Мотивациялық - бағдарлау кезеңі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:55, доклад

Описание работы

Жалпы зат есім туралы осылай сұрақ қою арқылы қорытамын.
Балалар, қанеки есімзіге тағы бір түсірейікші. Қандай сөз таптарын білетін едік.
Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, т.б.
Балалар тақтада не көріп тұрмыз?
Суреттер.
Бұл суреттерден қанеки, сөйлем құрайықшы.
Құс ұшты. Кітап оқыды. Балалар ойнады. Тігін тікті.

Работа содержит 1 файл

Сабақ жоспарларыы..docx

— 39.75 Кб (Скачать)

Күні: 13.02. 2013.

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Етістік.

Мақсаты: Оқушылардың етістік туралы түсініктерін еске түсіру.

Міндеттері:

Б. Оқушылардың етістік туралы білімдерін естеріне түсіре отырып, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға жол ашу.

Д. Оқушылардың сөздік қорын молайту, шығармашылықтарын дамыту.

Т. Оқушыларды сауатты, көркем жазуға төселдіру және оқушыларға экологиялық тәрбие беру.

С.түрі: аралас

Әдіс - тәсілдері:  сұрақ – жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: сюжетті плакат, гүлдің суреті, сызба.

Мотивациялық  - бағдарлау кезеңі

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

  • Солай ма балалар, еш уайымды білмейміз бе?
  • Иә.
  • Олай болса , үй тапсырмасына не берілді?
  • Сөз алып, тәуелдеп жазып келу.

Үй тапсырмасын  сұрау.

    • Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
    • Тәуелдік жалғау қандай түрде болады?
    • Тәуелдік жалғаудың неше жағы болады?
    • Зат есім дегеніміз не?
    • Зат есім нешеге бөлінеді?
    • Негізгі зат есім мен туынды зат есім дегеніміз не?
    • Жарайсыңдар!

Жалпы зат есім туралы осылай сұрақ қою арқылы қорытамын.

  • Балалар, қанеки есімзіге тағы бір түсірейікші. Қандай сөз таптарын білетін едік.
  • Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, т.б.
  • Балалар тақтада не көріп тұрмыз?
  • Суреттер.
  • Бұл суреттерден қанеки, сөйлем құрайықшы.
  • Құс ұшты. Кітап оқыды. Балалар ойнады. Тігін тікті.
  • Сұрақ қойып көрейікші.
  • Қайтті? Не істеді?
  • Иә балалар. Бүгін біздің өтетін тақырыбымыз да сөз таптарының бір – етістік.

Етістік дегеніміз – заттардың іс – әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы. Етістік қайтті? не істеді? деген сұрақтарға жауап береді. М: Айнұр сабаққа барды. Айнұр не істеді? Айнұр барды. Етістіктің астын  сызықпен сызамыз.  Балалар, сендерге қазір мынадай етістіктер беріледі. Сол етістіктерді қолданып  сөйлем құраңдар және сұрақ қойыңдар.

1 топ – сайрады, сауды,  көктеді, оқыды.

2 топ – жасырынды, аулады, сағнды, барды.

3топ – еріді, ашылды, жанды, кешікті.

  • Жарайсыңдар , балалар!

 

Операционалдық  – орындаушылық кезең

Балалар етістіктің не екенін есімзге түсірдік. Енді берілген тапсырмаларды  орындайық.

1 – жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Өлеңнен етістікті тауып, олардың астын сыз.

Ұнатады, мақтайды.

Аппақ түстің бәрін ел.

Бізді аураудан сақтайды,

Ақ халатты дәрігер.

2 – жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқы. Етістікті тауып, сұрақ қой. Етістік қай сөз табымен байланысып тұрғанын айт.

 Қаз бен үйрек жүз он градусқа дейінгі суыққа төзеді. Керіктің тілінің  ұзындығы алпыс смге жетеді. Аралар сары гүлдерге көбірек қонады. Кактус жылына бір рет гүлдейді. Жапалақ қорегін түнде аулайды.


3 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз.

Бағбан көктемде қураған  бұтақтарды кеседі. Ат жегілген арба кетіп бара жатыр. Асқардың туған күніне достары доп сыйлады. Аспанды қою бұлт қаптады. Ақын өлең жазды. Әуежайдан әлемнің әр қаласына ұшақтар ұшты. Құстар ағашты зиянкестерден тазалайды.

5 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып жаз.

Қанатым талмайды.

Қиялым самғайды.

Ақын да, ғалым да

Ұстазсыз болмайды.

Жарайсыңдыр!

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Шапалақты соғайық.

Оңға, солға бір қарап,

Орнымзды табайық.

 

Рефлекциялық  – орындаушылық кезеңі

  • Балалар, қазір мынадай тапсырма орындаймыз. «Дұрысын тап».
    1. Етістік дегеніміз не?
  1. Етістік дегеніміз –  заттың атын білдіретін сөз табы.
  2. Етістік дегеніміз - заттардың іс – әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы.
  3. Етістік дегеніміз – заттың санын білдіретін сөз табы.
    1. Етістіктердің сұрақтары.
  • Қандай? Қай?
  • Не істеді? Қайтті?
  • Кімдер? Нелер?
    1. Дұрыс сызылған етістікті тап.

Айжан ойын ойнады.

Әсет театрға барды.

Сағыныш ән айтты.

Жарайсыңдыр! Балалар сабаққа жақсы қатысқандарың үшін сендерге мынадай әдемі гүлді сыйлаймын. Әрқашан осы гүл сияқты жайнап жүре беріңдер!

Үй тапсырмасы: 4 – жаттығу.

Бағалау: Белсенділіктеріне байланысты мақтау, мадақтау.

 

 

Күні: 12.02. 2013.

Пәні: Музыка

Тақырыбы: Ықылас Дүкенұлы. «Фа» нотасы.

Мақсаты: Ы.Дүкенұлы туралы мәлімет беру, «Фа» нотасымен таныстыру және «Кел, балалар, ойныйық» әнін дұрыс, мәнерлеп айтуға үйрету,

С.түрі: аралас.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ –жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: Ы.Дүкенұлының, қобыздың, киіктің суреттері.

 

Мотивациялық  - бағдарлау кезеңі

Балалар назарын сабаққа  аудару.

Үй тапсырмасын  сұрау.

  • Т. Қазанғапұлы кім?
  • Т. Қазанғапұлының қандай күйлері бар?
  • «Ми» нотасы қай сызықтың бойында орналасады?
  • Төменнен санағанда скрипака кілті қай сызықтың бойында орналасады?
  • Кім маған ми нотасын сызық бойына орналастырып, сызып береді?

4 оқушыдан шығарып йге берілген «До – ре - ми» әнін айтқызамын.

  • Балалар, қазақтан шыққан тағы қандай атақты күйші, компазиторларды білеміз?
  • Д. Нұрпейісова, Қорқыт, Т.Қазанғапұлы т.б.
  • Жарайсыңдар!

Операционалдық  – орындаушылық кезеңі

Балалар, біз бүгін осындай  атақты қобызшы, күйші аталарыңның  бір – Ықылас Дүкенұлымен, «Фа» нотасымен  танысамыз және «Кел, балалар, ойнайық» әнін үйренеміз.

Ы.Дүкенұлы  (1843 - 1916) – қазақтың әйгілі күйші, қобызшысы.Туып өскен жері Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Мұңлы Қулы тауының етегі. Атақты шығармалары: «Жалғызаяқ», «Кертолғау», «Жарым патша», «Жезкиік» және т.б. Шәкірттері: Б. Амай, Т. Әбікей, Сүгір және баласы Түсіпбек.

Ал енді балалар, Ықылас атамыздың  бір күйін тыңдайық. Бұл «Жезкиік»  деп аталады. Бұл күй киіктің әсемдігі мен сұлуығына арналған. Киік – айыр тұяқты, ешкіге ұқса, жабайы, бірақ өте сүйкімді аң. Терісі өте бағалы, жылтыр болып келеді. Осындай сұлулықты Ы.Дүкенұлы «Жезкиік» күйімен жеткізген.

  • Күйдің жылдамдығы қандай?
  • Күй көңілді ме, көңілсіз бе?
  • Күйдің көркемдеуші құралдарын ата.

 

Балалар, біз Ы.Дүкенұлымен, оның шығармашылығымен таныстық, енді «Фа» нотасымен танысайық.

«Фа» нотасы бірінші сызық  пен екінші сызықтың бойында орналасқан.

 

 

 

Осыны дәптерімізге түсіріп  алайық. 

Балалар «Фа» нотасын да жазып үйрендік, енді ән үйренейік. «Кел, балалар, ойнайық» әнін үйретемін. Алдымен дискіден немесе баянмен айтып, тыңдатамын. Алдымен мұғалім, соңынан оқушылар қайталап отыру арқылы үйрету.

Рефлекциялық  – орындаушылық кезеңі

  • Балалар, бүгін қандай атақты қобызшымен таныстық?
  • Ықылас Дүкенұлының туған жері?
  • Ы.Дүкенұлының шығармаларын ата.
  • Ы.Дүкенұлының қандай күйін тыңдадық?
  • Қандай нотамен таныстық?
  • «Фа» нотасы қай сызықтың бойында тұрады?
  • Қандай ән үйрендік?

Үй тапсырмасы: «Кел, балалар, ойнайық» әнін жаттап келу.

Бағалау: Белсенділіктеріне қарай мақтап, мадақтау.

 

 

 

 

Күні: 15.02. 2013.

Пәні: Бейнелеу өнері.

Тақырыбы: Сюжетті натюрморт.

Мақсаты: Оқушылардың натюрморт туралы білімдерін естеріне түсіру, оны ары қарай дамыту.

Міндеттері:

Б. Оқушыларға түрлі – түсті бояумен жұмыс жасай білуге, керекті түсті дұрыс таңдай білуге мүмкіндік жасау.

Д. Оқушылардың сурет салуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Т. Оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу.

С.түрі: жаңа сабақ.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, практикалық.

Көрнекілігі: натюрморт (сурет), түрлі – түсті бояу.

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа  аудару.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Сабағымызды бастаймыз,

Апайымызды тыңдаймыз.

Балалар баршамыз құрал – жабдықтарымызды алып, партаның шетіне қойып, назарларыңды маған аударыңдар.

Жаңа сабақ

Натюрморт (фр. nature mort - өлі табиғат) -  қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс – жидектерді, өсімдіктер мен тағамдарды бейнелеу.

Бейнелеу өнерініңбасқа  түріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында жеткізуді талап етеді. Натюрморт алғашында Ежелгі Грекияда, Римде көрініс тапқан , ал жанр ретінде  Голлондияды  XVI – XVII ғ. пайда болды . Қазақтан шыққан натюрморт жанрының шеберлері: А. Ғалымбаева, С. Айтбаев, К. Бейсенбаев.

Практикалық жұмыс

 

  • Балалар, тақтада не көріп тұрмыз?
  • Бұл суреттерде не бейнеленген?
  • Қанеки енді, осы суреттерді салуға кірісейікші. Ол үшін бізге: сурет дәптер, қарындаш, өшіргіш және түрлі – түсті бояу қажет болады.

 

Қорытынды

 

  • Бүгін біз не салып үйрендік?
  • Натюрморт дегеніміз не?
  • Ол алғаш қай елде пайда болды?
  • Қазақтан шыққан натюрморт жанрының шеберлерін ата.

Үй тапсырмасы: Салынған суретті аяқтау.

Бағалау: Оқушылардың сурет салып отырғаны бойынша бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 02.02. 2013.

Пәні: Еңбекке баулу

Тақырыбы: Матамен жұмыс. Сөмке тігу.

Мақсаты: Балаларға матадан сөмке тігу жолын үйрету.

Міндеттері:

Б. Балаларға матамен жұмыс істей білуге мүмкіндік жасау.

Д. Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, алған білімдерін ары қарай дамыту.

