Педагогикалық технологиялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 04:00, реферат

Описание работы

Мектеп жасына келгенмен дамуында құрбыларынан 1,5-2 жыл кейін қалатындар бар.

Работа содержит 1 файл

Біліміне қарай саралап оқыту.doc

— 120.00 Кб (Скачать)

   Материалды  түсіндіру. Мұғалім оқушыларға өзінің бейне-дәрістерінің жазбаларын жібереді. Кейде Интернет желісіндегі білім қорларына сілтеме жасап жіберген жақсы.

   Мұғалім пікірталастарды басқарады.

   Пікірталас, веб-форум, е-mаіl-конференция, чат-пікірталас тәртіптеріне өте алады.

   Оқушылар  мұғалімге сұрақ бере алады. Сұрақтар электрондық хат арқылы, ұжымдық rаm - сабақ кезінде жеке "терезе" арқылы, т.б. беріледі.

   Оқушы оқушыға сұрақ береді.

   Мұғалім оқушылардың реакциясын көреді, өзінікін білдіреді. Бейнеконференция режимінде  мұғалім оқушының талқыланып отырған  мәселеге қатынасын көреді. Мәтіндік электрондық тележелілерде клавиатура белгілерінің көмегімен жаса-латын бет пішіндер бар: мысалы(:-) жымию, т.б. Кейбір телеқатынастық бағдарлама көңіл-күйді білдіру үшін қосымша құралдар ұсынады.

   Мұғалім оқушыларды бағалайды. Дистанциялық оқытуда  мұғалім оқушының жұмысын сабақ өткізгенде, ал үй тапсырмаларын, тестілерді, шығармашылықтапсырмаларды, зерттеулерді кез келген дистанциялық және телеқатынас құралдары көмегімен тексереді.

   Дистанциялық  оқыту құралдары:

   •  электрондық почта (Е- mаіl);

   •  электрондық журналдардық, конференциялардың тізімі (тақырып бойынша);

   •  нақты уақыт тәртібінде хат жазысу;

   •  тез хабарласу жүйесі (Интернет-пейджер);

   •  Интернет жүйесіндегі www. WеЬ-сайт ішіндегілер, білімдік сайтқа тіркелгендер қаралады, оn-line-дық виртуалдық кітапханаларға кіреді. WеЬ -бетте басқа беттерге, қорларға сілтеме жасалады. Іздеу сервері арқылы желідегі кез келген ақпаратты табуға болады.

   •  WеЬ -сайтқа жазатын белсенді арналар.

    FTR серверлер  және файлдік архивтер.

   •  Интернеттің факсимилдік қызметі.

   •  Интернеттегі телефон - LР.

   •  Мобильдік телефон көмегімен  Интернетке шығу. Сонымен дистанциялық оқытуға түрлі субъектілер қатысады. Кластық синхрондық және асинхрондық  деген түрлері бар. Дистанциялық оқыту телеқатынас құралдары  арқылы жүзеге асады.

   Дистанциялық  оқыту тұтас дистанциялық курстың элементі (оқушылар мұғалімнен бөлек), немесе іштей оқу элементі (мұғалім Интернет қорлары мен технологиясын іштей оқу процесінде қолданады).

   Дистанциялық  курсты жобалауға дистанциялық жұмыстарды нақтылау, шолу енеді. Дистанциялық жұмыстар демонстрация түрлері, кіріспе сабақ, жеке жұмыс консультациялар, дистанциялық конференциялар, веб-жұмыс дистанциялық олимпиадалар. 

   Проблемалық оқыту кезінде мұғалім ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады, оның барысында оқушылар жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп, жалпы қабілетін, зерттеу белсенділігін дамытады, шығармашылыққа үйренеді, оқу мен оқыту сипаты өзгереді. Оқушылар шағын зерттеу және шығармашылық-тәжірибелік жұмыстар мен айналысады. "Зерттеу" арқылыжаңабілімдер - факті, заңдылықтар, ұғымдар, принциптер, теориялар, («режелер, алгоритмдер қалыптасады.

   Проблемалық оқыту процесі мынадай:

   •  Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.

   •  Мәселені шешу жолдарын - гипотезаларды  ұсыну.

   •  Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқьшы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру.

   • Нәтижелерді  қорыту: жаңа білім, іскерліктерді оқушылардың  бұрынғы білім, іскерліктеріне қосу, оларды теория меп тәжірибе арқылы бекіту.

   Мұғалім әр кезеңде басшы, оқуды ұйымдастырушы. Оқушылардың белсенділігі материалдық күрделілігіне, оқушылардың дайындықтары мен деңгейлеріне, жабдықтарға байланысты.

   Мәселелі  оқыту, меңгеру үшін мұғалім мәселелік  жағдаят, мәселе, мәселелік міндет (тапсырма), гипотеза сияңты ұғымдарды жақсы білу керек. Мәселелік оқытудық маңызды кезеңі мәселелік жағдаят. Мысалы 1-сыныпта математиканың жаңя ережесін меңгеруді алып қарайық. Оқушыларға 2+6=? дегеп мысал беріледі. Қосу мен алу тәсілдерін білгендіктен, олар мұны қиналмай шығарады: 2+6 =8.

   Оқушылардың бұрын оқып үйренген амал тәсілдерін ойдағыдай қолданатынына көз  жеткізген соң, мүғапім енді басқа  мысал береді: х+6 =9. Бірінші сынып  оқушылары мұндай есепті шығарудың  тәсілдерін әлі білмейді, сондықтан  олар мұны бірдеи шығара алмайды. (Мәселелі жағдаят жасалды).

   Мәселелік жағдаятқа енгізілетін оқу проблемалары қиын да, бірақ оқушылар шеше алатындай  болу керек.

   Мәселелік міндет ұғымының педагогикалық әдебиетте  екі түрлі мәні бар. Біріншісі - оқушыдан танымдық іс-әрекетті талап ететін кез келген тапсырма, екіншісі - кез келген міндет емес, оқушыларды өздері үшін жаңа білімдер алуға ықпал жасайтын міндеттер.

   Гипотеза  жорамал - ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып санала алады. Гипотеза - проблеманы шешу тәсілі. Мысалы, бірінші мысалдағы есепті шығару үшін оқушылар жорамалдар ұсынады, яғни проблеманы шешу тәсілдерін іздейді, оны өздері табуға тырысады.

   Дидактикада мәселелік оқыту көптеген түрлері  жасалды: іскерлік ойындар, процестерді моделдеу (компьютер арқылы модельдеу) нақты жағдайларды талдау әдісі, ой майданы, эвристикалық әңгіме және басқалары.

   Мәселелік оқытудық жақсы жақтары: өзіндік  шығармашылық іс-әрекет арқылы өз бетімен  білім алу, оқу еңбегіне деген  қызығушылықтың жоғарылығы, өнімді ойдық дамуы, оқытудың берік және пәрменді нәтижелері.

   Кемшіліктері: оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әлсіз басқарылуы, жобаланған мақсатқа жету үшін өте көп уақыттың кетуі. Сондықтан оны дидактикалық мақсаттарға  сөйкес, басқа оқыту түрлерімен ұштастыруа қолдану керек. Бағдарламалық оқыту:

   Бағдарламалық оқыту - тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі.

   Бағдарламалық оқытудық негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама З бөлімнентұрады; оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу операциялары - тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары (кері байланыс), жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар.

   Б. Скиннер (1904 ж. туған) жасаған линиялық бағдарламада оқу материалдары шағын бөліктеріге бөлінеді. Материалды меңгеру үшін берілген тапсырмадағы ақпаратты оқып, оқушы оның бос жерлерін бір немесе бірнеше сөздермен толтырады. Содан кейін жауабын бүған дейін жабың тұрған жауаппен тексереді, дұрыс жауап берсе ақпараттың келесі бөлігін оңиды, ал оқушы дұрыс жауап бермесе, онда ол ақпаратпен қайта жұмыс істейді.

   Бірізділік  бағдарламаны сынау тармақты бағдарламаны жасауға әкелді. Оны жасаушы Н.А. Краудер оқу материалының бөліктері үлкен болу керек, өйткені, кішкене бөліктерді меңгеру жеткіліксіз, сондықтан тақырыптың мазмұнын терең және жан-жақты талдау керек деген.

   Тармақты  бағдарламада оқушы жауаптарды таңдайды, оған бгрілетін тапсырманың ішінде оның дұрыс, толық емес және дұрыс  емес жауаптары болады. Одан оқушы дұрыс жауапты таңдады. Егер оқушы дұрыс жауапты таңдаса, онда ақпараттың кесесі бөлігіне өтеді. Егер жауабы дұрыс болмаса, онда оқушының не себепті қателескені түсіндіріледі де, оған басқа бағдаламамен жұмыс істеу тапсырылады.

   Сонымен тармақты бағдарлама оқушылардың жауаптары  және қателеріне қарай түрлі жолдармен  материалды меңгертеді. Бірақ оның да кемшіліктері бар, оқушы көп жауаптың ішінен дұрысын аңғарып, қате жауаптарды таңдамауы мүмкін. Сыншылдардың пікірінше  тармақты бағдарламаның өзі оқушыға материалды толық және жүйелі меңгертпейді.

   Бағдарламалық оқытуды машина арқылы да, машинасыз  да жүзеге асыруға болады. Арнайы оқыту  бағдарламаларымен жұмыс істейтін қазіргі компьютерлерде оқушыларға арналған түрлі бағдарламалар бар.

