Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 08:50, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: педагогика ғылымының функциялары, атқаратын қызметі, заңдары, заңдылықтары, принциптері, ережелер жөнінде түсінік, оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу, принциптер және оларға байланысты оқу ережелері, педагогикалық зерттеу әдістері, оның ішінде: педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру; педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі қарастырамыз.
Мақсаты: пдагогика ғылымының функцияларын, заңдылықтарын, принцитерин, оқу ережелерін, зерттеу әдістерін көрсету, үйрету.
Кіріспе 2
Негізгі бөлім 4
1 Педагогика ғылымының функциялары 4
2 Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік.
3 Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.
4 Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері.
5 Педагогикалық зерттеу әдістері:
5.1 Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру;
5.2 Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі.
- оқуды педагогика, психология, әдістеме, педагогикалық тәжірибенің жаңа жетістіктері негізінде жүргізу, оқу процесіне педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін ендіру;
- оқу дидактикасы мен психологияның соңғы жаңалықтарын ескерумен индуктивті оқыту логикасын ғана емес, сондай-ақ дедуктивті оқу әдісін де орынды пайдалану, дерексізденген (абстракция) түсініктерді қолданудан тартынбау, себебі бұл нақты құбылыстардың тереңдегі мән-мағынасын түсінуге жәрдемін береді. Бірақ мектеп курсы шеңберінде толық түсінік берілмеген абстракцияларды қолданудан аулақ болыңыз;
- әрқандай жаңа енгізілген ғылыми ұғым, түсінікті жүйелі қайталап отыру, пәнді оқыту барысында қолданып, пайдалану, себебі жаттықтырылмаған білімдер тез ұмытылады;
- ғылыми таным әдісін пайдаланумен, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, балаларды ізденіс, шығармашыл жұмыстарға қосып отыру;
- жаңа идеялар қабылдауды бір сәттік міндет деп білмеу – әрбір құбылысты жаңадан түзіліп жатқан жан-жақты байланыстары және қатынастары аумағында қарастыра талдау;
- оқушыларды атақты ғалымдардың өмірбаяндарымен таныстыру мүмкіндіктерін қолдан шығармау, олар енгізген ғылым жаңалықтарын шәкірттерге кең жария ету;
- жаңа ғылыми терминологияны қолдану, ескірген терминдерден сақ болу, оқушыларға жаңа жетістіктердің негізгі идеяларын ашып, ұсыну, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйрету, жаңа мәселелерді ұжым болып талқылауды қолдап қуаттау;
- балалардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету. Оларды мүмкін болған жағдайларды пайдаланып, ғылыми-тәжірибе жұмыстарының негіздерімен таныстыру, шығармашылықты қажет еткен мәселелерді шешуде алгоритмдерді пайдалануға жаттықтыру, проблемалармен айналысудың сензитивтік (жас сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстау;
- танымдық қызметтен оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету, қанағат табу сезімдеріне бөленуге мүмкіндік беру.
Ұнамды көңіл-күй сақтау принципі бала табиғатының дамуы мен оның іс-әрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нәр алады, ой өрісі сәуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам және жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нәтиже күтудің өзі бей-берекетсіз іс. Сондықтан да, оқу баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дәріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған жерде оқу процесі өз ықпалын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту – бос әурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жек көрушілік жайлаған баланы оқыту оның санасына шынайы болмыс деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектеп оқу еңбегі мен білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен толтырып, олардың бәрі балалық шақтың балдәурені секілді оқушы есінде ұзаққа сақталуына негіз қалайды. Оқудың көңіл-күй принципінің талаптары осы. Ал бұл талаптарды іске асыруда мұғалімнің міндеттері:
- әр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды көңіл-күйін қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру. Алдағы оқу жұмысы неғұрлым зеріктіргендей әрқилы болса, оқу материалы неғұрлым құрғақ әрі абстракт келсе, ұнамды эмоциялар пайда етудің барша мүмкіндіктерін іздестіріп бағу;
- сынып босағасын көңіл жадыратар кейіппен аттап, балалармен әзілдесе, оларды жігерлендіре сөз тауып, сабақты бастау;
- демократиялық қарым-қатынас стилін ғана ұстану;
- балалар болмысына, олардың істеріне қызыға қатынас жасап, араласып бару;
- сыныпта қапелімде болып қалатын дау-дамайды әрқашан сабырлы, айқайсыз, тұрпайы және намысқа тиер сөздерсіз шешу;
- күдер үзгендей әрі қиын жағдайлардан шығу үшін орайы келген әзіл-қалжыңды пайдалану;
- оқуды әсем, бейнелі, көңілді өткізілуі үшін оқу процесін танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға толтыра жүргізу;
- кіші оқушының ойлауын оның сезімдері мен толғаныстарынан ажыратпау: оқу-тәрбие процесінің эмоционал көрікті болу қажеттігі - бала ойының даму заңдылықтарынан туындаған талап;
- әрдайымғы көңіл-күй көтеретіндей сәттерден ұнамды эмоционал қалыпта өтетін тұрақты кейіп жағдайларына өту;
- оқу материалдары, оқу әдістері мен танымдық еңбек ұйымдастыру формаларының эмоционалдық молшылығын пайдалану.
