Мәдени диалог мектебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 16:13, реферат

Описание работы

Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың «ұстыздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей тәлім-тәрбиесінен жалықпайтын, шығармашлылығы мол, еңбекшіл парасатты азамат болуы керек. өйткені баланы өзіне тарытп алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие боады. Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ-съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмңр сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүкетелетін міндет өте ауыр».

Содержание

1.Кіріспе.
2.Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдар.
3.Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

педагогика.docx

— 50.09 Кб (Скачать)

    Мұғалім кәсіби  шығармашылық деңгейге өзінің  жаңашылдығы, өз ісіне сергек  қарауы, өзін-өзі өзгерте, іске қоса алуы арқылы қол жеткізеді. Әсіресе оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, оны күнделікті әрекетте қолдану жаңашылдыққа жақындатары сөзсіз. Технология қолданылған сабақ ескі мен жаңаның арасындағы байланыс негізінде құрылады. Өйткені жаңа білім ешқайдан келмейді, оның қандай да болмасын біл белгісі өткен білімнен туындайды. Мұндай сабақтарды мұғалім оқушының шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отырып, өзінің де ішкі күш-қуатын дамытуға мүмкіндік алады.Мұғалімдік мамандық-адамтану, адамның күрделі де қызықты, шытырманы мол рухани жан дүниесіне үңілу, баланы түсіну. Мұнсыз дамыта оқыту мүмкін емес. Бұдан бүгінгі мұғалімді айшықтайтын тағы бір сапа –оның психологиялық білімінің тереңдігі мәселесі туындайды.

    Баланы түсіну  дегеніміз –олардың позициясында болу, сезімдерін бағалап, әрекетін, ісін елеулі түрде қабылдау, ілтипат көрсету. Баланың көңіл құбылысын, жүрек тебіренісін, сезімі мен талпынысын түсінген мұғалім баянды тәрбиеге ие болып, білімді жетістікке қол жеткізеді. Оқытудың оқушылардың ішкі күштері мен потенциалдық мүмкіндіктерін жандандыратындай, олардың дамуын жеделдететіндей етіп ұйымдастыру үшін де психологиялық білім қажет. Осы орайда соңғы уақыттары мектеп психологы, әлеуметтік психолог мамандарының қайта қызмет жасай бастауы көп мәселені шешеді деп ойлаймын. Дегенмен әрбір мұғалімнің, әр деңгейдегі басшылардың психология ғылымының теориясына қайта ден қойып, жантануға байланысты жаңадан шығып жатқан еңбектерді оқып үйренуі тиіс деп есептеймін.

    Мұғалім кәсіби  педагогикалық шығармашылық деңгейге  өзінің ішкі ой белсенділігі  мен ізденуі арқылы жететіні  белгілі. Білім беру саласындағы  инновациялық үрдістердің күрделілігі  мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңіне қатысуы үшін мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Педагогикалық процестің субьектісі ретінде ол мектептегі барлық өзгерістердің негізгі кейіпкері. Бұл одан тұрақты ізденісті, ғылымның жетістігін тәжірибнде тиімді пайдалануды қажететеді. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттегі танымдық үрдістердің дамуы, педагогикалық –психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді талдап, зерттеп отыру –ғылымға бағытталудың негізгі факторы. Ғылыммен айналысуды міндетті түрде диссертация қорғау деп түсінбей, өз педагогикалық –психологиялық білімін тереңдету, оқытудың жаңа теориялары негізінде өз тәжірибесін қайта қарау, оған өзгерістер енгізу деп ұққан дұрыс.

    Педагогтардың  жеке тұлғасын дамытып, бейнесін  сомдауға үздіксіз білімнің алар  орны ерекше. Ғылым жетістіктеріне негізделген, тәжірибемен толықтырылған мұғалімдердің нақты талап-мүдделеріне жауап беретін, жаңаша ұйымдастырылған әртүрлі деңгейдегі әдістемелік жұмыстар мұғалімдерді кәсіби дамуға, жаңаша ойлауға, өзін- өзі іске қосып, еңбегінен қанағат табуға ынталандырады.

     12 жылдық білім  беру жүйесіне көшу- қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым –қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланыста жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамассыз етуі тиіс. Орта мектептен –ақ баланың өзіндік бағдарын айқындауына, 11-12-сыныптарда қабілетіне қарай болашақ мамандығына бағыт алатынына жағдай туғызуды көздейтін 12 жылдық білім беру жүйесін еліміздің өркендеуіне еркін атсалысуды көздейтін жастарды тәрбиелеп, ақылына білімі сай тұлға етіп өсіруді көздейді. Жастардың ақыл-ой әлеуметін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Сондықтан да бүгінгі күннің негізгі міндеті –білім беру жүйесін дамыту парадигмасының «баошаға білім беру-таңдау бойынша білім беруге» ауысу болып табылады. Ол Қазақыстан Республикасы жариялаған білім беру басымдылығында, «Жалпыға білім беру» моделінің «әр адамға білім беру» моделіне көшуге негізделген.

