Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 04:00, реферат
Мектеп жасына келгенмен дамуында құрбыларынан 1,5-2 жыл кейін қалатындар бар.
Оқушының білім алуы - ақпаратпен жұмыс десек, оны қатаң түрде басқаруға болады. Сондықтан білімді ақпараттандыру компьютермен, электрондық құралдармен жұмыс істеумен шектелмейді. Оқытуға ақпараттар тұрғысынан қарау педагогика алдына көптеген мәселелер қойып отыр. Білімді балаға қандай формада беру керек? Ақпараттық технологияға негізделіп жасалған білім беру формасы - мәтінді блоктарға бөлу, тезаурус (сөздік), фрейм (В.Ф. Шаталовтың тірек сызбасы), ұғымдар кестесі, гипермәтін, т.б.
Қазір оқушының оқу-танымдық қызметін, білім алу, оқыту әдістерін жетілдіру қажеттігі сезілуде.
"Визуалдық
білім" термині пайда болып,
бейне, модель, шартты белгілердің
үлес салмағы оқытуда көбейіп,
үйреншікті метіндер
Ақпарат
беретін технологиялар оқу
Сонымен білімді ақпараттандыру дидактикалық процестің мәнді жағы - мұғалім мен оқушы іс-әрекетін өзгертуде. Оқушы алуан түрлі, өте көп ақпараттармен жұмыс істеп, оларды біріктіріп, оны автоматты түрде меңгеріп, процестерді модельдейді, оқу іс-әрекетін өз бетімен жасайды. Мұғалімнің де көп жұмыстан қолы босайды. Ол оқушыларды жан-жақты зерттеп, оның білімі мен даму бағытын бақылап отырады. Электрондық техника әзірге оқыту үшін көмекші құрал, ол дәстүрлі оқыту жүйесін толық жояды деп айту қиын.
Білім беруді ақпараттандыруға әсер етуші факторлар
• ашық ақпараттык коғам жағдайында білім берудің мәнін философиялық түсіну деңгейі
• білім беруді акпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат
• ашық ақпараттык қоғам жағдайындағы білім беру мәні
• педагогикалык теория мен білім беру тәжірибесінің деңгейі
Дамыған
елдерде ақпаратқа
Ақпараттық қор дегеніміз - түрлі құжат түрінде берілген ғылыми-техникалық ақпаратболып табылады. Ақпараттық қор интеллектуалдық қордық бір бөлігі.Адамзаттың білімін ұжымдық, көпшілік түрге айналдырады және көпшілік шығармашылықтың факторы болып табылады. Тұлғалық білім қазіргі кезде адамның интеллектуалдық қарым-қатынасы негізінде ақпараттан туындайды және субъективтік категория болып табылады.
Ақпараттың қорды игеру процесі тиімді және білімді орталықтандыру негізі болып табылады.
Ақпараттық қор — қоғам қызметінің жаңа функционалдық категориясы және маңызды компоненті.
Ақпараттық сауаттылық - қоғамды ақпараттандырудық, ақпараттың қоғамда өмір сүруге жаңа ұрпақты даярлаудық алғышарты мен маңызды факторы болып табылады.
Ақпарат - ең жоғары құндылық, ал адамдардық ақпараттың сауаттылығы - олардың еңбек әрекеттілігін анықтайтын фактор. Бұл қоғамда білім беру жүйесіне талаптар өзгереді, білім берудің статусы көтеріледі.
Білім
беру стандарттарындағы информатика
және ақпараттық-коммуникациялық
АКТ оқыту мақсаты
• бағдарламалау дағдыларын дамыту;
• мәтіндік редактор, электрондық кесте басқа да тәжірибе қосымшаларды пайдалануға үйрету;
• желіден, СВ-КОМ-нан ақпарат іздеуге үйрету, т.б.;
•
желі көмегімен қарым-қатынас
Оқытушы
• оқыту мақсатындағы программалық құралдар жасақтау технологиясын меңгеруі тиіс;
• оқу ақпаратын бере, құрылымдай білуі тиіс;
• білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынас тәсілдерін жобалай, білім алушының оқу-танымдық қызметі нәтижелерін автоматты түрде бағалаудық жаңа әдістемелерін таба білуі тиіс.
Электрондық оқулықтарды құрастырудық педагогикалық технологиясы
• Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беруді ақпараттандырудық кең көлемді құралдары;
•
Пәндік білім мен оны игеру
тәсілдері аумағында ғалымдар мен
педагогтардың жетістіктерін
• Оқытудық дидактикалық принциптеріне сүйеніп оқушылар мен студенттердің жеке потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған оқушылар қызметін ізгілендіру құралдары;
• Өз білімін жетілдіру және өзін көрсету тәсілдерін, педагогикалық ақпарат қорын, дидактикалық қорды жинақтау және жаңартуға мүмкіндік беретін мұғалімдер мен оқытушылар қызметін ізгілендіру құралдары;
• Білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынас жағдайында мұғалім және оқытушының басқарушы ретінде мақсаттан нәтижеге бағытталған оқыту процесін автоматтандырудың қашықтан оқыту формалары.
Мақсаттық бағытталған:
Электрондық оқулық модулінің мақсаттық бағытталуы оның білім беру стандарты мен оқу бағдарламасына сай екендігін анықтайды. Электрондық оқулықтың ерекшелігі - ақпараттық-оқыту ортасы көлемді. Оқулықта энциклопедиялық бағыттағы бағдарламадан тыс ақпараттар берілуі мүмкін.
