Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 22:16, реферат
Миф — табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasia — грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі — мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
Кіріспе.....................................................................2
Негізгі бөлім
Адам көзқарасының бірі – миф
А) Миф туралы түсінік
Ә) Ғалымдардың миф туралы көзқарасы
Б) Қазіргі таңдағы миф
Қорытынды..............................................
Қазіргі таңдағы миф
Бүгінгі өмірде ғылым мен техниканың, гуманитарлық пәндер- дің дамуына қарамастан мифтерге сену, олардың жаңа түрлерін тудыру осы уақытқа шейін жалғасып келе жатыр. Мысалы, адамдардың ғарыштағы басқа саналы пенделерге кездесуге деген бітпес іңкәрі неше түрлі аспаннан ұшып келген тарелкалар жөнінде, ондагы жандардың адамга ұқсас екені, жер қызының ғарыштан келген жігітке ғашық болғаны жөніндегі мифтерді атап өтуге болады. Сонымен бүгінгі таңда, сонау мыңдаған жылдар өткен замандағы сияқты, қазіргі мифтің мазмұныны да сан алуан.
Қорытынды
Қорта айтқанда әр дәуірдің өзіндік ерекшелігі болады, соған орай мифологиясында да айырмашылқтар бар. Ал қазіргі замандағы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, адамның рухани өмірінің өзегін құрайтын құндылықтардың күрт өзгеруі қоғам өмірі жөнінде, билік басында отырған адамдар, олардың отбасылары, өмір салты жөнінде неше түрлі мифтерді тудырып отыр. Әрине, оларды тудыратын — халық, бұл мифтерде адамдардың жақсы өмірге деген іңкәрі, өмірдегі болып жатқан көп эділетсіздіктерді қабылдамауы байқалады.
Пайдаланған Әдебиет
1. Марғұлан Ә., Ежелгі жыр, аңыздар. А., 1985. 368 б
2.Ыбыраев Ш., Қазақ мифтері, А., 2003. 302 б
3.Алтаев, Философия және мәдениеттану, А., 2004. 471 б