Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:49, курсовая работа
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
4. Сыныптан тыс жұмыстар.
5. Тәртіп.
6. Салауатты өмір салты. (П.Иванов жүйесі).
Спорт жарыстарына қатысуға дайындық басты мақсаты болып саналатын спорт сабақтары спорттық жаттықтыру деп аталады. Жаттықтыру сөзі ағылшынның (тренировка) «train» сөзінен шыққан, яғни, үйрену, жаттығу, тәрбиелеу деген мағынаны береді. Жаттықтыру мақсаты – дайындалушының белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетін жетілдіру болып табылады. Спорттық жаттықтыру – бұл жарысқа қатысуға дайындалу мақсатында психиканың кейбір жақтарын дамыту мен іс-әрекет қабілетін дамытуды ең биік деңгейге жеткізуге, таңдаған спорт түрінің әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталған спорт сабақтарының бір түрі.
Спорт жаттықтыруларында дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы міндеттер толық орындалады. Алайда онда бұл міндеттердің әрқайсысы оның биік спорт нәтижелеріне жету мен жарыстарда жеңу сияқты мақсаттарына жетуді қамтамассыз ететін сипатқа ие болады.
Спорт жаттықтыруы спортшының жарысқа қатысуға дайындығын қамтамассыз ететін бір ғана фактор болып табылады. Спортшының жарысқа қатысуына дайындығын қамтамассыз ететін шаралар кешенін спорт дайындығы деп атайды. Ол дене, тәсілдік, тактикалық, теориялық және психологиялық тәрізді сәйкес дайындық түрлерін жүзеге асыруды немесе дайындық: түрлерін қамтамассыз етуді қарастырады. Дене дайындығы - ағзаның вегетативті қызметін, тұлғаның іс-әрекет сапасы мен пішінін, сондай-ақ адамның игерген іс-әрекет дағдысының байлығын дамыту деңгейімен сипатталады. Тәсілдік дайындық - таңдаған спорт түрі барысында іс-әрекетті орындауды жетілдіру деңгейімен сипатталады. Тактикалық дайындық спорт жекпе-жегінің жағдайлары мен талаптарына сай мінез-құлықты, қимыл мен іс-әрекетті өзгерту қабілеттілігімен сипатталады. Теориялық дайындық таңдаған спорт жарыстарына қатысу сабақтарының табыстылығы үшін қажетті алынған білімдер көлемімен сипатталады. Психологиялық дайындық-адамның спорт жаттықтыру мен жарыстардағы табысын айқындайтын интелектуалдық, ерік пен көңіл-күй жақтарының дамуымен және жағдайымен сипатталады.
Спорт дайындығының аталған барлық түрлері өзара бірлік пен байланыста көрінеді, бірақ олардың әрқайсының айырмашылығы спорттық мамандандырылу пәніне байланысты болады. Мысалы, гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда, суға секіру мен басқа да спорт түрлерінде басты міндет тәсілдік міндет, яғни қимыл өнерін меңгеру болып табылады, ал ауыр атлетика мен түрлі қашықтықтарға жүгіруде дене дайындығы (сәйкес қимыл сапасын дамыту), спорт ойындары мен бірсайыс тәрізді спорт түрлерінде тәсілдік-тактикалық дайындық басты міндет болып саналады т.б. аталған дайындық түрлерінің маңызы мен қарым-қатынасы жаттықтыру кезеңіне, дайындық деңгейіне, спортшының мамандығына сәйкес өзгеріп отырады.
Дене тәрбиесі және спорт сабақтары әсерінен пайда болатын және қимыл-қозғалыс көрсеткіштерін жақсартуда көрінетін ағзадағы өзгерістер жаттықтырылу жағдайы ретінде анықталады. Спорт сабақтарындағы жаттықтырылудың жоғарғы деңгейі спорт пішіні деп аталады.
Спорттық
пішін белгілі бір спорт
Жаттығуға қойылған талаптар ағзаның икемделіп, бейімделуінен туындайды, яғни ағзаның жаттығуы нәтижесі жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Адамның жаттығуы шексіз жүйелі жаттығулар нәтижесінде адам кейде өз қозғалыс мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайта алады.
Сабақтардағы дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық принциптерінің бұзылуы кері әсерлерге әкелуі мүмкін, кейде жүйелі жаттығулар нәтижесінде ағзада болатын ілгерішіл өзгерістердің күрт бұзылуымен көрінетін артық жаттықтырылу жағдайы туындайды.
Дене тәрбиесі
мен спорттың педагогикалық принциптерін
сақтаған жағдайда бірдей түрдегі спорт
сабақтарындағы жаттықтыруды дамытудағы
ілгерлеушілік орындалатын
Дене
тәрбиесі мен спорт
мен әдістер туралы түсінік
Құралдар
тек сабақ барысында
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құралдары мен әдістері ажырамас бірлікте болады.
Барлық жаттығулар қозғалыс құрылымы бойынша айналымдық және айналымдық емес болып бөлінеді. Айналымдық деп, белгілі бір қимыл топтамасы барлық іс-әрекет барысында дерлік түгелдей қайталанып отыратын дене жаттығуларын айтамыз (мысалы, жүгіру, жүру, жүзу, ескек елу, шаңғы тебу, коньки тебу). Айналымдық емес деп қимыл түрлері қайталанбайтын дене жаттығуларын айтамыз (секіру, лақтыру бокс, күрес, ойындар, семсерлесу, т.б.). Аталған әр бөлімдер топтар мен шағын топтарға бөлінеді (2-сурет).
Бұдан бұрын да айтылғандай дене жаттығуларын негізгі төрт топқа бөлеміз: 1) спорт жаттығулары; 2) гимнастикалық жаттығулар; 3) ойындар; 4) туристік шаралар. Спорт жаттығулары, бұл – дене дайындығы дәрежесімен, қимыл өнерін меңгеруімен, психиканың кей жақтарын дамытумен жарыс пәні ретінде көрінетін қимыл іс-әрекеті. Гимнастикалық жаттығулары еңбек, әскери, спорт және табыну іс-әрекеттері мен солардың үйлесуінен құралады. Ойындар ойыншыларды ролдерге, олардың орындайтын қимыл-қозғалыстарына бөлуді анықтайтын фабуламен сипатталады. Туристік шаралар (серуен, экскурсия, жорық және саяхат) қозғалыстың белсенді құралдарымен елді мекендері аз жерде орындалады.
Дене жаттығуларын олардың көмегімен қандай тапсырмалар орындалатынына қарай мынандай топтарға бөлуге болады: 1) реттік; 2) дайындық, 3) жүргізілетін; 4) кіріспе; 5) сымбат; 6) тәрбиелік.
Реттік дене жаттығулары деп - дайындалушыларды ұйымдастыруға, оларды сапқа тұрғызуға арналған жаттығуларды айтамыз. Дайындық дене жаттығулары тірек-қимыл аппараты мен қимыл сапаларын дамыту үшін қолданылады. Дене жаттығуларының бұл түрі өз ішінде қимыл сапасына, яғни оның әсер ету мүмкіндігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді (күшті, тездікті, төзімділікті, т.б. дамытуға арналған жаттығулар). Дайындық жаттығуларына тыныс алу жаттығулары да жатады. Жүргізілетін жаттығулар үйреніп жатқан қимыл туралы бейне қалыптастыру, оның құрылымын меңгеруді жеңілдету қатені дұрыстау тактикалық дағдыны игеру үшін пайдаланылады. Кіріспе жаттығулары белсенді демалыс және сабаққа қызығушылығын арттыру үшін қолданылады. Сымбат жаттығулары дене кемшілігін дұрыстау үшін жүргізіледі. Тәрбиелік жаттығулар көмегімен белгілі бір мінез-құлық сипатына, психикалық процестерге ықпал ету үшін қолданылады (мысалы, батылдыққа шешімталдыққа, аптықпауға, байқампаздыққа, есте ұстау мен зейінге).
Дене жаттығуларының бұлай болу оқытушы мен оқушының дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы кез-келген тапсырманы орындау үшін қолданылуы мүмкін. Өзіне тән қимыл іс-әрекеттерін білуі үшін қажет. Алайда дене жаттығуларын аталған топтарға бөлуді оларды жіктеуге талаптану деп қарастыру дұрыс емес, себебі дене тәрбиесінің ешқандай да қимыл құралдарын тек бір ғана топқа жатқызып қоюға болмайды. Дене жаттығуларының көпшілігі дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық тапсырмаларын орындауға арналған.
Жаттығу (дене
тәрбиесі мен спорт сабақтарының
әдісі ретінде) – бұл нақты
тапсырмаларды орындауға
Олардың мағынасына қарай (үлкен немесе кіші міндеттерді атқару мүмкіндігіне қарай) жаттығуларды (әдістерді) екі топқа бөлеміз: негізгі және көмекші. Негізгі әдістерге дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық міндеттерін орындайтын, ал көмекші жаттығуларда дене жаттығуларын үйретуде ғана қолданылатын жаттығулар жатады.
Қолдану аясының белгілеріне қарай жаттығу әдістері пайдаланылатын айналымдық және айналымдық емес дене жаттығуларына бөлінеді.
Негізгі әдістер жұмыс сипатына қарай үздіксіз және интервалды болып бөлінеді. Үздіксіз жаттығулар (әдістер) ұзақ уақыт ішінде орташа қарқынмен белгілі бір қимылды орындау арқылы жасалады (мысалы, 800м-ге жүгіруге дайындалған спортшы үшін – 3-5 км-ге біркелкі жылдамдықпен тоқтамай жүгіру). Үздіксіз жаттығулар негізінен айналымдық спорт түрлерінде, сондай-ақ қимыл ұзақтығы белгіленген уақытпен шектелетін айналымдық емес түрлерінде де қолданылады (мысалы, бокста, күресте, спорт ойындарының көпшілігінде). Спорттың айналымдық емес түрлерінде үздіксіз жаттығулар құрылымы бойынша өзгеретін немесе өзгермей орындалатын спорт жаттығуларын бүтіндей немесе оның жеке топтарын демалыссыз орындау арқылы жүзеге асырылады (мысалы, бокстағы қапты ұру топтама жаттығулары, футболшылар мен баскетболшылардың допты алып жүру жаттығулары). Үздіксіз жаттығуларда сабақтан сабаққа жаттығу көлемі бірте-бірте ұлғая береді.
Интервалды жаттығулар қимылдарды үзбей орындауды қарқындылықпен игеріп немесе түрлі ұзақтық пен үзіп-үзіп орындау арқылы құрылады.
Жоғарыда аталған жағдайлардың өзгеруіне қарай бұл әдіс кезекті жаттығулар және қайталау жаттығулары деп екіге бөлінеді.
Кезекті жаттығулар қимылды орындау күшін бірте-бірте өзгерту арқылы (кезекпен) орындалады (3-сурет). Бұл әдіс айналымдық және айналымдық емес спорт түрінде қолданылады, яғни үздіксіз жаттығулармен қатар қолданылады (бокс, күрес, спорт ойныдары). Спорттың айналымдық емес түрлерінде кезекті жаттығулар түрлі қарқындағы үздіксіз қимыл түрінде орындалады (өзгермелі).
