Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 11:40, реферат
Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Иассауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар.
- Әуелі мазарды Арыстан бабтың басына түрғыз. Ол менің ұстазым: Ақ сақалды қарттың Қожа Ахмет екенін сезген әмір мазарды алдымен Арыстан бабқа салдырган екен.
***
Қожа Ахмет мазарында тұрған қазан жеті заттан: алтын, күміс, мыс, құм, тас, топырақ, т.б. жасалған. Қазанның қасиеттілігі соқдай оған біреу ықыласпен қой апарса толады, енді мақтанышпен түйе апарып сойса да толмайды. Оған салынған дәм от жақпай піседі екен.
***
Бір күні Ахмет 99000 ең білімдар деген шәкірттерді мәжіліске шақырып, білім бәйгесін жасайды. Соңда ең білгір боп топтан озған Хакім Сүлеймен болды. Осыдан кейін ұлы ұстазы Қожа Ахмет өз батасын беріп, Хиуаға жібереді. Кетерінде, "Ертең есігіңнің аддында тізесін бүгіп бір тұйе түрады. Сол бұйдасыз түйеге мін дағы, түйені еркінше жібер. Түйе қанша жер жүрсе де жүре берсін, ол әбден тұрмастан жатқан кезде ғана түс те, сол жерді мекен қыл, қызметіңді атқар" дейді. Сүлеймен ұстазы Ахметтің айтқанын орындайды. Астындағы түйесі әбден шаршап, ұрса түрмай, бақырып шөккен жерді - Бақырған деп атап, сол жерді мекен етіпті. Осыдан Хакім Ата Бақырған қаласында тұрып, өзі Сүлеймен Бақырғани аталыпты-мыс.
***
Қожа Ахметгің 3363 мүриді болған, әңгімелерде 1400 делінеді. Қожа Ахмет қайтыс болған соң шәкірттері жан-жаққа тарап кетеді. Оның 363 мүриді Маңғыстауға келіп, осыңда қаза болған. Оның бәрі әулие саналады, кейбіреулерінің аты мәлім емес, бірақ олардың бейіттерін жұрт қадір тұтады.
***
Түркістан шаһарында ғұлама Қожа Ахметтен дәріс алған көп шәкіртінің бірі - Шопан ата еді. Бірде ұстазы шәкірттерін сынау ниетімен медресе жанына жинапты. Қолындағы асасын басынан асыра бірнеше қайтара айналдырады да, лақтырып жібереді. Ол сонан соң, "Ал шәкірттерім, асаны қайсысың бірінші тауып әкелссіңдер" дегенде, шәкірттер аса таяқтың ұшқан жағын бетке ұстап жарыса жүгіріп кетеді. Шопан ғана орнынан қозғалмай тұрып қалады:
Қожа Ахметтің "Сен неге асаны іздемейсің?" деген сауалына: "Мархабатты ұстаз, сіздің асаны табу үшін менің ұзақ сапарға аттануым керек" - деп жауап кайтарады. Шәкіртінің білімдарлығына риза болган Қожа Ахмет сапарына ақ жол тілеп, батасын беріп қош айтысады.
Шопан ата Қожа Ахметтің Түркістанда тұрып лақтырган асасын Маңғыстау түбегінен табады. Ол аса қадалған жерді үңгіп жер асты мешітін салады. Құдық қазады, өткен-кеткен жесін деп тұт ағашын егеді. Ел балаларын оқытып, өзі де ғүлама ұстаз атанады. Оның жер асты мешіті жартылай құлаған күйінде әлі күнге дейін сақталған, ел-жұрты оның басына тәу етіп, түнейтін қасиетті орын.
***
Бегім ананың атасы Қарабура Әзінің шын аты - Тама. Кіші жүздің жетіру тайпасынан шыққан әулие адам. Бейіті Созақ ауданының орталығы Шолаққорганда. Қарабура деп атау себебі: Қожа Ахмет өлер алдыңда отбасына, туыстарына: "Мен пәлен уақытта дүние саламын. Мені оң жаққа қойғаннан кейін денем суымай түрғанда бір қара бура мінген кісі келіп, мені мәңгі жататын орныма өзі ақ жуып, арулап қояды. Мені алып бара жатқанда "Қайда алып барасыз?" деп оның қолын қақпандар" деп ескертіпті. Айтқандай-ақ Қожа Ахмет көзін жұмысымен қара бура мініп келген бір кісі оның мүрдесін алып кетеді. Содан бастап ол кісіні Қарабура Әзі деп атаған.
Халық педагогтарындағы ескерерлік сол, олар халыққа қызмет ету арқылы; сонымен бір мезгілде өзге халықтарга, демек бүкіл адамзатка қызмет етті. Олар халық пікірлерін жинақтап, жүйеледі және жалпыланған ойды қайтадан өздеріне кайтарды. Сондықтан бұлардың арасында ел арасына білім таратуға көңіл аудармаған, өзге халықтар мәдениетіне ынта танытпағандарды кездестіру қиын.
Мәселен, орта ғасырлардағы осывдай көрнекті өкілдердің бірі - Сүлеймен Бақырғани (1104-1186 жж.). Ол өз ұстаздарының ісін жаңа жағдайларда жалғастырып алға апарушы болды. Халықтың педагогикалық дәстүрлеріне сүйенген ұстаз әлеуметтік, педагогикалық мәні зор мәселелерді қозғайды. Автор тәрбиелеу жолын, құралдарын, әдістерін халық өмірінің өзінен алу керек деген ой-пікірлерін елең жолдары арқылы шебер бейнелеген. Бақырғани пайымдауында адам тұлға ретінде санқырлы. Әркім өзіне рухани жәке материалдық қүвдылықтар жасау арқылы пайда келтіретін еңбек түрін тандап алуы керек. Адамның әлеуметтік дамуы дүниені танып білуін жетілдіру мен өз мүмкіндігін өр салада жүзеге асыра алуында.
Халықтың бірі дәруіш,
Бірі ғалым, бірі тақуа,
Бірі сопы, бірі пір.
Бірі ілімін аян етеді
Бірі дәруіштігін баян етеді
Құлшылық еткендер аман болады.
Бақырғани білімнен артық құңдылық жоқ, білім – рухани байлық деп біледі. Осыған орай "ұлың мен қызыңды ілім үйренсін, ұстазға бер" деп ақыл айтады. Ойшыл кісілік, имандылық принциптерін жоғары бағалады. Өзінің педагогикалық пікірлеріңде қайырымсыздыққа, тоғышарлыққа, менменшілдікке, надандыкқа қарсы болып, өмір өткінші, оның мәнін кетіретін жағымсыз қылықтардан сақтан, - дейді, жастық шақты дұрыс пайдалану қажеттігін ескертеді. Өз заманының білімпаз оқымыстысы болғандықтан "Әдаб Ахмед" /Әдаб - оқымысты жазушы/ атанған Ахмед Жүйкенидің (XII ғ. аягы XIII ғ. басы) "Акиқат сыйы" кітабы түркі тілінде жазылған. Еңбек тәлім-тәрбие, оку-білім, мінез-құлық мәселелерін жан-жақты баяндауымен ерекшелінеді. Жүйкени өзінің тәлімдік пікірлерінде білімге айрықша көңіл бөледі. Білімділік - бақытты болудың басты шарттарының бірі. Адамның қабілеті мен еркін жоғары бағалаған автор оны үнемі жетілдіріп отыруға шақырады. Білім, өнер үйренуді тіршілік үшін ырыс, адам қауымын, тұрмысын гүлдендіруші құрал деп ұғынуға бағытталды. Ұлы ұстаз жаңды, мәнерлі сөз, нақты іс, ізгі дәстүр мен өнегелер, соның ішінде ата-ана үлгісінің өзіндік орны секілді бала тәрбиелеу жолдарының тиімділігін ескертеді. Халық тілегімен санасатын, көпшіл, қоғамшыл, мөдениетті тұлға өсіруді ата-ананың басты міңдеті санайды.
Бүған қоса шығарманың "Тілді тыйу - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы", "Жомарттың қайырымдылығы және сараңның қамсыздығы туралы", "Кішіпейілділік", "Жақсының игі қылығы мен дүниеқоңыздың жарамсыз қылығы туралы" тарауларындағы тәрбиелік ойлардың мәні аса зор.
"Адамгершілік бір үй, қайырымдылық оның іргетасы сияқты".
"Қолыңда бар болса, кемтарға жәрдем бер".
"Уа, дос, үлкендердің абыройын қастерле".
"Дәрежең үлкейген сайын ұстамдырақ болып, Үлкенді-кішіге сыпайы сөйле".
"Жақсы ісіңмен /елдің/ көңілін алып өмір кеш,
Ақылсыздықтан өзіңді аулақ сал",
- деп келетін өнеге сөздердің аса модцығы туыңцының тәрбие қүралы ретіңдегі орнын айқывдай түседі.
Информация о работе Қожа Ахмед Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері