Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 19:38, лекция
Қоғамдағы барлық оқыту және тәрбиелеу іс - әрекетімен шұғылданатын әлеуметтік институттардың ішінен отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп - өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым – қатынасы, байланыстары, іс – қимылдар мен мінез – құлық нормаларын меңгеруі отбасынан басталады. Отбасы бізге белгілі баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа, жігерлі, қайратты, адал болуға тәрбиелейді.