Қожа Ахмед Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 11:40, реферат

Описание работы

Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Иассауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар.

Работа содержит 1 файл

Ахмед Яссауи педагогика.doc

— 79.00 Кб (Скачать)

Қожа Ахмед  Иассауи еңбектеріндегі халықтық

педагогика мәселелері

 

Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Иассауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап берген"13 бұл шығарма, сонымен бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті туынды екендігі күмән туғызбайды.

Автор тәрбиенің мақсаты тұлғаның кемелденуі жайлы қамқорлық деп ұдайы есіңде үстайды. Мәселен шығармадағы "Басты ізгіліктердің" олардың маңыздылығы есепке алынып бірізділікпен орналастыруы қызығушылық тудырады: жетілудің нәтижесі - ақыл, бірақ анықтаушысы адамгершілік түрғыда кемелдену:

 

Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғын,

Көре қалсақ мүсәпірді сырлас болғын,...

 

Әрі қарай еңбек ақыл, денсаулық, әсемдік жөне басқалары ілеседі. Және де ақыл ұтымы адамгершіліктің кептеген маңызды белгілерін енгізетін аса ауқымды мәнге ие:

 

Ақылға  ерсең ғаріпгтерді мейіріммен сүй,

Мұстафадай  елді кезіп, жетімді жый,

Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый...

 

Жетілудің шексіз жөне ете кең мүмкіңдіктері айрықша атап көрсетіледі. Автор өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жастар өз бойына ең жақсы адамдық сапалар; мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, әділеттілік, ададдық пен шыншыдцықты сіңіре алатынына сенімді. Шығармадағы иедагогикалық түрғыдан қызығушылық туғызатын орталық сюжетті желілердің бірі - ол жас сипаттамалары:

 

\ Бір жасымда  аруақ маған үлес берді,

"Еқі жаста  пайғамбарлар келіп керді.

Үш жасымда  шілтен келіп халім білді,...

Бес жасымда  шариғатқа белім будым,

 

Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым... Зерттеушілер "Қазақ поэзиясындағы жас мерзімдерін шалқыта суреттеу де" осы Қожа Иассауи дәстүрінің әсерінен екенін аңғару қиын емес. Рас, мұның көптеген ұқсастықтарымен қатар, кейбір өзгешелік белгілері де жоқ емес. "Диуани Хикметте" жас бейнелерін жинақтап түйіп айту басымырақ болса, бізде бұл үрдістің жалғаса жырлану арқылы тың сапаға ие болғанын көреміз – деп шығарманың байлауы болып табылатын жасқа бөлу идеясын жоғары бағалайды. Еңбекте автордың өмірі педагогикалық цикл ретінде толық баяңдалумен қамтамасыз етілген:

 

Жазуменен жасым  жетті жиырма бес,

Субхан ием, зікірменен көкейім тес. '

Көкірегімдегі түйіндерді сен өзің шеш, Сол

себептен хаққа  сиынып келдім міне...

Отыз тоғыз  жасқа кірдім, қылдым қасірет,

Уә дариға, өтті ғұмырым, қане тағат?

Қанағатшыл  хақ қасында хош сағадат,

Қызыл жүзім  тағат қылмай солды, достар...

 

Сыртқы кейпі  және мазмұны бойынша да айқын педагогикалық құбылыстар ретінде көрінетін мүңдай үлгілер осылай жалғасып кете береді. Мұның барлығы "Диуани хикметті" поэзия мен педагогиканың ұлы ескерткіші ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін белгілейтін моральдық ұғымдарын оқып үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы жастардың тәртібі, этикалық жөне эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру ісіңде тәлім-тәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде. "Диуани Хикмеи" көп уакыттар бойы ел аузында айтылып, қолжазба түрінде сақталған, араға көп уақыт салып барып, Стамбул, Қазан, Ташкентте басылып шыккан. Оның казақ тіліндегі тұңғыш нұсқасы 1901 жылы Қазаңда жарық көрген. Ал толық күйіңде жеке кітап болып қазакшаға түсірілуі 1993 жылы жүзеге асты. Ғалымдар көрсетілуінде коғамдық-педагогикалық ойдың қалыптасуына үлкен ықпал жасаған ірі тұлға Қожа Ахмет Иассауи жайлы хикаяттар да аз емес екен. Үлы ұстаз өмірі, дүниетанымы, қызметі жайлы білімдерді терендетуге септігін тигізер деген мақсатпен осы материалдарды келтіре кетуді жөн көрдік. Автор "Төменде ертеректе жазылып алынған үлгілермен қатар, өзіміз ел аузынан жинаған нүсқаларда ұсынып отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қожа Ахмет жайындағы халық аузындағы әңгімелердің сан алуан нүсқасы бар. Сол себепті біз өзімізге белгілі аңыздың бірнеше нұсқалары болса, соның арасынан біреуін ғана таңдадық. Кейбір хикаяттар Түркияда жарық керген басылымдардан алынды 20 – деп арнайы керсетеді.