Т. Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

С.түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық.      

Құрал - жабдықтары:

М: синтетикалық мата, жіп, түйме, үлгі үшін қағаз, ине, қайшы, бор.

О: синтетикалық мата, жіп, түйме, үлгі үшін қағаз, ине, қайшы.

Сабақтың барысы

Ұйымдастырушылық  кезеңі  (3 мин)

Оқушыларды түгендеу, сабаққа  назарын аудару.

Балалар баршамыз құрал – жабдықтарымызды алып, партаның шетіне қойып, назарларыңды маған аударыңдар. 

  • Балалар, біз күнделікті заттарымзды неге саламыз?
  • Сөмкеге.
  • Сөмке неден тігіледі?
  • Матада және былғарыдан.
  • Жарайсыңдар!

Жаңа сабақ (8 мин)

Сөмке  – тұрмыстық заттардың бірі. Олар әр түрлі материалдардан –матадан, былғарыдан, теріден түрлі өлшемде тігіледі. Мақсатына қарай сөмкені күнделікті және әр түрлі кештерге ұстайды. Мезгілге қарай жаз және көктемде ашық түсті сөмкелерді, күз және қыс мезгілінде күңгірт түсті сөмкелерді ұстау ыңғайлы.

Балалар, біз бүгін сөмкені  синтетикалық матадан тігіп үйренеміз.

Практикалық жұмыс (30 мин)

Сөмке тігу үшін синтетикалық мата, түйме, ине, жіп, қайшы қажет  болады. Сөмке бөліктерін көктеу тігісімен  біріктіріп тігеміз.

Сөмке тігу барысы:

  1. Үлгі қағазды пайдаланып, сөмкенің бөлшектерін матадан қиып аламыз.
  2. Сөмкенің артқы бөлігі мен табанын, содан соң алдыңғы бөлігі мен табанын барқыт тігіспен біріктіріп шығамыз.
  3. Сөмкенің қақпағын тігіп, оның қақпағын жабу үшін түйме қадаймыз.
  4. Сөмкенің әдемі көрінуі үшін қақпағын шынжыр тігіспен кестелейік.
  5. Сөмкенің бауын тігейік.
  6. Міне, сөмкеміз дайын.

Қорытынды (3мин)

  • Балалар, біз бүгін синтетикалық матадан не жасап үйрендік?
  • Сөмке.
  • Біз сөмкелерді қандай мақсатта қолданамыз?
  • Сөмке неден жасалады?
  • Жарайсыңдар!

Бағалау:  (1 мин) Оқушылардың жұмыс істеп отырған дәрежесіне қарай, аралап шығып бағалаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 21.01. 2013.

Пәні: Дүниетану.

Тақырыбы: Жануарлар әлемінің сан алуандығы.

Мақсаты: Оқушыларға жануарлардың әр алуандығы жайлы түсінік беру.

Міндеттері:

Б. Оқушылардың жануарлар туралы түсінігін кеңейту.

Д. Оқушылардың логикалық ойлауларын, ой – өрісін дамыту.

Т. Оқушыларды жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

С.түрі: аралас

Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: жануарлардың суреті бар плакат, алма және күннің суреті бар плакат.

Мотивациялық  - бағдарлау кезеңі

  • Балалар, қазір қай сабақ?
  • Сабағымызға қатысты жабдықтарымызды алып отырамыз.

 

Үй тапсырмасын  сұрау.

  • Қандай өсімдік атауларын білеміз?
  • Өсімдікке қандай қамқорлық керек?
  • Жабайы өсімдік дегеніміз не?
  • Мәдени өсімдік дегеніміз не?
  • Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
  • Ағаштар неше топқа бөлінеді?
  • Өсімдіктерді қорғау үшін қандай заңдар бар?
  • Елімізде өсімдіктерді қорғау үшін қандай шаралар өткізілуде?
  • Жарайсыңдар!
  • Балалар, осы өсімдіктер тарауын жалпы қорыту үшін «Алма терейік» ойынын ойнаймыз.

Информация о работе Мотивациялық - бағдарлау кезеңі