Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 20:20, реферат
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі — оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім — дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І тарау. Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының зандылықтары
ІІ тарау. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
ІІ.1. Дүниетанымның мәні, қызметі
ІІ.2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары.
ІІ.3. Дүниетанымды калыптастырудын жолдары мен құралдары.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Орал 2012-2013
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І тарау. Жеке тұлғаның ғылыми
дүниетанымының қалыптасуының зандылықтары
ІІ тарау. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
ІІ.1. Дүниетанымның мәні, қызметі
ІІ.2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін
оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары.
ІІ.3. Дүниетанымды
калыптастырудын жолдары мен құралдары.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасының қоғамдық өмірінде
жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге
байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды
ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды
көздеген білім беру жүйесіне қойылатын
талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың
бірі — оқушының дүниетанымын қалыптастыруда
елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын
жетілдіру. Білім — дүниетанудың
кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген
сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана
түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат,
қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам,
табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Адам,
табиғат, қоғам арасындағы байланысты
және оларды үнемі бірлікте дамитынын
оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып,
түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды
бастауыш сыныпта оқытудың барысында
оқушының таным процесі дамиды. Танымға
көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің
жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды.
Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар
дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау
арқылы санасында білім қоры жиналып,
ой-өрісі кеңейеді.
«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы»
саласында көптеген құнды ой-пікірлер
мен көзқарастар философ ғалымдардың
(С.Б.Крымский, Б.М.Кедров. Э.Нысанбаев,
А.Қасабеков, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, Кішібеков
және т.б.) еңбектерінде жан-жақты талқыланып
келеді.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері
болса бірқатар психологтар мен педагогтардың
еңбектерінде (М.А.Данилов, И.Я.Лернер,
Л.В.Занков, М.И.Махмудов, А.А.Люблинская,
А.Н.Леонтьев, Н.Б.Менчинская, П.Я.Голперин,
Д.Б.Эльконин, М.И.Левина, Ю.К.Бабанский,
Т.И.Шамова, С.П.Баранов) зерттеу объектісіне
қарай жүйелі талданған.
Г.И.Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу
емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен
өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру.
Сондықтан бұл шындықтарды оқушылар санасына
жеткізу үшін ең алдымен мұғалімдер осы
білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін
меңгеруі керек деп дәлелдейді. Б.П.Баранов
оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын
тездету үшін және қоршаған ортаның бұрыннан
белгілі заңдылықтарын оқушыларға меңгерту
үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық
іс-әрекеттердің жиынтығы деп санайды.
Осы жайында тіпті өз кезінде Я.А.Коменский
болса, «мүмкіндігінше адамдар білімді
кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден,
жөкеден, яғни, басқа біреудің байқағанынан,
не сол жайында берген мәлімдемесінен
емес, заттың өзінен алсын» — деп тұжырымдайды.
Оқушылардың танымдық әрекетін арттыруда
проблемалық оқытудың атқаратын ролінің
ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдістері
оқушылардың ойлау процесі мен ізденушілік
әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін
қазақтың белгілі дидактері И.Нұғыманов,
Т. Сабыров және т.б. өз еңбектерінде дәлелдеп
отыр. Бұл пікірлер оқытудың басты мақсаты
— оқушыларға айқын дүние заңдылықтарын,
заттарын, фактілерін таныту деген түсінік
береді.
Әлбетте, бұл пікірлермен толығымен келісуге
болады. Өйткені, қоршаған заттар мен құбылыстар
жайында білім алып, оны нақты қабылдау
барысында оқушылар әртүрлі оқу әрекеттерін
қолданады. Алдымен затты не құбылысты
көру әрекеті арқылы түрі, түсі, пішінін,
көлемін анықтап, таныса, ұстап сезіну
әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын
және басқа да сапасын айқындау, онан әрі
затты не құбылысты бақылау іс-әрекеттері
негізінде ой қорытып, заттарды салыстырып,
айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Міне,
осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде
оқушылар затты не құбылысты қабылдайды
және олардың ғылыми ұғымның негізі қаланады.
Осы аталған әрекеттер арқылы түсінік
алған оқушыларда келешекте эмоциялық,
іскерлік, интеллектуалдық дағдылардың
дамуына жағдай туады.
Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген
арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік
құралдарға, олардың бастауыш сынып оқушыларының
оқу-тәрбие процесіне ендірілу тәжірибесіне
жасаған талдау барысында дүниетануды
оқытудың теориялық негізіне байланысты
кемшіліктер жағдайлар байқалды:
- оқушылар дүниетанымын қалыптастырып,
оларға қоршаған дүниеден ғылыми және
экологиялық білім негізін меңгертуде
пәннің маңызы сараланғанмен, осы кезге
дейін осы бағдарламалық талаптардың
өз деңгейінде жүзеге аспай отырғаны;
- бастауыш сыныпта табиғаттан берілетін
білімнің адам өмірімен, қоғаммен байланысы
толық ашылмағандығы, мектептердің үнемі
аударма оқулықтарды пайдаланумен шектеліп
келгендігі;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін
арттыратын өздігінен жұмыс істеу әрекеттерін
ұйымдастыруға негіз болып, бағыт беретін
оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған
әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі;
- бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытудың
ең бастысы, негізгісі ретінде сөздік
әдіспен шектелуі, оқушылар белсенділігін
арттыратын, ізденушілігін дамытатын
жағдаяттардың жасалмауы, осының салдарынан
оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің
төмендеп, көріп байқағандарын қайталап
айтумен шектелетіндігі:
- осы кезге дейін бастауыш сынып оқушыларына
қоршаған ортадан білім берудің әдістемелік
мәселелерін жүйелі зерттеген монографиялық
еңбектердің жоқтығы.
Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп
оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру
мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш
сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам
жайында беретін білім негізінде олардың
дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды
оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін
жасау орынды талаптардың бірі.
Бастауыш сыныпта «Дүниетану» пәні оқылмағанымен,
оқу бағдарламасына қоршаған дүниеден
ұғым беретін материалдар, яғни, дүниетану
материалдары бастауыштың бірінші сыныбында
«Айналамен таныстыру», екінші сыныбында
«Табиғаттану» пәндері арқылы меңгерілсе,
соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа
«Дүниетану» пәні республиканың барлық
бастауыш сыныптарына ендіріліп отыр.
Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің
табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы,
ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика,
құқық пен өнері, адам-адам, адам-қоғам,
адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас
түрлері жайында ғылыми-сарамандық ұғымдар
беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында
оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі:
адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады.
Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары,
табиғат, экология туралы ғылыми түсінік
қалыптасады. Тарихи деректер жайында
жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі,
тұрмыс-тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби,
көркем-қолөнер шығармашылығы арасындағы
байланысты, сабақтастықты көре білуге
үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа
пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің
тұтастығы жайында жүйелі білім негізі
қалыптасады.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі
процесс. Оның нәтижесінде жеке көзқарастар
және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады.
Олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық
етеді. Дүниетаным процесінде әртүрлі
факторлар, мәселен әлеуметтік микроорта
мен тәжірибе жаппай ақпарат құралдары
т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-әрекетіне
әртүрлі ықпал жасайды.
Бастауыш сынып оқушысының өмірге, табиғатқа
көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным
идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің,
ғылымның негіздерін және мінез-құлықтарын,
белгілі нормаларын білу, оларды сақтай
білуден басталады.
Білім мен тәрбие беру арқылы адамның
ой-сезіміне, мінез-құлқына, дүниетанымына
әсер етуге болады. Ғұлама ойшыл Әл-Фараби
айтқандай адамдағы үш қабілетті дұрыс
жолға қойып тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтижеге
жетуге мүмкіндік туады. Дүниедегі ең
бағалы байлық – адам болғандықтан, оның
қоршаған дүниеге көзқарасы, білу деңгейі
қоғам дамуында, табиғатты сақтауда және
өзінің тұлға ретінде қалыптасуында негізгі
орын алады. Оның адамдық қасиеттері, ұстайтын
жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат-тілегі,
мінез-құлқы, моралдық бейнесі іштей өзімен
бірге тумайды, қоғамда, басқа адамдар
арасында өмір сүру барысында қалыптасады.
Сондықтан да дүниетанымды дұрыс қалыптастыру
бастауыш мектеп қабырғасында басталады
да өмір талабына, ғылым дамуына жалғаса
береді. Міне осы орайда зерттеу тақырыбымды
«Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық
дүниетанымын қалыптастыру» деп алуыма
себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Дүниетанымның теориялық
негіздерін, оның бастауыш сынып оқушылары
тұлғасының қалыптасуының ұлттық дүниетанымын
қалыптастыру әдістемесін зерттеу.
Зерттеу объектісі: Оқу үрдісінде бастауыш
мектеп оқушыларының ұлттық дүниетанымын
қалыптастырудың жолдары.
Зерттеу пәні: Сыныпта және сыныптан тыс
жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының
дүниетанымын қалыптастыру процесі.
Зерттеу міндеттері:
• Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
жайында әдебиеттермен танысу, оларға
талдау жасау;
• Ұлттық дүниетаным түрлерін айқындау;
• Дүниетаным ұғымының мәнін ашу;
• Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастырудағы
мектеп жұмысының негізгі әдістерімен
танысу;
• Оқушылардың бойында адамгершілік қасиетін
арттыру жолдарын анықтау;
• Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары түрлерін
дүниетаныммен байланыстыру.
• Бастауыш сынып оқушысының дүниетанымы
қалыптасуының әдіснамалық және психологиялық
негіздерін айқындау;
• Жеке тұлғаның дүниетанымдық қалыптасуының
жолдары мен тәсілдерін анықтау;
• Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық
дүниетанымының қалыптасуын экспериментальдық
түрде анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық
негіздері: Жеке тұлға теориясы, дүниетаным
туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық
жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың
өзара сабақтастық теориясы, қазіргі гуманистік
тұжырымдар, білім туралы мемлекеттік
саясат болып табылады.
Зерттеу көздері: Философия, психология,
педагогика, психологтардың, педагогтардың
дүниетаным туралы зерттеу еңбектері.
Қазақстан республикасының «Білім туралы»
заңы, ғылым және білім министрлігінің
тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары,
ұлттық дүниетанымды тиімді пайдаланудың
жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелері.
Зерттеудің ғылыми-педагогикалық әдістері:
Зерттеу мәселесіне байланысты тақырып
бойынша философиялық, психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге,
қолөнер мұраларына теориялық талдау
жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама
жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу,
жинақтау, қорыту.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы №25
Т.Рысқұлов атындағы этнопедагогикалық-гуманитарлық
гимназия мектебі, Төлеби ауданы Аққұм
ауылы Қ.Тыныбаев атындағы орта мектеп.
Зерттеу кезеңдері: І кезеңде зерттеу
проблемасы бойынша жарық көрген философиялық,
психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерге талдау жасалынды; адамзат
дүниетанымының қалыптасуы мен тарихи
дамуы дүниетанымдық көзқарастардың қалыптасуы
туралы материалдар жинастырылды. ІІ кезеңде
зерттеу тақырыбы бойынша жиналған теориялық
және этнопедагогикалық материалдарға
талдау жалғастырылды. Баспа бетінде жарық
көрген халқымыздың дүниетанымдық мұралары,
әдеби деректері жинастырылып, жүйеленді.
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі:
Зерттеудің ғылыми-педагогикалық бағыты
мен зерттеу пәніне сәйкес өзара байланыстағы
кешенді әдіс-тәсілдік қолданумен тәжірибелік-эксперименттік
зерттеудің мақсат пен міндетке сәйкестілігімен,
алынған бастапқы және соңғы нәтижелердің
математикалық әдістерімен, қорытындылауымен
зерттеу жұмысының қорытынды нәтижесін
практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының ғылыми негізі мен практика
жүзінде қолдану нәтижелері: Бірінші Республикалық
аймақтық «Елімнің самғауы биік» атты
М.Жұмабаев атындағы педагогикалық оқуларында
талқыланып, шығармашылық еңбектер жинағында
жарық көрді.
Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмыс
кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан
тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі
анықталып, ғылыми аппараты баяндалады.
«Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық
дүниетанымын қалыптастырудың теориялық
мәселелері» атты бірінші тарауда дүниетаным
және оның мәні мен мазмұны және ұлттық
дүниетаным және оның ерекшеліктері анықталып,
қарастырылады.
«Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық
дүниетанымын қалыптастыру жолдары» атты
екінші тарауында бастауыш сынып оқушыларының
дүниетанымын қалыптастырудағы жеке пәндердің
алатын орны мен қазақ ағартушы ғалымдарының
ұлттық дүниетанымды қалыптастыруға арналған
көзқарастары баяндалады.
Қорытындысында оқушылардың дүниетанымдық
көзқарасын қалыптастырудың теориялық
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар,
ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қосымшада қазақша ұзындық өлшемдері
және дүниетану пәнінен сабақ үлгілері
ұсынылады.
Жеке тұлғаның
ғылыми дүниетанымының қалыптасуының
зандылықтары. Оқушылардын ғылыми дүниетанымы
тұтас педагогикалық процесте қалыптасады.
Дәл осы жерде ғылыми білімдерді меңгеру
жүйесі мен оларды тәжірибеде пайдалану,
бұрынғы кездегі мәдени мұралармен, қазіргі
ғылым негіздерімен оқушыларды қаруландыру
құралы болса, дүниетанымдық білімдерді
терең сенімге айналдыру оқушылардың
іс-әрекет және мінез-құлық принциптеріне
айналады, қоғамдық бағыттарын анықтайды,
іс-әрекетке дайындығын және өмірлік ұстанымын
қалыптастырады.
Маңызды педагогикалық мәселелердің бірі
болып оқушылардың дүниетанымын қалыптастырута
байланысты оқушылардың сенімдері мен
өзіндік көзқарасының заңдылықтарын ашу.
Ғалымдардың көзқарасы бойынша табиғат
және қоғам туралы ғылыми білімдерді меңгеру
– ғылыми дүниетанымды қалыптастыру негізінің
маңызды шарты болып табылады.
Бірақта табиғат пен қоғам дамуының заңдылығын
білу жеткіліксіз. Саналы көзқарас, сенім
ойдьщ болмауы адамда формальды түрде
деректерді меңгеруге және дүниетанымдық
сипатты жалпылауға әкеп соғады. Тек қана
білімді «аудару» және өзіндік сезінген
тәжірибесін, әр түрлі іс-әрекеттерден
қамтылған тұрақты көзқарастарын, негізіне
тұлғаның идеялық мақсаты жататын сендіру
және идеалынан тұрады. Олардан адам мінез-құлқына
бағыттайтын дүниетаным пайда болады.
Білімді аудару тұрақты сендіру, мінез-құлық
мотивтері, принциптері болатын, тұлғаның
дүниетанымын қалыптастырудың шарты болып
табылады.
Педагогтар мен психологтардың зерттеулері
бойынша білім оқушылардың іс-әрекетінің
басты нәтижесі, олардың бойында теориялық
сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады.
Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны
-іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді
меңгеру.
И.Я. Лернер танымдық тапсырмалардың рөлін
зерттей келе, оқушылдардың өздігінен
жетістіктерге жету жолындағы бағдары
және білімді пайдалануы сезінуге жол
ашады, яғни білімдер сенімге айналу үшін,
жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік
үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып
тұрған көзқарастарынын жалпы жүйесіне
және оның сезіміне айналуы қажет дейді
(түсінік, баға, өлшем). Оқушылардың жағымды
эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне,
әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.
Бірақта танымдық тапсырмалардың рөлі
ғылыми сенімділіктерді қалыптастыру
жолында да өз маңызын жоймайды. Танымдық
тапсырмаларды бір мезетте қалыптастыру
диагностикасы мен сенімнің тәсілі болып
қызмет етеді.
Психология-педагогикалық әдебиеттерге
талдау жасай келе, тұлғаның дүниетаным
ұйытқысын құру, ғылыми сенімді қалыптастыру
құбылыстарының мәселесін мынындай етіп
бөлуге
мәжбүр етеді:
- объективті мазмұны, маңызды қасиеті
бар сыртқы дүние туралы дүниетаным білімі
болуы және оны меңгеру;
- олардың мағынасы мен құндылығын түсіну;
- олардың талаптарынан шығатын міндеттерге,
шынайылыққа сенімділік;
- индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын
есепке ала отырып, меңгерілген білімді
негіздеу;
- құбылыстар мен әлеуметтік фактілерді
бағалау және ғылыми талдаудың тәсілдерін
меңгеру, білім берудің біліктілігін жаңғырту,
адамдардың іс-әрекетін, өмір құбылыстарын,
әлеуметтік, саяси, экономикалық және
басқа да құбылыс фактілерін талдау және
бағалау;
- өмірде осы білімдер арқылы басшылық
жасай білу ұмтылу;
- белсенді іс-әрекетке субъект ретінде
дайындық (шешім қабылдау, іс-әрекет жоспарын
жасау және негіздеу, бағалау, қабылданған
шешімнің дұрыстығын дәлеледеу).
Білімді сенімге айналдыру және дүниетанымды
қалыптастыру тұлғаның жалпы бағытта
қалыптасуымен яғни іс-әрекет қарым-қатынасының
жүйесімен тікелей байланысты. Психологиялық-педагогикалық
зерттеулер көрсеткендей баланың жеке
тұлғасы оның жүйеде алатын орнымен, жеткілікті
адами қарым-қатынаспен, соның ішінде
өмірде қойылатын талаптардың дәл сол
кездегі психологиялық ерекшеліктерімен
байланысты болады.
Дәл осы сәйкестіктен баланың қажеттілігі
мен тілегі, мақсаты, ұмтылысы туындайды
және сол арқылы жаңа психологиялық сапаларының
қозғалыс күші дамиды. Өмірдің шарты оқушы
жеке тұлғасының қалыптасуын тікелей
анықтамайды, ал оның тәуелділігі сонда,
өзара қатынасымыз бен әрекеттерімізде
осы шарттармен оқушының өзі болады.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру мінез-құлқының
ең маңызды қозғаушысы болып табылады,
оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
іс-әрекеті жетістігінің маңызды шарты
тәжірибелік іс-әрекеттер мен сенімдер,
білім бірлігімен қамтамасыз етілген
педагогикалық процесс болып табылады.
Бұған тек қана педагогикалық процесте
«логикалық тізбені» ойластырғанда және
іске асырғанда ғана жетуге болады. Ол
жүйелер: танымдық көзқарасы бар білім
жүйесі, зерттеліп жатқан фактілерге,
құбылыстарға тұлғалық қарым-қатынас,
тәжірибеде ойластырылған және алынған
жеке іс-әрекеттік жоспардағы білім.
Адамдардың көзқарастары мен сенімдері
әрқашан уақытта жеке тәжірибеде ойластырылған.
Тәжірибе негізіне сүйене отырып, олар
жеке тұлғаның діни әлемін, оның қажеттілігін,
сезімін, мінез-құлық мотивін анықтайды,
сонымен қатар тек қана оқушылардың танымына,
сезіміне, еркіне әсер етеді, бірақ мінез-құлық
және іс-әрекет тәжірибесінде оған белгіленген
әлеуметтік-мәнділігін анықтауды және
жинақтауды ұйымдастырады.
Г.Н.Филонов бойынша тұлғалық іс-әрекеттік
тұрғыдан оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды
төмендегідей қарастырады:
- шынайы дүниені жеке тұлғаның рухани-тәжірибелік
тұрғыдан меңгеру негізіндегі іс-әрекетін
мойындауы
және оның адам санасындағы адекватты
бейнеленуі;
- тұтастықтықтың жеке тұлғаның интеллектуальдық
эмоциональды-еріктік және іс-әрекет тәжірибе
саласына әсерін іске асыру;
- жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру
жүйесінде тәрбие процесін дараландыру,
еңбек және
оқытуда жеке тұлға мен ұжымнын өзара
әсерінің органикалық біртұтастығы;
Оқытудың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен
тығыз байланысына негізделген іс-әрекет
тәжірибе факторының белсенді қызметі
оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың
міндетті шарты.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
процесінде мысалы, оқушының ішкі позициясындағы
бұрын қалыптасқан және қалыптасып отырған
әрекеттің арасында, оған деген мұғалімнің
қойып отырған талабымен және оны орындаудағы
дайындық деңгейі арасында қарама-қайшылықтар
туындауы мүмкін. Өз уакытында пайда болған
қарама-қайшылықтың көзін және сипатын
ашу керек, тәрбие процесінде оны жеңу
жолдарын анықтау – мұғалімнің басты
міндеті.
Дүниетанымның
мәні, қызметі. Баланың ғылыми
дүние-танымына табиғат және
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананық
ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі
жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып,
бағыт-бағдары айқындалады.
Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы
ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері
аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде
қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық
және жаратылыс ғылымдарында ашылған
жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді,
толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды
өзгертеді.
Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені
теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің
ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған
мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың
көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады.
Көзқарастар - баланың өзі сенетін білімдері,
ұғымдары, практикадан шығарған теориялық
тұжырымдары, ұсыныстары.
Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда
болып жатқан түрлі құбылыстарға баға
беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын
белгілі бір бағытқа салып отырады.
Сенім - ақиқат екендігіне бала ешқандай
күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар,
тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар.
Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі,
басқалардан қорғайды, өз басына төнген
қауіптен қорықпайды, басқа балаларды
өз соңынан ілестіргісі келеді.
Сенімге сезім әсер етеді. Таным процесінде
қуану білімнің ақиқаттығына сену, өз
алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат
алу сенімнің қалыптасуына ықпал етеді.
Қажымайтын қайрат - дүниетаным құрамындағы
маңызды бөлік. Баланың ғылыми дүниетанымын
қалыптастыру үшін оған теориялық білімдерді
берумен шектелуге болмайды. Тәжірибелік
жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала
өз алдына мақсат қойып, соған жету үшін
жігерлене еңбек етеді.
Теориялық ой - дүниетанымның элементі,
болмыс туралы білімдерді, құбылыстарды
шығармашылықпен, терең түрде ой елегінен
өткізе білу, дүниетанымды жетілдіру,
сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға
ұмтылу.
Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады.
Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға
табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер
беріп, оны жалған қөзқарастардан арылтады,
болмысты тану әдістерімен қаруландырады.
Дүниетаным тәрбиелік қызмет атқарады.
Бала өзі келісетін көзқарастары арқылы,
адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық
сезімдерін шыңдайды. Мұғалімдер оқушыларды
адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне
керекті батылдықты, табандылықты, ізгілікті,
жауапкершілікті тәрбиелеу керек. Осы
талапты орындау үшін қоғам және жеке
адамдар өміріндегі жақсы тұстарды балаларға
әсерлі етіп түсіндірген дұрыс.
Саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық,
эстетикалық, ғылыми теориялық білімдерді
меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын
туғызады.
Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы
объективтік дүние, тұрмыс, қоршаған орта,
жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық
тәсілдер қолдану керектігін дәлелдеп
отыр.
Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды
дұрыс бағалап, шығармашылықпен жұмыс
істейді, құбылыстарды басқа құбылыстармен
байланыста қарайды.
Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық
қызмет атқарады. Бала өзінің дүниетанымына
сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасайды.
Дүниетанымның прогностикалық қызметі
арқылы бала қоғамның даму заңдарын қолданып,
оған ғылыми, теориялық, тәжірибелік тұрғыдан
баға беріп, бүгіні мен болашақты жасау
туралы ұсыныстар айтады.
Сонымен, ғылыми дүниетанымдық тәрбиенің
мақсаты – баланың жеке тұлғасының орталығында
орналасатын дүниетанымды берік және
оған сенетіндей етіп қалыптастыру, сол
арқылы қоршаған ортамен дұрыс байланыс
жасауға көмектесу.
Осы мақсатқа жету үшін мұғалім оқушының
ғылыми көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып,
ғылыми емес, дәлелдері аз көзқарастарды
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек. Ол
үшін оқу тәрбие процесінің мүмкіндіктері
пайдаланылады.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымының
негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру
жолдары.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру үшін
оған өмірдің жақсы да, көлеңкелі тұстарын
да айтқан дұрыс. Дүниетанымдық сана баланың
сезіміне, ерік-жігеріне әсер етеді, сезім-сананы
бекітуші, ерік-жігерді ынталандырушы.
Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен,
дүниемен қарым-қатынасынан көрінеді.
Сананы, ой мәдениетін, сезімді, қарым-қатынасты
бір мезгілде тәрбиелеу және дамыту дүниетанымды
қалыптастырады. Баланың санасы, көзқарастары,
сенімдерін ең алдымен ғылым негіздері
қалыптастырады.
Табиғи – жаратылыстық бағыттағы пәндер
табиғат құбылыстарының шын себептерін
ашады. Оқушылар түрлі фактілер жинайды,
өмірді бақылайды. Заттың бір күйден екіншіге
өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ
антипол, айна, микро, макро және мегамер
дүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми
дүниетанымды қалыптастырады. Оқушылар
өмірдің дамуындағы сабақтастықты, қартаю,
өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың
пайда болуын оқиды. Жоғары жүйке қызметінің
заңдылықтарын оқып үйренудің, ғылым мен
техниканық адам өміріндегі рөлін түсінудің
зор маңызы бар.
Ұлы адамдардың, ірі ғалымдардың өмірі
мен қызметі туралы әңгімелер баланың
білімі мен тәрбиесіне ықпал етеді. Қоғамдық-гуманитарлық
циклдағы пәндер оқушыны қоғамда болып
жатқан түрлі оқиғаларды дұрыс талдауға
үйретеді, жақсылық пен жамандықты көрсетеді,
елімізде, шетелдерде болып жатқан оқиғаларға
дұрыс баға беруге баулиды. Өнер пәндері
– әдебиет, бейнелеу өнері, саз, театр,
кино оқушының адамгершілік-эстетикалық
сезімін тәрбиелейді.
Өнер шығармалары баланың сезімін оятады.
Шығармаларды талдау, салыстыру, қорытындылау
баланың дүниетанымын қалыптастырады.
Өнердің түрлі салаларында оқушылардың
іс-әрекет жасауы дүниетанымның қалыптасуына
орасан зор әсер етеді. Оқушылар өнердің
тілімен танысып, тәжірибеде жұмыс істеуге
үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені
қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық
шақта жақсы жүреді, сондықтан көркем
өнерпаздар үйірмесін құру, өнер шығармаларын
жасату, шығармалар жаздыру, сахналық
қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың
дүние туралы ой-әрісін кеңейтіп, көзқарастары
мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының
дүниетанымының қалыптасқандығын оның
ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелілігінен,
диалектикалық ойлауынан байқауға болады.
Дүниетанымды
калыптастырудын жолдары мен
құралдары. Дүниетанымнын қалыптасуы
педагогикалық процесс ретінде, объективті
түрде әдіснамалық идеялардың реттелген
жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды
талап етеді.
Оқушылар материалистік диалектиканың
мынадай зандары мен категорияларын игерулері
қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы;
қозғалыс – материяның өмір сүру формасы
ретінде; материяның бірінші, сананың
екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі
мен күресі; себепті байланыс -болмыстың
жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден
шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге
айналуы; дамудың үздіксіздігі мен үздіктігі;
себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс
– мәнділіктін көрінісі ретінде; мүмкіндік
пен шындық; практика -таным негізі, ақиқат
өлшемі.
Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі
білім берудегі сабақтастық, оқу пәндері
арасындағы өзара байланыс арқылы жүзеге
асады. Оқыту – оқытушы мен оқушының бірлескен
іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің
мақсаты – оқушыларды дамыту, олардың
бойында білім, білік, дағдыларды, яғни
нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық
негізін қалыптастыру.
Кез келген аналитикалық-жүйелік іс-әрекеттің
нәтижесінде (түсінікте, идеалдарда, теорияларда)
білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдері де
бар. Бұл танымның әр түрлі жақтары, бірақ
бұл процесте ең басты орында білім тұрады.
Осының барлығы оқушы бойында білім мен
білікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды
дамытуды талап етеді. Ғылыми білім құрылымында
екі деңгей бар: эмпирикалық және теориялық.
Олар объективті болмысты көлемірек, тереңірек
және толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады.
Дүниетаным жекелеген білімдерден емес,
заманның талабына сай білімдердің құрылымын
қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар
мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын
жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер
жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа
жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану
міндеттеріне сәйкес жалғасады.
Оқыту – оқушылардың ғылыми білімдерді,
білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық
қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық
көзқарастарының дамуындағы белсенді
оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық
процесі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі
бір білімдерді, білік пен дағдыларды
меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде
қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. «Түсініктерді,
ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына
жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды
оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен,
көмегімен қалыптастыруы қажет. Білім
түсініктердің пайда болуы, заңдарды жете
түсіну – оқушының ойлау мен іс-әрекетінің
белсенді процесі» (М. Н. Скаткин).
Оқу оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі
олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың
қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің
психологиялық мазмұны іс-әрекеттің жалпы
тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып
табылады.
Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның
қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен
құндылық бағыттарынан биік болып түрған
көзқарастарының жалпы жүйесіне және
оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың
жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке
тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялык
жағдайына сүйенеді.
Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды
әлеуметтік, жан-жақты ақпаратпен, саяси
қарым-қатынас тәжірибесімен қаруландырады.
Ол оқушының ішкі жан-дүниесіне, жеке тұлғаның
белсенді жасампаздық қажеттілігін дамытады.
Өзін-өзі бақылауга арналган сұрақтар
1) «Дүниетаным» ұғымының мазмұны қандай?.
2) Дүниетаным құрылымы қандай?
3) Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының
қалыптасу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
4) Дүниетаным құрылымындағы сенімнің
орнын анықтаңыз.
5) Дүниетанымның қальштасуының негізгі
заңдьшықтарын сипаттаңыз.
6) Оқыту процесіндегі дүниетаным мен оқушылардың
іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар?
7) Адамның сенімі мен оның өмір салты арасында
қандай байланыс бар?
Оқушылардың ғылӘдебиеттер:
1) М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік
көзқарасының қалыптасуы. - Алматы: Мектеп,
1976
2) Ж.Дәуренбеков. Айтыңыз құтты болсын.
- Алматы: Өнер, 1973.
3) Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. П. - Алматы,
2000. 103-1