Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 13:38, реферат
2011 жыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланатын жыл. «Тәуелсіздіктің 20 жылдық тойы – той тойлау үшін емес, Тәуелсіздіктен тағылым алу керек» деген Елбасының сөзі біз үшін алдағы атқаратын жұмысымыздың негізгі бағыты болмақ», – деп аяқтады өз сөзін М.Құл-Мұхаммед. Бұдан кейін жиынды қорытындылаған Премьер-министр Кәрім Мәсімов министрліктің алдына ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты деңгейде өткізу міндетін жүктеді. Жиын барысында Үкіметбасы министрліктің алдына жүктеген міндеттердің барлығы қамтылған меморандумға қол қойды.