Мәдени диалог мектебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 16:13, реферат

Описание работы

Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың «ұстыздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей тәлім-тәрбиесінен жалықпайтын, шығармашлылығы мол, еңбекшіл парасатты азамат болуы керек. өйткені баланы өзіне тарытп алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие боады. Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ-съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмңр сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүкетелетін міндет өте ауыр».

Содержание

1.Кіріспе.
2.Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдар.
3.Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

педагогика.docx

— 50.09 Кб (Скачать)

Жоспары:

 

1.Кіріспе.

2.Мектептің революциялық  қайта құрылуы және алғашқы  қадамдар.

3.Мектептегі білім беру  жүйесінің дамуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Кіріспе

 

 

        Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың «ұстыздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей тәлім-тәрбиесінен жалықпайтын, шығармашлылығы мол, еңбекшіл парасатты азамат болуы керек. өйткені баланы өзіне тарытп алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие боады. Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ-съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмңр сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүкетелетін міндет өте ауыр».

       Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Сондықтан да «Білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді дамыта отырып, адамгершілік, зиялылық қасиеттерді қалыптастыру мәселесі негізінде еңбек етуге бет бұрған мектебіміз ғылым негіздерін, ана тілі мен шет тілін жетік меңгерген, өз халқының және өркениетті елдердің мәдениеті мен сусындап жоғары эстетикалық талғамдарға сәйкес тәрбие алған, өзінің жеке психологиялық қасиеттерінің дамуына сай шығарамашыл, қабілетті, дүние танымы мол, Отанына қалдықсыз қызмет жасай алатын саналы да парастатты азамат тәрбиелеу басты міндет, мақсат-мұратым деп санаймы.

Осыған байланысты оқуышыларға жаппай адамгершілік, ізгілік, эстетикалық тәлім-тәрбие беруді қамтамасыз ету үшін, бұған дейін орын алып келген эстетикалық пәндерге қосалқы сабақ ретінде қарайтын көзқарасты түбегейлі өзгерту шараларын қолға алайық.

      Мектеп жасындағы балаларды өнерге баулу – басты міндеттердің біріне жатады. Өнердің негізгі саласының бірі – бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері адамның өз оратасын түсінуіне, әдемілік пен әсемдікті, жақсы мен жаманды ажыратуға бағыттайтын білім сатысынң басы. Сурет саулды сүю – өнерді, табиғатты яғный қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ойын, парастын өсіреді, танымын кеңейтеді.

      Бейнелу өнері сабағы мектеп қабырғасында жүргізілетіндіктен, өнерді үйретуге оның әсері мол. Қазақстанда бастауыш сыныптарға арналған бейнелеу өнерінің пәндері жарық көре бастады. Біздің балалардың салған суреттеріне көзқарас қалай?Мысалы, балалар мен жасөспірімдер орталығы мен өнер мектебі бірлесе отырып шығрамшылық жұмыс нәтиежелері облыс, аудан көлемінде танымал болып қалған асфальтқа сурет салу байқауы «Менің Отыным» тақырыбында жылда өтеді. Оған аудан мен қала мектеп жасындағы балалары қатысады. Бұл байқау Қазақстан республикасының кешенді бағдарламасының отаншылыдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын сақтау, нашқорлықпен СПИД-ке қарсы кұрес акциясы ретінде өткізіледі.

     Балалар шығармашылығын дамыту үшін «Таланттар шұғыласы» атты облыстық және аймақтық байқау жылда өткізіледі. Мұндағы мақсат талантты балалардың кәсіби деңгейінің көтерілуіне ықпал ету. Психологиялық тұрғыда баланың толыққанды өзінің жан сарайын ашуға көмекетесу. Оған мысал Алматы мемлекеттік Жүргенов атындағы академияда, көркемсурет колежінде, «Сымбат» академиясында мектеп шәкірттері оқуда. Мысалы Қазақстан жас суретшілер мүшесі Сауытбеков Нұржан, Нұхина Рахат т.б сияқты шәркірттер аталған оқу орындарын бітірген. Ауылдың мәдениетін дамытуға ұлес қосып және мектептердегі эстетикалық тәрбиені жүргізіп баларларды тәрбиелеуде. Сонымен қатар суретшілер мектебін бітірген Әбдіхалықова Аида – Өнер мектебінің директоры. Қоңырбаев Нұрлан – Балалар мен жасөспірімдер мектебінде «Мүсіншілер» үйірмесінің жетекшісі.

     «Жақсы сурет мың сөздің орнын толтырады» деген қытайдың мақалында айтылғандай сурет өнерін жаңа инновациялық көзқараспен дамыту – компьютерлік графика, жаңа үлгідегі дизайнерлер ХХІ-ғасырдың талабы. Осы себепті баланың мектепке дейінгі білім беруде мектептен тыс мекемелердің маңызы зор екенін айтқым келеді.

Балалар суретттері – бір ғылыми негізі бар шығармашылық еңбек. Біз көбінесе бейнелеу өнерін ұлтық сана-сезімді қалыптастыратын бір ғана жол деп қараймыз. Бұл дұрыс емес. Оқуышлар мектепте дене шынықтыру пәнін қалай ұнатса, бейнелеу өнері пәніне де сондай қажеттілікті туғызуымыз керек. Сонда ғана бейнелеу өнері пәніне орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарында жалпы қоғамдықұ дұрыс көзқарас қалыптастыра аламыз.

     Эстетикалық қабілеттің бір кемшілігі оның ұлттық және аймақтық мәдениеттің ерекшелігіне, дәстүріне бағытталмауы. Сол себептен ол бір жағынан мектеп жасындағы балалардың өзіндік ұлттық танымының қуатты құралы бола алмаса, екіншіден оның жалпы азаматтық рухани құндылықтары мен мұраттарға белсенді жақындату факторы бола алмайды. Мектеп оқушылары халық өнерін жетік біліп, түсініп қана қоймай төл мәдениетінің белсенді жасаушысы иесі әрі жалғастыраушысы болу өте маңызды. Жалпыға бірдей көркем эстеиткалық білім және тәрбиені арнттыру үшін, жалпы білім беру үшін көркемдік стилдегі пәндерге көзқарасын өзгертуі тиіс. Өнер пәндері (қазақ әдебиеті, музыка, сәулет, бейнелеу және қолөнер, хореография, теятр және кино өнері, этка жэне эстетика) шығармашылық қабілентті оқу пәндерінің қатарына енуі қажет. Баланың мәдени өрісін кеңейту, сұлулықты қабылдау, әшекейлік өнері және бейнелеу өнерімен шұғылданудың рөлі өте зор. Мектептегі эстетикалық ұғым бейнелеу өнері көмегімен төмендегідей міндеттер арқылы жүзеге асады.

  – Мектеп оқуышларының эстетикалық талғамын шынайы заттар мен құбылыстар арқылы жүзеге асыру. Мұндағы практикалық сабақтарда мұғалімдерге көрнекті құралдырды дұрыс пайдалануға, оқушылардың білім дағдысын арттыруға, оларды көркем бейнелер сомдауға, қиялын ұштауға көмектеседі. 
  – Оқушылардың өз елінің мәдениетіне, дәстүріне деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру ең алдымен бейнелеу өнерін сапалы ұғынып қабылдау деңгейін жоғарлату. 
  – Бейнелу өнерінің туындыларын талдау мен түсіну барысын оқущылардың ізденістерге ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық тұрғыда негізделген шарттарын жасау. 
  – Ұлттық салт-дәстүр, сәндік қолданбалы өнер, көркемдік кәсіп, дизайн негіздері, Қазақстан көркем мәдениеті бойынша факультативті курстар, сондай-ақ өнерді тереңдетіп оқытатын мектептер, оқу әдістемелік құралардары, бағдарламалар жасау. 
  – Соңғы кезде бейнелеу құраладары арқылы эстетикалық тәрбие беру саласында мектеп оқушыларын, халықтың қолдланбалы көркемдік өнеріне жақындату кең қанат жайып келеді.

   Мысалға аудандағы Өнер мектебі, Балалар мен жасөспірімдер орталығын айтуға болады. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда көркем шығарамашылықтың маңызы өте зор. Өйткені, бейнелеу шығармашылығы шындықты танудың тиімді құралы. Оқушылардың салған бейнелері олардың дүниесі қалай қабылдайтындығын көрсетеді. Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің бір буыны, әрі көркемдік білім беру құралы.

 

2.Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары.

 
     Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру. 
     Халық ағарту ісін басқарудың ескі жүйесін тарату басталады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі “Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже” қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару халық ағарту Мемлекеттік комиссиясына жүктеледі, ал жергілікті жерлерде губерниялық, уездік және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табылады. 
    1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қарамағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің “Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді жариялады. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланды, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамның кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. І Бүкілресейлік халықағарту съезінде (25 тамыз – 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектептің жүйесі мақұлданды: І сатысы - 5 жыл және ІІ сатысы – 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді. 
Мұғалімдер қауымы революцияға әртүрлі көзқараспен қарады. Көптеген мұғалімдер, көбіне орта мектептің мұғалімдері революциялық өзгерістерге дұшпандықпен қарады. Олар Кеңес үкіметіне қарсы шықты, Бүкілресейлік мұғалімдер одағының (БМО) Контрреволюциялық қызметін қолдады. Бірақ мұғалімдердің көп бөлігі, әсіресе, халық мектептерінің мұғалімдері революцияны ерекше көңілмен қарсы алды. 
    Контрреволюциялық Бүкілресейлік мұғалімдер одағына қарсы интернационалшыл-мұғалімдердің І Бүкілресейлік съезі ұйымдасты. Съезге қатынасушылар Ағарту ісі мемлекеттік комиссиясының жұмысын талқылады, олар халыққа қарсы, Бүкілресейлік мұғалімдер одағының контрреволюциялық қызметін қатты сынға алып, мұғалімдерді Бүкілресейлік мұғалімдер одағынан шығып, интернационалист-мұғалімдердің одағына кіру туралы үндеу тастады. 
1918 жылдың бойына Ағарту ісі туралы мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің, П.Н.Лепешинскийдің, Н.К.Крупскаяның жетекшілігімен “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” және “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелері” жасауда қызу жұмыс жүргізілді. 1918 жылдың тамыз айында “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер”жобасы Ағарту ісі Бүкілресейлік съезінде хабарланып, бірауыздан оны мақұлдады. 
   “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” педагогика-жұртшылықтың арасында “Бірыңғай еңбек мектебі туралы” атымен белгілі. Ол кеңес педагогикасының жаңа саяси-идеялық және ғылыми-педагогикалық қағидаларын жариялады. Мектептің саясатқа қарсы идеясын насихаттаған буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогикаға қарама-қарсы “Бірыңғай еңбек мектебі туралы Деклорация” мектептің саясатпен байланысын кеңес педагогикасының негізгі қағидасы ретінде атап көрсетті. Бірақ “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” уақытпен байланысты кейбір кемшіліктеріне қарамастан (емтихан және үй тапсырмасын алып тастау, ақыл-ой білімінің есесінен, еңбек тәрбиесімен ерекше әуестену және т.б) мектепті революциялық қайта құруда бұл еңбектердің мәні орасан зор болды. 
 
3.Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы.

