Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 09:49, реферат
Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз ата-бабаларының ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған, бала тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта, сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына асқаралы мақсат қойылып, келелі міндеттер жүктеген, болашақ –ел қамқоры, Отан қорғаушысы, шаңырақ иесі, өмір гүлі деп бар жақсысын баласына арнаған. Халықтың өмірлік тәжірибеден түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары мен тұжырымдары, ұқыптылықпен жинаған әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, даналық асыл ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып қалыптасқан
Халық педагогикасы – тәрбие құралы.
Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз
ата-бабаларының ғасырлар бойы жинақталған
өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын
жас ұрпақты тәрбиелеуде
Халық дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты соның жолына бағыштап, көркемсөзге, өлеңге, әнге, күйге қосып, неше түрлі қызықты ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, әңгімелер шығарып, оларды күнделікті тәрбиеде пайдаланып отырған. Сан ғасырдан бері жинақталған ойшылдардың, даналардың, шешендердің, ел бастаған көсемдердің, ұстаздардың педагогикалық идеялары халықтың өмір-тіршілігімен, кәсібімен, ұлттық тәрбие дәстүрімен қоғамнан қоғамға жалғасып, дамып, ұрпақтап-ұрпаққа ауысып отырған.
Халық педагогикасының қайнар бұлағы – ауыз әдебиеті (фольклорлық шығармалар) үлгілері. Адамдык принциптерге негізделген шығармалар – ертегілер, эпостық жырлар, ақыедар айтысы,аңыз-әңгімелер, өлең-жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер – жас ұрпақты адамгершілікке (отаншылдыққа, бауырмашылдыққа, жолдастыққа, достыққа, кішіпейілділкке, сыпайылыққа, үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге) тәрбиелеу, ақыл-ой санасын дамыту, дене тәрбиесі (мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру, денсаулығын нығайту), еңбек тәрбиесі (күнделікті тұрмыс-тіршілік, мал, егін шаруашылығы, аңшылыққа баулу), эстетикалық (қолөнері, жан және тән сұлулығы), т.б. тәрбиесін жүзеге асыруға бағытталған. Бұл жөнінде кемеңгер жазушы М. О. Әуезов: «Табиғатты баурап алғанша адам қиялымен танып меңгеріп, оған өз ықпалын жүргізуді арман еткен. Ол ертегі, аңыз-әңгімелер түрінде тараған. Ертегілерде қоғамдық тартыс та, күштілердің көпшілікке көрсеткен қиянаты, зорлық-зомбылығы да, халықтың әділет, арман туралы ұғым-нанымы түгел жинақталған. Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, адамгершілік гуманизмді халықтың қанатты үміті – оптимизмді, сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау арманын, әдет-ғұрпын көреміз...» - деп, жас ұрпақты тәрбиелеудегу ауыз әдебиетінің орнын жоғары бағалаған. Өйткені халықтың тәрбие дәстүрі ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, ән, күй, музыкалық ойындар, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, күрес, алтыбақан, қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, өнер сайыстары, атжарыс фольклорлық шығармалар арқылы көрініс тауып отырған. Ұлағатты тәрбиелік мәні бар мінез-құлық ережелері сипатындағы сөздері: «Аяғыңды көкке көтерме», «Үйге қарай жүгірме», «Қолыңды төбеңе қойма», «Малды басқа ұрма», «Малды теппе», «Мал сүйегін отқа жақпа», «Ақты төкпе», «Нанды лақтырма», «Қолыңмен жер таянба», !ұрлық жасама, өтірік айтпа», «Адамды саусақпен санама», «Есікті керме», «»Ақ төгілген жерді баспа», «Малға теріс мінбе», «Ысқырма», «Нанды баспа», «Нанның уағын тастама», «Нанды бір қолмен үзбе», «Пышақты жалама», т.б. – тәрбие тағылымы, моральдық ережелер. Бұлар – нағыз педагогика! Бұлардың бәрі баланың бойына нәрестелік, бөбектік, сәбилік кезеңнен-ақ дарытып сіңіретін халық педагогикасы.
Жас ұрпақты намысшылдыққа («Жаным арманымның садағасы»), ерлікке отаншылдыққа («Ержігіт ел үшін туады, елі үшін өледі»), жақсылыққа («жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші»), кішіпейілділікке («Кішіпейілділіктен кішіреймейді»), бауырмашылыққа, білімпаздыққа, ақылдылыққа («Ақыл азбайды, білім тозбайды»), өткір тілді шешендікке («Шешеннің тілі– ортақ, шебердің қолы – ортақ»), әдептілікке («Алты күн аш болсаң да, атаңның әдебін сақта»), тазалыққа («Тазалық – саулық кепілі»), еңбекке («Еңбек түбі – береке»), өнерлі, шебер болуға («Шебердің байлығы қолында»), өнерліні құрмет тұтуға, туған жер табиғатын, ерлік дәстүрін сүюге тәрбиелейді.
