология- бұл жалпы принциптердің қосындысы. Жалпы методологияға әртүрлі философиялық құрылымдар кіреді.
2. Жеке методология- жеке принциптер құрылымы, нақты білім аймағында қолданылады.Әрекет принціпі үлгі болады. әлеуметтік психологияда бұл принцп адамдардың бірлескен іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі. Және бұл кезде ерекше байланыстар түзіледі. Іс-әрекет субьектісі ретінде коллектив іс-әрекет субьектісі бола алады. Бұл принціпті қолдану арқылы коллективтегі іс-әрекет субьектісінің аттрибуттарын зерттеуге болады.(қажетілік, мотив, топ мақсаты
3. Методологиялық қолданыстар- Т.В.Каркилова бойынша бұл- зерттеудің көптеген әдістемелері,теориялар.Әдіске және әдістемелерге бөлінеді.
Әдіс-зерттеу стратегиясы болады. Әдістеме техника мен эмпирикалық анықтамалардың фиксация әдістері.
Әдістерді
жалпы және арнайы методологиядан бөліп
қарауға болмайды.Бұл
Бір
әдістер мен әдістемелер
Ғылыми зерттеу үшін.
1. Зерттеудің нақты обьектісінің болуы.
2. Фактілерді анықтау, себебін табу,әдістерді жасау, болжам қою
3. Қойылған фактілер мен болжамдар арасындағы ашық байланыс
4. Фактілер мен құбылыстарды жобалау және түсіндіру.
Ғылыми зерттеулердің ерекшеліктеріне жаңа жиналған анықтама, оларды принциптерге біріктіру, принціптерді алдыңғы жұмыс негізінде тексеру және қолдану.
Әлеуметтік
психологияның зерттеу