Дене шыныктыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 12:17, реферат

Описание работы

Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
3. Тәрбиелік міндеттер – мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
1 тарау. Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
1.1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдаcтыру формалары………………………………………………………………………..6
1.2. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі…………………………………………………………………10
2 тарау. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
2.1. Дене шынықтырудың міндеттері мен дене жаттығулары……...17
2.2. Дене шынықтыру жүйесінің негізгі белгілері…………………….25
Қорытынды………………………………………………………………...31
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………….33

Работа содержит 1 файл

мжд дене.doc

— 151.50 Кб (Скачать)

 

     1.2. Мектеп жасына  дейінгі баланы  қалыптастырудағы  дене тәрбиесінің  ролі.  

    Оқушылар  дене тәрбиесінің жан-жақтылығын қамтамасыз етудің табыстылығы мектеп педагогикалық ұжымының, мектептен тыс мекемелер мен ата-аналардың күш жігерін жұмылдыруына байланысты. Сонда ғана дене тәрбиесін толық ұйымдастыруға қол жеткізуге болады. Бұл жүйенің әрбір буыны бір мақсатты бағыттылыққа ие. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесінің бөліктері мынадай:

      –әр сыныпта жетісіне үш рет  өткізілетін дене шынықтыру сабағы  түріндегі сыныптық-сабақтық жаттығу  жүйесі;

      –оқу күні режиміндегі дене  шынықтыру-сауықтыру шаралары (сабаққа  дейінгі гимнастика, физкультминуттар, дене шынықтыру үзілістері, ұзартылған үзілістегі дене жаттығулар);

      –ұзартылған күн тобындағы күн  сайынғы дене жаттығулары;

      –дене шынықтыру үйірмелеріндегі,  жалпы дайындық топтарындағы  спорт түрлері бойынша секцияларды,  спорттық жарыстарда, саяхат жорықтары  мен жаттығуларды қосқандағы сыныптан тыс жұмыстар.

    Бұл жүйе мектептен тыс мекемелердегі  дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлерімен толықтырылады:

      –балалар мен жасөспірімдер спорт  мектептерінде, тұрғылықты жерлерде, жазғы демалыс лагерлеріндегі  әр түрлі типтегі спорт секцияларында өткізілетін спорттық жарыстар мен жүйелі жүргізілетін оқу-жаттығу сабақтары;

      –балалардың жазғы және қысқы  лагерлерінде ұйымдастырылатын  көпшілік дене шынықтыру-сауықтыру  шаралары;

      –спорттық, туристік базаларды  мәдени және демалыс бақтарында балалар секторлары ұйымдастыратын экскурсиялар мен жорықтар, конкурстар, көпшілік ойындар.

      Отбасында балалардың дене тәрбиесін  ұйымдастырудың түрлері: 

      –күн режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру  шаралары (таңертеңгілік гимнастика, дене шынықтыру минуттары, шынығу процедуралары);

      –спорттық жаттығуға жататын  дене жаттығуларымен жеке айналысу, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмаларын  орындау;

      –каникул күндеріндегі ересектердің  қатысуымен ұйымдастырылатын ойындар,  серуендер, жорықтар, спорттық көңіл көтерулер;

      –отбасының өздері тұратын жердегі  жарыстарға қатынасуы.

      Дене тәрбиесінің осы түрлері  міндетті және ерікті болып  екі түрге бөлінеді.

      Біріншісіне, яғни міндеттісіне  тек дене шынықтыру сабақтары  ғана жатады (жаттығудың сыныптық-сабақтық  түрі).

      Үйрету мен тәрбиелеудің айтылған  түрлері ұйымдастыру белгілеріне  қарай сабақтық не сабақтық  емес болуы мүмкін.

      Жаттығуларды ұйымдастырудың сабақтық  түлеріне мектептегі дене шынықтыру  сабақтары және секциялардығы  оқу-жаттығу сабақтары жатады. Оларға  тән сипаттар: Мамандандырылған пеогогикалық басшылықтың болуы; сабақтас педогогикалық міндеттер жүйесін шешуге бағытталған, оқу бағдарламасы анықтайтын сабақ мазмұны; негізделген құрылым және дәл шектелген уақыт мөлшері; жұмыс нәтижесін міндетті түрде бағалау; тұрақты кесте бойынша жаттығуды жүйелі өткізу; салыстырмалы тұрақты түрдегі және жасқа байланысты бірыңғайлылық пен жаттығушылардың дайындық құрамы. Айтылған белгілердің болуы сабақты ең үнемді және жаттығуды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

      Екіншісінде, жаттығуды ұйымдастырудың сабақтық емес, яғни ерікті түрлері сабақ белгілерінің бәріне ие бола алмайды. Мысалы, педагогикалық басшылық пен туристік жорықтар өткізуде уақыт қатаң шектелмейді, жаттығушылар құрамы да тұрақты болмайды. Қарастырылған барлық формалардың ішінен негізгісі есебінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша жаттығудың сыныптық-сабақтық түрін айырып қарау қажет. Балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіндегі оның жетекші жағдайы мыналарға негізделген: әрбір оқушы үшін сабақтың міндеттілігіне; дене тірбиесінің барлық кешенді міндеттерін етене бірлікте шешу мүмкіндігіне оқушы организмі мен жеке басына педагогикалық әсер етудің мақсатты бағыттылығына және жан-жақтылығы мен жоспарлы жүргізілуіне; дене тәрбиесі мұғалімінің оның заңдылықтарын жүзеге асыруда оқу материалының мазмұнын толық және ғылыми негізге сәйкестендіруіне.

      Дене тәрбиесін ұйымдастырудың  өзге түрлері тәрбиеленудің алғы  шарттарын жасай және қозғалыс  белсенділігінің көлемін ұлғайта  отырып, құралдар мен әдістердің  түр-түрімен толықтырылады.

    Мектептен тыс дене тәриесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа  білім беру басқармалары ұйымдастырады.

      Мектептен тыс дене тәрбиесі  жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде,  жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкішіліктерін кеңейтеді.

      Мектептен тыс дене тәрбиесі  және спорт жұмыстарын жүргізетін  мекемелердің міндеттері:

     1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға  окушыларды көбірек тарту.

     2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға,  дене қуаты дайындыгын жоғарылатуға  көмектесу, уакыттарын пайдалы  өткізулерін ұйымдастыру.

     3) Дене мәдениеті саласының әрбір  бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру.

     4) Нұсқаушылық және төрешілік  дағдыларына дағдыландыру. Мектептен  тыс мекемелер көптеген мектептің  оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық  ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.

      Осы аты аталған мекемелердегі  жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла  жүргізіледі:

     1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт  түрлері бойынша жоғары жетістіктерге  жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс  істейтін мекемелер денсаулықтары  мықты, дене қуаты дайындығы  жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер:

     - Балалар, жасөспірімдер спорт  мектебі (БЖСМ)

     - Олимпиадалық ізбасарлар спорт  мектебі (ОІСМ)

     - Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі  (ЖСШМ)

     - Спорттық мектеп интернаттар

     2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:

     - Жазғы сауықтыру лагері

     - Еңбек сауықтыру лагері

     - Стадиондар, су станциялары

     - Жас туристер станциялары

     - Мәдениет үйлері мен спорггық  сауықтыру кешендері

     - Мәдени демалыс парктері

     - Аула клубтары 

    Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік козғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.

      Жаз уақытында ата-аналар ең  ұзақ демалыс (каникул) кезінде  балаларының тоғыз ай мектептегі  уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.

      Балалардың жаздық сауықтыру  лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға  арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері кұрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек - сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің кітабымызда ары қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз,

      Балалар демалыс лагерлеріндегі  барлық жұмыстарды ұйымдастыру  лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші, ұстаз, тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.

      Мектептегі секілді лагердегі  жұмыстарды басқаруға педагогикалық  кеңес құрылады. Кеңесті басқару  лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлык мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.

      Оқушылар лагерге келген күннен  бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын  ұйымдастыруға ұстаз — тәрбиеші  бекітіледі. Тәрбиеші лагердегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз - тәрбиеші дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.

      Лагерде дене тәрбиесі жұмыстарын  ұйымдастыру үшін мектептегі  секілді дене мәдениеті кеңесі  кұрылады. Дене мәдениеті кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру кабілеті бар оқушылар сайланады. Оның кұрамы лагердегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол белінген жұмыстары бойынша лагердің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:

      - сауыктыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттықтырулары.

     - лагердегі спорттың шараларды  өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт  шараларына бақылау жасау.

     - отрядтардағы спорт ұйымдастырушыларының жұмыстарын ұйымдастыру.

     - лагерь радиосы арқылы ақпараттар  мен мағлұматтар, мерекелерде  спорт түрлерінен керсетілімдер  ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын  кұру. Дене тәрбиесі мен спорттың  маңызы, гигиена ережелері, тамақтану,  спорт түрлерімен айналысу режимдері туралы әңгімелер өткізу.

     - лагердегі спорттық құрылыстарды  жақсарту, спорттық құрал жабдықтарды  сақтау, жөндеу.

    Еліміздегі  балалар және жасөспірімдер спорт  мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда окушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты — оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жоғарғы жетістіктерге жету.

      Міндеттері: оқушылардың денсаулықтарын  нығайту, таңдап алған спорт  түрлерінен кабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен  халқының, отанынының намысын корғайтын  мықты ұл, қыздар өсіру, дене  тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау.

      Спорт мектептері спорт түрлері  бағыты бойынша арнайы және  кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы  спорт түрлері, спорт ойыидары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің багыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне, аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді.

      Спорт мектептері «Спорт мектептерінде  оқу, жаттығу үрдісін ұйымдастырудың  тәртібі туралы ереже - регламент»  бойынша жұмыс істейді. Ол ережеде  спорт мектептерінің құрылысы, оқу  топтарындағы сағаттар мен балалар  саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу тәртібі, дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен ёсепке алу, есеп беру түрлері жазылған.

 

Информация о работе Дене шыныктыру