Қазақ ақын-жырауларының шығармаларынан
халықтың салт-санасын, ой-өрісін, мақсатын,
талап-тілегін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін,
болашақ өрендерге айтар
Адам бойындағы сапалы адамгершілік қасиеттерді жаман әдет, жат мінез-құлықтарға қарсы қоя отырып, жамандықтан жиренуге баулиды. Жастарға тіл мәдениетін үйретіп, шығармашылыққа тәрбиелеуде қанатты, асыл, көркем сөздердің ықпалы ерекше тиімді. Қазақ халқы салт-дәстүрлерге бай, атап айтсақ:
Дәстүр дегеніміздің өзі жалпы халықтың ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып отыратын, қалыптасқан озық салты мен әдет-ғұрпының жиынтығы. Оның ықпалдылығы, адамдардың қоғамдық психологиясына, күнделікті тіршілігіне енуінде. Әрбір ұрпақтың өмір тәжірибесінде екшеленген идеяларының, сұрыпталған моральдық ережелері мен нормаларының жыл озған сайын үстемеленіп, дамып отыруында.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ерекшелігі мен қасиеті тәрбиелік әсер-ықпалы да осы өміршеңдігінде, жаңа дәстүрлердің туып, дамып, қалыптасып, тәрбие құралы ретінде ке»інгі мұра бошлып қала беруінде.
Қазақ халқының салт-санасында ата-ананың арман тілегі ерекше көрініс тапқан, бірақ бұл асыл қазыналар тоқырау кезінде нағыз тәрбие құралы бола алған жоқ, қайта жыл озған сайын тәрбиеден шеттеп шығып қалып отырды.
Тоқырау кезеңінде бірыңғай мәдениет жасаймыз деп ұлт мәдениеті, ұлт тілі, ұлі өнері атаулыдан безіп, халқымыздың тарихы мен мәдени, әдеби, музыкалық мұраларын өз ана тілінде оқып, тыңдап, түсініп, тәлім-тәрбие ала білмейтін, өз ұлтының ізгі дәстүрін ұмытқан жеңіл-желпі даңғыра әуенге әуес, өз халқының тілі мен өнеріне, болашағына немқұрайлы қарайтын, адамгершілік сапасы, эстетикалық мәдениеті төмен, рухани дүние жүдеу талғамсыз ұрпақты тәрбиеледі. Ендігі жерде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе беріліп, егеменділікке ие болуымызбен қатар халқымыздың тарихын, әдет-ғұрпы мен рухани мұраларын қастерлеп, күнделікті өмірде тәрбие тағылым құралы ретінде кеңінен тәрбиелеп, жас ұрпақты халықтық педагогика салтымен тәрбиелеу қажеттігі туды. Бұл біздің тәрбие саласында жіберген олқылықтарымыздың орнын бірте-бірте толтыруға, жас ұрпақты жаңаша түлетуге мүмкіндік берді.
Қазақ дәстүрінде баланы әлдилеу, жұбату ойнату, тәрбиелеу үстінде оның алдына неше алуан тілек-мақсат қою өлеңмен, жырмен, әнмен, көркемсөз айшықтарымен айтылған. Мектеп жасына дейінгі балалар ата-анасының, апа-ағаларының оқып беруі бойынша сәбилік шақтан-ақ халық ауыз әдебиетімен таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар, жан-жануарлар айтысы, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаш сөздер, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер – бәріде баланы қызықтырып, оларды қуынышқа бөлейді. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөздік қорын байытып бірден-бір мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра береді. Тек бұл емес халықтық шығармалардың ішіндегі әр жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі ән, қисын, жақсы ұйқас – бәрі де балаларға әсер беріп, ойын шыңдап отырады.
Бөбектің алғаш тыңдайтын өлеңі – «Бесік жыры» - балаға деген махаббаттан, болашақ ел азаматы болсын деген тілектен туған ойлар. Халық тәрбиесі бала жас кезінен бастап көпшіл, ынтымақшыл, үлкенге сый-құрмет көрсете білетін өнегелі адам болуын көздеді және баладан адамгершілік қасиетті талап етті. Алақаны ашық, қолы кең береке иесі болсын, жұдырығын түйген сұм болмасын дегенді баланың бойына сәби шақтан сіңіруге тырысқан. Ата-ана өз баласын халыққа жан-жақты өнерімен, біліктілігімен, игілікті ісімен қызмет етіп танылса екен деп армандап, ол ізгі ойын бесік жырына қосты, жас нәрестенің болашағына үміт артты.
Поэзия мен әуен үндестігінен туған әннің, бесік жырының тәрбиелік ролін халық ертеден-ақ бағалай білген. Өйткені ән-жыр қай заманда да халықтың асыл арманы мен тілегін айқын бейнелеп, оны адам сезіміне дыбыстар жүйесі арқылы жеткізіп келген.
Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын жырға, әнге қосқан. Атап айтсақ: «Шілдехана», «Қырқынанан шығару», «Бесік тойы», «Тұсау кесу», «Атқа міну», т.б. тойлармен қатар қыз ұзату, келін түсіру уақиғаларының бәрі де көркемсөзбен, әнмен үндесіп отырған. Атап айтсақ: «Бөбек», «Қаз-қаз», «Тәй-тәй», «Ақ білек», «Бөпем-ай», «Әлди, бөпем», т.б. әні бар өлеңдердің әуені мейірімге, махаббатқа, жылы сезімге, жұмсақ үнге толы, бірқалыпты ырғағы бесіктің тербелуіне сай құрылған. Жалпы қазақтың халық әндерінің негізгі ерекшелігі оның әуенінің әуезділігінде, ырғағы мен формасында, терең де ашық-жарқын, жайдары, кең сарынды сазында (Б.Г.Ерзакович, А.Жұбанов). Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, жан-жүйкені қозғайды, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Олардың қатарына отбасындағы мораль тақырыбына арналған өлеңдер, әндер, яғни ата-ананың баласына, баланың ата-анасына, іні-қарындастарына, туған туыстарына, үлкендерге деген қарым-қатынасы туралы, үй-ішіндегі ер адамның әйеліне, қызына, қарындасына, өзге жандарға деген қатынасы туралы шығармалар жатады. Әдетте, ата-ана балаға мейірімді де қамқор. Ата-ананың бұл мейірімінің көрінісі әр шаңырақтың балаларына жақсы ниетпен ұйымдастырған салтанатынан, тәрбие шараларынан көрініс табады.
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениеті ән, күй шығармаларынан айқын да терең байқалады. Бұл шығармалар қай заманда да халықтың талап-тілегімен, асыл арманына үндес дыбыстардың жүйесі арқылы әсер етіп, адамның жан-жүйесіне қозғау салған. Кейде халық қайғылы, қуанышты оқиғаларды, ақыл-кеңестерді әнмен, күймен, өлеңмен, жұмбақпен хабарлап білдірген. Олар – сүйінші, естірту, жоқтау, тойбастар, беташар, т.б. бұлар хабаршы ролін де атқарған. Халық әндері өзінің пайдалану аясына қарай әлеуметтік, тарихи, лирикалық, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып немесе еңбек тақырыбына арналған.
Халық балаға табиғат тамашаларын танытса да, еңбекке баулыса да, өмір сүруінің негізгі көзі, сарқылмас бұлағы болған төрт түлік малды ән-жырға қосқан. Оларға арнап әндер, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақ және өтірік өлеңдер, қанатты сөздер, ертегілер, музыкалық ойындар шығарып, күнделікті бала тәрбиесінде қолданған. Осы құралдар арқылы баланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған. Халық өлеңдері мен жырлары, әндері балаларды шаруашылықпен, табиғат әсемдігімен, кең даладағы гулеген жел мен құстардың сан алуан дыбыстарымен, түрлі көбелек, шыбын-шіркейлердің ызыңымен, жабайы аңдардың, үй жануарлардың үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын өсірген.
Балалар мал бағу ісінде де үлкендерге көмекші бола жүріп, қозы-лақтың маңырауын, бие мен құлынның кісінеуін, сиыр мен бұзаудың мөңіреуін тыңдап, күн ұзағында таза ауада табиғатпен төл өскен. Төрт түлікті бағып-қағу, баптау барысында табиғаттың сан қилы құбылыстарын, дала мекендеушілерінің қимыл-әрекеттерін, тіршілігін бақылап, олардың өмір сүру тәсілдерін танып білген. Көк жүзінде қалықтап ұшқан құстарды, кең далада жөңкіле көшкен аңдарды, көк аспанда ақ мақтадай қалықтаған бұлттарды, олардың таң қаларлық көріністерін қызықтаған. Бірде олар бала қиялында бұлт арасынан шыға келер үлкен құбыжықты елестетсе, бірде үстінде оқ өтпес сауыты, қолында қалқаны бар, үшкір найзалы қол бастаған батырды көреді. Бірде бұлтты нарға, желмаяға ұқсатса, бірде «ай десе аузы, күн десе көзі бар» сұлуға ұқсатады. Бала қиялында айнала қоршаған дүние, тау-тас бірде арыстанға, бірде жолбарысқа, бірде «жеке батырға», кейде «жұмбақ тасқа», кейде «жалмауыз кемпірге» ұқсап, солай қабылданған. Бұл көріністер баланың ой-арманын өсіріп, қиялын ұштай түскен.
Ерте заманда қазақ халқы өзінің көшіп-қонып жүруіне байланысты тек қана мал шаруашылығын кәсіп еткен. Сондықтан баланы жұбатса да, ойнатса да, еркелетіп сүйсе де немесе оның жақсы қасиеттерін бағаласа да малдың көркем тұлғасы мен сүйкімді қылығына теңеген. Баласын жақсы көргенде «қошақаным», «құлыным», «ботам», «ботагөзім», «ақ маралым», «ақ тайлағым», «ақ тоқтым», «марқа қозым» деп еркелетіп, дүниеге келген сәбилерге Серке, Танагөз, Ақтоты, Қозы Көрпеш, Ботагөз, Ақмарал, Марқа, Тайлақ деп те ат қойған. Бұл дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Халық өлеңдерінде баланы жас кезінен есепке баулып, аз бен көпті айырып, санай білуге үйретуге көп көңіл бөлген: «Оным-он, он бірім не, соны тапшы, Ай-күнім!» - деп әдейі бір санды әлденеше рет қайталап айтқызу арқылы оны тез есте сақтап, жаттап алуға ыңғайлы етіп, сондай-ақ жұмбақтың шешімінде де, осы сандар қайталанып айтылатындай етіп, асқан шеберлікпен, ұтымды әдіспен құраған. Жас баланың әңгімеге әуестенуі тілі жаңа шыға бастаған кезден-ақ басталады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды ойнату, жұбату, айналасында болып жатқан оқиғалармен таныстыру үшін айтылатын ауыз әдебиетінде алуан түрлі өлеңдер, ертегілер. Әңгімелер бар.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде көркем әдебиет туындыларын, озық дәстүрлерді тәрбие құралы ретінде пайдалану үшін тәрбие бағдарламасына енгізу мәселесі Қазақстанда алғашқы балалар мекемелері ашылған кезеңнен қолға алынған болатын, әйтсе де өз дәрежесінде көрініс тауып, нағыз тәрбие құралы бола алмады.
Күнделікті өмірде ұстанып, әдетке айналдыратын Ұлттық дәстүрлеріміз: бұл келіннің аяғы ауырлауы – үй іші үшін, енесі үшін зор қуаныш. Ене алдын ала той дәмге ауыл әйелдерін, көрші-қолаңдарын шақырады. Бұл тойды құрсақ шашу деп атайды. Тойға келген әйелдер келінге сый-сияпат көрсетіп, шашу шашады. Құрсақ тойы үстінде, дастарқан басында нәресте көтеру, ана болу бақыт екенін, отбасындағы бала тәрбиесі, ананың орны, баланы бағып-күтудің қиындығы, жауапкершілігі, өз тәжірибелері туралы әңгіме болады. Олардың жақсы тілегі мен ниетін естіп, болашақ ана қуанышқа бөленеді.
Келіннің толғағы басталғанда болатын жоралғы – жарысқазан деп аталады. Жиналған әйелдер адыраспанды тұтатып, келіннің басынан айналдырып аластайды, ененің сандығы ашылып, сақтаған құрт-майы, кәмпит-шайы шашылады, сыбағасы асылады. Бұл жоралғы перзент дүниеге дәмнің пісуімен келсін деген ниетпен істеледі.
Шілдехана. Нәресте дүниеге келген күні қалжа үшін қой сойылады. Қойдың етін жеп, 40 күн бойы қалжаланып, жел-суға тигізбей күтіледі. Қалжаға сойылған малдың мойын-омыртқасын таза мүжіп, керегенің басына іліп қояды (баланың мойны тез қатайсын деген ниетпен). Баланың кіндігін кескен адам кіндік шеше болады. Ол – өмір бойы балаға қамқоршы, баланы анасынан кем көрмейтін адам.кіндік шеше өз қолынан пішіп-тігіп, балаға «ит көйлек» кигізеді. Оны бала қырқынан шыққан күні шешеді.
Нәрестеге 40 күн толғанда қырқынан шығару дәстүрі жасалады (40 қасық суға 40 теңге-тиын) салып шомылдыру, қарын шашын, сүт тырнағын алу). Баланың ата-анасы қырқынан шығарған адамға көйлек не орамал сыйлайды.
Балаға ат қою. Қазақ халқы 40 күн өткен соң балаға «азан шақыры» ат қояды. Оның мәні — ат қоюшы нәрестені қолына алып, оң және сол қулағына атын атап, (мысалы «Сенің атың — Дана» деп) үш рет айқайлайды. Ат қою құрметі ең сыйлы аталарына, әжелеріне, нағашыларына тиеді.