Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 22:16, реферат
Миф — табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasia — грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі — мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
Кіріспе.....................................................................2
Негізгі бөлім
Адам көзқарасының бірі – миф
А) Миф туралы түсінік
Ә) Ғалымдардың миф туралы көзқарасы
Б) Қазіргі таңдағы миф
Қорытынды..............................................
Мазмұны
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
Адам көзқарасының бірі – миф
А) Миф туралы түсінік
Ә) Ғалымдардың миф туралы көзқарасы
Б) Қазіргі таңдағы миф
Қорытынды.....................
Кіріспе
Миф — табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasia — грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі — мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады. Әрбір хапық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаган табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байла- нысты болса керек. Сонымен мифология, қай халық болмасын, оның мәдениетіиің түп нұсқасы ретінде бүгінгі заманға дейін сақталып, қазіргі жазушылар мен күйшілердің, мүсіншілер мен өлеңшілердің шабыт қиялын оятып, шығармашылығына зор әсерін тигізеді. Және әр заманның өкілдері мифтегі мазмұнға өз уақытына сәйкес бага беріп, осы уақытқа шейін ашылмаган сыр іздейді. Мысалы, Прометей жөніндегі мифті алсақ, ол Зевсті алдап, адамдарға от әкеліп, онын қалай пайдапану керектігін түсіндіріп, әртүрлі қол-өнерге үйретті. Өз еркіне көнбегені үшін Зевс оны Колхидадағы биік таудың тасына шынжырлап тастады. Күндіз үлкен бүркіт келіп, оның бауырын шұқып жейді, ал түнде оның бауыры бұрынғы қалпына келіп үлгіреді, келесі күні бүркіт тағы да ұшып келеді… Тарихтағы Ренессанс дәуірінен бастап осы уақытқа шейін Прометей кейпі өнер адамдарының, философия, әдебиет қайраткерлерінің шығарма- ларында әртүрлі ойларды туғызып отыр (renaissance — француз сөзі, қайта туу). Солардың басымы — Прометейді адамды сүюдің, риясыздықтың, ізгіліктің, ержүректіктің нышаны десе, соңғы кездегі адамзаттың экологиялық дагдарысқа келіп тірелуі, рухани азгындауы Прометейдің кейпіне кейбіреулердің керісінше қарап, оны Құдайдың көрсеткен алғашқы жолынан тайдырушы, тәкаппарлықтың белгісі деп түсінуде.
Миф туралы түсінік
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз (mithos — грек сөзі, баян, аңыз, logos — грек сөзі, ілім деген магына береді).
Миф — табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasia — грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі — мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
Әрбір хапық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаган табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байла- нысты болса керек.
Бірақ тереңірек қарасақ,
әртүрлі халықтардың дүниеге
қойған сұрақтары,
Әрине, бұл сұрақтарға
берілген жауаптар бүгінгі
Жалпылай келе, эртүрлі халықтардың мифтерін бслгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космо- гоннилық (cosmos — грек сөзі, әлем, genesis — грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жагдайы хаос (chaos — грек сөзі, шексіз шашылган бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тэртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді.
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады?
Біріншіден, миф алгашқы пайда болған қогамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер. дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті галымдар қогамдық сананың синкре-тнкалық түрі деп есептейді (synkretismos — грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген магына береді).
Екінші ерекшелігі
— мифтегі адам мен табиғаттың
бірлігі, жагалай қоршаган
Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаган орта, әлеуметтік қатынастар көркем соз арқылы бейнеленеді.
Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (antropos – грек сөзі, адам, centrum — латын сөзі, орта, әртүрлі қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі). Бұл мифтер: «Дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол өлген кезде оның денесінен Дүние жаратылады», — деген пікір айтады.
Көне заманда күн
мен ай, аспан мен жүлдыздар
жөніндегі аңыздар адамдардың
омірінде кең орын алган.
Жағалай қоршаган ортадагы өзгерістер, қайталау үрдістері, жыл маусымдарының, күн мен түннің ауысып отыруы, жер сілкіну, дауыл, топан су, т.с.с құбылыстар көне мифтерде жүлдыздар мен планеталардың орналасуымен, солардың ықпалымен түсіндірілді. Аспандагы жұлдыздардан тұратын фигуралар жердегі ахуалды, болашақта болатын оқиғаларды анықтайды, — деп есептелді. Бүгінгі асгрологиялық болжамдар (astron — грек сөзі, жүлдыз) сол көне замандағы пайда болган мифтерге сүйенеді.
