Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 13:38, реферат
2011 жыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланатын жыл. «Тәуелсіздіктің 20 жылдық тойы – той тойлау үшін емес, Тәуелсіздіктен тағылым алу керек» деген Елбасының сөзі біз үшін алдағы атқаратын жұмысымыздың негізгі бағыты болмақ», – деп аяқтады өз сөзін М.Құл-Мұхаммед. Бұдан кейін жиынды қорытындылаған Премьер-министр Кәрім Мәсімов министрліктің алдына ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты деңгейде өткізу міндетін жүктеді. Жиын барысында Үкіметбасы министрліктің алдына жүктеген міндеттердің барлығы қамтылған меморандумға қол қойды.
«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы – ел тарихының жарқын беті»
2011 жыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланатын жыл. «Тәуелсіздіктің 20 жылдық тойы – той тойлау үшін емес, Тәуелсіздіктен тағылым алу керек» деген Елбасының сөзі біз үшін алдағы атқаратын жұмысымыздың негізгі бағыты болмақ», – деп аяқтады өз сөзін М.Құл-Мұхаммед. Бұдан кейін жиынды қорытындылаған Премьер-министр Кәрім Мәсімов министрліктің алдына ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты деңгейде өткізу міндетін жүктеді. Жиын барысында Үкіметбасы министрліктің алдына жүктеген міндеттердің барлығы қамтылған меморандумға қол қойды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында биылғы жылы атқарылуы тиіс негізгі бағыттар мен міндеттер айқындалды. Соның ішінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығын ел болып жоғары деңгейде атап өту мәселесіне ерекше мән берілді. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланысты. Сондықтан да Тәуелсіздік ерекше маңызға ие. Біздің алдымызда осы жылы Тәуелсіздік мерейтойын асқан ұйымдастырушылықпен және жоғары идеологиялық деңгейде өткізу міндеті тұр. Ел тарихындағы осындай бірегей белесті толайым табыстармен қарсы алу баршамыз үшін үлкен сын. Тәуелсіздік тойы жалпыхалықтық сипатқа ие болып, отандастарымызға айрықша рух беруі керек. Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс. Ол – ауыл шаруашылығында, өндірісте, өнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген кез келген отандасымыздың сапалы еңбек етіп, ел игілігін арттыру деген сөз. Яғни, азаматтарымыздың адал еңбегі мен елге деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ. Жиырма жылдық – елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Жолдауда мемлекеттік саясаттың алдағы жылдардағы басымдықтары нақты белгіленген. Биылғы Жолдау негізінен әлеуметтік бағытта болды. Онда еліміз халқының әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге қатысты үлкен блокты шаралар қарастырылған, экономиканы индустриялық-инновациялық дамыту бойынша жаңа міндеттер қойылған. Оларды жүзеге асыру дағдарыстан кейінгі дамудағы маңызды басымдықтар болады. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы әділет департаментімен Жолдаудағы басымдықтарды тұрғындар арасында түсіндіру үшін ақпараттық-насихаттау тобы құрылып, іс-шаралар кеңінен жүргізілуде.
Тәуелсіздік
– ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап
жеттік. Тәуелсіздікке қан
төгіссіз,
бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті
мемлекеттерінің қатарына қостық. 20
жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен
аман өткізіп келеміз.
Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің
мәні
де, маңызы да айрықша. Өйткені
біз Тәуелсіздіктің
арқасында тарихымызды
түгендеп,
тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта
оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық
рәміздері қабылданып, ұлттық
салт-дәстүрімізді жандандырдық.
Тәуелсіздіктің 20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды.
Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.
1991 жыл.
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз
Тәуелсіздігін
жариялады. Осылайша әлем картасында
Тәуелсіз Қазақстан
атты жаңа мемлекет пайда
болды. Оның тұңғыш Президенті болып
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан Коммунистік
партиясы Орталық Комитетінің
ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына
түбегейлі өзгерістер
енгізді.
Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы
тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын
жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының
осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге
және
біздің ұлттық мақтанышымыздың
мәніне
айналды.
Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын
мақұлдап, 29 тамызды
Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы
күрес
күні
деп жариялады.
1992 жыл.
Қазақстан
1992 жылғы 2 наурыздан бастап
Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің
БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ
(ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі
бар.
Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда
еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
Бүкілхалықтық
талқылаудан кейін 1992
жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің
сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы
мен Елтаңбасын бекітті.
Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков,
Елтаңба авторлары —
сәулетшілер
Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман
Уәлиханов.
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан
Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.
Мәтінін
жазғандар — Мұзафар Әлімбаев, Қадыр
Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев,
Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар
— Мұқан Төлебаев, Евгений
Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы
сақталды).
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының
І Құрылтайы өтті.
1993 жыл.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының
тұңғыш Конституциясы қабылданды.
Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан,
131 баптан тұрды.
Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен
1993 жылғы мамыр айында
«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау
туралы» Заң қабылданды. Осылайша
біздің мемлекет кезінде
кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің
азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан
болған азаматтарды
ақтап,
бәзбіреулердің өктем
саясатымен жасалған тарихтың қателігін
түзеді
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша
жүйесін
тұрақтандыру
жөніндегі
шұғыл шаралар туралы»
Президент жарлығы шықты.
Сөйтіп,
төл
теңгеміз 1993 жылдың
15 қарашасында айналымға
түсті.
1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша
шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жыл.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары
астананы Ақмола қаласына көшіруге
шешім қабылдады.
1995 жыл.
1995 жылғы
1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық
консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан
халықтарының Ассамблеясы құрылды.
Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан
халықтары Ассамблеясы
(ҚХА)
сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент
Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін
2000 жылға дейін ұзарту мақсатында
бүкілхалықтық
референдум өткізу туралы ұсыныс
енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының
бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың
желтоқсанында аяқталатын
еді.
1995 жылы 29 сәуірде Президент
Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін
2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту
жөнінде
бүкілхалықтық
референдум өткізілді. Сайлаушылардың
95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
Бұл
негізгі Заңымызда республиканың
экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми
тұрғыдан
тиянақталып, халықтың әлеуметтік
топтарына тиісті мәселелерді шешу
ескертілді.
1997 жыл.
1997 жылы министрліктер мен ведомстволар
50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның
220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік
облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде
Торғай, Талдықорған
облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда
Көкшетау,
Жезқазған, Семей облыстары
таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда
14 облыс бар.
1997 жылы қазан айында Президент
Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан-2030»
стратегиялық жолдауы жарияланды.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі
жағдайға талдау жасалып,
ішкі және сыртқы саясаттың
ерешеліктері айтылды.
Бұл
бағдарламада еліміздің
саяси, әлеуметтік-экономикалық
дамуының жақын арадағы
және
стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму
жолдары көрсетілген.
2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен
және
дамудың келесі кезеңіне
нық қадаммен аяқ
басқан ел болады
1998 жыл.
1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп
атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10
маусымда жаңа Астананың
ресми тұсаукесері болып өтті.
1999 жыл.
1999 жылы Рим папасы Астанаға келді.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы
ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен
марапатталды.
2001 жыл.
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып
жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс
Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды.
Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа
жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі
теңіз порты қайта құрылды.
Қалың
жұртшылықты Қазақстан
халқының тарихи-мәдени
игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан
Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
2001 жылы ҚР Президентінің
Жарлығымен Астана төрінен
«Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық
кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның
кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан
астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана
бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы,
Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания
елдерінің үлгісімен дүниеге
келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен
Алматы қалаларының
макеттері қойылған.
2002 жыл.
2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың
төрінде
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
идеясымен Елорданың символына айналған
«Астана – Бәйтерек» монументі
салынды. Оның биіктігі 97 метр.
2003 жыл.
2003 жылы Астана қаласында Әлемдік
және
дәстүрлі
діндер көшбасшыларының
Бірінші съезі болды.
Бейбітшілік және келісім сарайы
салынды. Сыртқы пішініне қарап
жергілікті халық «Пирамида» деп
атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы
– ұлтаралық және конфессияаралық
тұрақтылықтың,
халықтар достығының өзіндік
символы тәрізді.
2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау
мақсатында аналарға
бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар
беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа
толғанға дейін төленетін
жәрдемақы
тағайындалды.
2004 жыл.
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президентінің
Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар
бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының
тартулары, Елбасының біргей марапаттар
коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен
назарына ұсынылып отыр.
2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени
мұра»
мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.
2006 жыл.
2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған
пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік
және
келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат.
2006 жылы қыркүйек айында дәл
осы жерде Әлем діндерінің
екінші съезі өтті.
2008 жыл.
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем
де зәулім ғимараттар қатарын
«Қазақ
елі» монументі толықтырды. Идеяның
негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев.
Монументтің биіктігі 91метр.
2010 жыл.
Үкімет
индустриялдық-инновациялық
бағдарламаны жүзеге
асыруға кірісті. Үдемелі
индустриялдық-инновациялық
дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Осы бағдарламаны жүзеге
асыру шеңберінде үстіміздегі
жылы ғана 140-тан астам
жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп
кәсіпорындары
іске қосылады.
Астана қаласында мемлекет
тарихында тұңғыш рет Орта Азия
елдерінің басшыларының қатысуымен
ЕҚЫҰ-ның
Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде
КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен
ынтымақтастық бойынша Еуропа
мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне
ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның
Саммитінің Астанада өтуі
– мемлекет үшін де, еліміздің әрбір
азаматы үшін де биылғы
жылдың басты оқиғасы.
Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы