Міндеттемелерді бұзғандық үшін жауапкершілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 13:58, реферат

Описание работы

Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу
бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.

Содержание

Кіріспе
ІІ. Міндеттемелерді бұзғандық үшін жауапкершілік түсінігі мен нысаны
ІІІ. Жауапкершілік түрлері және шарты
IV. Міндеттемелерді тоқтату
V . Қорытынды
VI. Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Міндеттемелерді бұзғандық ұшін жауаптылық.doc

— 110.50 Кб (Скачать)

   Егер  мiндеттемелердiң осы түрi немесе осындай құқық бұзушылық үшiн  жауапкершiлiк мөлшерi заңдармен  белгiленген болса, қосылу шарты бойынша  немесе тұтынушы ретiндегi азамат несие берушi болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершiлiк мөлшерiн шектеу жөнiндегi келiсiм жарамсыз болады.  
 
 
 
 
 

    IV.Міндеттемелерді тоқтату  

   Мiндеттеменi тоқтату негiздерi

   Мiндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемi төленсе, борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешiру арқылы борышқор мен несие берушi бiр тұлға болса, орындауға мүмкiндiк болмаса, мемлекеттiк органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе iшiнара тоқтатылады.

   Мiндеттеменi тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға жол берiледi.

   Заңдар  мен шартта мiндеттеменi тоқтатудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.

   Мiндеттеменi орындау арқылы тоқтату

   Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалғанда тоқтатылады.

   Бас тарту төлемi

   Тараптардың келiсiмi бойынша мiндеттеме орындалудың  орнына бас тарту төлемiн беру (ақша төлеу, мүлiк беру және т.б.) арқылы тоқтатылуы мүмкiн. Бас тарту төлемiнiң  мөлшерiн, мерзiмдерiн және тәртiбiн  тараптар белгiлейдi. 

   Мiндеттеменi есепке жатқызу арқылы тоқтату

   Мiндеттеме мерзiмi жеткен, не мерзiмi көрсетiлмеген немесе мерзiмi талап ету кезiмен  белгiленген бiртектес қарсы талапты  есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлiк-бөлiгiмен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бiр тараптың өтiнiшi жеткiлiктi. Мына талаптарды:

   1) егер тараптардың бiрiнiң өтiнiшi  бойынша талапқа заңды талап  мерзiмiн қолдануға болса және  ол мерзiм өтiп кетсе; 

   2) азаматтың өмірi мен денсаулығына  келтiрiлген зиянды өтеу туралы;

   3) алимент өндiрiп алу туралы;

   4) өмiр бойы асырау туралы;

   4-1) егер кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын болса, консервациялау немесе тарату процесінде тұрған банкке қойылатын талаптарды;

   5) заңдарда немесе шартта көзделген  басқа да жағдайларды есепке жатқызуға жол берiлмейдi.

   Талап өзгеге өткен жағдайда борышқор жаңа несие берушiнiң талабына қарсы  өзiнiң бастапқы несие берушiге керi талабын есепке жатқызуға құқылы.

   Егер  талап борышқор талап етудi беру туралы хабарды алған кездегi негiзден туындаса және талап мерзiмi оны алғанға дейiн туса, не ол мерзiм көрсетiлмесе немесе талап ету кезiмен белгiленсе, ол есепке жатқызылады. 

   Мiндеттеменiң  борышқор мен несие берушінiң  бiр тұлға болуы себептi тоқтатылуы

   Мiндеттеме борышқор мен несие берушi бiр тұлға болуы себептi тоқтатылады. 

   Мiндеттеменiң  жаңғыртылуға байланысты тоқтатылуы

   Мiндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы мiндеттеменi ауыстыру туралы келiсiммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе әдiсiн көздейтiн басқа мiндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылады.

   Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi және алимент  төлеу жөнiндегi мiндеттемелерге  қатысты жаңғыртылуға жол берiлмейдi.

   Жаңғыртылу, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бастапқы мiндеттемеге байланысты қосымша мiндеттемелердi тоқтатады. 

   Борышты кешiру

   Несие берушi борышқорды мойнына алған  мiндеттерiнен босатқанда, егер бұл  несие берушiнiң мүлкiне қатысты  басқа адамдардың құқықтарын бұзбайтын  болса, мiндеттеме тоқтатылады. 

   Орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеменiң  тоқтатылуы

   Егер  мүмкiндiктiң болмауы борышқор жауап  бермейтiн жағдайлардан туындаса, орындауға  мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженiң күшi ақшалай  мiндеттемелерге қолданылмайды.

