Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 18:15, реферат
Мысалы, белгілі бір физикалық процестің уақыт ішінде өтуін баяндайтын дифференциялдық теңдеулер жүйесі осы процестің моделі деп аталады. Модель ұғымы логика, математика, физика, химия, кибернетика, лингвистика, т.б. ғылым салаларында қолданылады. Ғылымда модель ұғымы әдетте модель жасау әдісін қолдануға байланысты аталады. Алгебра мен математика логиканың тоғысқан жерінде арнаулы пән – модельдер теориясы қалыптасты.
Кәсіптік білім берудің моделін жасаудың ерекшеліктері.
Кәсіптік білім беру мекемелері.
Кәсіптік білім берудің моделі.
Кіріспе.
Модель (фр.тілінен modele, лат. modulus – өлшем) – белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). Модель мен түп нұсқаны бір-бірінен абсолютті түрде айыруға болмайды. Қарастырылып отырған құбылыс немесе процесс абстрактылық нысандар мен математикалық заңдылықтар түрінде берілетін модель математикалық модель деп аталады. Модельдің ең қарапайым түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік түрде көрсету. Модельдің екінші түріне – нысандардың, процестер мен құбылыстардың ауызша (қандай да бір тілдің көмегімен) суреттелуі, сипатталуы жатады. Үшінші түрі – ақпараттық-логикалық модель , ауызша сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау). Төртінші түрі – динамиканың ішкі заңдарын, өзара әсерін, қасиеттерін көрсететін физикалық нысандардың, құбылыстар мен процестердің математикалық түрде сипатталуы. Мысалы, белгілі бір физикалық процестің уақыт ішінде өтуін баяндайтын дифференциялдық теңдеулер жүйесі осы процестің моделі деп аталады. Модель ұғымы логика, математика, физика, химия, кибернетика, лингвистика, т.б. ғылым салаларында қолданылады. Ғылымда модель ұғымы әдетте модель жасау әдісін қолдануға байланысты аталады. Алгебра мен математика логиканың тоғысқан жерінде арнаулы пән – модельдер теориясы қалыптасты.
Әлеуметтанушылар бұл терминге көптеген анықтама береді. Кейбір жағдайда, ол теория деген сөздің синонимі ретінде, тағы да бір жағдайларда теориядан гөрі жалпылау деңгейде абстрактілі ұғымдар жүйесіне сілтеме ретінде пайдаланылады. Ол, сондай-ақ, себептік модельдердегі сияқты статистикалық модельді қолданылады. Қаңдай анықтама берілсе де, модельдер оны зерттеуде эмпиризмнен аулақ болып, теориямен шұғылдануды талап етеді.
Модельдер өзінің түп негізінде тұжырымдама мен түсініктеме құралы ретінде құбылыстарды жеңілірек ұғыңдыруға тырысады. Әлеуметтануда құрылымдық функционализм алғашқы екі мағынада модель болып табылады, өйткені ол түсіндірудің кең құрылымы (қоғам организм секілді деп пайымдайтын метатеория) мен тұжырымдамалық топшылаулардың жиынтығын (қоғам бөліктері жалпының міндетін атқаруына қалай үлес қосатынын көрсететін теория) қамтамасыз етеді. Ұғымдар арасындағы қатынастар туралы гипотеза нақтыланып, ұғымдарды өлшеуге болатын тұста біз операциялык модель туралы айта аламыз. Бұл модельдер кейде диаграммалар түрінде көрсетіліп, математика терминдері арқылы неғұрлым ұтымды ұсынылуы мүмкін. Мысалы, регрессия немесе логлиния модельдері. Математикалық әлеуметтанудың маңызды жағы - модельді құрастыру - модельдерді диаграммалар тасқыны сатысынан бастап, математикалық бейнелеуге дейін жетілдіруге байланысты. Себеп-салдарлық модельдер кез келген түрде болуы мүмкін. Қандай анықтамаға ие болса да, модель-теориялық қызмет түрлері кешеніндегі құрал болып, назарымызды ұғымдарға немесе өзгерістерге және олардың өзара байланысына аударады.
Педагогикада
Оқытудағы модельдеудің екі аспектісі бар:
модельдеу оқушының меңгеруі қажет мазмұн іспетті;
модельдеу оқу әрекеті, құралы іспетті, мұнсыз толық мәнді оқу мүмкін емес.
Модельдеу көмегімен күрделіні қарапайымға, көрінбейтінді және түйсінілмейтінді көрінетінге, түйсінілетінге, белгісізді белгіліге келтіріп оқу, яғни, кез келген күрделі объектіні мұқият және жан жақты оқып білу мүмкіндігі туады.
Модельдер құрудың және оларды сәйкес құбылыстар, процестер, объектілер жүйесі негізінде оқып білу әдістерінің жиыны; зерттеу объектілерінің сипаттамаларын біліп алу немесе анықтап алу үшін, басқаруды жақсарту немесе нұсқа жөнінде сәйкес болжамды тексеру үшін, жаңадан құрастырылатын объектілерді жасау тәсілдерін тиімді ету үшін модельдерді зерттеу нәтижесін пайдалану әдістерінің жиыны. Модель, нұсқаны табиғи жағдайларда зерттеу кандай да болсын себептермен қиын немесе мүмкін болмағанда, кандай да бір объектіні зерттеу процесін жеңілдету керек болғанда қолданылады. Әдістер модельдің сипатына, оны қолдану алаңы мен зерттеу мақсатына тәуелді; өзінің қүрделілігі мен өлшемдері бойынша сол күйінде зерттеуге мүмкіндік бермейтін қандай да болсын объектілерді қайталап жасау. Модельдеу ғылым, техника, технология негіздері бойынша қабілеттерді дамытуға көмектеседі.
Модельдеу танымның әмбебап формасы ретінде қызметтің кезкелген саласындағы құбылыстардың өзгеруі мен зерттелуінде қолданылады. Модель зерттеу нысанасының орнын ауыстырушы. Модель - басқа жүйелер туралы ақпарат алудың құралы ретінде қолданылатын жүйе, зерттеу болып табылады.
Түрлері:
материалдық;
идеалдық (оймен танылатын).
Мұндайда келесі жағдаяттарды есепке алған жөн:
Басқа жағынан,кәсіптік білім беруді ұйымдастыруды тежейтін келесі факторларды есепке алу қажет:
Кәсіптік және базалық деңгейлердің сәйкестігі, әртүрлі білім беру аймағындағы сияқты, олардың бірі қандай да мөлшерде өзгешеленуі мүмкін, яғни, алдын-ала кәсіптік дайындықтың және кәсіптік білім берудің әртүрлі моделдерін құру мүмкін.
Білім беруді кәсіптендірудің кез келген формасы инвариантты компоненттің қысқаруына әкелмеуі тиіс.
Кәсіптік білім беретін жалпы білім беру мекемесінің моделі туыстас пәндердің әртүрлі комбинациясын, яғни, кәсіби білім берудің икемді жүйесінің мүмкіндігін қарастырады. Бұл жүйе өзіне оқу пәндерінің келесі типін қосады: базалық жалпы білім беретін (инвариантты компонент), кәсіптендіруші(инвариантты бөліктің кәсіби компоненті), элективті курстар және таңдау бойынша курста (вариативті компонент).
Базалық жалпы білім беретін пәндер барлық мамандықтардың оқушылары үшін міндетті болып табылады. Кәсіптендіруші пәндер әрбір нақты мамандықтың бағыттылығын анықтайды, сонымен қоса олар міндетті болып табылады. Элективті курстар деп таңдау бойынша міндетті курстар түсініледі, және олардың бағыттылығы білім беру профилімен сәйкес келуі қажет. Элективті курстар үшін сағаттар оқу жоспарының мектептік вариативті компонентінде қарастырылған. Элективті курстар екі қызметтің бірін атқарады: берілген кәсіби стандарт деңгейінде негізгі кәсіби пәндердің оқытылуына қолдау жасау немесе ішкі кәсіби мамандандыру, индивидуалды білім беру аумағын құру.
Таңдау бойынша курстар кәсіптің шегінен шығып, индивидуалды сабақтар, консультациялар және т.б. түрінде жүзеге асады, таңдау бойынша курстарға сағаттар базистік оқу жоспарының индивидуалды компонентінде қойылған.
Бүгінгі күні кәсіби білім беруді жасаушылар-Ы.Алтынсарин (К.У.Кунакова және т.б.) атындағы үздіксіз білім берудің Ұлттық (Қазақ) Академиясы -10-шы сынып оқушыларына үш бағыт бойынша мамандық таңдауды ұсынады: жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық. Осылайша, кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың бірнеше нұсқасын(моделін) бөліп көрсетуге болады. Кәсіби білім беруді ұйымдастырудың осы барлық формалары оқушылардың кәсіби білімді таңдау құқыған қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қоса жасаушылар, кәсіби білім беруді жүзеге асыру үшін нақты әкімшілік-аймақтық сипаттағы шарттарды есепке алған.
Бұл жағдайда мектеп бір кәсіптік болуы мүмкін және тек таңдалған бір кәсіпті жүзеге асырады (жаратылыстану-математикалық, немесе әлеуметтік-гуманитарлық, немесе технологиялық), немесе білім берудің барлық үш кәсібін ұйымдастыра отырып, көп кәсіпті болуы мүмкін. Кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың берілген моделін енгізуде жалпы білім беретін мектептер нақты кәсіпке бағытталады, бірақ та оларға сол немесе басқа кәсіптендіру пәндерін элективті курстар мен таңдау бойынша курстар есебінде қоса отырып, сонымен қоса оқушыларға өздерінің индивидуальды кәсіби білім беру бағдарламаларын толықтай жүзеге асыру құқын беруі қажет. Әрбір кәсіптің ішінде бір немесе бірнеше мамандандыру бағыттары болуы мүмкін.
Таңдау мектептің іс-әрекетін анықтайтын көптеген аспектілерді есепке ала отырып жүргізіледі, соның ішінде оқушылардың индивидуальды қызығушылықтарын, қабілеттіліктерін және бейімділіктерін , алдын –ала кәсіби дайындықтың мазмұнын, мұғалімдердің кәсіби деңгейін,мектептің материалдық –техникалық базасын және т.б.
Бұл моделде нақты мектептің оқушыларына кәсіптік білім беру басқа білім беру мекемелерінің, басқа жалпы білім беретін мектептердің білім беру ресурстарын мақсатты бағытталған және ұйымдасқан түрде тартудың есебінде жүзеге асады. Осылайша, білім беру мекемелерінің желісі немесе білім беру процесінің барлық қатысушыларының: балалар, ата-аналар, мұғалімдердің қажеттіліктері мен сұраныстары қанағаттанатын білім беруші кеңістік құрылады. Ол негізгі екі нұсқада құрылуы мүмкін.
Бірінші нұсқа –«ресурстық орталық» моделі, бірнеше мектептің «ресурстық орталықтың» рөлін атқаратын жеткілікті материалдық және маман потенциалына ие бір мектептің жанына бірігуімен байланысты, ал оның жанына бірігетін мектептер- «магнитті» мектептердің рөлін атқарады. Бұл жағдайда берілген топтың әрбір мектебі оқытуды базалық жалпы білім беретін мектептердің пәндерін толық көлемде қамтамасыз етеді. Қалған кәсіби дайындықты «ресурстық орталық» өзіне алады.
Екінші нұсқа- «әлеуметтік серіктестік». Ұсынылып отырған тәсіл орта жалпы білім беру мекемелерінің, мамандандырылған жалпы білім беретін мекемелермен (хореографиялық, музыкалық, спорттық, шығармашылық), орта және кәсіби білім беретін мекемелермен кооперация құруын қарастырады.
Бұдан басқа жергілікті жерлерде бір білім беру мекемесінің күшімен және соның құрамында мектеп ішілік кәсіптендіру ыңғайлы болып табылады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекемелер бір кәсіпті немесе көп кәсіпті болуы мүмкін.
Ауылдық қоғам шартында кәсіптік білім берудің моделін ұйымдастырудың ерекшеліктері кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың типінің, формасының және түрлерінің әртүрлілігімен шарттасқан.
Ауыл мектебінде кәсіби білім берудің моделін қалыптастырушы факторлар болып, ауылдағы мектеп саны, білім беруші мектептің беделі, комплект-сыныптар саны, педагогикалық мамандар потенциалының болуы, қосымша білім беруді ұйымдастырудың мүмкіндігі, ресурстық мүмкіндіктер, географиялық орналасуы болып табылады.
Жоғарыда айтылған факторларды есепке ала отырып, ауыл шартында кәсіптік білім берудің келесі қосымша формалары ұсынылады:
Сонымен қатар кәсіптік білім беру аймағында кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың мүмкін моделдерінің бірнеше нұсқасын К.Кунакова ұсынған:
Осы нұсқаларды толығырақ қарастырайық. «Ресурстық орталық» мектебі келесілерді ұсынады: оқушы өзі үшін «туыстас» пәндерді блоктың жоғарылатылған деңгейінде оқуды таңдайды, мысалы, химия, биология,гографияны, физиканы. Ол өз мектебінде негізгі пәндердің негізін оқиды, ал берілген білім беру аймағын осы курстар толығырақ оқытылатын жерде оқиды. Бұл мектеп «ресурстық орталық» болып аталады. Оқушылар өздерінің білім алу траекторияларын өздері құрады. Осылайша, бір жергілікті жерде 5-6 «ресурстық орталықтар» құрылады. Бұл кезде оқушыларды тасымалдайтын арнайы транспорттың болуы қажет.
Кәсіптік мектептердің немесе «магнитті мектептің» картасы бірнеше мектептердің бір ресурстық орталыққа бірігуін дұрыс санайды. Берілген топтың әрбір мектебі жүзеге асыруға қабілетті кәсіптік оқытудың бөлігін алады, ал орталық өзіне қалған кәсіптерді алады.