Көп халықтардың мифтерінде ерекше орынды эйел Құдай алады (қазақтың Үмайы, гректердің Деметрасы, т.с.с). Әйел Қүдай — құнарлықтың, жер бетіндегі тіршіліктің әміршісі. Ол — аңшыларга сәттілік әкелетін, жер мен мал шаруашылығында мол өнім тудыртатын Құдай.
Әлемдегі Құдайлар мен адамдардың қарым-қатынастарына арналган мифтердің де орны бөлек. Ертедегі халықтардың мифте рінде әрбір табиғат құбылысын тудыратын өз Құдайлары болды. Мысалы, үнді халқы өз мифологиясында 3000-нан аса Құдайлардың бейнесін жасады. Құдайлар грек мифологиясында да өте көп.
Біріншіден, Құдайлар — мэңгілік жандар, ал адам болса уақытша Дүниеге келеді. Өйткен себебі — Қүдайлар алғашқы мәңгі- лік табиғат заттарынан жаратылган, ал адам болса ол — бір миф- терде Құдайлардың саздан жаратқан пендесі, екіншілерде — Құдайдың сөзінен пайда болған. Бірақ, дегенмен қайсыбір миф адамга егер сол адам өзінің ізгі өмірімен, тазалығымен құдай- лардың мейірімін тугызса кішкентай да болса мэңгілік өмір сүру мүмкіншілігін қалдырады.
Екіншіден, аспандағы Құдайлардың өмірі жердегі адамдардың өміріне өте ұқсас. Құдайлар да адамдар сияқты күледі, жылайды, қуанады, өкінеді, ғашық болады, т.с.с. Оны біз мифтегі социо- морфизациялаудың нәтижесі деп түсінуіміз керек (societas — лат. сөзі, қоғам, morphe — грек сөзі, форма, түр).
Әрине, мифтердің пілдей бөлігі — батырлар хиқаялары (Қобы- ланды, Шора, Алпамыс, т.с.с.). Батырлар — бұрынғы заманда өмір сүрген бабалар, олар өздерінің өжеттігімен, зор күш-қуатымен ерекше бейнеленеді. Олар өздерінің гажап істерімен халыққа жаса- ган ізгі жақсылықтары арқылы адамдарды неше түрлі қиындық- тардан аман-есен алып шығып, бақытты өмірге жетелейді.
Мифологиядағы тагы бір ерекшелік — ол адамның жан дүние- сін, сезімдерін ерекше Құдайдың іс-әрекетінен шыгаруы. Бұл сонау көне заманда пайда бола бастаған діннің, адамның өз ішкі рухани өміріне үңіліп, таным жолына қоя бастағанының кепілі болып табылады. Мысалы, грек мифологиясындагы кейіпкерлер ғашық сезіміне шомылса, ал Афродита: «Ғашықтық — Құдайдың ісі», — деп түсінеді. Егер еске түсіру Құдайы — Мнемосина көмек берсе, адам есіне өткен оқиғаларды түсіреді, егер Муза Құдайлары көмектессе, онда адамга шабыт бітіп, ол өнерде шыгармашылық туындыларын жасайды.