1 Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады
2 Қашықтықты тең түрде әрі тез, әрі баяу бағындыру
3 Қашықтықтың көп бөлігі тез, азы, баяу бағындырылады
4 Тез бастау қимылды баяулатумен аяқталады, сосын жылдамдық артады, ол қашықтықты тез өтумен аяқталады
5 Қашықтықты қысқа, бөліктерде баяу өтумен жылдамдықты бірнеше дүркін өзгерту
6 Жаттыққан қашықтықты тез өтіп, қанша спортшы ырғақты ұстап тұра алады, сосын қалған қашықтық бөлігін баяу аяқтау
3-сурет. Спорттың айналымдық түріндегі кезекті жаттығулар нұсқасы
Қайталау жаттығулары бір
Дене жаттығуларының айналымдық емес түрлерінде қайталау әдісі жаттығу пәнінің өзгермеуін нақтаумен немесе жаттығу пәнін өзгертумен орындалады. Жаттығулар бір сызықпен немесе дәлдеумен орындалады. Дәлдеу әдісінің түрі шеңбер әдісі болып табылады. Қайталау әдісінің бір сызықты түрінде жаттығу спорт жаттығуының түрлі тәсілдік жүйеліктерін немесе оның тактикалық түрлерін меңгеру үшін түрлі қимыл сапаларын бірізді әсер етуі үшін бір шеңбермен жүргізіледі. Қайталау әдісінің дәлдеу немесе шеңбер нұсқасында жаттығу бірнеше «шеңберде» орындалады. Көптеген зерттеушілердің (С.П. Белиц-Гейман мен Г.Ф. Полевой-теннисте, Ю.В. Куншир-жүзуде, Е.М. Чумаков-күресте) мәліметтері бойынша сызықты әдіске қарағанда дәлдік әдісі тиімді деп есептеледі. Шеңбер әдісі түрлі дене жаттығуларын бағдарланған ретпен және олардың әрқайсысын қарқынды қайталаумен бірізді орындауға құрылған (5-сурет).
Бұнда қимыл сипаты, жаттығудың қарқындылығы мен көлемі сабақ міндетіне байланысты анықталады. Бұл әдіс бойынша жаттығулар қатарына тапсырманы алдын-ала үйреніп және оқушылардың ең жоғарғы мүмкіндіктерін анықтағаннан кейін ғана кірісе алады. 4-6 аптадан соң әр жаттығу бойынша оқушылардың ең жоғарғы мүмкіндіктерін анықтау үшін бақылау жүргізіледі. Тапсырма реті кезеңімен ауысып тұрады.
Үздіксіз, қайталау және кезекті жаттығулар «таза» күйінде бір-бірімен үйлесіп те қолданыла береді. Ең көп тараған үйлесімді қайталау кезекті жаттығулар болып табылады.
Таңдаған спорт түріне, сабақ кезеңі, орындалатын тапсырмалар, оқушылардың жағдайына қарай аталған жаттығу әдістерінің біріне немесе олардың түрлі үйлесімдеріне таңдау жасалады. Олар бір немесе бірнеше аралас сабақтар барысында белгілі бірізділікпен кезектесіп отырады.
Жаттығулардың негізгі әдістері академиялық және ойындық жарыстар түрінде орындалады. Академиялық түр ең бастысы орындалатын жаттығулар түрінде, олардың құрылымдарын қатаң сақтай отырып, оқушы зейінін аударумен сипатталады, ал ойындық (жарыстық) түріне сюжеттік ендіріледі, нақты қимыл тапсырмалары мен оған қол жеткізу көрсеткіштері анықталады. Ойын әдісі дегенде жарыстың ұйымдастырылуын немесе ойынды тура мағынасында түсінген жөн емес ол берілген тапсырмаларды шешуге көмектесетін қосымша екпінді іздеуге бағытталған. Дене жаттығулары бүтіндей және оның жекелеген жүйеліктері оқытылады, ал қимыл сапасын дамытуға арналған жаттығулар жарыс түрінде орындалады. Жарыстар оқытушының немесе оқушылардың өздері ұсынған өндірістік ережелер бойынша орындалады. Бұл әдіс үшін түрлі снарядтар мен ойын жаттығуларының аспаптарын пайдалану сипатына тән. Жарыстық әдіс оқушыға үлкен қимыл. Еркіндігін береді, олардың қызығушылығын арттырады, қимыл түрлерін іздеуде бастама көтеруге мүмкіндік береді. Жаттығуларды үлкен көлемде және үлкен қарқынмен орындауға жол ашып, спорт тәсілдерін тез әрі жетік меңгеруге, ағзаның қызмет мүмкіндіктерін дамытуға жәрдем береді. Бірсайыс сияқты спорт түрлері сабақтарында немесе спорт ойындарында жарыстық әдіс негізгі болып табылады.