Педагогика тарихына кіріспе, маќсат, міндеті. Шетелдер мектебі мен педагогикасыныњ тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 11:24, лекция

Описание работы

Тәрбие мәселелерін дұрыс шешу тәрбие және оқыту теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанын м±ғалімніњ білуін керек етеді. Өткен дәуірлерде алдыңғы катарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ±сынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашаќ м±ғалімдердіњ педагогтық дайындығын күшейтеді.
Педагогика тарихы м±ғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына єсер етеді, олардыњ тәрбие мәселелерін д±рыс шешуіне көмектеседі.

Содержание

Пәнге кіріспе. Педагогика тарихының негізгі міндеттері
2.Алѓашќы ќоѓамдаѓы тєрбие.
3.Ќ±лдыќ ќоѓамдаѓы тєрбие жєне мектеп.
4.Феодалдыќ ќоѓамдаѓы тєрбие мен мектеп
5.Ќайта µрлей дєуіріндегі мектеп жєне педагогикалыќ ойлар (ХІV - ХVІ ѓасы

Работа содержит 1 файл

Лекция 1.doc

— 130.50 Кб (Скачать)
Дєріс №1

Таќырыбы:  Педагогика тарихына кіріспе, маќсат, міндеті. Шетелдер мектебі мен педагогикасыныњ  тарихы.

Жоспар:

  1. Пәнге кіріспе. Педагогика тарихының негізгі міндеттері

2.Алѓашќы ќоѓамдаѓы  тєрбие.

3.Ќ±лдыќ ќоѓамдаѓы  тєрбие жєне мектеп.

4.Феодалдыќ ќоѓамдаѓы тєрбие мен мектеп

5.Ќайта µрлей дєуіріндегі мектеп жєне педагогикалыќ ойлар (ХІV - ХVІ ѓасырлар).

1. Пәнге кіріспе. Педагогика тарихының негізгі міндеттері

Педагогика  тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен  айналысатын мекемелердіњ және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді.

Тәрбие мәселелерін дұрыс шешу тәрбие және оқыту теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанын м±ғалімніњ білуін керек етеді. Өткен дәуірлерде алдыңғы катарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ±сынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашаќ м±ғалімдердіњ педагогтық дайындығын күшейтеді.

Педагогика  тарихы м±ғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына єсер етеді, олардыњ тәрбие мәселелерін д±рыс шешуіне көмектеседі.

Педагогиканың дамуы мен пайда болуын және мектептіњ даму тарихын білу аркылы м±ғалім мектебтерде жинақталған бай тәжірибемен танысады, сол арқылы ол өзін м±ғалімдік қызметке даярлайды. Б±л пәнніњ деректі материалдары мен теориялыќ тұжырымдары болашаќ м±ғалімнің ой-µрісін кеңейтеді, оларды педагогиканыњ классикалық шығармаларымен таныстырады, тәрбиенің жастарды тәрбиелеу салаларының басқа түрлерінен артықшылыѓын және зор күшін кµрсетеді. Педагогика тарихын терең мењгеру аркылы болашақ ±стаздар мектеп теориясы мен тәжірибесініњ дидактикалық және тәрбие мәселелерін байыпты ойластыра карастырып шешуге үйренеді. Осылай педагогика тарихы болашақ ұстаздарды халық аѓарту ісі мен педагогикалык идеялар және педагогикалық әдебиеттермен кең және әр жақты каруландырады.

Мектеп тәжірибесі мен педагогикалық ой-пікір қоѓам дамуының әлеуметтік-экономикалык талаптары мен дәрежесіне тәуелді болады деген объективтік заңдылыққа сүйене отыра, педагогика тарихыныњ зерттеушілері мектеп білімінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін қайта қ±рудың, педагогикалық көзқарастардың µзгеріп отыруының шын себептерін ашып отырады.

Педагогика тарихын зерттеушілер өткен замандардаѓы мектеп пен педагогика тарихын зерттеп, ғылыми бағалауда біраз ж±мыс істеді.

Педагогика тарихы өткендегі педагогикалық жүйелердің барлық алдынѓы қатарлы және прогрессивті жақтарын шыѓармашылыќ түрде пайдаланады.

Педагогика тарихы педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің дүние жүзілік мањызын және онық адамзаттыњ прогрессивтік педагогика ғылымының дамуындағы ерекшелігін ашып керсетеді. Педагогика тарихының курсы тµрт бµлімнен т±рады:

  1. Шетелдердегі мектеп және педагогиканың тарихы.
  2. КСРО халықтары мектебі мен педагогикалыќ пікірлерініњ 
    тарихы (1917 жылға дейін).
  3. КСРО және басқа социалистік елдердің мектебі мен педагогикасыньњ тарихы.

     4.Тєуелсіз алѓаннан кейін Ќазаќстанда  мектеп пен педагогиканыњ тарихы

  1. Алѓашќы ќоѓамдаѓы тєрбие.