 
      1918 жылы қабылданған мектеп жүйесі азамат соғысы жылдары және шетел интервенция жылдарының өзінде кейбір өзгерістерге ұшырады. Жұмысшы факультеттері, жұмысшы – жеткіншектер үшін мектеп-клубтар жеткіншектер үшін екі жылдық мектептер және басқалары ұйымдасты. 
1920 жылы құрылған Кәсіптік білім берудің бас комитеті жалпы білім беру үшін жас нормасы 16-дан 15 дейін азайтуды талап етті. Бас комитет кәсіптік білім беру жүйесіне белгілі өзгерістер енгізді: төменгі кәсіптік мектептер – техникумдар – бірыңғай еңбек мектебінің базасында халыққа білім берудің кеңесінде мектеп жүйесін қайта құру туралы мәселе қаралды. Ол кеңес екі сатылы тоғыз жылдықтың орнына негізгі мектептің түрі ретінде екі сатылы жетіжылдық мектепті қажетті деп тауып, ұсынған болатын-ды. 
Жастарға кәсіптік білім берудің негізгі техникумды (индустриялдық, ауылшаруашылық, экономикалы, педагогикалық және т.б.) оқыту мерзімі 4 жылдық, кеңес ұсынған еді. Кеңес халықағарту комиссариатына маман жұмысшы кадрларын даярлау үшін фабрика-зауыт мектептерінің жүйесін жаасу қажеттігін атап көрсетті. Кеңесте мектеп жүйесінің өзекті негіздері туралы мәселе бойынша қызу күрес, тартыс болды, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектеп мәселесі туралы. Осының нәтижесінде 1922 жылы 1918 жылы қабылданған жүйемен салыстырғанда одан гөрі икемірек жүйе қалыптасты; бастауыш мектеп (4 жылдық); негізгі жетіжылдық жалпы білім беретін мектеп және жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысы, барлығы 9-10 жыл оқыту мерзімі. Бұл жүйенің жағымды жағы әрбір канцентр белгілі бір саты ретінде жалпы білім беретін мектеп баспалдағымен жоғары көтеріліп отырды және сонымен бірге одан әрі кәсіптік-техникалық білім беру үшін негіз болды. І сатыдағы мектеп төменгі кәсіптік білім беру мектептері үшін негіз болды: кәсіптік мектептер, фабрика-зауыт мектептері, оқу-өндірістік шеберханалар және т.б.; жетіжылдық мектеп – ортақ кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін – индустриялық, ауылшаруашылық, педагогикалық және басқа техникумдар; тоғызжылдық – онжылдық мектеп жоғары оқу орындары үшін негіз болды. 
    1923-1924 оқу жылынан бастап, ауылдық жерлерде І саты мектептерінің негізінде шаруа жастар мектептері (ШЖМ) ашып бастады, оқу мерзімі 3 жылдық. Бұл мектептердің негізгі мақсаты – ауыл жастарынан мәдени жериелері мен жақсы белсенділерді тәрбиелеу. 1925 жылы алғашқы фабрика-зауыт жетіжылдықтары (ФЗЖ) ашылды, ол кеңінен тарай бастады. 1930-1934 жылдары олар негізгі жалпы білім беретін мектептер болды. Бұл кезеңде жұмысшы-шаруа жастарын жоғары оқу орындарына түсуге даярлауда ерекше роль атқарған жұмысшы факультеттерінің саны біршама арта түсті. 1921 жылы ашылған фабрика-зауыт оқушыларының мектептері (ФЗУ) тез қарқынмен дами бастады. Олардың негізгі мақсаты – жастардың арасынан өндіріс пен көлік қатынасы саласында маман жұмысшыларды даярлау. 
    «Ғылым туралы», «Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры мәртебесі туралы» жаңа заңдар қабылданды.«Білім туралы» Заңға елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 
     Білім берудің барлық деңгейлері табысты дамуда. Елбасының тапсырмасы бойынша білім сапасын бақылаудың бірыңғай вертикалі құрылды. 
Бұл – білім сапасын арттыруға, Министрліктің білім беру ұйымдарымен кері байланысын күшейтуге жасалған маңызды қадам. 
    Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке барар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. 
Ұлт болашағы ұрпағында болса, ұрпақ тәрбиесі – ұстаз қолында.Шығыс даналары: “Егер алда¬ғы бір жылыңды ойласаң, күріш ек, он жылыңды ойласаң, ағаш отырғыз, ал бүкіл өміріңді ойласаң – шәкірт тәрбиеле» деп айтқан екен.Бүгінде мұғалім балаларға білім беріп қана қоймай, өмір сүруге үйретуі тиіс. 
Сондықтан, Елбасы педагог кәсібінің беделін арттырып, жан-жақты қолдау көрсетуге көп көңіл бөліп келеді. 
Биылғы Жолдауында да Нұрсұлтан Әбішұлы «педагогикалық құрамның сапасын арттыруды...» тапсырды. 
     Аталған тапсырмаларды іске асыру үшін мынадай шаралар қабылдаймыз: 
Бірінші. Педагогикалық білім беру стандарты жаңартылады. 
Екінші. Біліктілікті арттыру орталықтарының жаңа жүйесі қалыптасады.  
     Қазіргі кезде Ұлттық педагогтердің біліктілігін арттыру орталығы, Назарбаев Зияткерлік мектептері жанынан Педагогикалық шеберлік орталықтары ашылды. 
Сонымен қатар, педагогикалық жоғары оқу орындарының жанынан біліктілікті арттыру орталықтары, Назарбаев Университетінде «Білім» факультеті құрылады. 
Жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру жүйесі жасалады.Педагогтердің біліктілік деңгейін растаудың ішкі рәсімі осы бағыттағы ірі жетістік. 
Бұрын жоғары оқу орны өздері оқытып, өздері біліктілік беретін. Енді, біз бұл практиканы қолданбайтын болдық.Біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі 2012 жылы толығымен жұмыс істеп, Елбасы қойған жаңа талаптарға жауап беретін болады.Озық халықаралық тәжірибелерді қолдана отырып білім саласында Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Кәсіпқор» холдингі, «Назарбаев Университеті» сияқты «өсу нүктесі» құрылды.Елбасының тапсырмасы бойынша барлық білім беру жүйесіне олардың тәжірибесін тарату мәселесі тұр. 
     Өткен жылдың ерекше жаңалығы – «E-learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді.Ол үздік әлемдік тәжірибе базасында білім сапасын арттыруға және ауыл мектебі мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға көмектеседі.Өткен жылы 44 білім беру ұйымында «E-learning» пилоттық жобасы іске аса бастады. 
Осы жылы оған жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтамасыз етілген 537 ұйым қосылады. 
     Жаңа мектепке – жаңа мұғалім

   Кез келген маман иесінің құзырлығына баға берерде «Мұғалім кім болған екен» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық даналығында да осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар ерекше орнын аңғару қиын емес.

Кешегі болған бөбектен Адам деген жаратылысты трбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар. Бұл ойымызға ұлы жазушы С.Мұқановтың:

  Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты

  Білімділік бір биікке шығар саты.

  Ең алғаш басталады сол адамнан

  Сүйеді сондықтан  да жақын, жаты

Деген өлең жолдары дәлел  бола алады.

     Тәуелсіз еліміздің  мемлекеттігін нығайту өлшеусіз  үлес қосып жүрген, республикамыздың  білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың табыстары мен жетістіктері үшін өздерінің кәсіби шеберлігін, патриоттық пен имандылығын арнаған мұғалімдер қауымының бүгінгі педагогикалық оқулары тарландарды танытатын, болашаққа бағдар беретін игілікті іс-шара, көптен күткен бас қосу.

     Білім қызметкерлерінің I-құрылтайында елбасымыз Н.Назарбаев  «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –бүгінгі мектеп оқушылыарын мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақыстан сол деңгейде болады»-деген еді. Ия, бұл сөздерде қарапайым мектеп мұғалімдеріне бүтін бір елдің болашағына жол салар, жас ұрпағын нұрлы аспанға көз тіктіріп, ұлы армандарға қанаттандырар құдірет иесіне деген үлкен сенім, жауапкершілік жатыр.

Әр адамның өзінің алғашқы ұстазының бейнесі әрқашан көз алдында, жүрегінде сақталады. Оларға ілтипатпен бас ие отырып, бүгінгі, өркениетке бет бұрған еліміздің мұғалімінің бейнесі жайлы сыр қозғағым келеді.

    Сөз басын мұғалімнің  жеке бас мәдениеті, адам тұлғасы,  парасаттылығы мен азаматтық  биіктігінен бастауды жөн деп  есептеймін. Өйткені мұғалімнің  адамгершілік бет-бейнйсі-оның мәртебесін анықтайтын өлшемдердің бірі. «Жақсы мұғалім алдымен жақсы адам»-деп айтатындығымызда осыдан ары таза, байсалды да төзімді, кешірімді, әділетті мұғалім әрқашан басқадан айрықша тұрады. Ал әсемдікті, әдемілікті бағалай білетін ұстаз алдынан өткен ұрпақтың қиянатқа, жаман іске бармасы аян.

Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін екінші күш-оның кәсіби құзырлығында.

     Білім сапасы- мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керекекенін мемлекеттік стасндарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуын, баланың әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек.

     Қазақтың XX ғасырдың  белгілі ағартушысы Ж.Аймауытов  «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі  –тек білім беруші мұғалім ғана емес,....баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз!»-деген еді. Бұл сөздердің бүгінгі күні де мәні өте жоғары. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры болады деп күтілуде. Сондықтан бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер бнріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге дайындайды. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу мұғалімнің өзінің жан-жақты білімдарлығымен, тұтас дүниетанымының болуымен, ой-өрісінің кеңдігімен тікелей байланысты. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. «Сабақ беру- үйреншікті, жай шеберлік емес, ол-үнемі жаңаны табатын өнер»-деген Ж.Аймауытовтың тағы бір сөзін келтіре отырып, қазіргі мұғалім бейнесін бедерлей түсетін ұстаз шығармашылығына тоқталғым келеді. Әр оқушының бойындағы бар шығармашылық көздерін ашу, жаңалық деген ұмтылыстарына дем беріп отыру арқылы біз өзіміздің қоғамдағы негізгі миссиямыз-адамзат баласын жаңа сапаға көтерудітабысты шеше аламыз.

Информация о работе Мәдени диалог мектебі