Теория мен практиканы байланыстыру принципі негізіне классикалық философияның ақиқат пен танымдық қызметтің дерек көзі – тұрмыс және практика екендігі туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған тәрбие әрқашан өмірдің өзінен, практикадан бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсіп келе жатқан әулетті белсенді тіршілік қамына дайындайды. Оқудың өмірмен, теорияның практикамен тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу-тәрбие процесінің келелі ұйымдастырылуына, оқудың тиімді формалары мен әдістерін пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне тәуелді келеді.
Оқудың өмірімен ұштастық принципін іске асыру негізі – теориялық тұжырымдар мен озат мектеп ұжымдарының тәжірибесінен туындайды. Осыған байланысты мұғалімнің атқаратын міндеттері:
- мектепте игерілетін білімдердің қажеттігін оларды қоғамдық – тарихи практикамен байланыстыра, оқушыларды сендіре, дәлелдеу, оқу процесін білімнің, оған қоса мектепте алатын құндылықтарының өмірлік қажетті дүние болатынын түсініп, сезетіндей дәрежеде алып бару;
- тұрмыс қажеттерінен - білімге, білімнен өмір қажеттігіне өте отырып, баланы «білім – бай, қуатты тіршілік» қағидасымен тәрбиелеу;
- балаларға қазіргі заманның жаңа технологиялары, өндірістік қатынастары, озат еңбек әдістері жөнінде әңгімелеу;
- оқушыларды өз білімдерін практикада тексеріп, қолдануға табандылықпен үйрету, қоршаған дүниені білім көзі және сол білімді қолдану саласы ретінде пайдалану;
- өз жұмысының өмірлік маңызын оқушыға түсіндіріп бере алмайтын бірде бір мұғалім не сабақ болмауы тиіс;
- мектеп пен өндіріс орындарының байланысын пайдалану, оқушылардың өндіріс өкілдерімен қатынастарын оқу-тәрбие жұмыстарының жалғасына айналдыру, бұл үшін «оқу пәні -өндіріс» байланысын ептілікпен бағдарлап, қадағалап бару;
- оқушылармен бірге «тұрмыстық қажет» сипатындағы мәселелер мен жаттығулар түзіп, оларды сабақ материалымен байланыстыра шешуге дағдыландыру. Оқулықты балалар өмірімен ажыралмас бірліктегі қоршаған болмыс деректерімен толықтырып баруды ұмытпау.
- оқуды ауыл, қала, облыс, республиканың нақты болашақ даму жағдаяттарымен ұштастыру, аймақтың келешек дамуына орай кәсіби бағдарлау жұмыстарын өткізіп бару;
- проблемді ізденіс және зерттеу тапсырыстары теорияны практикамен байланыстырудың таптырмас құралы. Оларды әрқилы жолдармен пайдалануға тырысу;
- балаларды еңбекке, қоғамдық және жеке меншікке саналы да ұнамды қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас үлгісін мұғалімнің өз бойынан көрсетуі.
Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер әрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-әрекетте комплексті, параллель жүзеге асып барады, оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер арасында басты не екінші дәрежелісі болмайды, әңгіме тек олардан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық дәрежесі жөнінде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара кіріге ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мәндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың бәрінің де қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нәтижелеріне жетудің жолдарын көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мәні –оқушының тән-дене және ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау және дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нәтижесі оған жұмсалған оқушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи және әлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен еңбек нәтижелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің (баланс) сақталғаны.
5.1 Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.
Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық жəне практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тəуелді келеді.
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.