Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 14:01, дипломная работа
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім берудің мақсаты- жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зарттеуді қажет етеді.
Кіріспе
І-тарау.Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер
1.1. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
1.2. Жеткіншек шақ және оның ерекшеліктері
ІІ- тарау. Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі
2.1. Ұстаз өнегесі, ақыл –ой тәрбиесі
2.2. Күнделікті өмір, жеке адам эстетикасы
2.3. Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие
2.4. Тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі
ІІІ-тарау. Тәжірибелік бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны:
Кіріспе ------------------------------
І-тарау.Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер
1.1. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері ---------------------
1.2. Жеткіншек шақ және оның
ерекшеліктері ------------------------------
ІІ- тарау. Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі
2.1. Ұстаз өнегесі, ақыл –ой
тәрбиесі----------------------
2.2. Күнделікті өмір, жеке
адам эстетикасы---------------
2.3. Отбасы тәрбиесіндегі
эстетикалық тәрбие------------
2.4. Тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі
ІІІ-тарау. Тәжірибелік бөлім-------------
Қорытынды ------------------------------
Қолданылған әдебиеттер--------------------
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім берудің мақсаты- жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зарттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі- жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы болып табылады.Жеке тұлғаны қалыптастырудағы басты мәселелердің бірі – эстетикалық тәрбиеге жүйелі және терең мән беру, жастарды әдебиет пен өнерден, қоршаған ортаның сұлулығынан өнеге, тәрбие, рухани азық алуға ықпал ету. Сұлулық пен тазалықты, көркемдік пен әсемдікті, үйлесімді жаратылысты ұғыну, сезіну жеке тұлғаның сапалық дамуының белгісі ғана емес, сонымен қатар оның шығармашылық икемділігін қалыптастыру болып табылады.
Адам өміріндегі танымдық қызмет екі бағытта жүреді. Оның біріншісі – дүниені ғылыми тұрғыдан тану, ал екіншісі өнер туындылары арқылы тану бағыттары. Ғалымдар фактілерімен, силлогизмдермен, ұғымдармен сөйлесе, жазушылар мен өнер адамдары образдармен, өнер туындыларымен сөйлейді, сол арқылы жалпы танудағы білімді, көзқарасты туындатады. Ол өз кезегінде рухани мәдениетті қалыптастырады. Рухани мәдениет эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі, негізі. Бұл тәрбие адамның рухани дамуының түп қазығы болып, оның бүкіл өмірін қамтиды. Таным процесінде рухани нәр алу, адамның жастық шағында, әсіресе 16-21 жас аралығында қарқынды жүреді. Осыған орай білім алушылардың эстетикаық мәдениетін қалыптастыру процесін жандандыру қажеттілігі мен мүмкіндіктері туралы мәселе туындайды.
Білім алушылардың қоғамы әлеуметтік жағынан әркелкі. Олардың жасы, отбасылық жағдайы, шығу тегі, экономикалық-әлеуметтік жағдайы сан түрлі. Біреулеріне осы оқу орнындағы орта, біреулеріне бұқаралық ақпарат құралдары, ал енді біреулеріне отбасындағы тәрбие көбірек ықпал етеді. Осындай әркелкілікте білім алушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға мына жағдайлар арқылы ықпал ету керек:
мемлекеттік стандартқа кіретін барлық пәндерді оқыту барысында эстетика мәнінің маңызын ұмытпай ескеріп отыру; білім алушылардың эстетикалық мәдениеті тек оқу процесінде ғана емес, тұрмыстық, яғни, өзі тұратын ортада игеруіне жағдай жасау, киім киюі, еңбек ететін ортасы, көшеде жүру т.б. жерлерде әсемдікке сәйкес өзін-өзі ұстай білуі; күнделікті өмір ағымындағы жаңалықтар, өзгерістер, атап айтсақ сән, субмәдениет ағымдарының тек өзіне жарасымдысын ғана таңдай білуі; өзін-өзі қалыптастыру барысында ұлттық ерекшеліктерді, өз халқының тарихи, мәдени мұрасын, салт-дәстүрін бүгінгі өмірге сай бейімдеп ала білуі.
Педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, білім алушыға ғылым, өнер, табиғат, қоғамдағы өмір туралы қандай шамада түсіндірілсе, соғұрлым олардың кәсіби шеберлігі, шығармашылық қабілеті шыңдала түседі. Сондықтан да болашақ мамандар эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесін талдай білуі, қазақ халқының ұлттық эстетикалық тәлім-тәрбие беру дәстүрін сараптап, оның қазіргі жағдайдағы тиімді жақтарын пайдалана білуі керек.
Осыған орай ұстаз өз алдына мына міндеттерді шешуді мақсат етіп қоюы керек: эстетикалық мәдениетті қалыптастыру мазмұнын теориялық негіздеу; болашақ мамандардың эстетикалық мәдениетін жүйелеп қалыптастырудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін педагогикалық тәжрибе арқылы анықтау; білім беру жүйесінде білім алушы жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың мүмкіншіліктерін дамыту.
Қорыта айтқанда, адамзаттың ежелгі арманы-бақытты өмір сүру. Ол үшін тұрмыс байлығымен бірге адамның рухани өмірі де көркем болуы шарт. Ал бұл жолда адамдарға эстетикалық ләззат беретін – өнер. Өнер әсемдікпен тығыз байланысты. Ал өнерден ләззат алу үшін тұлға ең алдымен эстетикалық жағынан мәдениетті, білімдар болуы керек. Сондықтан да, бүгінгі күні оқу орындарындағы қоғамдық гуманитарлық пәндердің соның ішінде мәдениеттану пәнінің басты мақсаты – білім алушылардың ішкі рухани әсемдіктерін байытумен бірге, олардың бойына ізгілік, адамгершілік қасиеттерді дамыту, мәдени мұраларға өзіндік қызығушылығын ояту.
І-тарау. Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер
Эстетикалық
тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың
соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде
эстетикалық тәрбие деген ұғымды "көркемдік
тәрбиелеу" деген ұғыммен пара - пар
алып жүрміз.
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер
құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал
Эстетикалық тәрбие дегеніміз - Илыинаның
айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және
бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары
арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан
көркемдікке тәрбиелеу Эстетикалық тәрбиемен
пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ
құрамдас бөлігі болып табылады.
Осы орайда белгілі педагог Р.Қоянбаев
"Педагогика" атты еңбегінде: "
Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді.
Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге
баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа
жағымсыз көзқарасты қалыптастырады",
- деп, өнер арқылы эстетикалық тәрбие
беру жолдарын қарастырған.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің
бірі - эстетикалық сезімді және эстетикалық
қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі
әдемілікті сезу және көру адамдарда әр
түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле
қарап, оның сырын білуге тырысады, ал
кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай
болса солай қарап, жанынан өте шығады.
Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін
ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және
ән саласынан әрбір адамда білім болуы
қажет. Білім адамды әдеміліктің обьективтік
критерилерімен қаруландырады. Білімді
адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді.
Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық
қабылдау қырағышығы, ықыластылық, қамқорлық
баланың эстетикалық дамуының негізі
болады.
Қазақ ағартушылары эстетикалық тәрбиеге
арнайы тоқталмаса да, ерекше мән бергенін
олардың зерттеу жұмыстары мен шығармаларынан
аңғаруға болады.
Ш. Уалихановтың эстетикалық көзқарасы
қоғамның саяси және философиялық көзқарастарымен
тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу
жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта
Азия халықтарының тұрмыс - тіршілігіне,
ұлттық әдет - ғұрпына, салт – дәстүріне
баса көңіл біледі. Сөйтіп, өз халқының
ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы
арқылы эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады.
Шоқан халықтың ежелгі архитектуралық
құрылыстарын эстетикалық тұрғыда қабылдай
білуге байланысты құнды пікірлер айтты.
"қазақ моласы мен оның төңірегінен
қазақтың бар мәнер талғамы, архитектурадағы
өнері, оның ою мен бейнелеу салты байқалады"
- деп халықтың мәдени деңгейінің жоғары
болғанын көрсетеді. Өз халқымен бірге
Қырғызстан және Шығыс Түркістанның ежелгі
архитектуралық құрылыстарына (Алашахан,
Ботағай, Айша бибі т. б. ) тас мұсіндеріне
(Қозы - Көрпеш - Баян сұлу кешеніндегі,
Түймекенттегі т.б. ) ғылыми тұрғыда талдау
жасайды. Сөйтіп қазақ халқының эстетикалық
мақсатты көздеген өзіндік сәулетшілік
шығармалары болғанын баяндайды. Осы көне
заманның көз болып келген мәдени мұраларды
әсемдіктің үлгісі деп қабылдай білуге
үйретеді.
Сол секілді, қазақтың
біртуар ағартушысы Ы. Алтынсарин халықтың
көркем шығарма туындыларын өте жоғары
бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық
әдемі нәрселердің кұндылығын түсінуге
тек қана білім берудің арқасында жетуімізге
болады деп есептейді. Ы. Алтынсарин өзінің
педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке
ғана емес, мәдениеттілікке де үндейді.
Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер
қол өнері мектебінің ұйымдастырылуы
да Ы. Алтынсариннің еңбегі т.б. Оның педагогикалық
еңбектері эстетикалық көзқараспен тығыз
байланысты. Ол: Мектеп қазақ халқының
арасында жаңаша мәдениетті өмір сүрудің
жаңа әдет - ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер
мен өнердің үлгісі болуы қажет," - деп
атап көрсетті.
Ы Алтынсарин өзінің барлық педагогикалық
теориясында жас -жеткіншектердің эстетикалық
тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде
қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында
жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет
деген пікірді ұстанды. Ол қазақтың қолөнерін
де өте жоғары бағалаған және сол өнерге
жастайынан баулу мақсатымен бірнеше
қолөнер мектептерін ашты. Егер Яковлев
атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы
және киім тігу ( машинамен тігу) жұмыстары
жақсы жолға қойылса, Красноуфимскідегі
реальное училинесі мен ауыл шаруашылық
мектебінде тері илеу, қыш - құмыра өнерлері
меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздары
үшін ашылған мектепте, қарапайым халықтың
тұрмысына керекті, ... киім тігу, киім пішу,
шәлі тоқу, түбіт шарқат тоқу, жіп шалу
және қазақтардың қолында көп болатын
жүн, қыл секілді материалдардан өрмек
тоқу, киіз басу, бау және тақыр киімдер
тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар
үйретілді"
Ыбырай сол кездің өзінде - ақ, сол өнерге
балаларды да ынталандыруға атсалысты.
Онсыз да ұмыт болып бара жатқан әдеттерді
тезірек меңгеріп, құнды, пайдалы деген
жағын эстетикалық талғаммен қабышдап,
өмір қажетіне шығара білуге шақыруы қазіргі
заман талабымен ұштасып жатыр.
Осы айтылғандар Ыбырайдың әдет - ғұрып,
салт - дәстүрді тәрбие саласының өзекті
мәселесі деп қарағандығының дәлелі.
Балалар мен жеткіншектерге эстетикалық
тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік
күшін ұлы Абай да жоғары бағалады. ( Эстетикалық
тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен,
өлеңдері мен қара сөздерінен Абай да
халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы
түсініп, оны жинауға атсалысты. " Ел
ішінен қолөнер бұйымдарын жинастырып
Семей музейіне тапсырады, маңайындағы
ақынға - жыршыларға халық арасынан кең
тараған жырларды қайта жырлауды, оларды
хатқа түсіруді жүктейді".
Абай өзінің педагогикалық идеялары мен
көркемдікке тәрбиелеу ой тұжырымдарын
өрбіте келіп, 27- ші қара сөзінде былай
деп атап айтады: Сократ пен Аристотельдің
пікірлері : "әуелі көзді" көрсін
деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі
көрікті нәрселердің көркінен қайтіп
ләззат алар едік Осы Абай қырық үшінші
қара сөзінде ары қарай толықтырады. "Ол
хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалынен,
ұнамсызы - ұнамсыз қалыппен, әрнесш өз
суретімен көзге тұседі. Жан қуатымен
адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең
күнде асады. Көп заманнан тексермесең,
тауыш алған өнерінің жоғалғандығын және
өзінің ол мезгілдерден бір басқа адам
боп кеткендігіңді білмей қаласың"
. ( Абай. Екі томдық шығармалар жиынтығы.
Абай өзінің шығармаларында эстетикалық
түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам
және т.б. Эстетикалық категорияларға
арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде
осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар
аз емес.
Балалардың эстетикаға әсерленуі туған
табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама
мен көріністерді жақсы түсінуге негіз
салады. Мектеп оқушыларына эстетикалық
тәрбие беруде мұғалімдердің алдыға қойылатын
күрделі міндетті, ол - окушылардың көрген
- білген заттарының, көркем нәрселерінің
сырын дұрыс аша отырып, сезімдерін оятумен
бірге ойлау, қиялдау сияқты қасиетінің
дамуына да жол ашу. Яғни адамнаң дүниені
эстетикалық мақсатымен де тығыз байланысты.