      Ертеректе Сайрам өңірінде Ыбырайым ата деген кедей адам адал емір қешіпті. Қарт ертелі-кеш тынымсыз еңбек етсе де, ешнәрсеге жарыған емес. Оның бар байлығы өзен жағасындағы шағын бақша ғана болатын. Әлгі адамның балалары көбейген сайын шығыңдары да кебейе түсті. Оның қыздары ұзатылып, ұлдары ер жете бастады. Алла Ыбырайымға мейірім дарытты, оған балалары қуаныш берді. Қарт кез алдында ойнаған ұлдарын, еркелеген қыздарын көргеңде көкірегі нұрға толатын. Алайда Ыбырайым ерекшеленіп жүретін. Әрдайым ой үстінде ол бір жаққа жалғыз кетіп калатын,- әрі көп сөйлемейтін, тұйық жан еді. Бір баласының ауыр жүмысқа ебі болмады, одан бойын аулақ салып жүретін. Ахмет мейірбанды еді, қайыршыларға жәрдемдесуге ұмтылатын, олармен жалғыз тілім нанын да бөлісіп жейтін. Қарт Ыбырайым осы үлына қарап отырып үзақ ойға қалатын да: "Бұл - Алланың қасиетті еркі ғой" деген сенімге келетін. Жылдар артынан жылдар ете берді. Ахмет 15 жасқа толды.

        Жаздың қапырық ыстығы түскен, Ахмет базарға бармақшы еді, ол әдеттегісінше қариялардай қолына ұзын таяқты үстап шықты. Жолда бақтағы әкесіне жолықпақшы болды. Ол шыжыған күн астында әжімді бетінен тер сорғалап, жұмыс жасап жатқан қартты керді. Әлі жұлынатын шөп көп еді. Ахмет әкесіне қарап түрып, оған деген аяныш сезімі оянды.

- Әке, сіз шепті неге қолыңызбен тазартасыз? Былай деңіз: "Арам шептер тез шығындар,   менің бақшамда тек қана жемістер ғана өсетін болсын!"

    Осы сөзді Ахмет айтты да, өзінің аса таяғын сермеп қалып еді, сол кезде арам шөптер бақтан өздері ұшып шығып, бір шөмеле болып жиналып қалды. Ыбырайым атаны бұл ғажайып қатты тандандырды. Ол алғашқы сәтте не айтарын білмесе де Алланың өз үлына осындай күш дарытканын түсінген соң, аспанға қарап қолын жайып: Ұлым менің, Алла сені басқа адамдардан бөлектеу етіп жаратыпты, саған кереметтер жасайтыңдай ұлы күш дарытыпты. Сен енді менің үйімді керек те қылмайсың, сондықган пайғамбар қайда сілтесе сонда бар - дейді. Ахмет кері бұрылды да жүре берді, ол мүмкін енді үйіме қайтып оралмаспын дегеңдей жай қозғалды. Ол ауылды тегіс аралап щыққан соң, күн батысқа қарай бет алды. Ахмет сол бетімен бірнеше күн жүріп, Қаратау деп аталатын тауға келіп тірелді. Осы жерде өзінің асасын кадады, сол жерден бұлақ көзі ашылды, бұл таза салқын су еді. Ахмет одан өрі қарай Түркістан каласы тұрған тұсқа тоқтады, жан-жағына қарап осыңда тұрақтануға бекінді; Өзіне үй түрғызды, шағын бақ егіп, осыңда жүмыс істеп тамағын асырауды мақсат етті. Ахмет бос уақытында Алланы ауызға алып құлшылық етумен болды. Өз үйі жанынан өткен адамдарға шама-шарқы жеткенше жәрдемдесуге тырысты. Оған қаріп болып қалғандар мен өртүрлі кеселге душар болғандар келіп жатты. Ахмет оларды емдеп жіберетін, кейін оның даңқы мен ғажайып істері көпшілікке мәлім болды. Бірте-бірте әулиенің жанына Аллаға, үлы пайғамбарға құлшылық ету үшін онымен бірге болуға ниет еткендер де қоныстана бастады. Жылдар өте берді, бір лашық үй бай кентке айналды.

Қожа Ахмет үзақ жасады, ол өзінің ғүмырында көптеген ғажайыптар жасады.

Мұхаммед пайғамбарға періште Алланың сәлемін жеткізді: Сіздің әулетіңізде бір керемет бала дүниеге келеді. Ол бала өзіңнен бес жүз жылдан соң туады екен. Әлгі бала Түркістаннан шығады. Сол ұрпағына аманат қалдырып кет, - дейді. Пайғамбар оған аманат етіп бір түйір құрманы табыстайды.

      Жәбірейіл әлгі құрманы Түркістан өлкесіндегі ғұлама Арыстанға әкеліп береді. "Ол баланы калай танимын" деп сұраған Арыстан бабтың сауалына Алланың айтқанын жеткізеді: - Ол бала мешітке барғанда алдымен барады да, кері қайтқанда да мешіттен көзін алмай теріс қарап жүреді. Арыстан баб аманаты 300 жыл ұртында сақтап жүреді. Кейін баланы танып құрманы бергенде Ахмет оны аузына салып жұтып жібереді. Соңда Арыстан:

- Е, балам, бекер еттің-ау, кейінгілерге  де қалу керек еді-ау, - дегенде:

- Уа, ата, сіз құрманы ұртыңызда үш жүз жыл сақтап шырынын сорып алған екенсіз, маған тек сүйегі ғана қалыпты, сондықтан да жұтып жібердім, - деген екен. Құрманы жеген соң Қожа Ахмет өлгенше тамақты ысырап ішпей, жемей, барға қанағатпен өтеді. Алла тағаланың шарапатымен құстар мен жануарлардың тілін, аспандағы періштенің не істеп жүргенін білетін қасиетке иеленді. Қожа Ахмет не тілесе, Алла тағала оның тілегін қабыл қылады екен. Ахметтің есімін естігеңде сырқаты барлар Түркістанға қарай ағылыпты, әулие олардың кеселдерін жазып жібере беріпті. Оның даңқы шартарапқа таралады.

      Қожа Ахмет азандағы намазының екі бас сүндесін Түркістанда, екі бас парызын Меккеде оқиды екен. Ол әрдайым ақ атанына мініп, бұлттың үстімен ұшып баратын көрінеді. Бірде әулиенің ғажайып қасиеттеріне күмәнданған бір жігіт оған келіп: "Сен әулие емессің, алдаушысың" деп әжуалайды. Қожа Ахмет оның сөзін сабырлы қалпымен тындап шығады да:

- Ертең азанда маған кел, екеуміз  Меккеге барып намазды сонда оқимыз, - деп жауап қатады. Уәде бойынша әлгі жігіт ертеңіне Қожа Ахметке келеді. Кенеттен аппақ қардай ақ атан пайда болып әулиенің алдына келіп шөгеді. Қожа Ахмет жігітке:

- Артыма мінгес, жол үстінде  кашан қонғанша көзінді ашпа, - дейді. Жол үстінде әлгі жігіт шыдамсыздық танытып, айналасына қарамақшы болғанда, сол күйінде жолға құлап түседі. Ол Жолбарыс патша ордасының үстіне түскен екен. Патша оны ағашка байлап өртеп жіберуге өмір қылады. Енді өлтірмекші болғанда, Меккеден оралып келе жаткан Қожа Ахмет оны ағашымен бірге көкке көтеріп әкетеді. Бұл кереметке таңданған Жолбарыс патша Қожа Ахметті іздеп келіп, өлгенше кызмет етіп өтіпті.

***

Хазірет сұлтан хақында аңызға айналған әңгімелер Мерв шаһарына да жетеді. Маруази деген мұғалім шаһардың мүфти молдаларын жинап, Ахмет Иассауиге барып, түрлі сауалдар қойып, оны "жеңіп" қайтуды үйғарады. Ол үшін мынадай сұрақ дайындап, жаттап алады. Маруази бастаған 400 мушауар және 40 мүфти Түркістанға бет алады. Хазірет Сұлтан екі шәкіртіне олардың сапарлары жайлы хабарлайды.

