Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 15:03, лекция
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бұл мәселелермен тек психологтар, педагогтар ғана айналысып қоймайды, оны философтар , социологтар,политологтарда жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушылары мен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальды (сөз) және вербальды емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады.
1. Педагогтың оқушыларға, олардың ата – аналарына, әріптестеріне сөз арқылы көмек көрсету.
2. Педагогикалық өзара іс-әрекет, коммуникативтік қабілеті. Сенім түрлері және оның жіктелуі.
3. Сенімнің сөздік формалары: Бұйрық, тәртіп, талқылау, әзіл-қалжың арқылы белгі беру.
4. Сенім мен көз жеткізудің бір-бірімен байланысы.
Педагогикалық қарым- қатынастың формасы, коммуникативтік іс- әрекет.
Жоспары:
Негізгі ұғымдар: педагогикалық өзара іс-әрекет, сенім, бұйрық, тәртіп.
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бұл мәселелермен тек психологтар, педагогтар ғана айналысып қоймайды, оны философтар , социологтар,политологтарда жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушылары мен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальды (сөз) және вербальды емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты дейміз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп- тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине,қанша тәжірибелі мұғалім болсада балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек , жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.
Оның себептері:
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым- қатынасқа түсуі қиын. Дегенмен, біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым- қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым- қатынастарының өте қиын болу себептері:
Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім - оқушы», «Оқушы – мұғалім» және « Балалардың өзара қарым – қатынасы» және қарым – қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым – қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым – қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзінлік себептері бар:
Кәсіби педагогикалық
қызмет үнемі жетілдіріп отыруды, мұғалімнен
өз білімін дамытуды әрі шеберлігін шындауды,
білімнің жаңалықтарын тез меңгеріп, оны
өз қызметінде іске асыруды қажет етеді.
Кәсіби шеберлігін дамыту ақпараттық
қамтамасыз етілумен байланысты, яғни,
жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеттілігімен
анықталады. Яғни, мұғалім сөзі – ақпарат
таратушы құралы ретінде жүзеге асады.
Бір сөзбен айтқанда ,оқушыға да, ата –
анаға да мұғалім сөзі – екі жақты ортақ
тәрбие мәселесінде негізгі әсер етуші
құрал. Мұғалімнің сөзі өткір, жалынды,
бейнелі, жарқын интонациялы, көркем, эмоциялы,
дауыс (дикция) ырғағы жағымды, стилистикалық,
грамматикалық, фонетикалық ақаулардан
таза болуы шарт. Мұғалімнің өз ойын, оқыған,
материалын дауыс ырғағы анық, дәл сөзбен
айта алу, жарқын мимика мен пантомимикамен,
ұнамды эмоциямен бере білу қабілеті –
сөйлеу қабілеті. Мұғалімдік шеберліктің
маңызды элементі – сөйлеу қабілеті. Өйткені
мұғалім мағлұматтардың барлығын оқушыларға
жеткізу, жүйелі білім беру үшін негізінен
екінші сигнальды ( сөйлеу сипатында )
қолданады. Мұғалімнің сөзі өзінің нанымдылығымен,
әсерлігімен ерекше мәнді болуға тиіс.
Мұғалім өз шешендігімен оқушыларды баурап
алуы керек. Ол, сөйлемді қиындатпай, өз
ойын оқушыларға, ұзын фразалардан гөрі
қарапайым тілмен түсінікті бере білуі
керек. Юмор, әзіл, көңілге тимейтін ирония
(сықақ ) болса, сөйлеу ажарын кіргізеді,
мақал –мәтелдерді қолдану ойды ажарлайды.
« Мақал - сөздің мәйегі »- деген қазақ
даналығы.
В. А. Сухомлинский: « Сөз – ең маңызды
педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен
ауыстыра алмайсың...» - деп оның маңызына
ерекше назар аударады.
Педагогикалық өзара іс – әрекет – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің олардың мінезін, іс – әрекетін, қатынасын өзара өзгерте алатын кездейсоқ немесе ойластырылған, жеке немесе жолпы, ұзақ немесе қысқа мерзімдік, сөздік немесе сөздік емес жеке байланысы. Екі жақтан да бірлескен іс – әрекеттің мақсаттарын және оған жетудің жолын түсінген, өзара келісім мен ынтымақтастыққа қол жеткізілген кезде ынтымақтастық түрінде және де бірлескен іс – әрекетке қатысушылардың бірінің жетістігі басқа қатысушылардың аса өнімді және мақсатты іс – әрекетін ынталандыратын немесе тежейтін бәсекелестік түрінде көрінуі мүмкін. Гуманистік – бағытталған педагогикалық үдеріс тәрбиеші мен тәрбиеленушінің, екі қатысушы да өз білімдері мен мүмкіндіктеріне сай бірдейлік, тең құқылы серіктес ретінде көрінетін өзара іс – әрекетінде ғана үдеріс бола алады. Педагогикалық өзара іс – әрекет стратегиясы – мұғалім іс – әрекетіндегі жалпы басшылық жолы, тұлға қалыптастыру үдерісіне перспективалық мақсаттарға жетуге арналып, бағытталған нұсқаулар; Педагог стратегияны жеке тұлғамен және тұтастай білім беру ұжымымен де дайындау қажет.Бұл бәрінен бұрын педагог дайындайтын әр түрлі жоспарлар: күнтізбелік – тақырыптық, тәрбие жұмысы жоспары және т.б. жүйесінде іске асырылады. Әрбір оқушының бір – бірімен әңгімелесіп, сөйлеу үшін, өздері бір – біріне немесе мұғалімге және т.б. сұрақ қоя білу әдісін меңгеруі аса қажет. Осы орайда ойын жағдайларын пайдаланудың маңызы зор. Сабақты ойын түрлерін пайдалана отырып жүргізу - оқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып, қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады. Рөлдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қарым – қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытуда рөлдік ойындардың берер көмегі өте көп. Жұппен жұмыс істеу, пікір алысу, логика – синтаксистік схемаларды пайдалану және т.б. әдістерді арқылы оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту үшін сабақ барысында көп пайдаланамын. Мысалы, оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында берілген тақырыптар бойынша сыныптан тыс жоба жұмысын жүргізу арқылы олардың біліктілігін арттыруға болады. Жоба жұмысын қорғау барысында оқушылардың қарым – қатынас мүмкіндіктерін арттыруға мынадай жұмыс шаралар мысал бола алады:
Коммуникативтік оқытуда білім беру – оқушы өзін ауызша (тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни, оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым – қатынасын қалыптастыру деген сөз. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір – бірінің ұмтылысына, ойларына, күйлеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді. Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым – қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларды шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынас шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады. Қарым – қатынастың негізгі функциялары:
Кәсіби педагогикалық қарым – қатынас
Педагогикалық қарым – қатынастың кезеңдері:
Қарым – қатынас құрылымында 3 аспектіні қарастыруға болады: коммуникативтік, интерактивтік және перцективтік.
Коммуникативтік қабілеттер:
Сенім – бұл:
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Информация о работе Педагогикалық қарым- қатынастың формасы, коммуникативтік іс- әрекет