Эстетикалық тәрбие беру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім берудің мақсаты- жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зарттеуді қажет етеді.

Содержание

Кіріспе
І-тарау.Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер
1.1. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
1.2. Жеткіншек шақ және оның ерекшеліктері
ІІ- тарау. Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі
2.1. Ұстаз өнегесі, ақыл –ой тәрбиесі
2.2. Күнделікті өмір, жеке адам эстетикасы
2.3. Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие
2.4. Тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі
ІІІ-тарау. Тәжірибелік бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Мазмұны.docx

— 48.72 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Ұстаз өнегесі,  ақыл –ой тәрбиесі

Ақыл-ой тәрбиесі — адамның  таным қабілетін дамытып, білім  қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау — сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырьш жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.

Ойлау құрылымының механизмін түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті  және продуктивті бөліктері қатынастарының қағидасы ерекше маңызды. "Ойлау — шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен" деп көрсетеді З.Калмыкова.

Н.Менчинская өз еңбегінде "Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді" деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің рөлін анықтайды.

Ақыл-ой қызметінің тәсілі —  ол белгілі бір топтағы мәселелерді  шешу үшін ұйымдастырылған қисынды операция немесе операциялар жиынтығы.

Абстрактылы ойлау елеулі емес екінші дәрежелі белгілерден аулақтануға, жалпы және елеулілерін бөліп  алуға, сөйтіп, осы негізде абстрактылы  ұғымдарды тұжырымдауға адамның  іскерлігін көздеуде өз маңыздылығымен ерекшеленеді. Абстрактылы ойлауға  қабілеттілік, сөз жоқ, оқушылардың  жасына байланысты. Алайда, абстрактылы  ойлаудың дамуы мектеп жасында мейлінше интенсивті етеді. Жүйелі оқыту оның дамуын жеңілдетіп тездетеді. Осы қабілеттіліктердің көріну уақыты оқытудың мазмұны мен  сабақ беру әдістеріне байланысты болып  келеді. Сондай-ақ негізгі ой әрекеттері мен операцияларды игеру ісінде арнаулы машықтануды керек етеді. Талдай, жинақтай білу және пәндер мен  құбылыстарды жіктей алу, шешімдер қабылдауды, қорытындылар шығаруды, баға беруді, ұғымға келтіруді, құбылыстың немесе пәннің белгілі  бір қажеттілікпен анықталуын қажетсінеді.

Тасымалдауға қабілеттілік те ақыл-ойдың дамуыңда өте маңызды  болып табылады. Тасымалдау немесе генерализациялау ғылымы ақпарат қауырт есіп отырған қазіргі кезде ерекше маңызға ие, себебі, жаңа білімдерді неғұрлым тез де үнемді игеру үшін негізгі құрал бола алады.

Құбылыстардың түпкі нәтижелерін  немесе келіп жетуін алдын ала  көре білу қабілеті, ой мен қорытынды  шығару негізінде, ең алдымен, табиғат  пен ғылымдағы заңдылықтардың рөлі мен маңызы туралы жалпы ұғымдарды  игеруге негізделеді, әрі бақылау, талдау, салыстыру, құбылыстар арасындағы ерекшеліктерді табу, ұқсастықтарына қарай ой қорытындыларын жасауды, сондай-ақ индуктивтік және дедуктивтік ойлау  әдістерін игере білуді қамтиды.

Индуктивті ойлау  жеке пәндер немесе құбылыстар туралы білімдер негізінде оқытылатын барлық пәндер мен құбылыстар туралы жалпы қорытындыға келе білуді көздесе, дедуктивтік ойлау бұрын белгіленген жалпы ережені, жеке деректерді немесе құбылыстарды зерттеп, үйрене білуге қолдануды міндеттейді.

Интеллектуалдық әрекетке адам қабілеттерін дамыту ой еңбегінің мәдениетін игерумен де мейлінше тығыз байланысты. Ой еңбегі мәдениетінің ұғымына, әдетте, ой жұмысының режимін тиімді ұйымдастыра  білу туралы ұғым, белгілі бір жүйе жасап алу, ұқыпты жұмыс істеу  қабілеті жатады.

Ой жұмысының нәтижелілігі жұмыста адам белгілі бір жүйені ұсынатын болса едәуір артады, бұл  әрекет жасаудың белгілі бір дәйектілігін таңдап алудан, жұмыс орнының белгілі  бір ұйымдастырылуынан, осы материалдарды  және оқу құралдарын, т.б. орналастыру  жүйесімен жазба жұмыстарды жазып  алуды жүргізу жүйесінен көрінеді. Нақ осы ой еңбегінің мәдениеті  интеллектуалдық қызметпен ұзақ шұғылдана білуге жол ашады.

Дербес танымдық қызметке қабілетті дамытуда ақыл-ой дамуы  міндетінен саналады. Дербес танымдық қызметке қабілеттілік жалпы мәдени ой-өрісін ұлғайтып, өздігінен білім  алу және адамды жан-жақты дамыту үшін де керек. Дербес танымдық қызмет ақыл-ой дамуының жеткілікті дәрежесін  дербес жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын игеруді, сондай-ақ белгілі бір мотивтердің болуын көздейді. Дербес жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары ой еңбегінің мәдениетімен де байланысты, өйткені бұл жұмыстың нәтижелі болуы үшін оны тиімді ойластырып ұйымдастыру керек болады.

Дербес жұмыс істеудің іскерлігі мен дағдыларының өзін алатын болсақ, ең алдымен, қандай салада болса да білімді игеру үшін қажетті  бірқатар жалпы қасиеттерді қалыптастыру көзделеді. Бұлардың қатарына мұқият жұмыс істей білу, қиыншылықтарды жеңудегі табандылық, дамыған ес және оның түрлі формаларын қисынды қимылға келтіру, көру формаларын пайдалану, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білу жатады.

Дербес танымдық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру үшін қажетті  жалпы қасиеттер, ең алдымен, оқу-тәрбие ықпалдарының барлық кешені арқылы жасалады. Ой еңбегінің мәдениеті мен дербес жұмыс істей білу іскерлігін игеруге байланысты қасиеттер жеке тұлғаның дербес нәтижелі жұмыс істеу үшін қажетті алғышарттар болып табылады.

Алайда, дербес жұмыс оқушыларға берген материалдардың, олардың мақсат пен міндеттері, оның тәжірибелік  маңызы айқын болғаңда және тапсырманы орындауда дербес жұмыс істеу әдістерін меңгергеңде ғана оқушылардың ақыл-ой белсеңділігі туады.

Ақыл-ой қабілеттерін дамыту тұрғысынан алғанда, дербес жұмыс оқушының алдына мәселе қойылып, мәселелік жағдаят  жасалғанда анағұрлым тиімді бола түседі. Мәселелік жағдаяттар тек күрделі  де елеулі міндеттер мен мәселелердің айналасында жасалып қана қоймайды, қандай да болсын танымдық міңдеттерді  шешуге барудың өзі де өзекті бола алады.

Оқушыларды білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен қаруландырудың мақсат көздеген үрдісі ретінде ақыл-ой жетекші рөл атқарады. Оқыту жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуында жетекші  болып саналады. Себебі, интеллектуалдылық  және белсенді танымдық қызмет үшін керекті ақыл-ойдың бірде-бір бағалы қасиеті жүйеге келтірілген білімдердің қорынсыз дами алмайды.

Даму, ең алдымен, білімдерді меңгергеңде оқушы жасайтын ой операциялары мен әрекеттердің сипаты арқылы анықталады.

Ақыл-ой тапқырлығына, қабілеттілік ісіне тәрбиелеуде едәуір мөлшерде оқытуға зерттеушілік тұрғысынан қарау  ісі жәрдем ете алады. Оқытудағы  зерттеушілік ұстанымы өздері зерттеп  отырған ғылымдарда қолданылатын зерттеулердің  негізгі әдістері арқылы жаңа білімдерді өз бетімен меңгере ала білуді оку үрдісінде ұйымдастыру жағы көзделеді. Яғни, олардың қисынды  ойлауын дамытып жөне сенімдерін қалыптастыру үшін оқушыларды дәлелдерге және өз көзқарасын негіздеуге үйрету жөніңдегі жұмыстары өте пайдалы болып табылады.

Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық  тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас  балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі  әсер етеді. 
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті. 
Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып  эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп,іске  асырады.  Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қпрым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым — әтика зерттейді, сонымен қатар оны әстетикада қарастырады. 
      Сыпайылық - ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді. 
      Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылдасанған мінез-құлық қағидалары. 
      Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті. 

 

Информация о работе Эстетикалық тәрбие беру жолдары