 Тәрбие — адам қоѓамында ғана болатын қоѓамдық қ±былыс, адамдардыњ саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуыныњ алғашқы баскышы — рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоѓамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф. Энгельс «Мемлекеттіњ жеке меншіктің және отбасыныњ шыѓуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектіњ ролі» атты еңбектерінде адамның µзін жасаған енбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек қ±ралын жасаудан басталады деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек кұралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яѓни тәрбиелеуді қажет етеді.

Ф. Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ коғамдық болды, 
өйткені жеке отбасы болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан бала- 
ларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерініњ ±жымдыќ 
ж±мысы болды. 

Ёңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда, балалар µмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет- ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардыњ өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.

Алғашқы қоғам тапсыз болды, соѓан сәйкес тәрбие де барлыќ адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуыныњ белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, ањ, балык аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.

Алғашқы қоғам дамуыныњ белгілі сатысында мал бағу, егін салу, колөнері кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен катар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты және жоспарлы іске айналды.

Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ±йымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. б. шыѓа бастады.

Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі — рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.

Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке отбасыныњ шыѓуына байланысты алѓашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке отбасы тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесін бере бастады. Жер µлшеу, өзендердің тасуын алдын ала болжау, адамдарды емдеу т. б. сол сияқты білімдерді олар µздері менгеріп, өздерін ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленді. Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен қанағатта-натын болды.

3. Ќ±лдыќ ќоѓамдаѓы тєрбие жєне мектеп.

Адам қоѓамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоѓам орнына құлдық қоғам пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайѓа дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше қ±л иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды, Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер қ±рылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді.

Қолдан суарып егін егумен шұғылданған жергілікті халық µзендердің суы таситын мезгілдерін дұрыс пайдалануға тырысты. Жыл мезгілдерді санау арқылы алдын ала болжау, су бөгеттерін салу єр түрлі ғылымдардың (астрономия, геометрия, арифметика, медицина) дамуына себеп болды. Діни мектептермен катар кітап көшірушілер даярлайтын мектептер де пайда бола бастады. Сол дәуірден сақталѓан кейбір қолжазбаларда тєрбиенің мақсаты, оған қойылатын талап туралы, балалардың мінез-кұлқы жөнінде құнды пікірлер айтылѓан.

Осы ертедегі Шығыс мәдениеті ертедегі Греция және Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Ертедегі Греция бірнеше кұл иленуші ±сақ мемлекеттен құрылды. Ішіндегі ірілері Аттика (орталығы Афины) және Лакония (орталығы Спарта) болды.

Спартада кұлдарды қатал ќанауға негізделген егін шаруашылығымен кәсіп етті. Сондықтан бұл елде құлдардың көтерілісін қатал күшпен басатын әскери шыңдалған кұл иеленушілер даярлауға көп көңіл бөлінді. Спартада үстем тап балаларына әскери тәрбие берілді. Қ±л иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Балалардыњ денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп жаттықтыру, әскери жаттығуларға үйрету (жүгіру, секіру, күрес, жекпе-жек, әскери әндер айту, найзаласу ойыны жүргізілді. Әскери ойындар ұйымдастырылды, музыка, ән айту және діни билер үйретілді. Мұнда оқу және жазуға үйретуге өте аз көңіл бөлінді. Спарта тәрбиесінің мақсаты — қатаң тәртіпке және құлдарға деген қайырымсыздыққа тәрбиелеу болып табылды.

Моральдық және саяси тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылық жөнінде арнаулы әңгімелер жүргізілді. Балалар анық және қысқа сөйлеуге үйретілді. 18—20 жастаѓы жігіттер әскери қызметке алынды. Қыз балаларға да әскери және дене тәрбиесін беруге көп көңіл бөлінді.

Афинада біздің жыл санауымызга дейінгі V—IV ғасырларда ғылым және мәдениет едәуір дамыды. Әсіресе, жаратылыс, математика, тарих, скульптура, кұрылыс өнері µркендеді. Бұл Афинаның ертедегі Шығыс елдерімен тығыз сауда жасауына байланысты болды. Афинада дене тәрбиесімен катар басқа тәрбие түрлеріне де кµп көңіл бөлінді. Құл иеленушілердің балаларына жан-жақты тәрбие (ақыл-ой, моральдық, эстетикалық және дене тәрбиесі) берілу керек деп есептелінді.

Құл иеленушілердің жеті жасқа толған ер балалары мектепке оқуѓа алынды. Қыз балалар отбасында ғана тәрбиеленіп, ±й жұмыстарына үйретілді. Ер балалар 7-ден 13—14-жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оќыды. Бұл мектептерде ер балалар екеуін де бірдей қатарынан немесе әуелі грамматист, кейін кифарист мектебінде оќыды.

Афинада мектептерді жеке адамдар ашып, балаларды оқытқаны үшін ақы алатын болды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Кифарист мектебінде музыкаға, ән, тақпақ айтуға жаттықтырды. 13—14 жасында ер балалар палестра (күрес) мектебіне кµшіріліп, онда 2—3 жыл дене шынықтыру жаттығуларының жүйесімен (жүгіру, секіру, күрес және найзаласу) таныстырылды, жүзуге үйретілді. Мектепте саяси және моральдық тақырыптарға әңгімелер µткізілді.

