Дағды дегеніміз не?

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 17:27, реферат

Описание работы

Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.

Работа содержит 1 файл

Дағды дегеніміз не.doc

— 186.50 Кб (Скачать)
 

    2-сыныпты   бітірген оқушы:

  • ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін ажырата алуды;
  • мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын;
  • мәтіннің атауын, мәтіннен кейінгі сұрақ – тапсырмаларды таба алуды;
  • көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелей алуды;
  • мәтіннің түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) ажыратуды;
  • өлеңнің ұйқасқа құрылатынын  біледі.
  • Мәтіннің негізгі ойын;
  • мәтіндегі оқиға желісін;
  • мәтіндегі ақын-жазушының көңіл-күйін түсінеді.
  • Мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);
  • оқыған немесе көрген оқиғасы жөнінде ауызша әңгімелей алуды;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді  меңгереді.        

               

     3-сыныпты бітірген  оқушы:

  • ауыз  әдебиеті үлгілерінің жанрларын (аңыз, ертегі, мақал – мәтел, жаңылтпаш, айтыс, шешендік сөздер, батырлар жыры, айтыс өлеңдер т.б.) ажырата алуды;
  • шығарма авторларын, олардың көзқарасын;
  • авторы арқылы шығармаларын атауды;
  • көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтінді толық және қысқаша әңгімелей алуды;
  • көркем шығарма жанрларын (әңгіме, өлең, қара сөз т.б.) ажырата алуды;
  • өлең жолдары мен шумағын;
  • шығарманың тақырыбы мен басты кейіпкерлерін атауды біледі.
  • Мысалдағы аллегорияны;
  • көркем шығарманы өмірмен байланыстыра білуді;
  • мәтінді  тапсырмаға сәйкес теріп оқуды;
  • мәтіндегі белгілі мен белгісізді түсінеді.
  • Мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);
  • ата – аналарына құттықтау, достарына хат жазуды;
  • жыл аяғына дейін 4-5 тақпақ, 4 - 5 өлең, 3 - 4 үзінді, 4 - 5 жұмбақ, 5 - 6 мақал-мәтелді жатқа білуді;
  • мәтінге жоспар құруды;
  • мәтін бойынша сұрақтар қоя алуды меңгереді.
 

     4-сыныпты бітірген  оқушы:

  • халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, наным-сенім өлеңдері,  тұрмыс-салт жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры айтыс, шешендік сөздер) негізгі сипаттарын;
  • жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми - танымдық шығарма, очерк, мақала, жарнамалық мәтін) ажырата алуды;
  • көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;
  • өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;
  • мәтіннен теңеу, кейіптеу, эпитетті таба алуды;
  • мәтінге жоспар құруды;
  • шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.
  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын;
  • шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;
  • ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;
  • мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.
  • Портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды;
  • көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;
  • мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;
  • мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын) меңгереді.

Информация о работе Дағды дегеніміз не?