Осы орайда аса көрнекті совет педагогы
А.С. Макаренко : "... балаларымыз - еліміздің
келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің
қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу - біздің
көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз",
- деген . Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл
педагогикалық ұжымның қызметі болып
саналады. А.С. Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен
кербездік, сәнқойлық, тазалықты ғана
емес, әдемілікті, жүріс — тұрыс, сөйлеу
әсемдігін талап ете білді. Сондықтан
да олар өте ақ жарқын, сыпайы болып өсті.
Балалардың әдемілікке деген сезімін
қай жерде болмасын мектепте, ұйде, демалыста,
т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек. Мектепті,
кластарды, арнайы бөлмелерді эстетикалық
тұрғыда безендіргенде міндетті түрде
оларды қатыстырған жөн.
Бұл тұрғыда А.С. Макаренко кімді де болмасын
қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде
болған адамдар гүлдердің көптігін, жалтыраған
паркетті айналарды, асханадағы аппақ
жапқыштарды, бөлменің мінсіз тазалығын
таңдана әңгімелейді.
Педагогикалық қызметінің өн бойында
мектеп окушыларын тәрбиелеу және дамыту
проблемаларымен шұғылданған В.А.Сухомлинский
табиғаттың мектеп оқушыларын қалыптастыруда
алатын ролін өз практикасында ерекше
қолданған. Ол " Балаға жүрек жылуы"
атты кітабының " Табиғат кітабының
үш жүз беті" деп аталатын бөлімінде
балалардың эстетикалық сезімІн тәрбиелеуде
табиғаттың мүмкіншіліктерінде өз тәжірибесінде
ерекше орын берді. В.А.Сухамлинский сабақты
балалармен көбінесе табиғат аясында
өткізетін. Табиғатты әсемдікке тәрбиелеудің
құралы ретінде пайдаланып, қоршаған дүниенің
қасиеті мен сұлулығын таныта білді. Ол
туралы " Бала сұлулықты сезініп, оған
қуанатын болсын, оған бейнеленген образдар
оның жүрегімен зердесінде мәңгі сақталып
қалатын болсын. Әсемдік - адамгершіліктің,
ізгі сезімдердің, шын жүректі қарым -
қатынастың жаны мен тәні", - деп жазды.
Педагогика ғылымының практикасы мен
теориясына баға жетпес үлес қосқан ғалым
— ағартушы тәлімгер - ұстаз, балалардың
эстетикалық өмірлеріне белсенді араласқан
педагог Н.К.Крупская : "Көркемдікке
тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі
проблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің
көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі
қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде баланың
өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін
жеткізуіне, оның табиғи түрде ілгері
дамуына кедергі жасамау керек" -деп,
эстетикалық тәрбиенің міндетін анықтайды.
Ол 1931 жылы декабрьде " Правдада"
жариялаған мақаласын " Мектепте бейнелеу
өнеріне көңіл бөлінсін" деп атады.
Мұнда " Өнер орасан зор ұйымдастырушылық
ролы атқарады", - деп атап көрсетеді.
Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруда
көркемөнердің ролі орасан зор. Көркем
өнер дүниені образдың түрде бейнелеудің
және өзгертудің формасы ретінде өте күрделі,
жан - жақты құбылыс. Онда мектеп окушыларына
тікелей әсер ететін, бір - бірімен байланысты
тәрбиенің идеологиялық, адамгершілік,
эстетикалық жақтары бірлікте келеді.
Әрбір адам өнердің игілікті күшін бала
кезден бастап сезінді. Ол рухани жағынан
жетілуімізге ықпал етеді, жеке басты
және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің
шешімін табуға, тіпті кейде өмірден өз
орныңды табуға көмектеседі.
Педагогикада эстетикалық тәрбиені өнер
әдістері арқылы жүзеге асыратын болғандықтан,
" Көркем тәрбие" деп аталады. Ол тікелей
өнер шығармаларына көңіл аудара отырып,
баланың әдемілікті түсініп қабылдауын
талап етеді.
Эстетикалық тәрбие баланың жас кезеңдеріне
байланысты әр түрлі дамиды. Оның өзі баланың
белгілі нәрсеге әсерленуімен байланысты.
Кіші мектеп жасында баланың алғаш мектепке
баруы, одан алған әсері, оның көркемдік
әрекеттерін дұрыс түсініп ұғынуына түрткі
болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластъілығы
тұрақсыз болады, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен
танысу тіпті өнермен айналысу оны тез
атаймыз. Әрине, мінез - құлықты дербес
ғылым этика зерттейді, сонымен қатар
оны эстетика да қарастырады.
Егер этиканың негізгі ұғымы - жақсылық
болса, ал эстетиканыкі - сұлулық. Ізгілік,
жақсылық жасау - қоғамға пайда-келтіру
деген сөз. Егер еңбектен пайда мен сұлулықтың
тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан
жас ұрпақ әрекетінен, оның бет - бейнесінен
жақсылық пен сұлулықтың, яғни этикалық
және эстетикалық қасиеттердің сай келуін
қалыптастыруға тырысамыз. Олардың мінез
- құлқы неғұрлым қалтқысыз қалыптасса,
ол эстетикалың ләззат әкеледі. М.Горыкий
: " эстетика - бұл болашақтың этикасы"
- деп бекер айтпаған. Жасөспірімдер үлкендермен,
дос - жолдастарымен қарым - қатынаста
сыпайы, әдепті, байышты болулары абзал.
Осы қасиеттердің бәрі мектеп оқушыларына
эстетикалық тәрбие берудің негізгі көзі
болып табылады.
1.1. Эстетикалық
тәрбиенің мақсаты мен
Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың
бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай
кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын
қалыптастыру және, енбекте, коғамдық
іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды
сұлулық идеалдарын негіздеу.
Эстетикалық тәрбиенің
мақсаттары – балалардың шығармашылық
қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары
арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын
дамыту.
Эстетикалық тәрбиенің
міндетері:
- эстетикалық білімдерді қалыптастыру;
- эстетикалық мәдентиетке тәрбиелеу;
- ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени
мұраны игеру;
- шынайы қоршаған ортаға эстетикалық
қатынасты орнату;
- эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;
- адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі
әсемдікке баулу;
- өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық
заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту;
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру
процессінде оқушылар бойында өнердегі,
өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі,
мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік
пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық
дамиды. Осыған орай А.П.Чеховтың: «Адам
бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі
де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген
сөздерін еске сақтау абзал.
Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті
қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке
деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар,
идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы
қарастырылады.
Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға
катысуы бейнелеу өнері, ән-күй, хореография
сабақтары, шығармашылық бірлестіктер
мен студияларда жұмыс істеуі арқылы іске
асады.
Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары
тұтас педагогикалық процессте орын алып,
өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің
әр бір түрі басқа түрлерімен қатар жүргізіліл,
бірін бірі толықтырады, педагогикалық
процесс барысында өзара тәуелді болады.
Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру тәрбиесінің
байланысы денсаулық пен оқытудың өзара
тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді. Өйткені
оқушының денсаулығы неғұрлым мықты болса,
соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы
болады.
Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбиенің
бағыттарының барлығы жеке процесстердің
қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара
байланыскан, тұтас процесс ретінде қарастырылады,
себебі баладағы үйлесімділікті тек қана
үйлесімді әсер етумен қалыптастыруға
болады.
1.2. Жеткіншек шақ және оның ерекшеліктері
Педагогикалық тәжірибеде баланың
жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан
қалыптасуының жеткіншек шағы /10-15 жас/
ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың
тәртібі нашарлап, сабаққа үлгірімі төмендейді,
қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас
та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда
тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Жеткіншектердің
мінезіндегі мұңдай қылықтардың негізі
осы жастағы соматикалық және психикалық
дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез
өседі. Жеткіншек шақтағы бойдың өсуі
бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе
шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының
шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер
етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы,
еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың
өзінде де белгілі бір зандылықтар болады,
мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда
жылдам өседі де» ерекше ұзын сияқты болып
көрінеді. Бала денесінің өсуіндеп осындай
әркелкілік дененің басқа мүшелері мен
органдарында да көрініс береді, мысалы
сүйек етке қарағаңда тез өседі. Сүйектің
өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай
ауыратыны байқалады, денесі құрысып,
қатты мазасызданып, баланың берекесі
кетеді. Сонын әсерімен баланың мінезінде
ашушандық, қызбалық пайда болады.
Жүректің көлемінің
өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан
да қа жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке
болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық
тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы
да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды,
басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын
болады.
Бала жеткіншек шаққа өткен кезде оның
нерв жүйеснің құрылымы морфологиялық
жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі
қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне
және екінші сигналды жүйенің жетілуіне
бақьшау жасауды күшейтеді. Балалық жастан
өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді..
Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір
қалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара
байланысы мен өзара қарым-қатынасының
қайта құрылуына мәжбүр етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге
ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен
қарайды, жеткіншек өзің қоршаған әлемге
баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасьш
орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына
еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін
қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен
бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар
бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың
мінез-құлқын, қоғамдьгқ құбылыстарды
бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін,
өз дегенім болсын дейтін әдет табады.
Ол -айналадағының бәрінің сыншысы. Ол
өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін
де көргіш болады және сол үшін киналады.
Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады
және көңілін қалдырады.
Біз өз алдына
жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының
ішіндегі аса маңызды әрі ықпал ету күші
басымы -қоғамның алғашқы ұжымы болатын
– отбасы., бала оның ықпалын бәрінен бұрын,
тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай
кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы,
оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының
айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы
және олардың білім деңгейі баланың өмірлік
жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін
саналы және мақсатты тәрбиемен қатар,
отбасының жағдайы да ықпал етеді және
бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың
тұлғалық қалыптасуында көрініс табады.
Жеткіншек өтпелі кезеңнің ең басты процесінін
бірі — жеткіншектің өз ата-аналарымен,
мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен,
құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша
өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасыңда
қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта
бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін
немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жеткіншек
үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің
деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта
бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.
Өз құрбыларымен
қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің
орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол
баланың бойында 4-5 жасында басталады
да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына
дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті
мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының
кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді.
Жеткіншекдердің мінез-құлықтары мен
іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық-топтық
болып табылады.
Жеткіншектерді
өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады,
бұл жастағылардың қажеттілігі – өздерінің
айналадағы адамдарға деген қарым-қатындсын,
әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік
басқа адамдармен карым-қатынастары қанағаттандырады.
Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет
пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет
жасөспірімнің аддына адамзаттық қарым-қатынастардың,
мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай
да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір
кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің
сезімдері мен құмарлық-құштарлықтарының
дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка
— адамның сезімдерінің әміршісі. Оның
тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті.
Сондықтан да жеткіншекдердің тындайтын
музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жеткіншектер қоғамдық-өндірістік еңбекке
қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық
өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді.
Білім жеткіншек үшін еңбектің бастысы
болып табылады. Өкінішке орай, кейбір
жеткіншекдердің оқу пәндеріне деген
ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ
үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің
әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен
жеткіншекдерге тән.
Жеткіншек өзіне дос болатын адамды өз
ұжымындағы жолдастарының арасынан табады.
Жеткіншектін досы – ол тек бірге ойнайтын,
жанжалдасып қалдтын, татуласатын, бірге
сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол –
жеткіншектің екінші өзі, ол оның ойын
білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің
куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы.
Ал жеткіншек шактың орта тұсында қыз
балалардың бойында ер балалар арасынан,
ер балалардың бойында қыз балалар арасынан
дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша,
ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы
достық қалыптасады, осыдан келіп жастық
шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.
Жеткіншектермен
жұмыстағы негізгі педагогикалық идея:
іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай
жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі
сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын
қалыптастыру; мінез-құлқы мен рухани
дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады.
Жеткіншектер тәрбиесі, бірінші кезекте,
олардың физиологиялық дамуына байланысты
белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл
олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне
ықпал етеді. Жеткіншектердің физиологиялық
даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің
баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы
ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен
жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс
ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы
жағдайы арқылы жеткіншектің жеке тұлғасын
қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың
шамасы жетеді.
Демек, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін
жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің
мектептегі және мектептен тыс кездегі
балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп,
қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық
ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген
қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып
табылады. Жеткіншектер өмірінде, әсіресе,
9 сыныпта, яғни, толық орта білім алу жолына
тандау жасайтын кезде, олардың бойында
әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің
ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы
пайда болады.