Ерекше  бай отбасыларыныњ балалары әрі қарай гимназияда философия, саясат және әдебиетпен танысып, мемлекеттік баскару ісіне араласу үшін белгілі дайындык алды. 18 және 20 жастағы жастар әскери дайындыќ алумен катар саяси білімдерін дамытты. Олар бекіністер салу, ќала гарнизонында әскери қызмет атқару, теңізде жүзу ісімен шұғылданды.

Құл иеленушілерден басқа жай халықтыњ (демостың) µз балаларын мектепке оқытуға көбінесе мүмкіндігі болмады. Олар балаларын қолөнеріне үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен ѓана қанағаттанды. Ал кұлдар тек «сөйлейтін к±рал» ретінде бағаланды.

Ертедегі   грек  ғалымдары   мен   философтары   Платон және Аристотель өздерінің еңбектерінде тәрбие мен окыту туралы өте ќ±нды пікірлер қалдырды. Олардың   бұл   пікірлері   педагогика ғылымының дамуына себеп болды.

Көрнекті грек философы Платон (біздің заманымызга дейін-гі 427—347 жылдары өмір сүрген) тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Өзінің педагогикалыќ пікірінде ол Спарта және Афина тәрбиесін ұштастыруға тырысты. Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жактады. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиешілердің басқаруымен уакытын ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санады. Мектепке дейінгі тәрбиеде Платон ойынның ролін өте жоғары бағалады. Сонымен бірге балаларға айтылатын әңгімені мазмұн жағынан іріктеп алуды талап етті. Платон қыз балалардың дене тәрбиесіие ерекше мән берді, жақсы үлгі арқылы тәрбиелеуді жақтады. Мемлекет тарапынан тәрбие берудің белгілі жүйесін ұсынды.

Афина аристократиясының өкілі Платон құлдардың балаларына білім беруге қарсы болды, жалпы дене еңбегі құлдардың тµл ісі, сондықтан болашақ философтар мен әскерлер дене енбегі туралы мүлде ойламауы керек деп есептеді.

Атақты грек философы және ғалымы Аристотель (біздің заманымызѓа дейінгі дәуірдің 384—322 жылдары өмір сүрген) мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарѓа тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоѓамдық тәрбие мен отбасындаѓы тәрбиенің өз ара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму мүмкіндігі болады. Ал ол даму тәрбиеніњ нәтижесінде жүзеге асырылады. Аристотель барлық адамдарға тәрбие беру мемлекеттің мақсаты дегенде құлдарды ескермеді, оларды «сµйлейтін құралдар» деп санады.

Аристотель ең алғаш рет баланың дамуын белгілі кезеңдерге бөлді (жеті жасқа дейін, жетіден 14 жасқа дейін, 14-тен 21 жасқа дейін). Жеті жасқа дейінгі дәуірде бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде Аристотель кейбір кұнды пікірлер ұсынды. Жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, денені шынықтыру, баланың тєрбие алатын ортасын ескеру көрсетілді.

Жеті жастан бастап ер балалардың мемлекеттік мектепке баруы, онда алдымен дене тәрбиесіне көңіл бөлінуі талап етілді. Дене тәрбиесінде жаттығулардың жеңіл, балалардыњ күшіне тимейтіндей болғаны дұрыс деп санады.

Аристотель тәрбиенің әр түрлі салаларының (дене, ақыл-ой және моральдық тәрбиенің) байланысты болуын жақтады. Дене тәрбиесімен катар оқуға, жазуѓа, сурет салуға, музыкаға үйреткен дұрыс. Мектепте бала елеулі білім алуы керек: әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны, музыканы оқуы керек деп есептеді. Мұндай дәрежеде әйелдерге де білім беру қажет деп санамады. Моральдық тәрбие беруде Аристотель моральдық дағдылар мен мінез-құлыққа жаттықтыруға үлкен мән берді. Моральдық тәрбиенің үш көзі — табиѓи нышандар, моральдыќ даѓдыларды және сананы дамыту керектігін айтты. Моральдық тәрбие беруде отбасыныњ ролін ол өте жоѓары баѓалады. Тәрбие жөніндегі Аристотельдіњ пікірлері кейінгі дәуірлерде педагогикалық ой-пікірлердің дамуына үлкен єсер етті.

Ертедегі Рим мемлекетінде кұл иеленудің дамуы халықтыњ үстем тапқа және қаналушы тапқа бөлінуіне әкеп соқты. Осыған сәйкес мектептер, элементарлық және одан жоғарырақ грамматикалық болып екіге бөлінді. Элементарлық мектептерде құлдар-дан басқа еркін халықтың (плебейлердіњ) балалары да окитын болды. Бұл мектептерде окуға, жазуға және санауға үйретті. Үстем таптың өкілдері балаларына алғашқы білім беруді үйде ±йымдастырып, бірден грамматикалық мектептерге берді. Бұл мектептер жеке адамдар ұйымдастырѓан, оќу акысын төлеуді керек ететін мектептер болды.

Информация о работе Педагогика тарихына кіріспе, маќсат, міндеті. Шетелдер мектебі мен педагогикасыныњ тарихы