Білім берудің қай түрі болмасын –тәрбие. Бүгінгі күгі білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтауда әлі де нақты шешім табылмай, негізгі жолдары айқындалмай отырған жағдайлардың орын алып отырғанын ескеруіміз керек. Тәрбие саласындағы қордаланған мәселелердің қатарында өскелең ұрпақ тәрбиесіне тигізер қоғам мен мектеп байланысының ықпалы-ерекше ден қояр мәселелердің бірі.

     Әдетте жиі  қолданып жүретін «қоғам мен  мектеп» байланысы деген сөз  тіркестерінің астарында- отбасы, баланың денсаулығы мен әлеуметтік ахуалы, оның өз өмірінде басшылыққа алатын адамгершілік құндылықтары жатыр. Осы орайда 12 жылдық мектеп қабырғасындағы тәрбие мәселесін дұрыс жолға қоямыз десек мектеп өміріне қоғам ықпалының арта түсуіне ұмтылуымыз керек. Өйткені біздің қарқынды даму үстіндегі қоғамға адамның барлық өмір сүру ортасын тұтас қамтитын, олардың іс-әрекетін үйлестіруге тікелей ықпалы бар, тәрбие мен білімнің әлемдік және тарихи тәжірибелеріне негізделген біртұтас жүйе қажет.

Сондықтан да 12 жылдық білім  беру жүйесін педагог ғалымға  осы мәселені жан-жақты қарастыратын, зерттейтін маңызды міндеттер мен  үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқу тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көз қарасын, оқушымен қарым- қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамассыз ету, оларға білімнің өз мүддесін үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлылығын айқындау- бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі.

Мұғалім кәсібінің мән  –мағынасы елеулі өзгерген шақта, жаңа тұрпатты педагог пеагогикалық прцестің бір ізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту модулін жобалай білуі шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің зертттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушы мен ата-анамен тығыз ынтымақтастықта тұрады.

     Ахмет байтұрсынов ағамыз кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой. Ол үшін әрбір педагог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі менктеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайтын және өмірден өз орнын табуды басты максат деп санайды, сондай- ақ өзінің айналасына дұрыс бағдар беретін ақыл- кеңес күтеді

Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс  енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі  қоғамның мүддесі мен әр баланың  үдесінен шыға алады.Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қлыптастыра алады.

Егер өткен уақыттардағыдай  мұғалім әдістемелік кеңестерді, нұсқауларды тек тыңдау арқылы ғана қабылдайтын болса, дайын үлгілерге, сабақ жоспарларына, әдістемелік  құралдарға тәуелді болудан басқа  жол жоқ. Ал проблемаға өзі «жақын барып», «қолымен ұстап көріп», санасына саралауды меңгерсе, оған үйреншікті жағдайдан ауытқу жаңаша жол іздеу, шешім қабылдау қиынға түсе қоймайды. «Біз біреудің ақылымен ақылды болмаймыз»,- деген белгілі ойшылдың сөзін жандандырар болсақ, орайын тауып ойлындыруға үйрету, мұғалімнің жандүниесін, ішкі құрылымдарын жаңа деңгейге көтеріп, келбетін кескіндейтіндігінде дау жоқ. Талантын тыңдауға, шығармашылығын шындауға үйренген ұстаздың қоғамға берері де мол болмақ.

       Білім,тәрбие жолы ұзақ жол. Мұғалімнің қателігі қоғам үшін өте қауіпті, ал,керісінше, оның нәтижелі еңбегі бүкіл ұлттың, Отанымыздың, өркениеттің тағдыры, оның ізгілікті істері ұзақ жылдар жемісін берері сөзсіз.XXIғ.-бәсеке ғасыры, олай болса, кемелденген азаматтарды тәрбиелеудегі біліміміз бен білігімізді, қажыр –қайратымызды «Ұстаз» деген атқа лайықты қызмет ете берейік.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.12 жылдық білім  журналы №5 2005ж

2.Бастауыш мектеп 2007ж

3.ХХІ ғасырдағы  Республикалық педогогикалық оқулардың  озық тәжірбиелер

4.Қоянбаев «Педагогика»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мәдени диалог мектебі