Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 22:03, доклад
(Нәрестелік шақтың шегі — бір-екі айдан бір жылға дейін). Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші асоциальдық тіршілік иесі болып есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескетідігі, сас-қалақтап, абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен, 3. Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл кақтығыстың психикалык өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратынын пессимистік тұрғыда суреттейді.
(Нәрестелік шақтың
шегі — бір-екі айдан бір жылға дейін).
Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің
пікірі бойынша, бала алғашқы айларда
өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші
асоциальдық тіршілік иесі болып есептеледі.
Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете
қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау
болмыспен бетпе-бет кездескетідігі, сас-қалақтап,
абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен,
3. Фрейд жарық дүниеге келген баланың
шыр ете қалуын оның ана организмінен
бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы
деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы
сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері
мен қоғамдағы өмір талаптары арасында
тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд
бұл кақтығыстың психикалык өмірді қандай
үздіксіз драмаға айналдыратынын пессимистік
тұрғыда суреттейді.
. Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен
екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ
болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттілік-терін
ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында,
т.с тәріздес; толғаныстарында қанағаттандырудың
тума қабілетімен шектеледі деп есептеген
Ж. Пиаженің алғашқы еңбектеріне әсер
етті.
Фрейд пен Пиаженің аталған қағидалары
өткір сынға алынды. Француздың прогресшіл
зерттеушісі А. Валлон шарылдап жылауды
бірдемені алдын ала сезу немесе соған
байланысты өкіну ретінде психологиялық
дәлелдеушілікті құрғақ бос киял деп есептеді.
Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы
жөніндегі Пиаже қағидасы өз кезінде Л.
С. Выготский, ал кейіні басқа да совет
психологтары тарапынаң сынға ілікті.
Советтік және прогресшіл шетел авторларының
зерттеулерінде алынған көптеген фактілер
нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді
болатынын көрсетеді. Үлкен адам баланың
органикалық қажеттерін қанағаттандырады,
тамақтандырады, шомылдырады, аударып
салады. Үлкен адам баланың белсенді психика-лық
өмірде де қажетін қанағаттандырады: нәресте
өзін колға алғанда, едәуір жадырап қалады.
Үлкен адамның көмегімен кеңістікте қозғала
отырып бала көптеген заттарды көруге,
олардың бір-біріне қарай жылжуын байқауға
мүмкіндік алады, ал мұның өзі оның сенсорлық
тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты
есту, сипай сезу әсерлері де үлкеңдер
тарапынан беріледі.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген
қарым-қатынасы әуел бастан әлеуметтік
қарым-қатынас болады деп атап етті. Ол
нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік
тіршілік иесі деп атау керек, өйткені
оның өмірі кез келген жағдайда көзге
көрінсе де, көрінбесе де басқа адам қатысып
отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Үлкен адам баланың заттык дүниемен қарым-қатынас
жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен
адам қатысып отырған кезде бала көбінесе
затпен қарқынды кимылдар жасай бастайды
да. ал жанында үлкен адам болмаса, затқа
қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі
үлкен адамның әрекетімен кетермеленіп
отырған кезде және бала үлкен адамды
бірлескен әрекетке шақырғанда баланың
үлкенмен қарым-катынасының негізгі формасы
бірлескен іс-әрекетке айналады. Баланың
әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік
шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі
бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға
әрқашан дайын тұрады.
Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғы
шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ
былдырлаудың алғашкы белгілері байқалып,
кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің
фонемалары көріне бастайды. Бір жастың
аяғына қарай нәресте кейбір сездерді
түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған
зат түрған бала басын бұруы немесе үлкендер
атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді.
Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап
айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен
карым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан,
баланың қажеттіліктері пайда болып, біртіндеп
дамиды (олардың ішінде қарым-қатынас
жасау қажеттілігі — эмоциялық жұтаңдықтың
маңызды мәні бар), екінші