Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 08:50, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: педагогика ғылымының функциялары, атқаратын қызметі, заңдары, заңдылықтары, принциптері, ережелер жөнінде түсінік, оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу, принциптер және оларға байланысты оқу ережелері, педагогикалық зерттеу әдістері, оның ішінде: педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру; педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі қарастырамыз.
Мақсаты: пдагогика ғылымының функцияларын, заңдылықтарын, принцитерин, оқу ережелерін, зерттеу әдістерін көрсету, үйрету.
Кіріспе 2
Негізгі бөлім 4
1 Педагогика ғылымының функциялары 4
2 Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік.
3 Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.
4 Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері.
5 Педагогикалық зерттеу әдістері:
5.1 Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру;
5.2 Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Педагогика ғылымының функциялары
2 Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік.
3 Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.
4 Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері.
5 Педагогикалық зерттеу әдістері:
5.1 Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру;
5.2 Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі.
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: педагогика ғылымының функциялары, атқаратын қызметі, заңдары, заңдылықтары, принциптері, ережелер жөнінде түсінік, оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу, принциптер және оларға байланысты оқу ережелері, педагогикалық зерттеу әдістері, оның ішінде: педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру; педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі қарастырамыз.
Мақсаты: пдагогика ғылымының функцияларын, заңдылықтарын, принцитерин, оқу ережелерін, зерттеу әдістерін көрсету, үйрету.
Міндеті:
Алдымен айта кететін жағдай: Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кәсіптенген адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.
Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пай дес»- балалар және «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.
1 Педагогика ғылымының функциялары.
Педагогика басқа да ғылымдар сияқты сипаттау, суреттеу, түсіндіру және болжау функцияларын атқарады. Бұл функциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ педагогика ғылымының объектісі әлеуметтік-гуманитарлық сферада жатқандықтан оның өзінің ерекшеліктері бар. Педагогика педагогикалық шындықты объективті көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар оны өзгертуі, жетілдіруі қажет. Сондықтан педагогика ғылымынң екі функциясын атап көрсетеді.
Педагогиканың теориялық функциясы үш деңгейде іске асырылады:
1) сипаттау немесе түсіндіру – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу;
2) диагностикалық – педагогикалық құбылыстардың, оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің тиімділігін анықтау, оларды қамтамасыз ететін себептерді, шарттарды анықтау;
3) болжамдық – педагогикалық шындықты экспериментальды зерттеу, солардың негізінде сол шындықты түрлендіру моделін жасау.
Технологиялық функция да үш деңгейде іске асырылады:
1) проективтік, әдістемелік материалдарды дайындаумен байланысты (оқу жоспарлары, бағдарламары, оқулықтар және т.б.);
2) түрлендіруші – педагогикалық ғылым жетістіктіктерін білім беру практикасына енгізу;
3) рефлексивтік және түзетушілік – ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқыту мен тәрбие практикасына ықпалын бағалау және ғылыми теория мен практикалык іс-әрекеттің өзара әрекеттеріне түзетулер енгізу.
2 Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік.
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте əрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А. Коменский қалаған. Ғұлама- педагог пікірінше, оқудың негізі – табиғи сəйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сəйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер
1) оқу мазмұнына;
2) оқытушыларға;
3) оқушыларға қатысты болды.
К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі, анықтығы, оқушылардың дербестік əрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи сəйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық принциптер төмендегідей:
1) саналылық жəне белсенділік;
2) көрнекілік;
3) жүйелілік жəне бірізділік;
4) беріктік;
5) түсіністік;
6) ғылымилық;
7) көңіл-күй;
8) теория мен практиканың байланысы.
Принциптер нұсқау-көрсетпе (норматив) қызметтерін атқарады. Олар мұғалімге кейбір жағдайларда қандай əрекетке келуі жөнінде тек кеңес немесе сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық əрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап етеді. Принциптерді білу жəне оларды оқу-тəрбие процесінде толықтай іске асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды жəне ол педагогикалық біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.
Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйесі арқылы іске асырылады. Ереже – бұл педагогикалық іс-əрекеттің нақты жағдайларда белгілі мақсаттарға жеткізу тəсілінің суреттемесі (описание). Көбіне оқу ережесі деп қандай да принципті қолданудың жеке тараптарын ашып беретін жетекші тұжырымдарды түсінеміз.
3 Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.
Оқу барысында диалектиканың жалпы заңдары мен педагогиканың арнайы заңдары орындалуы шарт.
Диалектиканың жалпы заңдары сапына кіретіндер: қарама-қарсылықтар бірлігі мен тайталасы заңы, сандық жинақтың сапалық өзгерістерге келу заңы, жоқты жоққа шығару заңы.
Оқу процесінде қарама-қарсылықтар бірлігі мен тай-таласы заңы іске қосылады. Қарама-қарсылықтардың туу себебі – жаңа əлеуметтік жағдайлар, тұлға мүмкіндіктерінің өзгеруі, білім беру аймағында қалыптасқан соны талаптар оқу процесіне болған дəстүрлі, бекіген ұғымдар жəне көзқарастармен сəйкессіздікке ұшырауы. Бұл өз кезегінде оқу мазмұны мен технологиясын өзгертіп, заманға сай ауыстыруды талап етеді.
Сандық жинақтық сапалық өзгеріске түсу заңы да оқу процесінде көрініс береді. Тұлғаның бүкілдей сапалық сипаты (нанымдары, сеп-түрткілері, ұстанымдары, қажеттері, құндылықты бағыттары, даралықты іс-əрекет стилі, ептіліктері мен дағдылары) сандық жинақтың белгілі деңгейдегі нəтижесі.
Санның сапаға ауысуы жоқты жоққа шығару заңы тетіктеріне сəйкес келеді. Тұлғалық жəне психикалық жаңа құрылымдар адамның өткен кездердегі жинақтаған тəжірибесі негізінде қаланады. Соңғы өмір кезеңдерінде пайда болған сапалар бұрынғы қалыптасқандарын “жоққа” шығарады. Жоққа шығару тетігі оқу дағдыларының қалыптасу процесінде көрінеді, яғни кейбір əрекеттер көп қайталаулар нəтижесінде күрделі дағдыларға (жазу, есеп, оқу) айналады.
Диалектиканың жалпы заңдылықтарымен бір қатар оқу барысында арнайы педагогикалық заңдар да əрекетке келеді. Ғалымдар мұндай заңдардың бірқаншасын ашып, педагогикалық тəжірибеге ұсынған. Өз заманында ғұлама педагог И.Г.Песталоцци келесі заңды нақтылаған: елес байқауынан анық ұғымдарға, олардан анық түсініктерге өту.
Неміс педагогі Э. Мейман бірнеше ерекше заңдарды негіздеп, ұсынды:
- жеке адамның дамуы əуел бастан көбіне оның табиғи нышандарына тəуелді жүріп жатады;
- ең алдымен бала тіршілігі мен оның қарапайым қажеттерін қанағаттандыруға арналған сапа-қасиеттер дамиды;
- балалардың жан жəне тəн дамуы əрқилы деңгейде өтеді.
Теоретиктер мен практиктер ашып, бүгінгі педагогикаға енгізген заңдылықтар саны ұланғайыр (мысалы, И.П.Подласый өз оқулығында 70-тен астам заңдылықты хаттаған).
Оқудың əрқилы заңдылықтарын реттестіріп, жинақтауға орай, оларды жалпы жəне жеке (нақты) заңдылықтар деп бөлу қабылданған.
Жалпы заңдылықтар қалаған білім беру процесіне тəн болып, оқудың бүкіл жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:
- оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейі мен қарқынына, оның қажеттері мен мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымы мен практикасының даму деңгейі мен жетістіктеріне байланысты;
- оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық қажеттер мен оқу мақсаттарына, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік процестің қарқынына, оқушылардың жас мүмкіндіктеріне, оқу теориясы мен практикасының даму деңгейіне, оқу мекемелерінің материалды- техникалық жəне экономикалық жағдайларына тəуелді келеді;
- оқу сапасы. Оқу сапасы өткен кезеңдегі оқу процестерінің нəтижелілігіне, оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің ұйымдастыру – педагогикалық шеберлігіне , оқушының оқып-үйренуге болған қабілетіне, оқу уақытына байланысты;
- оқу əдістері. Дидактикалық əдістер тиімділігі əдістерді білу мен қолдану ептілігіне, оқу-мақсаттарына, мазмұнына, оқушылардың жеке деңгейі мен оқуды меңгеру қабілетіне, материалдық-техникалық қамсыздығына, оқу процесінің ұйымдасуына тəуелді;
- оқуды басқару. Оқудың нəтижелі болуы оқу жүйесіндегі кері байланыстың жеделдік сипатына, реттеу-түзету ықпалдарының орынды келуіне орайласады;
- оқуға ынталандыру. Оқу нəтижесі шəкірттің білім игеруге деген іштей ынта-ықыласы мен оқу əрекеттерінің өзіне тəн тартымына (внутренние стимулы); оқу əрекетіне мүмкіндік жасаушы сыртқы жағдайлар (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық).
Жеке (нақты) заңдылықтар оқу жүйесінің кейбір тараптарына орай іске қосылады. Оқу процесінің жеке (нақты) заңдылықтары:
- дидактиканың тек өзіне тəн (оқу нəтижесі қолданылған оқу əдістері мен құрал-жабдықтарына, оқытушының кəсіби шеберлігіне жəне т.б. байланысты);
- таным теориясына (гносеологиялық) сай (оқу нəтижесі оқушылардың танымдық белсенділігіне, ептілігіне жəне оқуды қажетсінуіне, т.б. тəуелді);
- психологиялы? (оқу нəтижесі шəкірттердің оқу-үйрену мүмкіндіктеріне, зейін деңгейі мен тұрақтануына, ой-ақыл ерекшеліктеріне жəне т.б. байланысты);
- əлеуметтік (жеке адамның дамуы төңірегіндегі басқа адамдармен тікелей не жанама қарым-қатынасына, қоршаған ортаның ақыл-парасат дəрежесіне, мұғалімнің оқушымен қатынас жасау стиліне жəне т.б. тəуелді);
- ұйымдастырушылық (оқу процесінің тиімділігі оның ұйымдастырылу дəрежесіне, сол процестің оқушыда оқуға болған ынтаны, қажеттікті тəрбиелеуге бағытталуына, таным қызығушылығын қалыптастыруына, қанағаттану лəззатына бөлеп, танымдық белсенділікті қанаттандыруына жəне т.б. тікелей байланысты);
Оқу заңдылықтарының нақты көріністері принциптерде жəне оларға орай қабылданған ережелерде байқалады.
Ережелер мұғалімге қандай да бір жағдайларда нақты əрекеттерді жасауға сілтеме беріп, белгілі бір талаптарды орындауға бағыттайды. Ал бұл нұсқаулардың қалай орындалуы мұғалімге тəуелді. Мысалы, оқушы сабақ басына кешігіп, сыныпқа қоңыраудан соң кіріп келді. Мұндай жағдайда мұғалім ережеге сай оқушыға қандай да ықпалды əрекет жасауы қажет, себебі тəртіп бұзу ескерусіз қалмауы тиіс. Ал бұл ескерту қалай орындалады- оның жолы бүтіндей жəне толығымен нақты ситуацияға, оқушы тұлғасына, мектепте қабылданған тəртіптерге, қалыптасқан қатынастарға жəне көптеген басқа да себептерге байланысты.
4 Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері
Оқудың дәстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер: саналылық және белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік және бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру. Саналылық және белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мәні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де Әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-әрекетті басқару және оқу тәрбие процесін ұйымдастыру, мұғалім қолданған әдістер мен оқу жабдықтары және т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең әрі берік игеруде пәрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық және белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс: