Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 11:24, лекция
Тәрбие мәселелерін дұрыс шешу тәрбие және оқыту теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанын м±ғалімніњ білуін керек етеді. Өткен дәуірлерде алдыңғы катарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ±сынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашаќ м±ғалімдердіњ педагогтық дайындығын күшейтеді.
Педагогика тарихы м±ғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына єсер етеді, олардыњ тәрбие мәселелерін д±рыс шешуіне көмектеседі.
Пәнге кіріспе. Педагогика тарихының негізгі міндеттері
2.Алѓашќы ќоѓамдаѓы тєрбие.
3.Ќ±лдыќ ќоѓамдаѓы тєрбие жєне мектеп.
4.Феодалдыќ ќоѓамдаѓы тєрбие мен мектеп
5.Ќайта µрлей дєуіріндегі мектеп жєне педагогикалыќ ойлар (ХІV - ХVІ ѓасы
Грамматикалық мектептерде латын тілінің грамматикасы, грек тілі, риторика (әдебиет және тарих мәліметтерін бере отырып, шешендікке баулу) окытылды. Кейінірек риторика мектептері пайда болды. Бұл мектептерде өте жоғары оқу ақысына риторика, философия, заң, грек тілі, математика және музыка сабақтары оқытылатын болды. Осы мектепті бітірушілер жоѓары мемлекеттік қызметтерді атқаруѓа қажетті дайындық алды. Ертедегі Рим педагогтарыныњ ењ кµрнектісі Марк Фабий Квинтилиан болды (біздің заманымыздың 42—118 жылдары µмір сүрген.) Ол — «Шешендікке тәрбиелеу_туралы» деген еңбектің авторы. Қвинтилиан өз дәуіріндегі грек, рим философиясы және педагогикасымен жақсы таныс болды. Өз еңбегінде ол риторика мектебінде мұғалім болып істеген бай тәжірибесін қорытты.
Квинтилиан балалардыњ табиғи нышандарын жоғары баѓалады. Балалар мектепте тәрбиеленуі керек, мұѓалім әр балаға ерекше көніл бµлуі кажет деп есептеді. Мұѓалімнің білімді, ұстамды, балаларѓа үлгі болуы және оларды жете білуі қажет деп санады.
Квинтилиан балалардыњ тілін дамытуѓа ерекше мән берді. Ол ‰шін ерте бастан олардың сөйлеуіне кµңіл бөлуді талап етті, тілді және музыканы оқыту баланың дұрыс сөйлеуін дамытады деп санады. Баланың логикалық жүйелі түрде ойлауын дамыту үшін математиканы оқытуды қажет деп есептеді. Балаларѓа берілетін білімнің негізі берік болуын талап етті. Квинтилианныњ педагогикалық еңбектері өте жоѓары баѓаланды.
4.Феодалдыќ ќоѓамдаѓы тєрбие мен мектеп
Феодалдық қоғамда үстемдік етуші сословиялар феодалдар мен дін иелері болды. Олар бүкіл жердіњ және өздеріне бағынышты шаруалардың қожасы саналды. Феодалдық қоғамның негізгі тірегі — дін мекемелері (шіркеу). Орта ғасырда Қытай мен Индияда, Таяу Шығыс пен Европада ересектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың (шіркеудіњ) қолында болды, білім діни мазмұнда берілді. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарды үстем тапка бағынуға үгіттеді.
Иранды, Сирияны, Палестинаны, Египетті, Африканың солтүстік жағалауын VII—VIII ғасырларда арабтар жаулап алып, ірі мемлекет құрды. Бұл мемлекет Қытаймен, Индиямен, Европамен экономикалық байланыс жасады. Арабтар жаулаған жердің халықтарының мәдениеті ертеден дамыған болатын, ол мәдениетке енді жаулаушылар ие болды.
VIII ѓасырда арабтар Пиреней жарты аралын жаулады, соның нәтижесінде Батыс Европа жерінде мұсылман мектептері ашылды. Пиреней жеріндегі Кордова халифаты арқылы Батыс Европаға ертедегі Шыѓыс мәдениеті тарады. Соның ішінде Аверроес деген атпен әйгілі болған араб философы Ибн-Рошданыњ түсіндірмесі арқылы Аристотельдің еңбектері тарай бастады.
IV ғасырда Рим империясы Батыс және Шыѓыс_империя болып екіге бөлінді. Батыс империя бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінді. Шыѓыс империя Византия деген атпен мың жылдай сақталды. Бүкіл Византия мәдениетінің діни сипатта болуына қара-мастан, онда ертедегі Шығыс мәдениетінің кейбір элементтері сақталды. Шіркеу жанындаѓы мектептермен катар, кейбір калаларда жоѓары мектептер болды, ол мектептерде діни кітаптар, ертедегі Шығыс философтарының, акын-жазушыларыныњ еңбектері оқытылды.
Византия мәдениетін Шығыс Европа жеріне таратуда славяндар үлкен роль атқарды. Ол мәдениет ертедегі Русь жеріне де тарады. Бірнеше ғасырлар бойы Батыс Европа елдеріне католик шіркеуі күшті єсер етті. Олар бүкіл оқыту мәселесін өз қолында ұстады. Орта ғасырлық монастырьларда дінді тарату максатымен діни кітаптар қолдан кµшіріліп, көбейтілді. Кітап көшіретін адамдар даярланды, кітапхана және мектептер к±рылды. Алдымен монастырь мектептері, кейін собор мектептері ашылды. Кейбір шіркеулердің жанында да мектептер ашылды. Бұл мектептерде ер балалар ғана оқыды. Шіркеу мектептерінде латын тілінде дұға оқуға, діни әндер айтуға, кейде жазуға үйретті. Оқу тек ќана латын тілінде болғандықтан, балалар оқығандарының мазмұнын түсінбеді.
Монастырь жєне собор мектептерінде мұғалімдік қызметті діни қызметкерлер атқарды. Мектептерде оќудың белгіленген мерзімі болмады. Шіркеу мектептерінде оқу мерзімі бес және одан да көп жылға созылды. Онда балалармен бірге жастар да оқыды. Окуѓа пайдаланатын діни кітаптардыњ мазмұны балаларға µте ауыр тиді және олар колдан көшірілгендіктен, біреудің жазуын айырып оқу өте қиындық келтірді. Құстың қауырсынынан жасалған қаламмен жазу да ауыр еді. Мектептерде ұрып жазалау көп қолданылды. Тµменгі мектептерге алѓашқыда дін иелерінің балалары ғана окуға алынса, XI ғасырдан бастап басқа сословияның балалары да алынатын болды. Бірақ халықтың негізгі көпшілігінің балалары мектепте оқуға қамтылмады, олардың балалары ата-аналарының енбегіне араласу арқылы ғана тәрбиеленді.
Монастырь және собор мектептерінде білім берудің көлемі бірте-бірте кеңейтілді. Грамматика, риторика, діни философияның негіздері (диалектика) енгізілді. Арифметика, геометрия, астрономия және музыканы окытатын мектептер де болды. Бұлардан басқа дін ілімі оқытылды, дін «ғылымныњ негізі» деп саналды.
Әсіресе, грамматиканы оқуға көп көңіл бµлінді (латын тіліндегі грамматикалық формаларды жаттау, діни кітантарды талдау). Риториканыњ міндеті дінді уағыздауға даярлау болды. Диалектика окушыларды діни тақырыпта таласуға, діни қағидаларды қорғауға даярлады. Барлық оқытылатын пәндердің мазмұны діни сипатта берілді.
Феодалдардың балаларына берілетін тәрбие басқаша болды, феодал тәжірибелі әскер болуы, шаруалар көтерілісін қатан түрде басуы керек болды. Сондықтан олардың балаларын тәрбиелеуде әскери әрі дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінді: оның баѓдарламасы «жеті серілік µнерді» қамтыды (атқа салт міну, жүгіру, қылыштасу, найзаласу, аң аулау, шахмат ойнау, өлең шығару), Окуға және жазуға үйрету міндетті деп есептелмеді.
XII—XIII ғасырларда Батыс Европадағы мемлекеттер арасында экономикалық байланыс кењіді, қалалар пайда болды, колөнері мен сауда дамыды. Экономикалық даму терең білімніњ болуын қажет етті, осыған байланысты университеттер ашылды. XII ғасырда университеттер Италияда, Францияда, Англияда таѓы басқа елдерде, XIV ғасырда Чехияда (Прагада), кейінірек Польшада (Краковта) ашылды.
Орта ғасырда
ғалымдардың инициативасымен ун
Қалада қолµнерінің және сауданың дамуына байланысты колөнершілер цех мектептерін, сауда қызметкерлері гилдия мектептерін ашты. Бұл мектептерде ана тілінде оқу және жазу үйретілді, есеп және дін сабақтары оқытылды. Қейін б±л мектептер бастауыш қала мектептеріне айналды.
Арабтар жаулап алуының нәтижесінде ислам дініне бағынған халықтарда мектеп және медреселер ашылды. Мектеп мешіттіњ жанынан ашылып, ер балаларға бастауыш дін білім берді, ал1 медресе діни кызметкерлермен бірге үкімет қызметіне де әзірлейтін болды. Мектептегі негізгі міндет балаларды құранның тексін оқуга үйрету еді. Оќу балаларға түсініксіз араб тілінде жүргізілді. Құранды басқа тілге аударуға тыйым салынды. Мұсылман мектептері балаларды құдайға, құдай калаған үкіметке бағынуды талап етті.
Балалар алдымен араб тіліндегі барлық әріптің атын білуге тиісті болды. Әріптерді қосып оқымастан бұрын, әріптердің атын қосуға жаттықтырылды. Оқудың негізгі әдісі жаттау болды. Жазуды тек қана кітап көшіретіндер ғана мењгере алды. Жазу құ-ралдары өте нашар болды. Кейбір медреселерде орта біліммен қатар, жоғары білім де берілді. Алдымен медреседе арабтың әдеби тілін меңгеру міндеттелді. Әр халықтыњ ана тілі оқытылмады. Логика оқытылды, м±сылман діні жөнінде кең білім берілді. Медреседе екі бағытта білім берілді (дін және заң). Медресеге мұғалім болѓысы келгендер араб философиясымен шұғылданды. Дін және заң қызметімен шұғылданатындардыњ негізгі сүйенетіндері құран болды. Сондықтан медреседегі оқудың негізгі мазмұны құранды үйрету еді.
Құранның араб тексін түсінуді оңайлату максатымен Иранда және Орта Азияда оны парсы, тәжік тілінде түсіндіру жүзеге асырылды.
Құранға діни түсінік берушілер оны кұдай жасағанын, жерді және адамды кұдай жаратқанын түсіндірді, ал құранға зањ ретінде түсінік берушілер сауда, неке және мұрагерлік туралы зандылықтарды уағыздады.
Медреседе лекцияға аз көңіл бөлінді, шәкірттерге µздері оқу үшін тапсырма өте кµп берілді. Оқығанын әңгімелеп шығу және жаттау әдістеріне баса назар аударды. Медресе жаратылыс сабағынан ешбір білім бермеді, математика аз окытылды. Медреседе көбінесе үстем таптың балалары ғана оқыды.
Қолөнерін, табиғат жµніндегі ғылымды, медицинаны, математиканы игеру мектептен тыс жүргізілді. Әскер және дене тәрбиесі, құс салып, ит қосып ан аулау т. б. спорт ойындары арқылы жүргізілді. Мейрамдарда спорт ойындарынан жарыс ұйым-дастырылды. Соғыс, жорық туралы, батырлардың ерлігі туралы әнгімелер арқылы балаларға моральдық тәрбие берілді.
Мұсылман мектептерінде балалар
Орта ғасырлыќ шығармалардың ішінде педагогикалық мазмұнда жазылғандары да кездеседі. Соның бірі — ескі тәжік тілінің диалектісінде жазылған XI ғасырдағы «Кабус-намэ». Бұл шыѓарма әкенің баласына өсиеті ретінде болғандықтан, бірнеше шығыс халықтарының тіліне аударылды.
Кейінгі дәуірлерде ана тілінде оқыту мәселесі қолға алына бастады. Бұдан мың жыл бұрын ислам дінінің негізін парсы-тәжік тілінде түсіндірген оқулық «Чор-китаб» дүниеге келд. Кейінірек діни өлеңдердің жинаѓы түркмен, ескі өзбек тілінде басылып, оқулық ретінде пайдаланылды.
Халық педагогикасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жастарды тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарды. Шығыстағы мұсылман халықтарында мынадай мақалдар кездеседі: «Білмеген айып емес, оқымаған айып», «Таяқ еттен, сµз сүйектен өтеді», «Атаның ұлы ѓана болма, халықтың ұлы бол» т. б.
Қазақ жеріндегі мұсылман мектептері оқушылар құрамы жағынан кіші-гірім мектептер болды. Көбінесе олар киіз үйге орналасты, мектеп жабдықтары мен оқу к±ралдары болмады. Байлардың қаражатына қалаларда салынған медреселер ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, оқу баѓдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болмады. Мектептерде діни кітаптардыњ мағынасына түсінбей, тек қарасын оқып білу үйретіліп, балаларға ешқандай ғылыми білімдер берілмеді. Өйткені оқу ана тілінде жүргізілмей, балаларѓа түсініксіз араб тілінде жүргізілді. Оқушылар араб әріптерін оқып үйрену үшін айлап, жылдап уақыт кетірді. Қөптеген мектептерде оқуды хат танитын сауаты ғана бар молдалар оқытты. Олардыњ ұстаздық қызметке ешбір даярлыѓы болмайтын. Оқудың басталатын белгілі уақыты болмағандықтан, єр бала қалаған уақытта мектепке алынып, молда олардың әрқайсысын жеке оқытты. Балалардың бәрі бір киіз үйде отырғаны болмаса, олардың єрқайсысы жеке тапсырма алды. Мектеп пен медреселерде оқыѓаны үшін балалар ақы тµледі. Шәкірттер аптасына бір рет бейсенбі сайын молдаѓа ақшалай және заттай ақы төлеп тұрды. Ал оқу аяқталғанда бағалы сыйлықтар беруге тиісті еді.
Бірте-бірте мектептерде ана тілінде ғылыми білім беретін пәндерді оқытуда жаңа әдістерді қолдану орын ала бастады. Жаңа әдіспен оқытқанмен оларда ескі мектеп, медреселер сияқты діни догмаларды тарататын және ислам дінін нығайту үшін мұсыл-ман миссионерлерін даярлау жолында қызмет ететін мектептер болды.
5.Ќайта µрлей дєуіріндегі мектеп жєне педагогикалыќ ойлар (ХІV - ХVІ ѓасырлар).
Қайта өрлеу дәуірінде сауданың, қаланың дамуымен бірге тоќыма өндірісі өркендеді, капиталистік өндіріс кәсібі дамыды, буржуазия табы туды. Бұл өзгерістер ғылымның дамуын талап етті. Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, география, жаратылыс ғылымдары дамыды. Ғылымныњ єр саласынан жаңалықтар ашылды. Европада кітап басу пайда болды. Америка және Индияға теніз жолы ашылды. Энгельстіњ айтуы бойынша, б±л дәуір Папаның діни диктатурасын күйрет-кен, ескі Шығыс мәдениетін жарыққа шыѓарған, өнердің даму дәуірі болды. Гуманистер жаңа тап — буржуазияныњ мүддесін жақтады.
Гуманист педагогтар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика, астрономия, механика, жаратылыс ѓылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті. Олар баланы баѓалауды жақтады. Бұл дәуірде қолөнершілер мен сауда қызмет-керлерінің балалары үшін ашылған қала мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілді. XVI ғасырда бастауыштан жоғары латын мектептері және орта мектептер ашыла бастады (коллегиум, гимназия). Бүл мектептердің оқу мерзімі 8—10 жыл болды, оларда тек үстем таптың балалары ғана оқыды. Кейбір діни ұйымдар балаларға жаппай бастауыш діни білім беруді жүзеге асырды (Чехия).
Қайта өрлеу дәуірінде Англияның социал утописі Томас Мор педагогикалық ойдың кµрнекті өкілі болды (1478—1535 жылдар). Басқа Европа елдеріне ќараѓанда Англияда капитализм тез қарқынмен дамыды. Тоқыма µндірісініњ дамуына байланысты ќой өсірудің кең етек алуы жерсіз калѓан шаруалар мен қолµнершілердің күйзеліске ұшырауына себеп болды. Томас Мор енбекшілердің тұрмысының нашар екендігін көрсетіп, Англиядағы қоғамдық құрылысты батыл сынады. Оның орнына социалистік коғам құруды ±сынды. Томас Mop қоѓамдағы үстем таптың өкілдерінен құтылу керек деп санады. Ауыр жүмыстарды қолға түскен құлдар атқаруы керек деп есептеді. Mop тәрбиеге де үлкен мән берді, барлық балаларѓа коғамдык тәрбие, бастауыш білім беруді жақтады, оқудың ана тілінде оқытылуын қолдады. Мектепте оқуѓа, жазуға үйретумен қатар арифметика, геометрия, астрономия, музыка, диалектика, жаратылыс сабақтарының оқытылуын талап етті.
Мор дене тәрбиесіне үлкен мән берді. Алѓаш рет еңбекке тәрбиелеуді ұсынды. Барлық балалар ауыл шаруашылығы мен колөнерінің бір түрімен шұғылдануы керек деп көрсетті. Жұмыстан бос уакытты кітапханада, м±ражайда білім толықтыру үшін пайдалану кажет деп санады. Томас Мордың педагогикалық идеяларының педагогикалық пікірді дамытуда зор әсері болды. Ол жаппай бастауыш білім беруді, әйелдердіњ ерлермен бірдей білім алуын жақтады.