Сонымен мифология, қай халық болмасын, оның мәдениетіиің түп нұсқасы ретінде бүгінгі заманға дейін сақталып, қазіргі жазушылар мен күйшілердің, мүсіншілер мен өлеңшілердің шабыт қиялын оятып, шығармашылығына зор әсерін тигізеді. Және әр заманның өкілдері мифтегі мазмұнға өз уақытына сәйкес бага беріп, осы уақытқа шейін ашылмаган сыр іздейді. Мысалы, Прометей жөніндегі мифті алсақ, ол Зевсті алдап, адамдарға от әкеліп, онын қалай пайдапану керектігін түсіндіріп, әртүрлі қол-өнерге үйретті. Өз еркіне көнбегені үшін Зевс оны Колхидадағы биік таудың тасына шынжырлап тастады. Күндіз үлкен бүркіт келіп, оның бауырын шұқып жейді, ал түнде оның бауыры бұрынғы қалпына келіп үлгіреді, келесі күні бүркіт тағы да ұшып келеді… Тарихтағы Ренессанс дәуірінен бастап осы уақытқа шейін Прометей кейпі өнер адамдарының, философия, әдебиет қайраткерлерінің шығарма- ларында әртүрлі ойларды туғызып отыр (renaissance — француз сөзі, қайта туу). Солардың басымы — Прометейді адамды сүюдің, риясыздықтың, ізгіліктің, ержүректіктің нышаны десе, соңғы кездегі адамзаттың экологиялық дагдарысқа келіп тірелуі, рухани азгындауы Прометейдің кейпіне кейбіреулердің керісінше қарап, оны Құдайдың көрсеткен алғашқы жолынан тайдырушы, тәкаппарлықтың белгісі деп түсінуде.
Келесі гректің Сизиф жөніндегі мифін алсақ, (Sisyphus — латын сөзі, адамның аты), онда оған берілген Құдайдың жазасы: үлкен тасты домалатып, таудың басына шығарып орнату керек. Бірақ ол тас таудың басында орнықпай төменге қарай домалап кетеді. Ал Сизиф болса тағы да төменге түсіп, оны жоғарыга итеру- ге тиіс… Бірақ XX ғасырда өмір сүрген француз ойшысы А.Камю, бұл гректің мифінен адамның Құдайдың өзіне парапарлығын байқаган. Күнбе-күн үлкен тасты таудың басына шығарып, қайта- қайта төменге домалаған тасқа бара жатқан шағында ол көкке көз жіберіп, Құдайдың әділетсіз жазасына қанша қиналса да, өзінің көнбегенін көрсетеді…
Ғалымдардың миф туралы көзқарасы
Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі Мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдыңдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.[1] Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор (1832 – 1917) “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде Мифтер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Г.Спенсер (1820 – 1903) Миф – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін Миф – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау. Психологиялық мектеп пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) Мифтік шығармалар негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20 ғасырдағы әлеуметтік антропологияда Б.Малиновский (1884 – 1942) мен К.Леви-Строс (1908) теорияларының ықпалы жоғары болды.[3] Малиновскийдің пікірінше, миф – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке мифті емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап көрсетеді:
а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер;
ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер;
б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер;
в) фантастикалық және метафоралық мифтер;
г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер.
Космогониялық мифтердің басты тақырыбы – “киелі тарих”, дүниенің, адамның, тағы да басқа жаратылуы.[2] Әдетте, мифте жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болып, үлгі ретінде құрметтеледі. Мифте әрбір объект, әрбір іс-қимыл басқа объектілермен, іс-қимылдармен ұштасып жатады. Мифтік бейнелер субстанциялық сипатта, нақты, шынайы нәрселер ретінде қабылданады. Мифке метафоралық тән емес, өйткені миф бәрін шындық ретінде бейнелейді. Тек кейіннен мифтің тілдік құрылымында метафоралық ерекшелік қабылданды. Миф архаикалық сана үстемдік еткен дәуірде пайда болғанымен, кейінгі мәдениеттерде де сақталып қалды. Мифтік уақыт туралы сөз еткенде оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру қажет. Ұжымдық тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт. Бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, соған сәйкес теориялық танымның өркендеуіне әкелді. Кейін мифтік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, көмескі сана мен архетиптік жадынан орын алды. Қазақтың арғы ата-тектерінің дүниені мифтік тұрғыдан түсінуі әлемдік үлгілермен сабақтас. Көк Тәңірі, Жер-Су мен Ұмай ананы айтпағанның өзінде, түркі халықтарының арғы ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, сондай-ақ көркем шығармаларда бейнеленген тотемдер мифтің әсерлі белгілері саналады. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тотемдік ұғымдар сақталғанымен, олардың нақтылы көріністері өзгерді. Мифтік уақытты басқа типтер ауыстырған соң да тотемдік түсініктер халық жадында архетиптік қызметін атқарып, басқа рәміздер мен таңбаларға айналды. Мысалы, жаугершілік және бостандық үшін күрес заманында Көкбөрі қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған.[3]