   Бастауыш  мектеп мұғалімдері көбіне бағдарламалық  оқытудың элементтерін долданады. Арнайы жасалған топшама-тапсырмаларда оны  орындау алгоритмі көрсетіледі. Тапсырманы тексеру үшін карточка-трафареттер  қолданылады.

   Аралас  бағдарламада ақпараттардың түрлі дозалары, проблемалық оқыту, оқушылардың жауаптары олардыңжеке ерекшеліктеріне икемделген. Оқушылардың жауап беру тәсілдері әр түрлі: әріп, сөздерден жауап құрастыру, жауаптарды шартты белгілермен белгілеу, берілген жауаптардан дұрысын таңдау.

   Бағдарламалық оқытуға байланысты дидактикаға алгоритм ұғымы енді. Алгоритм дегеніміз - оқу материалымен жүйелі жұмыс істеу үшін оқушыға берілетін нұсқау.

   Оқытуда алгоритмдерді қолдану оқушылардың  іс-әрекетін қатаң басқаруға, жақсы  нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

   Бағдарламалау идеясының дамуы нөтижесінде блоктың, содан кейін модульдық оқыту пайда болады. 

   Модульдық оқыту - баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оны өз жұмысын жоспарлай, талдай, бақылай білуге үйретеді.

   Технологиялық картаны мұғалім жасайды. Ол әдеттегі сабақ жоспарына үқсайды. Онда тақырып, оған бөлінген сағат, оқыту мақсаты, жұмыстың түрі, оқу материалын, оқу жұмысы тәсілдерін меңгеру формалары көрсетіледі. Негізгі білімдер, тақырыпты оқу арқылы қалыптасатын жалпы оқу және арнайы іскерлік, дағдылар бөлінеді. Тақырыпты оқу нәтижесінде нені меңгеру керектігі көрсетіледі.

   Мұндай  карта жеке сабақтарға, бөлімдерге жасалады.

   Модуль  дегеніміз — мұғалім жасайтын оқушының оқу іс-әрекетінің жоспары.

   Оны баспа  әрпімен теріп сыныптың әр оқушысына  береді.  Бұл әдістемелік құралда оқушының әр сабақтағы оқу іс-әрекетінің, мақсаты, оқу тапсырмалары, оларды орындау әдістері көрстілген.

   Модульдар арқылы мұғалім өрбір оқушымен жұмыс  істейді.

   Модульдық сабақтан айырмашылығы жұмыс оқушының іс-әрекетінің мақсатын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушы " Нені үйрену керек?"- деген сұраққа жауап береді.

   Келесі  кезеңде оқушыны таңырыптың мазмұнын және оқу іс-әрекетін меңгеруге талаптандырады. Ол үшін графикалық диктант, шағын тест, интеллектуалдық сергітулер өткізіледі. Содан кейін ақпараттық блок: (мұғалім әңгімелеуі, дәріс, фильм, дипфильм, оқушылардың хабарламалары, оқулықтар оқу) беріледі.

   Материалмен жұмыс: зертханалық жұмыстар, есептер  шығару, проблемаларды шешу, сұрақтарға жауап, тапсырмалар орындау, т.б.

   Модульдық сабақ мұғалімнің бақылаумен аяқталады, білім, дағдылар оқушының қатысуымен түзетіледі.

   Модульдық оқыту түрінің міндетті элементі рефлексия (өзін, өзәнің

   іс-әрекетін бағалау). Әрбір сабақ соңында  оқушылар сабақ мақсатына қаншалықты деңгейде жеткенін, өз жұмысын бағалайды.

   Модульдық оқытуда оқушылардың білім іскерліктерінің  бастапқы деңгейі анықталады, содан  соң өткелі отырған тақырып бойынша  ақпарат алады, материалдармен жұмыс  істейді, білім, іскерлік бақыланады, түзетулер  жүреді.

   Дәстүрлі  сыныптық-сабақтың жүйеде мұғалім барлық жұмысты істейді. Оқушылар негізінен тыңдайды және жауап береді. Модульдық оқытуда мұғалім оқытуды ұйымдастырушы. Ол оқыту процесін басқарады. Мұғалім кеңесші, оқушының көмекшісі, өз жұмысының кейбіреулерін оқушыларғабереді. Мысалы, мұғалім алдын ала бағалау өлшемін әзірлейді, сол бойынша оқушІылар өздерін және жолдастарын бағалайды. Мысалы, тақырып бойынша 24-26 ұпай алған оқушы "5", 21-23 ұпайлған "4", 17- 20  ұпай алған "3", 17-ден төмен "2" деп бағаланады.

   Баспа әрпімен терілген модульмен жұмыс істеу үшін балалар жақсы жүргізіп оқи білу керек. Сондықтан модульдық оқытуды бастауыш сыныпта қолданудың керегі жоқ деген пікірлер де бар. Модульдық оқытуда сабақтың ұзақтығы 2 сағат, сабақтар жарты жылға жоспарланады.

Информация о работе Педагогикалық технологиялар