Ғылыми
Ғылымилық принципі жүзеге асыру модульдерді құрастыру процесінде оқушыларды ғылыми білім жүйесімен таныстыруға бағытталған. Бұл әлемнің объективті сипатын, пәндерді зерттеу негізі болып табылады. Сондықтан модульде жеке "Глоссарий", "Ұғымдар", "Заңдылықтар", "Категориялар" деп бөліп көрсеткен жөн.
Жүйелілік
Жүйелік
принципі оқу элементтерінің арасындағы
байланыстар мен қарым-
Көрнекілік
Көпжылғы тәжірибе мен арнайы педагогикалық-психологиялық зертгеулер көрсеткендей, оқытудық тиімділігі қабылдауға адамның барлық мүшелерінің қатысу деңгейіне байланысты. Материал неғұрлым қызғылықты болса, солғұрльш тез қабылданады. Бұл заңдылық Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Л.В.Занков үлестерін қосқан дидактиканың көрнекілік принципінде сипатталған.
Қазақстан Республикасында оқыту процесін автоматтандырушы әлектрондық оқулықтар тарала бастады. Электрондық оқулықтар - интерактивті әдістерге негізделген білім беру процесінің субъектілерінің өзара қарым-қатынасының автоматтандырылған оқыту процесі.
Қазіргі кезде білім берудің барлық деңгейінде 93 электрондық оқулық, оның 22-і мектеп оқушылары үшін 17 пөннен жасақталды.
Ашықтығы. Мобильдіғі. Икемдігі.
Ашықтық, мобильділік және икемділік принципі модульді құрастыруда материалды жаңартуға, жаңа информациямен толықтырып отыруға мүмкіндік береді. Оқыту процесінің қайшылықтарын жеңуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқулықтарға қарағанда электрондық оқулықтар үнемі толықтырылып отырады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық компоненті
Гипермәтін - компьютер көмегімен сызықтық және параллель сілтемелер қолданылатын мәтіндердің жиынтығы.
Электрондық оқулықта гипермәтін құрылымдандырылған мәліметтер қорын (білім, ақпарат), терминдер, ұғымдар, кестелер, графиктер, диаграммаларды сипаттайды.
Гипермәтінмен жұмыс, бір жағынан - оқу танымдылығын арттыру болса, екінші жағынан - жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығының құрамдас бөлігі болып табылатын студенттерді танымдылық біліктіліктермен қаруландыру.
Иерархиялық
Иерархиялық
принцип зерттелетін пәнді
Көрнекілік
Көрнекілік
(визуальды) принципі гипермәтінде иллюстрациялық
материалды тарту арқылы жүзеге асырылады.
Бұл бір жағынан мәтінді "жандандырса",
екінші жағынан білім алушыларды
танымал адамдардық бейнесуреттермен,
қалалардың карталарымен, мұражай материалдарымен
таныстырады.
Дистанциялық оқыту (алыстан білім беру), электрондық және телекоммуникациалық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардық оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.
Оған әр түрлі субъектілер қатысады:
Дистанциялық мұғалім, тікелей білім беретін мұғалім, техникалық жобалаушы, үйлестіруші немесе дистанциялық оқытудың әкімшілігі, оқу материалының авторлары, т.б.
Дистанциялық оқытуға тән нерсе жоғары мотивация және оқушылардағы дамыған танымдық қызмет, тек осылай болғанда оқушылар интерактивтік режимде жұмыс істей алады. Дистанциялық мектептің оқушылары өз қалаулары бойынша оқу материалдарымен, мұғаліммен жұмыстарын шамалап, өз сұрақтарына керекті жауаптарын алады.
Оқушылар еңбек тәртібін саңтап, техникалық және басқа проблемаларды шеше алатындай, жазба және сызу жұмыстарын жүргізе алатындай болу керек.
Синхрондық сыныптарда бір бағдарламалармен жұмыс істейді. Асинхрондық сыныптарда оқушылар кез келген уақытта келіп жұмыс істейді. Соңғы түрінде тәжірибелі оқушылар тәжірибесі аз оқушыларға көмектеседі.
Дистанциялық сабақ элементтері:
Оқу материалы.
Мұғалім оқытудық диалогтың түрі
басталғанға дейін оқушылардың
барлығын олар сабаққа әзірлену үшін
оқу материалымен қамтамасыз етеді.
Оқушыға керекті материалдар мынадай
тәсілдермен беріледі.
• СВ-КОМ немесе дискета, аудиокассета, бейнекассета "қағаз" құралдар (кейс-технология) пошта арқылы салынады.
•
файлмен электрондық почта
• дистанциялық мекеменің білімдік сайтына орналастырылады.
• веб-беті түрінде, керекті материалға сілтеме жасалып, Интернет жүйесіне беріледі.
•
оқушыға бір немесе бірнеше электрондық
кітапханада жұмыс істеуге
Диагностикалық материал. Дистанциялық оқытушы мен оқушы электрондық пошта арқылы тесті, бақылау тапсырмалары, есептеу табельдерімен, бағалардың парақтарымен алмасады. Бұлардың бәрі білімдік серверде тұрады. Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын, оны қалай орындау керектігі туралы нұсқау береді.
Көрнекілік. Телекоммуникация арқылы оқытушы оқушыларға слайдтарды, суреттерді, сызбаларды, т.б. көрсетеді. Интернет желісі бойынша экскурсия жүреді. Оқушылар бір-біріне көрнекіліктерін көрсетеді. Оқушылар өз жұмыстарын басқа оқушылар және мұғалімдер көру үшін серверге салып қояды. Осы процестерді алыстан мұғалім басқарады.
Мұғалім оқушыларға сұрақ береді. Оқытушы электрондық конференция, бейнеконференция кезінде оқушыларға сұрақтар береді.