- Шырағым, дейді сенімді шәкірті Мұхаммедке – Мың сұрақты олардың есінен шығарып, жадынан өшіріп жібергейсіз. Олар тәңірінің қолдауын бір көріп таңдансын.

- Мақүл, тақсырым! - деп шәкірт шегініп шығып кетеді. Екінші сенімді шәкірті Сүлейменге де сондай тапсырма береді. Ертеңіне бесін уақытында күткен меймандар келеді.

- Алла тағаланың тура жолынан  азғыратын сенбісің? – дейді мүғалім дауысын көтеріп. Мервтен келген меймандар бұл жердегі ұстаз-шәкірттердің үсті-бастарына мысқылдай қарап:

- Муриттерің сондай жалаң аяқ па? - дейді. Қожа Ахмет оларға карсы сөз айтпайды.

- Қош келдіңіздер. Мейманымыз болыңыздар. Асықпай сөйлесеміз. Тәңір нәсіп етсе танысып та аламыз - дейді.

Хазірет жанындағыларға қарап былай дейді.

- Меймандар екі-үш күн демалсын.

Үшінші күн үлкен алаңға тұғыр қойылды. Көпшілік жиналды. Меймандар ойга алғандарын орындау үшін сауал беретін болды. Хазірет пен мүридтері ерекше құрметпен жауап беруге келісіп алды. Әуелгі сөз кезегі мүғалім Маруазиге тиді. Ол мінеге көтерілді. Жұрттың назары Маразиде. Ол маңғаздана не айтқысы келсе де есінен шығып кете берді, оның үні шықпай, тілі күрмелді. Әбден жаттаған сауалдарының кайсысын айтқысы келсе де, тілі шықпады. Көпшілік те үнсіз. Тап қазір мінбеде бір ғажайып көргендей. Маруази бір-екі жөтелген болды, бәрібір басына ештеңе келмеді. Ол жанындағы теріден бір дәптер шығарды. Сауалдар мен жұмбақтардың бәрі осыңда жазылған еді. Содан оқып бермекші болды. Дәптердің бетін ашқанда, "астафыралла" деді. Көзбен көрген беттерінде бірде-бір әріп қалмаған. Ол мінбеден жығыла жаздады.

"О, бұл не деген керемет, не деген қүдірет!"

Мұғалім Хазірет Сұлтанның аяғына жығылды. Жүзін топыраққа сүртті.

- Тақсырым, пірім, менің күнәмді  кешір! - деді көзінен жасы тамшылай. Біз, оқығанмен жетіліп оқымаған екенбіз. Аллаға мың шүкір, кеш болса да адасқанымызды білдік, Қожа Ахмет өзінен кешірім сүраған мүғалімді екі қолдап орнынан тұрғызды. Мервтен келгендердің барлығы және бес жыл хазірет сарайында мүрид болып, тәлім алды.


Хазірет Сұлтан бос уақытында ағаштан  шөміш және қасық жонуды әдетіне айналдырған. Базар күндері өгізге қоржын байлап, әлгі қасық пен шөміштерді салып жібереді екен. Қасық пен шөмішке мұқтаждар ақшасын қоржынға салып, бұйымдарын алып кете беретін болыпты. Кездейсоқ ақшасыз алғаңдар болса, өгіз әлгі кісілерді ақысын төлегенше соңынан қалмайды екен.

***

Қожа Ахмет өлерінде маған келетін  адам ең алдымен Арыстан бабтың басына зиярат етсін деп өсиет қылыпты. "Арыстан бабқа түне, Түркістандағы Әзірет Сүлтаннан тіле" деген сөз содан қалыпты.

***

Алла тағала Қожа Ахметгің тақуалығына риза болып, оған тағы қосымша өмір сыйлапты. Бірақ пайғамбар жасынан асқан өулие: "Бұл дүниенің ендігі жарығы маған артық" деп күн сәулесі түспейтін жер асты қылуетке түсіп біраз ғұмыр кешкен.

***

Ақсақ Темір әулиенің қабірі басына үлкен мазар тұрғызуға әмір береді. Мазар кабырғасын қалай бастағаңда ойда жоқта көк өгіз пайда болып, мүйізімен әлгі құрылысты қиратып кетеді. Ашуланған әмір қызметшілерін шақырып мазар құрылысын қайта бастауға пәрмен қылады. Мазарды кек егіз тағы да құлатып кетеді. Әмір түс көреді. Түсінде ақ сақалды шал аян береді:

Информация о работе Қожа Ахмед Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері