Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 18:12, диссертация

Описание работы

Зерттеудің мақсаты – жоғары мектептегі педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалануды ғылыми-теориялық негіздеу және оларды практикада қолдану.

Работа содержит 1 файл

abtikalykov.doc

— 403.50 Кб (Скачать)

Проблемалық оқыту. Қазіргі заманғы білім  берудің басты мақсаты- мамандарды әлемді  шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.

Проблемалық оқытуда  мұғалім білім алушы білуге тиісті таным- түсінікті өзі айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді. Олар ұғынуға тиісті заңдар мен заңдылықтарды, теориялық танымды, ақыл-ой тұжырымдамаларды білім алушының өздеріне іздету арқылы тапқызып, деркетерді талдап талқылау арқылы жетеізген нәтиже, түсінік-танымы тиісті білімді меңгеруі болып шығады. Сонда бұл жол проблеманы шешу, түрлі проблемалық ситуацияны талдау, болжамды айқындау, күрделі мәселе түйінін тарқату, мүмкіндігіне қарай тәжірибеде сынау нәтижесінде қол жеткен таным- түсінікті менгеруді білім алушының алған білімі деп  танимыз. Мұндай іс- әрекет барысындағы жүйе мынау:

Проблемалық оқытуда  мұғалім білім алушыны білім  жүйесін  ұқтыру мен іскерлік дағдысын қалыптастырумен қатар шәкіртің танымдық, шығармашылық бағдарда болуына  жол нұсқайды. Тиісті тақырып бойынша  проблемалық сұрақтарды шешудің варианттарын қарастырып, оны шешу шәкірттің үлесіне тиісті.Жаңа білімді игеру барысында білім алушының өздігінен ізденіп және оны практикада қолдана алу бағдарында еңбектенеді. Проблемалық оқыту білім алушының ғылым негіздерін  мегерудегі дербестігін, қаблетін дамыру көзделеді. Білім алушының ойланту, іс- әрекеттегі ізденіс үшін репродуктивтік, продуктивтік және шығармашылық жолдар сәйкестіріле пайданылады. Репродуктивтік жолдар ұсынғанда атқарылатын  іс- әрекет үлгі алгоритм бойынша орындалса, продуктивтік жолда білім алушы ситуацияны өзінше шешуге әрекеттеніп, жаңаша ізденуге мән береді. Ал шығармашылықта эвристикалық іс- әрекетке көшіп, проблеманы шешуде кенеттен келген ойларын ұсынып, жұмысты өзінше орындайды.

Білім беру саласында  түсіндірмелі иллюстративтік оқыту жолының мәнділігі ой-пікірі айқын, жүйелі болғандықтан ондағы мағлұматты білім алушы қиналмай-ақ тез ұғынады, сол күйінде қайталап айтып бере алады. Алмұндағы әлсіздік-берілетін білім түсінік репродуктивтік, яғни қайталау түріне келеді  де, білім алушының іс- әрекетегі өзіндік ізденісі мен өзінше ойлануна онша мән берілмейді. Орта оқу орындарындағы білімдендіру жүйесінде осы жол етек алған. Педагогика тарихында И.Гербарттық деп аталып дәстүрлік бұл жолдан көптеген мұғалімдер шыға алмай шармалап келеді, өйткені жаттандылық түріндегі оқтуға тым бейімделіп кеткендікпен қатар, екінші жағынан пәндік  әдістемелік әдебиеттер осы жүйеге бағдарланған. Мұғалімнің іс- әрекеті: проблемалы ситуация туғызу, проблеманың мән- мазмұны туралы ойлауды ұйымдасрырады; тиісті қарама- қайшылыққа байланысты туындап отырған болжам жорамалды шешуді ұйымдастырады; болжам жорамалды тексеріп көруді ұйымдастырады; жүзеге асырылмақ нәтижеге байланысты тұжырымдама жасауды ұйымдастырады.

Білім алушының іс- әрекеті: кедергі мен қайшылық неде екенін аңғарып, оны зеріттеп білу; шешуші тиісті  проблеманы айқындау; тиісті мәселеге байланысты өзінше болжам, жорамал жасап оны шешуге талпыну.

  1. Болжам жорамалға талдау жасап, қойылған міндетті шешеуді тәжірбеде сынап байқалады. Қол жетке нәтижені талдап, тиісті қорытынды жасап, алған білімін жүзеге асырады.Проблемалық оқытудың пайдалы жағы білім алушыны шығармашылыққа бейімдеп, күрделі мәселені шешу жолындағы ізденіске құлшындырып, ойлау қабілктін дамытады. Ол білім алушының ойлауын жетілдіріп, ой еңбегіне қызықтырып , ақылсанасын өрістетуге ықпал етеді.

Проблемадан туған  кедергіні жеңіу жолындағы ізденісі мен талпынысы шәкірттің білім  білігінің нәтижелі, таным- түсінігінің  жоғары деңгейге көтеріле түсудегі мүмкіндігін  арттырады. Білім алушыны ой еңбегі саласында тиісті дәрежеге жеткізеді, іздеп таба білуге машықтандырады.

Білім беру жүйесіндегі  реформалар мен қазіргі мектептің  тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет  бұруы  болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы-ның  даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен байланысты.

Сонымен, зерттеу жұмысымыздың теориялық тұжырымдарын тәжірибелік түрде тексеру мақсатымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде алдын-ала теориялық зерттеулерге негізделіп дайындалған тәжірибелі-эксперимент жұмысы жүргізілді.   

Эксперимент жоғары оқу  орындарындағы инновациялық білім  беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыруға байланысты біз жасаған үлгіні тәжірибелі-практикадан өткізуге және оның тиімді қолданылуын қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттар кешенін тәжірибеден өткізуге бағытталады.

Тәжірибелі-эксперимент  жұмыстарын жүргізу үшін алдымызға  мынадай міндеттер  қойылды:

  • инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымын оңтайландыру;
  • болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қамтамасыздандыратын оңтайлы әдістемелік технологияларды айқындау;
  • тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелерін математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеп, нәтижесін көрсету.

Тәжірибелі-эксперимент  жұмысы үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Экспериментке барлығы 60 студент қамтылды. Педагогикалық сабақтардағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру  жоғары, жеткілікті, орта және төмен білім деңгейлерімен бағаланды.

Бұл эксперимент жұмысының  мақсаты жоғары оқу орындарының  тәжірибесіне сүйене отырып, алынған  білім мен біліктілікті практикада пайдалану.

Педагогикалық эксперименттің айқындаушы кезеңіндегі қолданылған әдістер: студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға дайындығын анықтауға арналған сауалнама жүргізу; студенттердің ізденіпаздықпен шығармашылық тұрғыда жұмысты орындауы; инновациялық технологияларды қолдану кезіндегі студенттердің іс-әрекетін бақылау.

Тәжірибелік-эксперимент  жұмыстарының анықтау кезеңінде  сауалнама, сұхбат, сұрақ-жауап, тест, әңгіме, бақылау, байқау т.б. әдістерді қолдану  арқылы ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылды. Бұдан соң  болашақ мұғалімнің ақпаратты үдерістерді жүзеге асыру дайындығының деңгейін субъективті бағалауға арналған сұрақтар кешенін дайындадық.

Алынған нәтижелер студенттердің  инновациялық құзыреттіліктері өздері бағалаған сауалнама нәтижелерінен  төмен екенін көрсетті. Инновациялық құзыреттіліктің креативті деңгейінде (жоғары) 1%, эвристикалық деңгейде (орташа) 31%, ал репродуктивтік (төмен) деңгейде 68% студент бар екені белгілі болды. Нәтижесінде, инновациялық технологиялардыжүзеге асыру мотивациясы студенттердің 14% бар; инновациялық іскерліктер студенттердің 6% болғаны және 43% студент инновациялық құзырлығын бағалай алатыны белгілі болды.

Студенттердің инновациялық технологияларды қолдану білімі, іскерлігі мен дағдысы деңгейлерінің  көрсеткіштерін төмен, орташа және жоғары деп айқындадық. Ол көрсеткіштер кесте-3-те бейнеленген.

Кесте-3 Студенттердің  инновациялық технологияларды қолдану  білімі, іскерлігі мен дағдысы  деңгейлерінің көрсеткіштері

 

Деңгейлер

Көрсеткіштері

репродуктивтік  деңгей (төмен)

жаңа білім, іскерлікті меңгеруге енжар қатысады, инновациялық үдерістерге деген қызығушылығы төмен. Инновациялық қызметтің түрлерін ажыратпайды.

эвристикалық  деңгей (орташа)

болашақ мұғалім  өз мамандығына жауапкершілікпен қарап, инновациялық технологияларды енгізу, қолдану идеяларын қолдайды, и нновациялық қызметтің мәнін түсінеді.

креативті деңгей (жоғары)

инновациялық  технология жайлы білім жоғары деңгейде, қызығушылық танытады, инновациялық технологиялардың тиімді тәсілдерін меңгерген, оны болжай және басқара алады.


 

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау кезеңінің қорытындысында эксперименттік топтар мен бақылау топтарындағы студенттердің білім деңгейлері шамалас болғанын байқадық. Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелері кесте 4-те көрсетілген.

Яғни, анықтау кезеңіндегі тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі бойынша эксперимент тобында (ЭТ) жоғары деңгей 16,8%, орта деңгей 33%, төменгі деңгей 50,2%-ды көрсетсе, бақылау тобында (БТ) жоғары деңгей 16,6%,  орта деңгей 32,5%, төменгі деңгей 50,9%-ды көрсетті. Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің  салыстырмалы көрсеткішін  кесте-4-тен көруге болады.

Кесте-4 Анықтау кезеңіндегі  эксперимент нәтижелерінің  салыстырмалы көрсеткіші (% есебімен)

 

Деңгейлер

Бақылау тобы

(БТ)

Эксперимент тобы

(ЭТ)

Жоғары

16,6%

16,8%

Орта

32,5%

33%

Төмен

50,9%

50,2%


 

Қазіргі кезеңде  жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру  үшін, сауатты да білімді, білікті, жаңа технологияны жақсы меңгерген іскер  маман керек. Ал осындай инновациялық технологияны меңгерген білікті маманды жоғары оқу орны дайындауы міндетті. Сондықтан да, қазіргі кезеңде жоғарғы оқу орнының қабырғасында болашақ мұғалімдер инновациялық педагогикалық технологияны жан-жақты меңгерген абзал.

Зерттеу жұмысымыздың теориялық  бөлімінде анықтаған жоғары оқу орны оқытушыларының сабақ беру барысында инновациялық технологияларды қолдану  мүмкіндігін қалыптастыру үшін «Жоғары мектептің оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану» атты оқытушыларға арналған арнайы семинар ұйымдастырдық.

Семинар төмендегідей 3 бөлімнен тұрады:

«Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың теориялық негіздері» атты бірінші  тарауда осы технологияның теориялық  негіздері жан-жақты сараланып  қарастырылады.

«Инновациялық технологияның түрлері» атты екінші бөлімде қазіргі кезеңде оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданыс тауып жатқан инновациялық технологияның ерекшеліктері қарастырылады.

«Инновациялық технологияны оқу үдерісіне ендіру жолдары» атты үшінші бөлімде озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, насихаттау, тарату жолдары қарастырылады. «Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану»  арнайы курс мазмұны  5 кестетеде бейнеленген.

Кесте – 5 «Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды  қолдану»  арнайы курс мазмұны

 

Тақырыптардың атауы

Мақсаты және дайындыққа қойылатын талапар

І.Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың теориялық негіздері

Білім беру жүйесінің  мазмұнын аша білу, білімнің мазмұнын, инновациялық технологияның 

ерекшеліктерін меңгеру

1.1. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар

1.2. Инновациялық технологиялар  классификациясы

1.3. Оқытудағы ақпараттық технологиялар

1.4. Жаңа инновациялық  технологиялардың негізгі принциптері

ІІ. Инновациялық технологияның түрлері

Инновациялық педагогикалық технологиялардың әдістерін, тәсілдерін анықтап, ерекшеліктерін ашып көрсету

2.1. Білім беруді  ізгілендіру  технологиясы

2.2. Саралап-деңгейлеп дамыта оқыту технологиясы

2.3. Дербес  оқыту технологиясы

2.4. Білім беруді  ізгілендіру технологиясы

2.5. Саралап-деңгейлеп  оқыту технологиясы

ІІІ. Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары

Оқу-тәрбие үрдісінде  жаңа педагогикалық технологияны ендіру жолдары:

жаңа идеяны іздеу;

жаңалықтарды ұйымдастыру; жаңалықтарды ендіру кезеңдерін жан-жақты ашып көрсету;

озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау жолдарын меңгеру

3.1 Оқу-тәрбие үдерісінде  педагогикалық технологияны ендіру  кезеңдері

3.2 Инновациялық технологиялардың  нәтижесіне әсер ететін сыртқы  және ішкі факторлар

3.3. Оқу-тәрбие үдерісінде  инновациялық технологияны ендіру  жолдары: ұйымдастыру, таңдау, құрастыру,  түзету, бағалау

3.4. Педагогикалық озық  іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау жолдары

3.5.Педагогикалық шеберлік, озық іс-тәжірибе, жаңашыл мұғалімдер туралы ұғымдар

3.6. Озық тәжірибені  зерттеу, жинақтау, тарату, насихаттау  әдістері.

3.7.Педагогикалық озат  тәжірибені практикаға енгізу  жолдары: педагогикалық оқулар, конференциялар, дөңгелек үстел, ашық сабақтарға  қатысу, семинарлар, ашық сабақтар беру

Информация о работе Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану