Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 22:03, доклад
(Нәрестелік шақтың шегі — бір-екі айдан бір жылға дейін). Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші асоциальдық тіршілік иесі болып есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескетідігі, сас-қалақтап, абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен, 3. Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл кақтығыстың психикалык өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратынын пессимистік тұрғыда суреттейді.