   Тараптың  өзi де, екiншi тарап та мiндеттеменi орындауға  жауап бермейтiн мән-жайдан тарап  мiндеттеменi орындай алмайтын ретте, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, бiр тараптың екiншi тараптан мiндеттеменi орындауды талап етуге құқығы жоқ. Бұл орайда мiндеттеменi орындаған әрбiр тарап орындалғанды қайтаруды талап етуге құқылы.

   Борышқор  несие берушiнiң әрекеттерi кiнәсiнен  мiндеттеменi орындауға мүмкiндiк  болмаған жағдайда несие берушiнiң  одан мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.

   Мемлекеттiк  органның құжаты негiзiнде мiндеттеменiң  тоқтатылуы

   Егер  жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың  құжат (жария құжат) шығаруы салдарынан мiндеттеменi толық немесе iшiнара орындау мүмкiн болмаса, мiндеттеме толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатылады. Осының салдарынан залал шеккен тараптар осы Кодекске сәйкес олардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

   Мiндеттеменiң  тоқтатылуына негiз болған жария  құжат белгiленген тәртiп бойынша  жарамсыз деп танылған жағдайда, егер тараптардың келiсiмiнен немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше жағдай туындамайтын болса және мiндеттеменiң орындалуына несие берушiнiң мүдделiгi жоғалмаса, мiндеттеме қайтадан қалпына келтiрiледi. 

   Азаматтың қайтыс болуымен мiндеттеменiң тоқтатылуы

   Егер  мiндеттеменi орындау борышқордың  жеке өзiнiң қатысуынсыз жүргiзiлмейтiн  болса не мiндеттеме басқаша түрде  борышқордың жеке басымен ажырамастай  байланысты болса, борышқордың қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады.

   Егер  мiндеттеменi орындау несие берушiнiң жеке өзiне арналса, не мiндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушiнiң қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады.

   Заңды тұлғаның таратылуымен мiндеттеменiң  тоқтатылуы

   Таратылған  заңды тұлғаның мiндеттемесiн орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келуi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, мiндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие берушi) таратылғанда тоқтатылады.

   Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қызметiн  тоқтату немесе оларды қайта құру осы органда борышқор болған мiндеттемелердi тоқтатуға әкелiп соқтырмайды. Егер тиiстi органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру туралы шешiмде өзгеше көзделмесе, көрсетiлген мiндеттемелердi орындау қарамағында бюджет қаражаты бар органға жүктеледi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   V. Қорытынды 

           Құқық бұзушылықты  зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады*.

     Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне  мыналар жатады:

     Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның  саналы және еркінмен үнемі бақылау  астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін  еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық  белгілері саласында қарастырыла  алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.

         Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде  орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi. Мiндеттеменi борышқордың есебiнен орындау

   Борышқор  затты жасап, несие берушiге беру немесе оған белгiлi бiр жұмыс жасап  беру немесе қызмет көрсету мiндеттемесiн  орындамаған жағдайда заңдардан, шарттан  немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамайтындықтан, несие берушi мiндеттеменi орындауды үшiншi адамдарға ақылға қонымды бағаға ақылға қонымды мерзiмде тапсыруға немесе оны өз күшiмен орындауға және шыққан қажеттi шығындар мен басқа залалдарды өтеудi борышқордан талап етуге құқылы. 

   Мемлекеттiк  органның құжаты негiзiнде мiндеттеменiң тоқтатылуы

   Егер  жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың  құжат (жария құжат) шығаруы салдарынан мiндеттеменi толық немесе iшiнара орындау  мүмкiн болмаса, мiндеттеме толық  немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатылады. Осының салдарынан залал шеккен тараптар осы Кодекске сәйкес олардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

   Мiндеттеменiң  тоқтатылуына негiз болған жария  құжат белгiленген тәртiп бойынша  жарамсыз деп танылған жағдайда, егер тараптардың келiсiмiнен немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше жағдай туындамайтын болса және мiндеттеменiң орындалуына несие берушiнiң мүдделiгi жоғалмаса, мiндеттеме қайтадан қалпына келтiрiледi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   VI. Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан  Республикасы Конституциясы 30.08.1995ж. 13.10.1997ж.

2. «Қазақстан  Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңы. 25.12.2000ж.

3. ҚР  Азаматтық іс жүргізу Кодексі 17.07.1999ж.

4. ҚР  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі. 30.01.2001ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Міндеттемелерді бұзғандық үшін жауапкершілік