Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 13:58, реферат
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу
бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.
Кіріспе
ІІ. Міндеттемелерді бұзғандық үшін жауапкершілік түсінігі мен нысаны
ІІІ. Жауапкершілік түрлері және шарты
IV. Міндеттемелерді тоқтату
V . Қорытынды
VI. Қолданылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ
ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ИНСТИТУТЫ
«ҚҰҚЫҚТАНУ»
КАФЕДРАСЫ
Р
Е Ф Е Р А
Т
Тақырыбы: Міндеттемелерді
бұзғандық үшін жауапкершілік.
Ақтау 2011
жыл
Жоспар:
ІІ. Міндеттемелерді бұзғандық үшін жауапкершілік түсінігі мен нысаны
ІІІ. Жауапкершілік түрлері және шарты
IV. Міндеттемелерді тоқтату
V . Қорытынды
VI. Қолданылған
әдебиеттер
І.
Кіріспе
Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны.
Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу
бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.
Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады*.
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:
Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты осы сияқты басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес деген *. Бірақ та сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және жазалайды.
Құқыққа
қарсылық - құқық бұзушылықтың аса
басты белгісі. Барлық әрекеттерде
немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық
болмайды. Ол тек құқық бұйрығына
іске асады.
Мiндеттеменiң бұзылғандығы ұғымы
Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.
Мiндеттеменi бұзғандық үшiн борышқорды жауапқа тарту несие берушiнiң талап етуi бойынша жүргiзiледi.
Мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк негiздерi
Борышқор кiнәлi болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны және (немесе) тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауап бередi. Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дәрежеде орындау үшiн өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғаны дәлелдесе, ол кiнәсiз деп танылады.
Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды.
Заңдарда немесе шартта жауапкершiлiктiң және одан босатылудың өзге негiздерi ескерiлуi мүмкiн.
Мiндеттеменi
қасақана бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi
жою немесе шектеу туралы алдын ала
жасалған шарт жарамсыз болады.
Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдардың орнын толтыру
Мiндеттеменi бұзған борышқор несие берушiге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге мiндеттi. Айып төлеумен қамтамасыз етiлген мiндеттемедегi залалдың орнын толтыру осы Кодекстiң көзделген ережелермен белгiленедi.
Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан борышқорды босату жөнiндегi тараптардың мiндеттеме бұзылғанға дейiн қабылдаған келiсiмi жарамсыз болады, алайда тараптар өзара келiсiм бойынша мүлiктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн.
Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, залалды анықтаған кезде, мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде, борышқор несие берушiнiң талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнi, ал егер талап ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, талап арыз берiлген күнi қолданылған баға назарға алынады. Мән-жай негiзге ала отырып, сот шешiм шығарған күнi не нақты төлем төленген күнi қолданылған бағаны назарға ала келiп, залалдың орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады.
Айырылып қалған пайданың мөлшерiн анықтаған кезде оны алу үшiн несие берушi алдын ала қолданған шаралар және осы мақсатта жасалған дайындықтар ескерiледi.
Егер мұның өзi мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен жалтару мақсатымен жасалғанын дәлелдесе, несие берушi борышқордың, сондай-ақ оның мүлiк иесiнiң кез келген iс-әрекетiн жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Залалдар және айып төлеу
Егер мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн айып төлеу белгiленсе, залалдар айып төлеумен жабылмаған бөлiгiнде өтеледi.
Заңдарда немесе шартта залалдарды емес, айып төлеудi өндiрiп алуға жол берiлетiн; залал толық сомасында айып төлеуден тыс өндiрiп алынуы мүмкiн; несие берушiнiң таңдауы бойынша не айып төлеу, не шығын өндiрiп алынуы мүмкiн болатын жағдайлар көзделуi ықтимал.
Мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн шектелген жауаптылық белгiленген жағдайларда айып төлеу арқылы жабылмаған бөлiгiнде, не одан тыс, не оның орнына өтелуге жататын залал осындай шектелумен белгiленген шекке дейiн өндiрiп алынуы мүмкiн.
Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк
Ақша
мiндеттемесiн орындамау
Басқаның ақшасын пайдаланғаны үшiн айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудiң өзге тәртiбi белгiленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушiге төленген күнге дейiн өндiрiлiп алынады.
Егер несие берушiнiң ақшасын заңсыз пайдаланудан оған келтiрiлген залал осы баптың негiзiнде оған тиесiлi айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлiкте залалды өтеудi талап етуге құқылы.
Жауапкершiлiк және мiндеттеменi заттай орындау
Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу және залалдарды өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды.
Мiндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшiн айып төлеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттеменi заттай орындаудан босатады.
Мерзiмi өтiп кеткендiктен өзi үшiн ендi керегi болмай қалған мiндеттеменiң орындалуынан несие берушiнiң бас тартуы сондай-ақ бас тарту төлемi ретiнде белгiленген ақшалай соманы төлеу борышқорды мiндеттеменi заттай орындаудан босатады.
Белгiлi бiр затты жеке беру мiндеттемесiн орындамаудың салдары
Белгiлi бiр затты меншiкке, шаруашылық жүргiзуге, жедел басқаруға немесе несие берушiнiң пайдалануына жеке беру мiндеттемесiн орындамаған жағдайда, бұл затқа үшiншi жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие берушi оны борышқордан алып қоюды және несие берушiге берудi талап етуге құқылы.
Затты беру борышқорды залалдың орнын толтырудан босатпайды.
Мiндеттеменi борышқордың есебiнен орындау
Борышқор затты жасап, несие берушiге беру немесе оған белгiлi бiр жұмыс жасап беру немесе қызмет көрсету мiндеттемесiн орындамаған жағдайда заңдардан, шарттан немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамайтындықтан, несие берушi мiндеттеменi орындауды үшiншi адамдарға ақылға қонымды бағаға ақылға қонымды мерзiмде тапсыруға немесе оны өз күшiмен орындауға және шыққан қажеттi шығындар мен басқа залалдарды өтеудi борышқордан талап етуге құқылы.
Субсидиялық жауапкершiлiк
Заңдарға немесе мiндеттеменiң шарттарына сәйкес негiзгi борышқор болып табылатын (субсидиялық жауапкершiлiк) басқа адамның жауапкершiлiгiне қосымша жауапты болатын адамға талап қойғанға дейiн кепiл берушi талапты негiзгi борышқорға қоюға тиiс.
Егер негiзгi борышқор несие берушiнiң талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие берушi одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзiмде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлiгi субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамға қойылуы мүмкiн.
Егер бұл талап негiзгi борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқызу арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн болса, несие берушi өзiнiң негiзгi борышқорға қоятын талабын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның қанағаттандыруын талап етуге құқылы емес.
Субсидиялық жауапкершiлiгi бар адам оған несие берушi қойған талапты қанағаттандыруға дейiн бұл туралы негiзгi борышқорға ескертуге, ал егер мұндай адамның үстiнен талап арызы түссе, негiзгi борышқорды iске қатыстыруға тиiс.
Олай болмаған жағдайда негiзгi борышқордың несие берушiге қарсы айтайын деген қарсылықтарын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның регрестiк талабына қарсы қоюға құқығы бар.
Мiндеттемелер жөнiндегi жауапкершiлiктiң мөлшерiн шектеу
Мiндеттеменiң кейбiр түрлерi бойынша және қызметтiң белгiлi бiр түрлерiне байланысты мiндеттемелер бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады (шектелген жауапкершiлiк).
Информация о работе Міндеттемелерді бұзғандық үшін жауапкершілік