Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 15:19, курсовая работа
Дәрумендер – органикалық табиғаттың мейлінше күрделі, белсенді заттары. Олар тек күнделікті тұрмыста пайдаланылатын азық – түліктің құрамы ғана емес, сонымен қатар дәрілік тәжірибеде де қолданылатын, фармотерапиялық шипа көзі. Дәрумендер – адам ағзасының зат алмасуы, жұмыс істеу қабілетінің бірқалыпты болуы үшін аса қажетті, биологиялық жағынан белсенді органикалық қоспалар деп саналады. Ол қоректенудің аса қажетті факторларының ең бастыларының бірі. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі. Адамдар күніне жеткілікті тамақтағанда, олар дәрумендерді азық – түлік, көкөніс, жеміс – жидек, шырындардан алады. Адам қартайғанда оның ағзасының дәрумендерді сіңіру қабілеті де нашарлайды. Дәрумендерді қабылдау мөлшері балалар ағзасының физиологиялық қажет етуіне сәйкес болуға тиісті.
Дәрумендердің тапшылығының себептері
Дәрумендердің қуатты күші Адам ағзасын сауықтырып, жасартады
Автор: Мақсат НАУАНҰЛЫ.
Дәрумендер – органикалық табиғаттың мейлінше күрделі, белсенді заттары. Олар тек күнделікті тұрмыста пайдаланылатын азық – түліктің құрамы ғана емес, сонымен қатар дәрілік тәжірибеде де қолданылатын, фармотерапиялық шипа көзі. Дәрумендер – адам ағзасының зат алмасуы, жұмыс істеу қабілетінің бірқалыпты болуы үшін аса қажетті, биологиялық жағынан белсенді органикалық қоспалар деп саналады. Ол қоректенудің аса қажетті факторларының ең бастыларының бірі. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі. Адамдар күніне жеткілікті тамақтағанда, олар дәрумендерді азық – түлік, көкөніс, жеміс – жидек, шырындардан алады. Адам қартайғанда оның ағзасының дәрумендерді сіңіру қабілеті де нашарлайды. Дәрумендерді қабылдау мөлшері балалар ағзасының физиологиялық қажет етуіне сәйкес болуға тиісті.
Дәрумендердің тапшылығының себептері
Дәруменнің ағзада жетіс-пеушілігі (мүлдем жетіспеу- шілігі – авитаминоз; төменде-уі – гиповитаминоз) түрлі ау- руларды қоздырып, адамның жалпы жағдайын төменде-тіп, аурулар туғызуы мүмкін. Дәрумендер жетіспеуші-лігінің түрлі себептері бар: 1. Адам ағзасына олардың жеткіліксіз мөлшерде түсуі; 2. Ағзадағы дәрумендердің түрлеріне қарамастан, асқоры- ту жүйесінің аурулары салда-рынан олардың қорытылып, сіңуінің бұзылып, нашарлауы. Дәрумендер жетіспеушілігі көбіне «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілген мезгілі» – көктем айларында кездесе- ді. Жалпы, дәрумендер суда
еритін (В тобының дәрумен-дері, С және Р дәрумендері) және майда еритін (А,Д,Е және К) болып бөлінеді. Соңғы кездері қоршаған ортамызда болып жатқан таб- ғи құбылыстар мен әлеумет-тік жағдайдың өзгеруі адам ағзасына кері әсерін тигіз-бей қоймайтыны анық. Дәру- мендер тапшылығының ал- дын алу шаралары кейбір дамыған мемлекеттерде күн-делікті пайдаланылатын та-ғам құрамын дәрумендермен толықтыру, байыту арқылы жүзеге асырылатын болса, тіпті кейбір мемлекеттерде полидәрумендер беріліп тұ-рады екен.
Біздің елде мұндай дәру-мен тапшылығының алдын алу шаралары жүргізіле қой-ған жоқ. Сондықтан да әр адам тәуліктік тағам түрле-рін өзгерте отырып, құнарлы тамақтанудың мәні зор екендігін есте сақтағаны жөн. Дәрумендердің табиғаты Дәрумен А (ретинол) – көбінесе ет, жұмыртқа сарысында, сүт өнімдерінде, са- ры май, балық (треска) бауырында, балық майында, ал А продәрумені (каротин) сәбізде, қызыл бұрыш, қара қарақат, қызанақта болады. Адам ағзасында осы каротиннен А дәрумені түзіледі. А дәрумені жетіспеген жағ- дайда науқаста мынадай ша- ғымдар пайда болады: тері- нің және шырышты қабық-тың құрғауы, көздің көру қабілетінің төмендеуі, түкі-ріктің, асқазан сөлі түзілуі- нің бұзылуы, тер, май без-дерінің қызметінің бұзылуы. Балаларда бойының өсуі кідіріп, жалпы дамуы нашарлап, нерв жүйесінде өзге- рістер болуы мүмкін.
А дәрумені жетіспегенде адам ымыртта көргіштік қабілетін жоғалтып, бағда- рынан адасады. Бұл – «тауық-көз» деген сырқаттың белгісі. А гиповитаминозы автокө- лік жүргізушілер үшін өте қа-уіпті. Сиырдың сүті мен сары майы, әсіресе мал шөппен бірге көп мөлшерде каротин алатын жаз бен күзде, ол - А дәруменінің жақсы көзі. Каротин – көптеген көкөністер мен жемістерде болатын сары пигмент – А дәруменіне мол.
Каротин сәбізде де бар.
А дәрумені имунитетті, сүй- ектерді, көздерді және теріні күшейтеді. Мандарин, бауыр, балық, сарымай, жасыл шөп-терде және цитрусты жеміс- терде көп мөлшерде болады. Дәрумен В. Бұл топтағы суда еритін дәрумендер миды және жүйке жүйесін қорғай-ды. Бауыр, балық, шпинат, бұршақ және мандаринде бұл дәрумен көп.
В1 дәрумені (тиамин) – ашытқыда, бидайдың қабы-ғында, сұлыда, қарақұмық жармасында (гречка), нан құ-рамында болады. Ағзада В1 дәрумені жетіс-песе жүйке жүйесінің бұзы-лып, жүрек қызметінде түрлі ауытқулар пайда болады жә-не невриттерге тән өзгеріс- тер байқалады.
Науқаста түрлі шағымдар: әлсіздік, бас ауруы, тез шар-шағыштық, ентігу, қимылда-ғанда жүрек соғуының жиі- леуі, үдей келе – «Бери - бе-ри» деген атпен мәлім полиневрит белгілері, тері сезім- талдығының төмендеуі, жүр-генде аяқ басуы өзгеріп, ақсандауы байқалады.
Артериялық қан қысымы төмендеп, жүректе дистро-фикалық өзгерістер пайда болады және ас қорыту мүше-лерінің бұзылып, көру қабіле-ті төмендеп, адамның күйі (психикасы) өзгереді.
В1 дәрумені ағзада дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе көміртегінің) қажет. Бұл дә- румен жетіспесе шаршаған-дық сезіледі, ас қорыту нә-шарлайды. Ағза тиаминге зә- ру болса, жүйке жүйесінің үлкен ауруға шалдығуы мүм-кін. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданатындарға, суық-та ұзақ болғанда ағзаға осы дәрумен көп қажет болады. Дененің ыстығы көтерілген- де бұл дәрумен аса қажет.
В2 дәрумені (рибофла- вин) басқа дәрумендер тә-різді ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологилық тотығу процестеріне қатыса-тындығымен құнды. Ағзадағы жарақаттардың тез жазылуына жәрдемдеседі, көздің жақ-сы көру қабілетін сақтауына ықпал жасайды. Бұл дәрумен жетіспесе, ерін құрғайды, кезе- реді, ұшық шығады, денеге түс- кен жарақат баяу жазылады.
В2 дәрумені нан ашыт-қысында, бауырда, сүт пен сүт тағамдарында көбірек. Бұл дәрумен ыстыққа төзім-ді болғанмен жарықтан тез бұзылып кетеді.
Дәрумен В6 (пиродоксин) – өсімдіктер және ет- те, қара малдың бауырында, жемістерде, сүтте, жұмыртқа сарысында бар.
Ересектер арасында В6 дә-руменнің жетіспеушілігі, кө-бінесе ішектің бактериялық құрамының (флорасының) бұ- зылуы салдарынан (дисбактериоз) болады. Мысалы, түрлі дәрі – дәрмектерді (антибиотиктерді, сульфаниламидтер- ді, туберкулезге қарсы дәрі-лерді) ұзақ пайдалану салдарынан. В6 дәруменінің же- тіспеушілігінің белгілері: ашу-шаңдық немесе керісінше тежелу, ұйқы қашуы, тамаққа тәбетінің төмендеуі, ауыз қуы-сы шырышты қабығының жә-не тілдің ойылуы, қан азаюы – анемия, қол – аяқтың полиневриті, мойын және шаш түбі терілерінің майланып қабы-нуы – дермактит.
Бұл дәрумен белоктардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылының ал- масуына қатысады. В6 дәру-менінің жетіспеуі жас балалар бойының өсуін тежейді, қан аздығын, сезімнің тез қозғыштығын тудырады, екі-қабат әйелдердің бетіне қара дақ шығарады. В6 дәрумені бар тағамдар мен көкөніс, жеміс – жидектер: мал еті, сүт, ірі қа- ра малдың бауыры, ашытқы-лар, өсімдіктер. Бұл дәрумен-ді көбірек қажетсінетіндер: жас босанып, бала емізіп жүр- ген аналар, екіқабат әйелдер.
Дәрумен В12 (цианоко- баламин). Ол қанның пайда болуына қажет. Бұл дәрумен жетіспесе, ағзада қан азая-ды. В12 дәрумені бар тағам- дар: бауыр, бүйрек, балық тағамдары (балықтың бауы-рында, уылдырығында өте көп). Ал енді етте, сүтте, ірімшікте, жұмыртқаның сары уы- зында бұл дәрумен өте аз. Жүректе де В12 дәрумені бар.
Фолий қышқылы мен В12 дәрумені жетіспесе, адам қа-терлі анемиямен ауырады. В12 дәрумені – кобаламин құрамына көбірек кобальт металының атомы (2 – 4 пайыз) енетін жалғыз дәрумен. Адам ағзасына тәуігіне 3 – 4 микрограмм ғана қажет. В12
дәрумені қанға түспесе, қа-терлі қан азаюы пайда болады. Соның салдарынан қан түйіршектері күрт азаяды, жағдай нашарлайды, әлсіздік пайда болады, бас айналады, жүйке жүйесі бұзылады.
Дәрумен В13 (кальций пангаматы). Оның табиғаты мен әсері толық зерттеліп бітпесе де бұл дәруменді ате- росклерозға, қан айналымы- ның бұзылуына, бауыр ауруларына тағы да басқа сыр-қаттарға емдік қуат көздері ретінде пайдаланады. Дәрумен С (аскорбин қышқылы). Ағзадағы қыш-қылдану – қалпына келу про- цестеріне қатысады. Бұл дә-румен жетіспегенде тіс ауруы пайда болады. С дәрумені иммунитетті кү- шейтеді, инфекциялармен кү- реседі, тамырларды, тіс еттерін қоғайды, сперма (ұрық) мөлшерін көбейтеді. Аскорбин қышқылы суда тез ериді. Ол дәрумендердің ең төзімдісі болып саналады, тез қышқылданады. Ол жоғары температурада, металға (әсі-ресе мысқа) жақын болғанда сондай өзгеріске түседі. Аскорбин қышқылын күніне бірнеше грамға дейін көп қабылдау адам денсаулығына зиянды. Бұлай жасау бүйрек ауруына шалдықтыруы мүмкін, дейді дәрігерлер. С дәрумені жетіспегенде ең ұсақ қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі мен күйректігі күшейеді, адам ағзасының жұқпалы дерттің дамуына тосқауыл қоятын антитело жасау қабілеті кемиді. С гиповитаминозының сипат- ты белгілері – тез шаршағыш-тық, тістер түбінің қанауы, көктемде тұмаумен жиі ауыру-шылық.
С дәруменінің адам ағзасына қажетті мөлшері: 1. Ересектер үшін тәулігіне 50-ден 100 мг-ға дейін. 2. Балалар үшін тәулігіне 30-дан 70 мг-ға дейін. С дәрумені бар тағамдар мен өсімдіктер: цитрусты жемістер, киви, итмұрын (1200 мг-ға дейін), қара қарақат (250 мг), қызылбұрыш (250 мг), бүрген, апельсин, лимон. Бұл дәрумен мал өнімдерінде өте аз. Көкөністі қайнатқанда С дәруменінің ½- іне жуығы жойылады, қуырғанда бүлінбей-ді, тағамды ысытқанда, ұзақ сақтағанда азаяды, тағамдық азық – түлікті ашытқанда С дәрумені сақталады.
Дәрумен Д (кальциферол). Ол адам ағзасында гор- монға ұқсас затқа айналады, сөйтіп, кальций мен фосфор сіңіруге көмектеседі. Бұл дәрумен 3-4 жастағы бала-ларға аса қажет. Д дәрумені жетіспесе бала мешелге (рахитке) ұшырайды. Оны екіқа-бат және бала емізіп жүрген әйелдер көп қажетсінеді. Д дәрумені тунец, тресканың, басқа да балықтардың бауыр майында мол. Сары майда, жұмыртқаның сары уызында аздау. Өсімдік тағамдарында жоқ, мал өнімдерінде өте аз. Ересек адамдар Д дәруменін көп қажетсіне қоймайды. Тек ол адам ағзасына жарық жетіспегенінде (шахталарда жұмыс істегенде) ғана аса қажет.
Д дәруменінің жетіспеуі сүйекке кальцийдің аз жиналуына әсер етеді, адам ағзасында кальций мен фосфор – кальцийдің алмасуы-ның қатты бұзылуына әкеліп соқтырады.
Дәрумен Е (токоферол).
Ол бұлшық еттердің, жыныс бездерінің қызметін жақсарту үшін керек. Ағзаны, тінді жә-не жасушаларды зиянды еркін радикалдардан қорғайды. Тоқ ішектің қатерлі ісігіне жол бермейді. Оның кездесетін тағамдары: фундук, қара нан, зәйтүн майы (мол кездеседі) және басқа да өсімдік майы, жаңғақ, бұршақ, жүгері тұқымдары, көкөністер, мал-дың бауыры, жұмыртқа, сүт.
Дәрумен К (филлохи- нон). Қанның ұюына қаты- сатын қасиетке ие. Өсімдік-тердің көктеп өсетін бөлік-терінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапы-рақты қырыққабат (капуста), қалақай және т.б.), сәбізде де, томат құрамында бар. Мал- да тек қана бауырында кез- деседі.
Дәрумен Р (биофлавоно- идтер). Адам ағзасындағы жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырады, қызме-тін қалыпқа түсіреді. Осынау биологиялық заттар С дәру-менімен араласқанында өте тиімді әсер етеді. Р дәрумені шайдың (әсіресе көк шай- дың) құрамында, итмұрында, лимонда, құрмада, қара қа-рақатта, жүзімде, өрікте, қара- құмық ұнтағында көп мөлшер-де бар.
Дәрумен РР (никотинамид, никотин қышқылы). Адам ағзасында биологиялық қышқылдану процестеріне қа- тысады. Бұл дәрумен мынандай тағамдар мен көкөніс, жеміс-жидектерде бар: бауыр, бүйрек, ашытқы, ет, сүт, бұршақ, бидай ұны (жеткілікті мөлшерде). Қарақұмық ұн-тағында, саңырауқұлақта РР дәрумені көп. Өсімдік өнімде-рінен гөрі мал өнімдерінің та-ғамдарынан бұл дәруменнің адам ағзасына сіңуі өте жақсы. РР дәрумені жетіспегенде тез шаршағыштық, әлсіздік, ашушаңдық, ұйқысыздық пай- да болады. РР гиповитами-нозының ең сипатты белгісі – терінің сыртынан қабынып өз- геретін пеллагра ауруы («түрпі-ленген тері»). Бұл сырқат кезінде ас қорыту бұзылады (іш өтеді), емдемесе, жүйке – психика дертіне ұласады. Тұздар мен қышқылдар КАЛЬЦИЙ: Сүйек және тістерді қуаттандырады, жү- ректің соғуын реттейді, қан қысымын түсіреді. Сүт және сүт өнімдерінде, жасыл жа-пырақты көкөністерде, соя, фундук, сардина балығы жә- не нанда болады. Кальций сонымен қатар жүйке жүйесі үшін де өте маңызды. Тіс құрылысының әлсіреуі, қолдарда және аяқтарда анестезия, ұйып қалу, сіңір тартылу (судорога), ілгері жаста сүйек аурулары секіл-ді дерттерге шалдығудың басты себебі кальций кемші- лігі. Кальцийге қанық азық-тар: сүт, айран, ірімшік, ба-дам, қырыққабат, фасоль, сардина, күнжіт, жұмыртқа, оливка...
Пияз және сарымсақ тамырларда қанның жүруін арттырады. Пияз және са-рымсақтың қан тамыры бітелуі кесірінен болатын қан қысымын және қан холлестеринін түсіруде әсері бар.
КАЛИИ: Қан қысымын төмендетеді, жүрек қағысын реттейді. Өрік, банан, цитрусты жемістерде, балық, жасыл көкөністерде, сүт, фундук және картопта мол болады.
СЕЛЕН: Антиоксид ерек- шелігі арқылы жасушаларды қорғайды. Теңіз өнім-дерінде және еттерде мол мөлшерде болады. ЦИНК: Бұлшық еттерді күшейтеді, жасушалардың көбеюін жылдамдатады. Ет және теңіз өнімдерінде көп болады. МАГНИЙ: Қан қысымын реттейді, сүйек ауруларынан сақтайды. Жасыл жапырақ-ты көкөністерде, авокадо, ба- лық және кептірілген цитрусты жемістерде көп болады.
Ферум: Жасушаларға оттегі тасымалдау қызметін атқарғандықтан өте маңыз-ды элемент. 19-49 жастар аралығындағы адамдардың 95% жеткілікті мөлшерде алмайды. Денедегі ферум кемшілігі қан аздық, бет- тің бозаруы, әлсіздік, уақыт- сыз ағарған шаштар және шаншу секілді дерттерге жол ашады. Ферумге қанық азық-тар: Жұмыртқаның сарысы, күнжіт, фасоль, жасымық, пісте, курага және мейіз...
Фолий қышқылы: Бүкіл жасушалардың жасалуы үшін әсіресе қан жасушалары- ның жасалуы үшін керек. Ең көп кездеседі: шпинат жапырағында, бауырда, бүй- ректе, фасоль, ноқат және жасыл жапырақтарда. Қыза-нақта да бар.
Пантотен қышқылы: зат алмасуының маңызды реакцияларына қатысады. Мал өнімдерінен, өсімдіктен дайындалатын көптеген тағамдарда кездеседі. Бұл қышқыл күнделікті тағам құрамында жеткілікті мөл-шерде болуға тиісті.
Көкөністер – сіздің үстелдегі дәрумендер көзі
Пайдаланушылар бағалары:
Өте жақсы
Сенің бағаң:
1
2
3
4
5
Дәрумендер біздің ағзамыздың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет заттар болып табылады, ал сонымен қатар, олардың кейбіреулері қалыпты өсу үшін қажет. Қандай көкөністерде қандай дәрумендер барын білген жөн.
Біздің ағза өзі шығара алмайтын 13 дәрумен бар, сондықтан біз оларды тамақтан алуымыз қажет. Дәрумендердің қызметтері қандай? Қандай көкөністерде дәрумендер көбірек?
A дәрумені - бета-каротин
» бойға, жақсы көру қабілетіне, теріні қорғауға әсер етеді,
» брокколи, сәбіз, қырыққабат, брюссель қырыққабаты, кәдіштер, шашыратқы, саумалдық, салат, қымыздық, ақжелкен, бақбақ, ас бұршағы, асқабақ, соя.
B1, B2, B3, B6 дәрумендері
» жүйке жүйесінің және бұлшықеттердің дұрыс қызмет етуіне жауап береді,
» кәділер, саумалдық, үрме бұршағы, салат, жасымық, қымыздық, бақбақ, ас бұршағы, картоп, соя, қызанақтар.
B9 дәрумені
» қызыл қан түйіршіктерінің жасалуына, өсуіне және жаңаруына көмектеседі, ағуыздың сіңірілуін жеңілдетеді,
» қояншөп, брокколи, қырыққабат, саумалдық, бұршаққынды үрме бұршағы, салат, картоп, сопақ басты пияз.
Информация о работе Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы шығармашылық қабілетін дамыту