Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 18:12, диссертация

Описание работы

Зерттеудің мақсаты – жоғары мектептегі педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалануды ғылыми-теориялық негіздеу және оларды практикада қолдану.

Работа содержит 1 файл

abtikalykov.doc

— 403.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

ӘОЖ 004:372.8                                                      Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

Абтикалыков Нурхан Боранбекович

 

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

 

 

 

 

6М010300- Педагогика  және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2012 ж 

 

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика» кафедрасында орындалған.

 

 

Ғылыми жетекші:                               педагогика ғылымдарының кандидаты,

                                                              доцент Р.Т.Игенбаева

 

 

 

 

Ресми оппонент:                               Тараз мемлекеттік педагогикалық

институты   «Психология»      кафедрасының доценті, п.ғ.к. Болтаев А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диссертация 2012 жылдың «___»  маусымында сағат ____  Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің Музыка-педагогикалық  факультетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда  қаласы, Төле би көшесі,      №36 А, №7 оқу ғимараты, №____ дәрісхана) қорғалады.       

 

 

 

 

 

 

 

 

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің  ғылыми-техникалық кітапханасында (120014, Қызылорда қаласы, К.Байсейітова көшесі, №100 үй) танысуға болады.

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың  өзектілігі. ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде маңызды рөл атқарады. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі, сондықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты  бағыты» атты Қазақстан халқына 2012 жылғы  Жолдауында Қазақстан дамуының жаңа кезеңі - бұл экономиканы нығайту,  халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін шешу болып табылады деп көрсетілді. Ел Президенті 2015 жылға қарай жоғары табысты елдер қатарына ену міндетінен бастау алатын алдағы кезеңдегі мемлекет дамуының басты басымдықтарын айқындап берді. Сол басымдықтардың бірі елімізде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады [1].

Қазақстанның Болон  үрдісіне енуіне сәйкес, әлемдік білім  кеңістігіне бағыт алуда мемлекетіміздің Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2015 жылға арналған тұжырымдамасын қабылдады [4]. Білім беруді дамыту тұжырымдамасында білімге тән біліктілікті өзара тану жөніндегі Лиссабон конвенциясының, жаңа қоғамның даму сатысына лайық мамандар даярлау үрдісін айқындаған Болон декларациясының негізгі ұстанымдары мен білім берудің халықаралық стандарттық жіктелуіне сәйкес бірқатар өзгерістердің көрініс табуы да содан.

  Бүгінгі күнгі  жоғары оқу орындарының басты  міндеті – бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді. Сол талаптардың маңыздыларының бірі педагогикалық үдерісінде  инновациялық іс-әрекет жүргізу қажеттілігі. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілердің, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.

Қоғамның жедел жаңаруы  үшін білім саласының, әсіресе қоғам  үшін болашақ мамандарды даярлайтын жоғары кәсіби білім беру жүйесі жедел жаңаруы керек. Бұл мәселеге келгенде, Қазақстанның жоғары білім жүйесі сәтті реформаны жүзеге асырып үлгерді. Бүгінгі білім саласына енгізілген үш сатылы білім беру, кредиттік жүйе, білім саласына мемлекет қана емес, жалпы қоғамның араласуы – инновациялық реформалардың бастапқы жемісі. Бүгінгі таңда әлемдік бәсекеге қабілетті кәсіби даярлығы жоғары, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашыл, ізденімпаз, инновациялық даярлығы қалыптасқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын маман даярлау басымдықтар биігіне көтерілді. Жаһандану жағдайында білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы», «педагогикалық технологиялар», «инновациялық технологиялар» деп алатын жаңа ұғымдардың пайда болуына ықпал етті.

Қазіргі инновациялық технологиялар  педагогика ғылымы мен практикасының  жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация  мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады. Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. Бұл маңызды мәселе әсіресе  жоғары мектеп, оның ішінде болашақ педагогтарды даярлау үшін құнды. Аталмыш мәселе көптеген ғылыми зерттеулерге негіз болған.

Инновациялық  процесті зерттеу барысында жүйенің  бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне  басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горбунова, М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, П.И.Пидкасистый, Л.И.Романова, В.И.Загвязинский, А.Я.Найн, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. зерттеулерінде қарастырылған.

Философиялық  және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып (Н.И.Лапин), жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.

Инновациялық  білім берудің мазмұнын жетілдіру, оны инновациялау мәселелерін Ю.К.Бабанский, В.С.Библер, Ю.С.Гершунский, В.П.Кваша, В.С.Лазарев, В.Я.Ляудис, А.В.Лоренсов, В.М.Полонский, С.Д.Поляков, М.М.Поташник, А.И.Пригожин және т.б. қарастырған.

Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Нұрахметов, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев,  Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван,  Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог-ғалымдар зерттеген.

Педагогтардың кәсіби сапасын  арттыру, олардың педагогикалық  білігін қалыптастыру О.А.Абдуллина, С.И.Архангельский, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель зерттеулерінде; мұғалімнің инновациялық және психологиялық-педагогикалық даярлығын жетілдіру М.И.Дьяченко, Г.Қ.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова еңбектерінде, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру А.Е.Әбілқасымова, Б.Б.Баймұханов, Е.Ы.Бидайбеков, К.К.Закирьянов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Қабдықайыров, Е.Ө.Медеуов, Д.Рахымбек, С.Е.Шәкілікова, Б.А.Әлмұханбетов еңбектерінде зерттелген.

Тақырып бойынша зерттелген ғылыми еңбектерде инновациялық технологияны орта кәсіби және орта мектеп жүйесінде  қолдану жан-жақты қарастырылып, жоғары мектеп жүйесіндегі маңызды орны, әсіресе инновациялық технологияларды педагогикалық пәндерді оқыту барысында қолдану қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуінде. Осы қарама-қайшылық біздің диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын «Педагогикалық  пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» деп белгілеуімізге негіз болды.

Зерттеудің  мақсаты – жоғары мектептегі  педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалануды ғылыми-теориялық негіздеу және оларды практикада қолдану.

Зерттеу объектісі:  жоо-ғы педагогикалық пәндерді оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологиялы қолдану

Зерттеудің  ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту барысында инновациялық технологияны қолданудың әдістемелік жүйесі әзірленсе, ол жүйе болашақ  педагог мамандарды даярлауда оқу үдерісіне енгізілсе, онда белгілі, бірізді жүйеге қарама-қайшы, жеке шығармашыл, ізденімпаздықпен жұмыс істей алатын білім алушының тұлғасын қалыптастыруға болады.

Зерттеудің  міндеттері:

- педагогикалық  пәндерді оқытуда инновациялық  технологияларды қолданудың мәні  мен мазмұнын теориялық тұрғыдан  негіздеу;

- инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту сапасын арттыру;

  • педагогикалық сабақтарда инновациялық технологияларды пайдаланудың әдістемесін анықтау, оның тиімділігін практикалық тұрғыда тексеру.

Зерттеудің  әдістері:

Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге, жоғары орындарында жүргізілетін педагогикалық пәндер мазмұнына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу.

Зерттеудің  жетекші идеясы: Кез келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы жаңашылдандыру деңгейіне келіп тіреледі. ЖОО-дағы педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолдану өзгермелі қоғам жағдайында педагогикалық міндеттердің қайнар көзі.

Зерттеудің  әдіснамалық - теориялық негіздері: инновациялық технологиялар ұғымдарына байланысты философтардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері мен ой-пікірлері, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы және кәсіби білім берудің теориясы.

Зерттеудің  көздері:

  • педагогика ғылымының инновация жайлы идеялары, қағидалары;
  • зерттеліп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, деректер, мерзімдік басылым материалдары.

Зерттеудің  базасы:

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология мамандығы.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолданудың теориялық негіздері айқындалды;
  • жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану әдістемесі жасалды.
  • ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесі тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, дәлелденді.

Зерттеу жұмысының  практикалық мәнділігі:

  • педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолданудың ғылыми-педагогикалық үлгісі жасалды.
  • «Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды

қолдану»  арнайы курс курс бағдарламалары жоғары оқу орындарының тәжірибесіне ендірілді.

  • педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолдану әдістемесін жоғары оқу орындарда оқу-тәрбие процесіне ендіру мүмкіндіктері бар;
  • зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында, педагогика пәндерін оқытуда, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, негізгі көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, зерттеу базалары, қорғауға ұсынылған қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері берілді.

«Педагогикалық  пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды  қолданудың ғылыми – теориялық негіздері» атты бірінші тарауда педагогикалық сабақтарда инновациялық технологияларды толыққанды пайдалану мүмкіндіктері, педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері және инновациялық технологиялардың жіктемесі айқындалды.

«Жоғары оқу  орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды  қолдану әдістемесі» атты екінші тарауда инновациялық  технологиялардың педагогикалық жүйесі жасалып, оның тиімділігін айқындау мақсатында арнайы курс бағдарламасы ұсынылды, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының әрбір кезеңдеріндегі нәтижелері мазмұндалды, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.

 

ХХІ ғасыр – әлемдегі өзгерістерге негізделген білімнің дәуірлеу ғасыры, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін анықтауда негізгі көрсеткіш болып табылады.

Информация о работе Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану